Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Арнайы педагогиканың психолингвистикалық негіздері





Сөйлеу тілін, оның қызметін, қүрамын, даму жолдарын түсіну арнайы педагогика үшін аса манызды, өйткені қоғамның дамуына нақты ықпалын тигізетін жағдай. Сөйлеу тілін танып, білу - адам түлғасының қоғам мүшесі болып калыптасуының негізгі бағыты деп айтуға болады. Бала дамуындағы кез-келген кемістік, оның қоршаған ортаны меңгеруіне және сөйлеу тілінің қалыпты қалыптасуына (әлеуметтенуіне) әсерін тигізеді. Арнайы педагогика үшін психолингвистиканың келесі аспектілері өз маңыздылыгын білдіреді, олар: сөйлеу тілі - түрлі белгілердің жүйесі, ал кызметі таным мен катынас.

Сөйлеу әрекетінің күрамы: бағдарлау, жоспарлау, жүзеге асыру, бақылау.

Бала сөйлеу тілінің дамуы. Сөйлеу тілінің онтогенезі - ересек пен бала арасындагы күрделі қарым-қатынас және заттық, танымдық әрекеттің дамуымен сипатталады. Сондықтан сөйлеу тілінің дамуы ең алғашымен қарым-қатынас қызметін атқаруға багытталган. Сол кезде бала қарым-қатынасты іске асыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді табуы тиіс. Бала сөздің дыбысгық бейнесін келтіру мен оның заттық сәйкестігін белгілеуге қадам жасайды. Ал, сөйлеу тілінің даму кезеңдерін үш негізгі параметрлер бойынша бөлуге болады: фонетикалық, грамматикалық, семантикалык.

Фонетикалық кезең - бала әлі сөздің дыбыстык бейнесін ажырата алмайды;

Грамматикалык кезең - сөздің дыбыстық бейнесі меңгеріне қарамастан, сөйлемнің қүрамын үйымдастыру заңдылықтары түсінбейді;

Семантикалық кезен - сездің дыбыстық бейнесі, сөйлемді кұрастыру заңдылықтары меңгерілген, ал түсіну жағы толық дамымаған.

Сондықтан баланың сөйлеу тілі даму барысында әсерін тигізетін барлық көрсеткіштер де өзгеріп ықпал етеді.

Л.С. Выготскийдің сөйлеу тілінің белгі беру қызметін білдіретін ілімі бойынша сөйлеу қабілеттерінің ойлау мен тіл дамуына алгышарттар ретінде қарастырылған. Тіл мен ойлау бір біріне екі жасқа дейін тәуелсіз дамиды да, кейін сөйлеу тілінің белгі беру қызметін көрсетеді. Нақты ойлау сөйлеу сипатына ие болса, сөйлеу ойлаушы болып сипатталады.

Мысалы, естімейтінкөрмейтін тұлғаларды оқытуда жетекші шара оларды сөйлеу тіліне үйрету емес, ересектердің жетекшілімен заттармен әрекет жасауға, нақты заттардың қажеттілігін түсінуге үйрету. Естімейтінкөрмейтін түлғапар осы дағдылар арқылы қоршаған заттардың бейнесін елестеуге үйренеді. Кейін сол бейнелер белгілі жүйелерге қалыптасады және белгілер ретінде қарым қатынас жасаудың амалы болып табылады.

Сөйлеу тілінің қалыпты жағдайдан ерекше дамуынын психолингвистикалық түрғыдан талдау сөйлеу тілінің гіатологиясы психофизиологиялық механизмдердін бүзылыстар салдарынан болатын сөйлеу әрекетінің ауытқуын қарастыруды көздейді.

Психолингвистикалық түргыдан сөйлеу тілінің патологиясынын келесі түрлерін ажыратады:

- тұлга дамуы мен жоғары психикалық қызметтердің патологиясына тәуелді өзіндік патолингвистикалық сөйлеу тілінің кемістіктер (мысалы: шизофрения).

- туа біткен немесе жүре пайда болған сенсорикалық кемістіктер салдарынан пайда болган сөйлеу тілінің кемістіктері;

- ми жарақаттарының салдарынан пайда болған сөйлеу тілінің кемістіктері (афазия);

- ақыл-ойы кемтарлықпен психикалық дамуында ауытқушылықтардың салдарынан сөйлеу тілінің кемістіктері;

- моторикасындағы ауытқушылықтардың салдарынан сөйлеу тілінің кемістіктері (түтықпа).

Арнайы педагогикада психолингвистикалық түрғыдан қарастыстыру түрлі саласында натижелі пайдаланады, логопедияда (Халилова Л.Б.) сурдопедагогикада (Зайцева Г.Л.).

Сонымен психолингвистикалык талдау арнайы педагогиканың үғымдық аппаратын күшейтіп кемістіктерді ғылыми түрғыдан жіктеуге жол ашады. Қандай болмасын кемістік баланың әлеуметтік дағдыларына. әсерін тигізетігін білу, кемтар баланың қарым-қатынас саласында кедергілерді жою, азайтуға және оңалту бағдарламарын әзірлеуге мүмкіндік береді.

7. Лрнайы білім берудін құкыктык негіздері

Адамның ең манызды игілігі - жеке басының бостандығы мен кұкыктыры. Бұл кұқықтар мен бостандыкты корғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конститиуциялык-құқықтык жарыктарда я^әне адам кұкыгы туралы халықаралық құжаттарда белгіленген. Азамагтық, саяси, әкономикалық, әлеуметтік, мәдениет саласындағы кұкытар жайлы халықаралық құжаттар барлык адамдардың емір сүруге, бостандыққа, жеке тұлғалық дербестігіне, ой-пікір, діңи жолын таңдау, еңбек ету еркіндігіне, дем алуға, әлеуметтік колдауға, каржылық және моральды кызығушылықты қоргауды қолдайды.

Барлық еркіндік пен құқықтар жұйесінде ең маңыздысы білім алуға құкық. Бұл тұлғалар үшін ең кажетті негізгі кұкык. Бүл кұкықтан әр бала немесе жас өспірім ақыл-ойында, дене дамуындағы кемістікке сондай-ақ жыныс әлде кіші елдер өкілі болғандығына қарамастан айырылмайды.

Баланыц білім алуға деген құқығы біркатар халықаралық кұжаттарда бекітілген, олар "Адам қүқықтары жайлы Жалпы Декларация", "Бала құқықтары жайлы Конвенция" т.б. және өз еліміздегі кұқыктық Заңдарда белгіленген, нақты ҚР Конституциясында және ҚР "Білім туралы" Заңы (2007), ҚР "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-недагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заны (2002), ҚР "Бала құқықтары туралы" Заңы (2002),.

ҚР "Білім туралы" Заңы, 47 бапта білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жаупкершілігі бекітілген. Нақты Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұракты түратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар деп жариялайды.

11. Жетім балалар мен ата-анасының қамкорлығынсыз калған балаларга арналған білім беру

ҚР "Білім туралы" Заңы 49 бапта ата-аналардың және де заңды өкілдердің қүқықтары мен міндеттері көрсетілген, олар:

- баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;

- өз балаларын оқыту мен тәрбилеу гіроблемалары жөнінде психологиялық-медициналық-педагогикалык консультациялардан консультациялық көмек алуға құқығы бар.

"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңның 4 Тарауында Кемтар балалардың кұқықтары бікітілген, нақты ата-аналарының және өзгеде занды екілдерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. 15 бап кемтар балалардың әлеуметтік және медициналык-педагогикалык түзеу аркылы қолдауды кепілдікті түрде тегін алуға туралы құқығын бекітті.

"Баланың құқықтары туралы Конвенцияда" мүгедек балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы омір еүруіне, тәуелсіздігі мен әлеуметтік ортаға қосуды қамтамысдандыру туралы мазмүны 23 бапта белгіленген.

"Мүгедектер тең қүқылы мүмкіндіктермен қамтамасыздандыру туралы стандартты ережелер" (Б¥¥), мүгедектердің қалыпты дамыған тұлғалармен әлеуметтік жагынан да, саяси, азаматтық, әкономикалық, мәдени жағынан тең құқылы екендігі айтылған. Бүл кұқықтық құжатта мүмкіндіктігінің түріне қарай (мысалы, көрмейтін тұлғаларға Брайль шрифтімен жазылған, фонографиялық жазалар және қажетті сәйкес келетін технологиялармен камтамасыз ету) мемлекеттерде арнайы стратегиялар, акпараттық қызмет пен қол жетімді құжаттарды әзірлеудің қажеттілігі жайлы бекітілген.

1994 жылы Испания мемлекеттінде Саламанка қаласында ерекше қажеттілігі бар тұлғапардың білім алуына "Саламанка декларациясы" қабылданған. Бұл құжатты еңгізуіне Дүниежүзінің барлық мемлекетгер ат салысты. Аталмыш қүжатта барлық адамдардың білім алуына тең құқылы екендігі жайлы, ерекше қажеттіліктілігі бар тұлғаларға арнайы білім алуына арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтылган, олар:

әр баланың білім алуы мен оны жалғастыруға;

білім алуында ерекше қажеттілігі бар тұлгалардың жалпы мектептерде оқуға;

инклюзивті білімді ұйымдастыру бағытында жалпы мектептерде дискриминациялық көзқарастарды алдын-алу, жою туралы; жалпы мектептерде инклюзивті білімді ұйымдастыру; арнайы білім беру багдарламалар мен жоспарларды әзірлеу т.б. Мүмкіндіктері шекгеулі балардың құқықтарының теңдігі бірқатар заңдар мен құқықтық құжаттар жарияланып бекітілген, арнайы білім беру

Бақылау сүрақтар мен тапсырмалар:

- Философиялық білім арнайы педагогика үшін қандай қызмет атқарады?

- Тәуелсіз өмір сүрудің мағынасыз ашыныз.

- Арнайы білім берудің қазіргі әкономикалық жағдайына сипаттама берініз.

- Арнайы психология мен арнайы педагогика байланысын ашып керсетіңіз.

- Мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтарын қорғайтын негізгі құжаттар мен Заңдарды атаныз.

- "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналык-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңында қандай құқықтар туралы айтылған?

Әдебиеттер:

- Специальная педагогика / Под ред. Н.М.Назаровой - М,- 2001.

- Кемтар балаларды әлеуметтік және медиииналық-педагогикалык тұзеу арқылы қолдау туралы ҚР Заңы.- Астана,- 2002.

- ҚР "Білім туралы" Заңы.-Алматы.-Юрист.-2007. 4^-Права ребенка.-Алматы.-Юрист.-2007.

- "Бала құқықтары жайлы Конвенция" Б¥¥,1989

- ҚР "Бала құқыктары туралы" Заңы. Астана.- 2002.

Date: 2016-05-14; view: 1790; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию