Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тоғысатын сәулелер дифракциясы (Френель дифракциясы)





Тоғысатын сәулелер дифракциясы (Френель дифракциясы) – дегеніміз дифракцияны тудыратын бөгет пен дифракциялық бейненің арасы онша алыс болмаған кезде бақыланатын сфералық толқындардың дифракциясы.

Жарықтың дөңгелек саңылаудан (тесіктен) өткенде дифракциялануы.

S жарық көзінен таралатын сфералық толқын жолына дөңгелек саңылауы бар экран қоялық. Дифракциялық бейненің түрі осы саңылауға сиятын Френель зоналарының санына тәуелді. Э экранның В нүктесіндегі жарық амплитудасы , мұндағы «қосу» белгісі саңылау Френель зоналарының m тақ санын ашқанда жазылады, ал «алу» белгісі саңылау Френель зоналарының m жұп санын ашқанда жазылады.

Дифракциялық бейненің пішіні мен түрі центрі В нүктесінде кезектесіп орналасқан қара қоңыр және жарық (ақ) сақиналар сияқты болады (егер m жұп болса, онда орталық сақина қара қоңыр болады, егер m тақ болса, онда орталық сақина ақ болады).

Жарықтың дискте дифракциялануы. S нүктелік жарық көзінен таралатын сфералық толқын алдына диск қойылсын. Егер диск Френель зоналарының алғашқы m зонасын жабатын болса, онда Э экранның В нүктесінде тербеліс амплитудасы:

 

 

Демек, В нүктесінде әрқашан бірінші ашық Френель зоналарының әсерінің жартысына сәйкес келетін интерференциялық максимум бақыланады. Орталық максимум айналасында қара қоңыр және ақ концентрлік сақиналар орналасады.

 

20. Параллель сәулелердің дифракциясы (Фраунгофер дифракциясы).

Фраунгофер дифракциясы жарық көзі мен бақылау нүктесі дифракцияны тудыратын бөгеттен шексіз алыс болған жағдайда бақыланады. Параллель сәулелер шоғын әдетте нүктелік жарық көзін жинағыш линзаның фокусына орналастыру арқылы алады. Ал дифракциялық бейнені екінші жинағыш линзаны бөгеттен кейін орналастырып, экранда жинау арқылы алады.

Жазық монохромат толқынның Фраунгофер дифракциясын қандайда бір шексіз ұзын ені а=MN тең саңылаудан қарастыралық. Шеткі MC және ND сәулелері арасындағы оптикалық жол айырымы (суретке қараңыз):

MN толқындық беттің ашық бөлігін саңылаудың M қабырғасына параллель етіп Френель зоналарына бөлеміз. Әр зонаның ені осы зоналардың шеттерінен есептелінген жол айырымы λ/2 тең болатындай етіп алынады, сол себепті саңылауға ∆: λ/2 зона сияды.

Саңылау орналасқан жазықтықта толқындық фронттың барлық нүктелерінің фазасы мен тербеліс амплитудалары бірдей болады. Сол себепті, кез келген екі көршілес Френель зоналарынан таралған қорытқы тербеліс интенсивтілігі нольге тең болады. Осының нәтижесінде:

1) егер Френель зоналарының саны жұп болса, онда

- дифракциялық минимум шарты (толық қараңғы)

 

2) егер Френель зоналарының саны тақ болса, онда

- компенсацияланбаған бір Френель зонасының әсеріне сәйкес келетін дифракциялық максимум шарты.

φ =0 бағытта саңылау бір Френель зонасы сияқты әсер етеді және бұл бағытта жарық ең үлкен интенсивтілігімен таралады – орталық дифракциялық максимум.

Амплитуда максимум немесе минимум болатын бағыттарда төменгі шарттар орындалады:

 

Дифракция нәтижесінде жарық интенсивтілігінің экранда үлестірілуі (таралуы, жіктелуі) дифракциялық спектр деп аталады. (сурет (б)).

Орталық және келесі максимумдардың арасындағы қатынасы 1:0,047:0,017:0,0083:... яғни жарық энергиясының негізгі бөлігі орталық максимумда шоғырланған.

Дифракциялық максимумдардың орналасуы λ - ға тәуелді. Саңылауға ақ жарық түскенде орталық максимум ақ жолақ ретінде бақыланады (φ =0 болғанда, барлық λ үшін жол айырымы нольге тең) – ол барлық толқын ұзындықтарына ортақ. Орталық максимумның екі жағында орналасқан максимумдар түрлі түсті боялады, күлгін түстен басталып қызыл түспен бітеді (себебі λкүлгін < λқызыл).

 

Date: 2016-05-25; view: 1789; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию