Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дəріс. Халықаралық арбитраж. Экологиялық даулар





1.Халықаралық арбитраждың экологиялық дауларды шешудегі маңызы мен ерекшеліктері.

2.Экологиялық дауларды шешудегі халықаралық қағидалардың маңызы. Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары.

 

Халықаралық экологиялық құқытың қағидалары дегеніміз – ол субъектілердің қарым-қатынасын реттейтін заңды бекітілген халықаралық экологиялық құқтың бастауы болып табылады. Халықаралық экологиялық құқытың қағидасы – барлық субъектілерге міндетті болып табылатын халықаралық экологиялық құқықтық норма болып табылады. Əрбір мемлекет өзінің қоршаған ортаcына байланысты кез келген əрекет жасаған мезгілде өзінің қағидаларымен қатар жалпыға ортақ халықаралық экологиялық қағидаларды басшылыққа алған жөн. Бір мемлекеттің зиянды əрекеті басқа мемлекеттің де қоршаған табиғи ортасына əсер ететіндігін ұмытпау керек. Бұл жерде негізгі басшылыққа алынатын қағидалар ретінде мыналар болады: мемлекеттің егемендігін сыйлау, мемлекеттердің теңдігі, территориялық қол сұғылмаушылығы жəне тұтастығы, өзара əріптестік, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, халықаралық құқықтық жауапкершілік. Халықаралық деңгейде қағидалардың алғашқы көрініс табуы ол 1972 жылы «Адамды қоршаған табиғи орта мəселесі туралы» Стокгольм декларациясында баяндалған болатын. Онда негізгі үш қағида баяндалған: - Біріншісі кез келген мемлекет өз ресурстарын ұлттық саясатқа сəйкес жүзеге асыруына құқылы, бірақ ол басқа мемлекеттердің қоршаған табиғи ортасына зиянды болмауы керек; - Екінші қағида кез келген табиғи ресурс ауа, табиғи байлық, жер, су, флора, фауна жəне тағы басқалар бүгінгі жəне болашақ ұрпақ үшін сақталып пайдалануы керек; -Үшінші қағида ол сарқылатын табиғи ресурстар барынша үнемді жəне халықаралық деңгейде барынша пайда əкелуі керек. Бұдан басқа қағидалардың қатарына 1988 жылы 28-қазанда БҰҰ-мен мақұлданған «Дүниежүзілік табиғат хартиясы», БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 45 сессиясында мақұлданған «Глобальді климатты бүгінгі жəне болашақ ұрпақ үшін сақтау» резалюциясы жəне тағы да басқа конвенцияларда əр түрлі қағидалар көрініс тапқан. 2007 жылы 9- қаңтарда қабылданған жаңа экология кодексінде жоғарыда аталған халықаралық келісімдердің қағидалары орын алған. Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінде Қазақстанның қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты халықаралық келсімдер жасаудың келесідей қағидалары баяндалған: Халықаралық міндеттемелерді өз еркімен орындау; мемлекеттің табиғи ресурстарын өндіру кезінде егеменді құқығын құрметтеу; табиғи ресурастарды пайдалану мен қоршаған ортаға əсер етуде ұлттық мүддені көздеу; басқа мемлекет пен елдерге келтірілген зиян үшін мемлекеттің жауапкершілігі; оңтайлы шаралар қолдану мен абайлылық; жергілікті, ұлттық жəне дүниежүзілік қатынастарда өзара көмек; зиян келтірген тараптың жауаптылығы. Халықаралық экологиялық құқықта қайнар көзді екі мағынада түсінуге болады: 1) Материалдық мағынада; 2) Формальдық мағынада; Бірінші жағдайға тоқталсақ, халықаралық экологиялық құқықтық қатынастың материалдық мағынадағы қайнар көзі дегеніміз – қоршаған табиғи ортаны пайдалануға жəне ұтымды қолдануға байланысты дүниежүзілік қоғамдастық мүшелерінің еркін айтамыз. Ал формалдық мағынада, халықаралық экологиялық құқықтық қатынастың қайнар көзі дегеніміз – негізгі басшылыққа алынатын құқықтық нормаларды айтамыз. Олар шарттар, келсімдер, конвенция, резалюция жəне тағы басқалар. Кейбір жағдайда сонымен қатар белгілі бір мемлекеттің ұлттық заңдарыда қайнар көз қатарына жатады. Қоршаған табиғи ортаны халықаралық құқықтық қорғау аясындағы орталық қайнар көз ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының резолюциялары орын алады мəселен, «Табиғатты қорғау жəне экономикалық даму» 1962 жыл; «Жердің табиғатын сақтауға байланысты мемлекеттің бүгінгі жəне болашақ ұрпақ алдында тарихи жауапкершілігі» 1980 жыл. Қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғаудың қайнар көзі ретінде шарттардың орны ерекше. Қазақстан Республикасының 30.05.2005 жылы қабылданған «халықаралық шарттар туралы» заңында халықаралық шарттарды жасасудың, қолданудың өзгертудің жəне тоқтатудың тəртібі баяндалған. Халықаралық шарттар екіге бөлінеді: 1) Екі жақты; 2) Көп жақты; Шарттарды реттеу пəніне байланысты үшке бөлуге болады: 1) Қоршаған ортаны қорғауға жанама қатысы бар шарттар; 2) Қоршаған ортаны қорғаудан басқа бірақ, кейбір табиғи обьектілер мен ресурстарға қатысы бар шарттар; 3) Тұтастай қоршаған ортаны қорғауға байланысты шарттар. Келесі қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғауының көлемді қайнар көзі болып конвенциялар табылады. Конвенцияға қосылу біраз шығын шығартады, мысалы мүшелікке өтуге байланысты, бірақ оның пайдасы өте көп. Себебі көптеген конвенцияларға қосылу арқылы əртүрлі мемлекеттерден қолдау көрсетіліп, көмектер беріледі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы көптеген конвенцияға қосылып оларды ратификациялаған. Тағыда бір жеке топ, ол қоршаған табиғи ортаны халықаралық құқықтық қорғауға байланысты келсімдер табылады. Кесімдер түрлері: екі жақты, көп жақты, мемлекет аралық, аралас (халықаралық ұйымдардың қатысуымен), үкіметаралық, ведомства аралық, глобалді, регионалді, субрегионалді, табиғи ортаның барлық элементтерін қамтитын немесе жекелей элементтерін қамтитын болып бөлінеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Ресей, АҚШ, Канада, Англия, Турция, Япония, Қытай жəне тағы басқа мемлекеттермен қоршаған табиғи ортаны қорғауғам байланысты түрлі келісімдерге отырған. Қайнар көз ретінде əдет-ғұрыптар мен хаттмалар да табылады. Мысалы «Мұнаймен қоршаған ортаны былғағаны үшін азаматтық жауапкершілік туралы» халықаралық конвенцияның хаттмасы 1969 жыл Лондон. Халықаралық шарттар болмаған жағдайда мемлекеттер арасында дау əдет-ғұрып арқылы шешуге болады. Мысалы əдет- ғұрып қағидасы ретінде көрші мемлекеттің табиғатына зиян келтірмеуді жатқызуға болады. Қоршаған табиғи ортаға əсер ететін құралдарды қолдануды шектеу жəне тыйым салу туралы нормативті заңнамаларды қамтитын халықаралық-құқықтық актілерге мыналар жатады: 1925 жылғы Соғыс кезінде тұншықтырғыш, улағыш жəне сол сияқты басқа да газдар мен бактериологиялық құралдарды қолдануға тыйым салу туралы Хаттама; 1972 жылғы бактериологиялық жəне токсиндік құралдардың қорын жинақтау, жасап шығаруға тыйым салу жəне оларды жою туралы Конвенция; 1977 жылғы Табиғи ортаға əсер ететін əскери немесе кез келген басқа əрекеттерге тыйым салу туралы Конвенция; 1980 жылғы Шектен тыс зақым келтіретін немесе жаппай əсердегі деп саналатын қарапайым қарулардың нақты түрлерін қолдануды шектеу немесе тыйым салу туралы Конвенция; Жоғарыда атап өтілген 1949 жылғы соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева конвенциялары жəне оларды толықтыратын 1977 жылы қабылданған Хаттамалар жəне т.б. Осыған байланысты, атап өту қажет, 1977 ж. I Толықтырушы хаттамада ғана, қоршаған ортаға үлкен жəне ұзақ мерзімді залал келтіреді деп күтілген немесе мақсатты түрде осы залалды келтірген соғыс əрекеттерін жүргізу құралдары мен тəсілдерін қолдануға тыйым салуға бағытталған нормалар қамтылған (35-бап, 3-тармақ). Хаттамада, сондай-ақ, қоршаған ортаға зиян келтіретін репрессалийлерді қолдануға тыйым салу бекітілген, себебі, олар бүкіл адамзатты толығымен жазалайды. Сонымен бірге «азаматтық тұрғындардың өмір сүруіне қажетті объектілерді қорғау», «қауіпті күштерді қамтитын қарулар мен қондырғыларды қорғау сияқты экологиялық нормалар да бар (54, 56-баптар). «IAC» Халықаралық төрелік соты тұрақты тұрде қызмет етіп, сыртқыэкономикалық қарым–қатынастарға қатысты келісімшарттардан туындайтын келіспеушіліктердегі жақтардың бірден–біреуі Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайындағы келіспеушіліктердің жоғары деңгейдегі талқылауын ұйымдастыратын халықаралық коммерциялық арбитраж болып табылады. «IAC» Халықаралық төрелік соты мен Қазақстан Республикасының «IAC» Аралық Сотының құрылуы, ішкі аралық соттар мен халықаралық коммерциялық арбитраждардың бөлінуін заңдастырған, 2004 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының «Аралық соттар жайында» жəне «Халықаралық коммерциялық арбитраж жайында» заңдарының қабылдануымен тікелей байланысты. «IAC» Халықаралық төрелік соты өз жұмысын қазіргі заманға сəйкес коммерциялық қарым–қатынастардан туындайтын келіспеушіліктерді қарастыру рəсімдерін ұйымдастырудың халықаралық шарттарына сəйкес атқарады. Əрине, бұл осы соттың жақсы атағы мен осы сотқа деген қызығушылықтың арта түсуіне өз септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының «IAC» Аралық Сотына ұқсас «IAC» Халықаралық төрелік сотында арнайы арбитрлар алқасы құрылған. Осы арбиторлар алқасының құрамы құқық, қаржы, экономика, өндірістік – техникалық жəне де қоғам саласындағы ірі мамандармен толықтырылған. Əрине, айтылған арбитрлар алқасы, қызығушылық білдірген жəне де іскер тұлғалардың «IAC» Халықаралық төрелік сотына жүгінген күндерінде ие болатын ең негізгі артықшылықтардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, туындайтын келіспеушіліктердің талқылауын «IAC» Халықаралық төрелік сотының қарамағына беруді қарастыратын төрелік ескертуді келісімшартқа қосқан жағдайда, келіспеушіліктің қарсы жақтың елінде орналасқан сотта немесе Европе мен Америка елдерінде орналасқан халықаралық төрелік соттарында қарастырылған жағдайдағы кететін уақыт пен қаржыны əлдеқайда үнемдеуге мүмкіндік береді. Төрелік талқылаудың өткізілу рəсімі, мұқият қарастырылған «IAC» Халықаралық төрелік сотының Регламенті, жақтарға келіспеушіліктің талқылау барысының анықтығын, сонымен қатар механизімі тəуелсіздік пен бейтараптық қағидаларына сəйкес келетін соттың құрамын құрастыру рəсімдерінің қол жеткізерлігін қамтамасыз етеді. Айтарлықтай ыңғайлы жағдайлардың бірі, «IAC» Халықаралық төрелік сотында төрелік талқылаудың барысын қозғау рəсімінің біршама жеңілдендірілуі. Төрелік талқылаудың барысын қозғау үшін, талап арызды жіберу жетерлікті. Алайда, көптеген қазіргі заманғы халықаралық коммерциялық арбитраж орталықтарында сот ісі арбитраж жайында өтінішті ұсынудан кейін басталады, ал талап арыздың өзі істің арбитраждық талқылауға қабылданғаннан кейін ұсынылады. Халықаралық сипатқа ие коммерциялық келіспеушіліктердің қарастырудың бүкілəлемдік тəжірибесі, төрелік ескертудің жөнді жасалуынан жəне де халықаралық коммерциялық арбитражды дұрыс таңдауынан, соттың қандай шешім шығаратыны да байланысты. Алайда, қандай да болсын халықаралық коммерциялық арбитражды таңдау кезінде, келіспеушіліктерді қарастырудағы рəсімдердегі, халықаралық коммерциялық арбитраждардың қызмет атқаруын реттейтін мемлекеттік заңнамалардағы айырмашылықтардың болуы біршама қиындықтарды туындатады. Осындай жағдай туындағанда, халықаралық коммерциялық арбитраждық талқылаудың теориясы мен тəжірибесіндегі маңызды деген жетістіктерді сіңірген «IAC» Халықаралық төрелік соты жақсы таңдау бола алады.

Date: 2016-05-25; view: 906; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию