Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Логопедтік пунктің қызметін ұйымдастыру тәртібі 2 page





- топ-конституционалдық тежелу

- топ-соматогендік тежелу

- топ-психогендік тежелу

- топ-церебралды-органикалық тежелу.

Г[ДТ барлык гүрі бір-бірінен күрылуынан және инфантилизмнің кұрылысы мен нейродинамикалык бұзылыстарымен сипатталады. ПДТ балалардың жаппы ерекшеліктері:

- ПДТ балалары арнайы оқыту жағдайларын кажет етеді.

- Қалыпты дамыған балаларға карағанда ПДТ балалардың жүмыс қабілетінің көлемі төмен.

- Ауызша сөйлеуіндегі кемістіктер:

- ызың және ысқырык дыбыстардың бұзылуы;

- фонематикалык естудің және фонематикалык кабылдаудың жетіспеушілігі;

- анализаторлардың жұмысының жетіспеушілігі, кемшілігі.

- сөздік қорының шектелуі;

- байланыстыра-логикалык сейлеудің бұзылуы.

1. Жазбаша сөйлеуінде ПДТ балалар ерекше қателер жібереді. Себептерін ескере топтарға бөлуге болады.

- Фонематикалық естудің жетіспеушілігі;

- Дыбысты талдауының дамымауы;

- Лексикалық-грамматикалық сөйлеудің толық дамымауы.

Зштында ауытқуы бар балаііар

Мүмкіндіктері шектеулі балалар катарында жиі кездесетін ақыл-ой кемтар балалар. Ақыл ой кемтар балалардың ми қыртысының органикалық түрде зақымдалу салдарынан танымдык әрекеттегі ауытқулары бар.

Зиятында ауытқулықтары бар адамдар бойындагы кемістіктің ерекшелігі жоғарғы психикалық функцияның мінез бен іс-әрекетті бейнелеу және реттеудің бұзылуы. Бұл танымдык процестердің бұзылуында (сезу, қабылдау, есте сақгау, ойлау, елес, сөйлеу тілі, зейін), сезімдік - еріктік сфера, моторикасында және тұлгалық дамуындағы жетіспеушіліктер мен сипатталады.

Зият ауытқуларының себептері: тұқым куалаушылык аурулар (микроцефалия, фенилкетонурия, т.б.), хромосомалык кұрылымы және санындағы бұзылыстар (Даун синдромы, Кляйнфельтер, Шерешевский - Тернер синдромы) т.б. Сонымен бірге үрықтың жатырішіндегі даму кезінде әсер ететін әр түрлі патогендік факторлар тудырады.

Біріншіден, жатырішіндегі инфекциялар жатады: хроникалық - токсоплазмоз, листериоз, мерез, цитомегапия және вирустык қызылша, тұмау және т.б. Жүктіліктің соңғы айларында ананың ауыр жұқпалы аурулары ұрыктың жатырішінде бұзылуына және онда жатырішілік әнцефалит және менингоәнцефалиттің пайда болуына алып келеді.

Анасының кейбір созылмалы аурулары: жүрек, кантамыр жүйесінің, бүйрек, бауырдың аурулары ұрыктың, миының дамуына жағымсыз әсер етеді. Жүктілік кезінде колдануга тиым салынған дәрілік препараттарды колдану ұрықты уландырады. Ұрықтың дамуына темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлық, анасының дұрыс тамақганбауы, әртүрлі дене және психикалык жарақаттар, әйелдің зиян ендірісте жұмыс істеуі, коршаған ортаның жагымсыз жағдайлары қатты әсер етеді. Нәрестенің гемолитикапық ауруы түрінде керінетін, анасы және үрпақ арасындағы резус - фактор және қанның топтық антигені бойынша иммунологиялық келіспеушілік зият бүзьшысының себептерінің бірі.

Туу кезіндегі патогендік факторлар миды органикалық түрде жаракаг

етеді.

Туылғаннан кейін, зият ауытқулары нейроинфекция (менингит, минингоәнцефалит т.б.) әсерінен пайда болуы мүмкін. Кейде, оның себепгері бас миының жүре пайда болған жарақаттар мен улану болуы мүмкін.

Зият ауытқуының деңгейі патогендік фактордың әсер ету уақытына байланысты. Мысалы: жүкті әйелдің 3 айында кызылшамен аурса болашақ баланың ақыл ойы кемтар болып туылу себебінің бірі болуы мүмкін, ал кейін ауырса, кемістік аса байқалмайды, психикалық дамуының тежелуіне, сөйлеу тілінің кемістіктеріне әкеп соғады.

Зиятында ауытқушылығы бар түлғалар өзінің қүрамы бойынша әртүрлі топтарды біріктіреді, оған: мидың жатырішінде, туу кезінде және туғаннан кейін зақымдалғандар жатады. Мүндай жағдайда диагнозы - олигофрения (олиго-аз, френос- ми). Олигофрендер дамуға кабілетті, бірак ол процесс баяу жүзеге асырылады. Олигофрендер зиятында ауытқушылыгы бар адамдардың едәуір бөлігін қүрайды.

Зиятында ауыткушылығы бар балалап арасындаға ең аз топ — бүл зият ауыткушылыгы 3 жастан кейін пайда болғандар. Бас миының жаракаты әртүрлі аурулар салдарынан психикалық функциясының бұзылуы, бүл жагдайды - деменция деп атайды. Деменция жағдайында ақыл ой кемістігі қайтарымсыз. Мысапы: 4 жастағы балада деменция фразалык сөйлеуін, өзін- өзі күту дағдысын, ойын, сурет салуға қызығушылығының төмендеп, тез жоғалтуымен көрінеді. Бас миының бір аумағының закымдалуымен катар оның басқа бөліктерінің бұзылысы байкалады. Бұл жағдайда зейін, естің, еңбекке қабілетінің бұзылуы байкалады. Акыл ойында ауытқуы бар балалардың дамуындағы өзгешілік - жоғары психикалық функцияларының жетілмеуі мен мінез-кұлық, әрекетті реттеу бұзылыстары.

Ақыл-ой кемтарлықтың, ягни зият ауытқушылықтардың үш деңгейін ажыратады, олар: жеңіл, шамалы, терең. Жалпы топтастыру негізгі үш деңгейді анықтайды: дебильдік, имбецильдік,нақұрыстык.

Батыс Европа және АҚШ - та бүл терминдер мамандардың кәсіптік аумағында ғана қолданады, мысалы, медиктер. Кең әлеуметтік және педагогикалык тәжірибеде, жішпылаушы аныктама «қиын оқытылатындар», "зиятында ауытқушылығы бар" деген ұғым қолданылады.

1994 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақгаудың ұйымы (ДД¥) қабылдаған топтастыру бойынша зият темендеуінің төрт деңгейін бөліп көрсетті: шамалы, орташа, ауыр, терең.

Зият төмендеуінің еапалы сипатын салыстыру, келесі байланысты береді (сурет-2)

іо әзм - ш, халыкаралық жүйе Отандық, дәстүрлі жүйе
71 және жоғары Қалыпты Қалыпты
50-70 Шамалы зият бұзылысы, оқуда киналуы. Дебил
35-49 Орташа зият бұзылысы, оқытудағы қиындық. Имбецил
25-39 Ауыр зият бұзылысы, оқытуда едәуір қиналу. нақұрыстық
20 және төмен Терең зиятының бұзылуы.  

Дебилдік - акыл ой кемдіктің жеңіл тұрі. Акыл ойы кемдіктің 70 - 80% осы топты кұрайды.

Дебилдік деңгейдегі олигофрен-бгілалар қапыпты дамитын құрдастарынан барлық жагынан артта қалып кояды. Олар кеш жүреді, сөйлейді, кеш уақытга езін-өзі кұту дагдысын меңгереді. Бұл балалар епсіз, әлсіз, тез ауырады. Оларда айналасындагы қызығушылыктары өз бетімен қалыптаспайды, заттарды зерттемейді, ол туралы үлкендерден сұрамайды, табиғатта және әлеуметгік өмірде болган құбылыспен процестерге немкұрайлы қарайды. Мектепке дейінгі жастың соңында, олардың сөздік қоры өте шектеулі болады. Балалар карапайым мазмұнды жеткізе алмайды. Пассивті сөз қоры қалыпты жағдайға караганда көлемі жағынан аз, олар 2-3 сөзден тұратын сөйлемдерді түсінбейді. Мектеп жасында олар әріптесінің сұрағын жаксы түсінбейтіндіктен әңгімелесуден қашады.

Түзетушілік оқытусыз мектепке дейінгі жастың соңында, бұл балаларда тек заітық әрекет қалыптасады, ал ойындық әрекет жетекші болып калыптаспайды. Төменгі мектепке дейінгі жаста, оларда ойыншықтармен ойнауда максатсыз әрекеттер пайда болады, жоғарғы мектеп жасына дейінгі жаста заттық-ойындык әрекетгер пайда болады (куыршақты тербету, машинаны жүргізу). Ойындық әрекеттері сезімдік реакция мен сөйлеусіз жүреді. СюжеТті-рөлдік ойыны арнайы түзетушілік оқытусыз, өзбетінше қалыптаспайды.

Зиятында ауытқуы бар баланың калыпты дамыған балалармен аракатынасы қиындаган. Ақыл ойы кемтар бала ойнай алмайтындықтан (ережелерді түсінбейді, ретін сактай алмайды, моторикасында ауыткушылықгары бар т.с.с), оны қалыпты күрбылары ойынға қабылдамайды. Ол әріптестерінің арасында теріс қаратылып, ез жасынан кіші балалармен ойнауға мәжбүр болады.

Мұндай бала жалпы ұлгідегі бала-бакшада, карапайым математикалык елестерін қалыптастыру, тіл дамыту, айналамен танысу, құрастыру бойынша сабақгарда багдарлама материалын меңгеруде тұракты киындыкты сезінеді. Егер бала балабакшада арнайы түзетушілік көмекті алмаса, оның мектепте окуга дайындыгы калыптаспайды.

Жеңіл зияты бұзылган балалар жалпы балабакшада тәрбиеленеді, себебі олардың артта калуы анык білінбейді. Бірак жалпы білім беру мектебіне тұскенде, олар бірден математиканы, қазак тілі, әдебиет сабақгарын меңгеруде киындыктарды сезінеді. Көбінесе екінші жылға қалады, бірақ қайталап оқытуда да бағдарламалык материалды жетік меңгермейді, қиындык себебін ертерек анықтап, балаға арнайы педагогикалық көмек көрсету ұшін, оны ПМПК-да психологиялық - медициналық — педагогикалық тексеруден еткізу керек, ал кажет болгаи жагдайда, оған арнайы мекте оқыту ұсынылады.

Елестерін калыптастыру және білім мен дағдыны меңгерудегі, әртұрлі іс - әрекеттің тежелу киындығына қарамастан жеңіл зият бұзылысы бар бапаларда дамуга мүмкіндігі бар. Оларда негізінен нақгы көрнекі сипатындагы ойлауы сақталған, бірак олар практикалық жагдайда бағдарлауга қабілетті, көбінде сезімді - еріктік сферасы танымдыкка карағанда сақталған, олар еңбек әрекетіне ықыласпен катысады.

Зиятында женіл деңгейдегі ауытқушылығы бар балалар, психикалық даму ерекшеліктерін ескеретін, оқытудың арнайы әдіс, тәсілдерін және кұралдарын кажег етеді. Оларғдың дамуын ескеретін ерекше білім беру жағдайларын қамтамасыз ететін арнайы балабақшалар, жалпы балабакшадагы арнайы топтар аркылы білім беру жұйесі үйымдасқан. Сонымен бірге зиятында жеңіл ауытқушылығы бар 2-3 баланы қалыпты дамитын құрбылар ұжымына қосып тәрбиелеу тәжірибесі тараған, жагымды нәтижелері мен жетістіктермен сипат алады.

7-8 жастан зиятында ауытқуы бар балалар арнайы (түзету) мектептеріне қабылданады.

Кіші калаларда жалпы мектептерде зияты бүзылған балалар үшін арнайы сыныптар ашуға болады. Бірақ бұл сыныпта оқитын оқушылар үшін арнайы білім беру жагдайларың камтамасыз ету, білім беру саласындағы кепілдіктерге сәйкес білім беру сапасындагы жергілікті өкілді және аткарушы органдары мен мектеп әкімшілігі міндетті.

Зиятында жеңіл деңгейдегі ауытқушылығы бар балалар мекгеп бітірер шағында өздерінің психометрикалық және клиникалық көрсеткіштері бойынша қалыпты дамитын адамдардан аз ғана ерекшеленеді. Олар ойдағыдай жүмыска орналасады, өндірістегі еңбек ұжымына сіңіп кетеді, отбасын кұрып, балалары болады.

Бүл адамдарды коғам өз қылықтарына заң алдында жауап беруге, мұрага ие болуга, жергілікті баскару органдарын сайлауга қатысуга қабілетті деп қабылдайды. Аталмыш кемістігі бар балалардың зият коәффициенті ір 50-69. Зиятында ауыткушылығы бар балалардың тұйсік пен қабылдау процестері көптеген ерекшеліктерімен, баяу калыптасады. Бұл өзгешілік барлык психикалык процестердің дамуына әсерін тигізеді. (Рубинштейн С.Я.)

Көру аркылы қабылдаудың баяулығы мен аз көлемін К.И. Вересотская, Нудельман М.М. дәлелдеген. Қабылдау кезде ақыл-ойы кемтар балалардың ұксас заттарды ажырата алмауы да арнайы зерттеулермен дәлелденген (Кудрявцева Е.М., ІІІиф Ж.И.)

Бір нәрсеге назар аудару қабілеті де төмен дамығандықтан, зейін тұрақтылығы әлсіз. Осы себептен акыл-ойы кемтар балалардың 50 % сөйлеу тілімен берілген нұсқауларды дұрыс пайдалана алмайды. Еркінше зейін қалыптасуы қиын тұседі (Леонгард Ә.И.). Зейн тұрақтылығын кұбылмалы өзгеруі қозғыш және тежелу физиологиялық процестер арасындағы баланс бұзылуына байланысты (Певзнер М.С.).

Зейін көлеменің аз болуына себепті бұл балалар заттардың ерекше белгілерін ажыратпайды, байкамайды.

Бір әрекеттен басқаға ауысу зейін кемістігін көрсетеді. Олар бір орындап жатқан істе тоқтап калады. Ал бір мезгілде бірнеше әрекетті орындау мүмкін емес жағдайдың бірі.

Ал, ойлау процестің ауытқушылығы - ақыл ойы кемтар балалардың ең негізгі көрсеткіші.

Ойлаудың жетілмеу кабылдау, сөйлеу тілінің, практикалық әрекет дұрыс дамымауымен байланысты. Жалпылау деңгейі төмен болгандықган, акыл-ойы кемтар балалар нақтыойлайды. Мысалы бір қатар заттарды топтастыру кезеніңде олар болмашы көрсеткіштерге сүйеніп жинақгайды. Бұл кемістікті "Төртінші артық" әдістемені пайдалану арқылы байқауға болады. Оқыту барысында жалпылаудың төмендігі ережелерді жаттағандағы киындықтар туғызады. Ақыл-ойы кемтар балапар нақтыойлағандыктан, абстрактілі ойлау өте киын. Ойлаудын тағы бір кемістігі жасаған қателерін байкамауы, түземеуі. Ойлаудың реттеу кызметінің жетілмеуі, түрлі әрекеттерде бағыттау кезең жоктығымен сипатталады. Аталмыш балалар жаңа әрекет орындауда алдын ала өз бетімен жоспар кұрастыралмайды.

Акыл-ойы кемтар балалардың 40-60 % сойлеу тілінде ауытқуылар кездеседі, олар түрлі дыбыс айтудағы кемістіктер, тұтықпа мен сәздік қорының аздығы. Сөйлеу тілі тежеліп дамиды, бірінше сөздер 2-3 жасында, аграмматикалық сөйлемерді 5-6 жасында пайда болады. Сөздік қоры өте аз, шектелген, балалар сын есім, етістіктерді көп уақытка дейін өз бетімен пайдапанбайды.

Жазбаша жұмыстарында кептеген кателер кездеседі.

Есте сақгау қабілетінде ауытқулар бар. Акыл-ойы кемтар балалар ұмытшақ болады және жаңа мәліметті есте сақтауда киындыктармен кездеседі. Аталмыш балалар есте сактау үшін калыпты балаларға қарағанда көп кайталауды қажет етеді (Замский Х.С., Леонтьев А.Н., Занков Л.В.)

Акыл-ойы кемтарлықтың шамалы деңгейі -имбецильдік, барлық ақыл- ойы кемтар түлғалар ішінде 10 %, ал зият коәффициент Ір 35-49 немесе 54.

Имбецилдік - акыл ойы кемдіктің орташа деңгейі. Бұл түрде бас миының үлкен жартышарының қабығы және де төменде жатқан күрылымы да закымдалады. Бүл бүзьшыстар бала дамуының ерте кезеңінде пайда болады. Нәрестелік жаста мүндай балалар басын үстауды, өз бетінше аунап, отыруды кеш бастайды. 3 жастан кейін жүреді. Оларда гуілдеу, былдыр, «жандану комплексі» қалыптаспайды.

Сөйлеу тілі мектепке дейінгі жастың соңында сөз, кейде сөз тіркесі ретінде найда болады. Жиі дыбыс айтуы едәуір бүзылган, моторикасы бүзылғандықтан, өзін - өзі күту дағдысы қиындықпен, кеш, ересектердің көмегімен қалыптасады. Танымдық мүмкіндіктері бірден төмендеген: сезінуі, қабьшдауы, есі, зейіні, ойлауы қатты зақымдалған.

Бүл топтағы адамдарга тән негізгі белгісі, өз бетінше үғымдық ойлауға қабілетсіздігі. Сөйлеу тілінің дамуы қарапайым, өз сөйлеу тілі кедей, түрмыстық деңгейде сөйлеу тілін түсіну сақгалған.

Имбецил балалар балалық мүгедектер деп саналады. Бүл балалар оки алады, яғни қатыиас дағдысын, әлеуметтік - түрмыстық дагдыны, санауды, қоршаған орта туралы кейбір карапайым мәліметгерді мецгеруге кабілегті. Сонымен бірге, срекше жағдайын бірі олар өзбетінше өмір сүре алмайды, қамқорлыкты қажететеді.

Мектепке дейінгі жастагы балалар зияты бүзылған балаларға арналған балабакшаға, ал 7-8 жастан арнайы мектепке кабылданады (зиятында шамалы ауытқушыпыктары бар сыныптарына).

Мектеп бітірген бозбала мен кыздар отбасында болады, олар карапайым күтуші еңбекті орындауға қабілетті, мамандыкты, еңбекті талап етпейтін жүмысты үйге алып істеуге кабілетті. Тәжірибе көрсеткендей, имбецилдер ауылшаруашылык еңбегін жақсы істейді.

Нақүрыстық - ақыл ой кемтарлыктың ең ауыр деңгейі. Бүл кемістіктің көптеген белгілері ішінен статикалық және моторикалық функциясының бүзылысы ерекшеленеді: әргүрлі сезімдік реакциясының көрінуіндегі тежелулер, айналасына барабар реакция, түру, жүру дағдысының кеш шығуы, былдыр және бірінші сөзінің кеш пайда болуы, айналасындағы заттар мен құбылыстарга және ойынға деген әлсіз қызығушылык байқалады.

Ересектерде ес, қабылдау, зейін, ойлау процестері терең зақымдалған. Сөйлеу тілі жай өте дамиды және шектелгіш немесе мүлдем дамымайды. Бүл балалардың моторика, козғалыс координациясың, кеңістікте бағдарлауы ауыр деңгейінде закымдалған. Бүл бүзылыстың ауыр болғандығы соншалыкты, нақүрыстар жатып өмір сүруге мәжбүр болады. Қарапайым өзін-өзі күту, гигиенапық дагдылары жай және киындықпен қалыптасады (А.Р. Маллер, Г.В. Цикото).

Бірақ ауыр ақыл ойы кем балалар баскапары сияқты дамуға қабілетті. Олар біртіндеп өзін күтуге, кажымас дағдыларын меңгеруге, қоршаған әлем туралы өз елесін кеңейтуге үйрене алады.

Біздің елімізде бүл топтағы адамдар негізінен әлеуметтік корғау министрлігінің қармағында, олар әлеуметтік үй-интернатарында өмір сүреді, мұнда оларды бағып, күту, гіршілік ету жағдайларын камтамасыз ету шаралары колданады.

Ресей Білім беру академиясының коррекциялық педагогика институтының кызметкерлері В.В.Воронкованың жетекшілгімен көмекші мектептердегі оқушыларың оку білімдер деңгейіне сәйкес педагогикалық топтастыруын әзірлеп, енгізілген. Акыл-ойы кем балалардын оқытылуының негізгі көрсеткіштері:

- Ойлау қабілетінің жалпылығы, соның ішінде білім мен икемділіктің жаңа жагдайларға байланысты көшірілуі.

- Ойлау қабілетінің сөйлеу-логикалык және практикалық компоненттерінің байланысымен анықтапатын саналылығы.

- Тапсырманы шешудегі өзінділігі.

- Окушылардың көмекті кабылдауы,олардың үлкендер жағынан берілген көмектін мінезділігі мен көлеміне реакциясы.

Осы көрсеткіштер негізінде оку материалдарын қабылдау мүмкіншілігіне қарай оқушыларды төрттопқа бөлуді үсынады.

- топ. Фронтальді оку процесінде бағдарлама материалдарын жаксы меңгеретін оқушылар. Барлық тапсырмаларды олар өздігімен орындайды, негізінен жаңа жүмысты орындағанда бар тәжірибесін дүрыс қолдана біледі. Оздерінің іс-қимылдарын сезбен түсіндіре білуі олардың бағдарлама материалдарын дүрыс қабылдағандарын дәлелдейді. Оларға жалпылықтың кейбір деңгейлері тиімді. Алынған білім мен дагдыларды бүл окушылар практикасында баскаларға караганда табыстырак колданады. Сапыстырмапы күрделірек тапсырмаларды орындағанда оларға үлкендердің белсендіретін шамалы көмегін кажет етеді.

- топ. Бағдарламаның негізгі талаптарын қиыншылқпен орындайды. Оку барысында бүл балалар бірінші топтың окушыларына қарағанда біршама үлкен қиыншылықтар сезінеді. Олар негізінен мүғалімнің фронтапьді түсіндіргенін үғады, өйткені материалды есте сақтайды, бірак көмексіз қарапайым жалпылаулар мен корытындыларды жасай алмайды. Олар жүмыстардың барлық түрлерін өздігінен аз орындайды. Олар мүғапімнің белсендіретін және де үйымдастырушылык көмегін бірдей кажет етеді. Білімнің жаңа жағдайга көшуінде негізінен қиналмайды. Бірақ оқушылардың жүмыс темпі төмендейді, маңызсыз көмекпен дүрысталынатын кателер жібереді. Өздерінің іс-қимылдарын түсіндіру екінші топтағы балаларда жеткіліксіз нақты, жалпылыктын төменгі деңгейінде ашык бағдарлама ретінде беріледі.

- топ. Окушылар жеңілдетілген оку бағдарламамен окытылады. Көмектің түрлерін кажет етеді (сөздік - логикалық, көрнекілік және күралдык-практикалық). Бүл окушыларға кайталап айтылган материалдарды жеткіліксіз кабылдауы тән (ережелер, теориялық дәлелдемелер, деректер). Оларға тақырыпта екіншілік және негізгі бөлімдер арасындағы

- байланыстарды аныктау қиын. Фронтальді сабакта материалды жақсы тусіне алмайды, қосымша тусіндіруді үнемі кажет етеді. Жұмыст^і өздігінен орындауы төмен, материалды қабылдау темпі екінші топқа караганда аса төмен.

- 4 топ. Бүл топтың балалары пәндердің негізгі магыналылыгын кабылдай алмагандыктан жеке багдарламамен оқытылады. Оларга жазылган хаттың негізін түсіну үшін карапайым санауга, оқытуга қажет ен төменгі жүйесі арналады. Бүл балалар жаттыгулардың улкен санын орындауды, оқытуга қосымша әдістерді енгізуді, жүмыс уақытында бірыңгай бақылау мен багыт беріп отыруды қажет етеді. Кейбір деңгейде әздігінен корытынды жасау, өткен тәжірибені қолдануға олардың мүмкіндігі жоқ. Оқушыларга кез-келген тапсырмаларды орындау үшін бірнеше рет нақты түсіндіру керек. Олар өздерінің жүмысындағы қатені көрмейді, байқамайды, әрбір келесі тапсырманы жаңа қалыпта кабылдайды. Білімдері таза механикалық бекітіледі, тез үмытылады. Бүл топтағы балаларды әлеуметтік колдау мақсатында оқыту кажет.

- 2. Ақыл - ойы кемтар балаларга арнайы комек үйымдастыру

- Ақыл ойы кемтар түлгаларды қоғам тарапынан арнайы көмек көрсету дәстүрі XIX ғасырдан басталған. Әскироль ақыл ой кемтарлықты жан-жақты зерттеп нақүрыстықты ауру емес екендігін дәлелде оны ақыл ой дамуы ешкашанда қалыптастаган жағдайымен сипатталатын күйі екенің түсінген. Әскироль еңбектері ақыл-ой кемтарлықгын клиникалық және психологиялық түрғыдан зерттеулердің көз-кайнары болған.

- Акыл-ойы кемтарларды оқыту мүмкіндіктерін тексеру мен аңықгауга бір жағдай көмектесті. Авейрон орманында 11-12 жастағы жабайы үл бала табылган, адам баласына үқсамаған. Ж. Итар (1775-1838) сенсуализм ағымының өкілі болғандықган, сол баланы (Виктор деп ат қойып) оқыту барысында сезімдерін дамытуга сүйенген. Итар кезекпен түрлі сезім мүшелерін дамытқан және әлеуметтік дағдьшарын қалыптастыруға қадам жасаған. Викторды қалыпты жағдайга келтіре алмамағанына қарамастан нақүрыстардың оқуға қабілеттері бар екені туралы дәлелдер пайда болды.

- Әскирольдің шәкірті Ә.Сеген (1846) нақұрыстыкпен шамалы акыл- ойдың кемтарлығы атты түсінктерге анықгама берген. Ол өзінің түзету жүмысының емдік және педагогикалық жіктеуін қүрастырып, ең алғашында Францияда кейінен АҚШ-га ақыл-ойы кемтар балаларды оқыту тәжірибесін бастаған. Оның оқыту әдісінің негізгі алғаш кабылдауға қабілеттерін кейін үғымдық функцияларын дамыту болған.

Б. Морель (1857) азғындау теориясынын негізін қалаушы нақүрыстықтын себебі ретінде қарастырып, оны тұқым дамуының кері кетуі деген. В. Магнан (1893) ақыл-ойы кемтарлықты кері кетудің көрсеткіші деп есептеген. Ақыл ой кемтарлықгы зерттеулердің бірінші кезеңнің қорытындысы, XX ғасырдың басында туа біткен ақыл ой кемтарлықты ес аусқан ауруларан ажырату туралы пікірлер қалыптасып тұқым қуалаушылык себептері анықаталған. Тәжірибеде туа біткен ақыл-ой кемтарлықтын тұрлері, деңгейлері баяндалған.

Ақыл ойы кем балаларды арнайы сыныптар мен мектептерде оқыту Еуропа елдерінде және АҚШ та біздің елімізге карағанда ертерек басталды сондықган мұмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқытуды ұйымдастыруда отандық мамандар шет ел тәрбиесіне сүйенген.

Date: 2016-05-14; view: 1217; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию