Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тиреотоксикоздың диагностикасы мен жүргізу тактикасы» клиникалық жағдай бойынша





Эталон жауаптары

Қадамдарды бағалау критерийлері
1. Шағымдарын сұрастыру Барлық сұрақтар қойылды ма? Негізгі және қосымша сұрақтар қою арқылы барлық шағымдары сұралынды
2. Анамнез жинау Анамнезін жинау мен нақтылауға барлық сұрақтар қойылды
3. Физикальді зерттеу - жалпы қарау Экзофтальм және «дірілдеу» симптомы анықталды.
4. ЖҚЖ жағдайын қарап тексеру Жүрек тұйықтығының салыстырмалы шекарасы анықталды
Жүрек тондарын есту нүктелеріне аускультация жүргізді
АҚ мен тамыр соғысын ережесін сақтап өлшеді
5. Қалқанша безін қарап және пальпациялау Дәрігер визуальды қарайды. Пальпация кезінде дәрігер науқастың алдында тұрып, 2 қолының бүккен II-V саусақтарын төс-бұғана-емізік тәрізді бұлшықеттің артына терең енгізіп, ал басбармақтарын алдынан қалқанша шеміршегінің аймағына қояды. Қалқанша без көмеймен бірге жоғары және дәрігер саусақтарының астында қозғалуы үшін науқасқа пальпация кезінде жұтынуын сұрайды. Қалқанша безінің мойыншығын саусақтардың жылжымалы қозғалыстары арқылы вертикалды бағытта мойынның алдынан пальпациялайды.
6. Алдын ала диагнозы Шағымдарын, анамнезін және объективті қарағанда экзофтальм, дірілдеу белгісі, қалқанша безінің ұлғаюын ескере отырып, алдын ала диагноз: Тиреотоксикоз? Созылмалы аутоиммунды тиреоидит?
7. Дифференциалды диагностика жүргізу ЖИА, кардиосклероз, миокардитпен диф.диагностикалық критерийлерін атау 1.
8. Лабораторлық зерттеу жоспарын тағайындау ҚЖА,ЗЖА,ҚБА жалпы белок, глюкоза, креатинин, холестерин, электролиттер. ИФА: ТТГ, бос Т4, бос Т3, ТПО а/д, ТГ-ге а/д
9. Аспаптық зерттеу жоспарын тағайындау Қалқанша без УДЗ, ЭКГ
10. Қанның биохимиялық анализін интерпретациялау ҚБА: холестерин деңгейінің 2,6 ммоль/л- ге төмендеуі (<5,2 ммоль\л)
11. ИФА гормональді зерттеудің нәтижесін интерпретациялау Т4еркін, Т3еркін деңгейінің жоғарылауы және ТТГ деңгейінің төмендеуі
12. Иммунологиялық зерттеу нәтижесін интерпретациялау Тиреопероксидаза және тиреоглобулинге антиденелер деңгейінің аздап жоғарылауы.
13. ЭКГ- интерпретациялау синусты тахикардия ЖЖЖ-120 рет, P,R тісшелерінің вольтажы төмен және S-T сегменті изолиниядан төмендеген.
14. Қалқанша безінің УДЗ қорытындыларын интерпретациялау екі бөлігінің гиперплазиясы, құрылымы біртекті емес, жалпы көлемі 32 см3
15. Қорытынды диагнозды құрастырып және дәлелдеу. Шағымы, анамнезі, объективті мәліметтер және лабораторлы-аспаптық зерттеу нәтижелерінің негізімен қорытынды диагноз: Диффузды токсикалық зоб 2 дәрежесі. Тиреотоксикоз орташа ағымды. Тиреотоксикалық миокардиодистрофия СЖЖ I.
16. Негізгі аурудың емдеу тактикасын анықтау. Тирозол 10 мг * тәуілігіне 4 рет per os ұзақ уақыт бойы жалпы жағдайы, пульсі, ТТГ мөлшерін бақылай отырып. Пульс қалпына келгенде (мин 80 соққыдан аз) мөлшерін сүймелдеуші 10-15 мг/тәу дозаға дейін ақырындап түсіру. Анаприлин 40 мг * тәуілігіне 3 рет немесе бисопролол 5-10мг тәуілігіне per os-ЖСЖ, АҚ бақылай отырып, мөлшерін ақырындап төмендетумен. Преднизолон 60-80 мг тәуілігіне иммунокоррекциялау мақсатында (алғашқы 7-10 күн бойы әр күнде, сосын 2-3 ай бойы күнара, мөлшерін ақырындап төмендетумен
17. Асқынуларды емдеу Жүрек метаболиктері, гепатопротекторлар.
18. Әрі қарай амбулаторлы бақылау жоспарын тағайындау Тирозол дозасы жалпы жағдайының жақсаруы және ТТГ деңгейінің қалпына келуімен анықталынады. Ұзақ уақыт қабылдайды. Зобтың үлкен көлемін және асқынуларын ескере отырып, тиреотоксикоздың тұрақты компенсация сатысында оперативті ем көрсетіледі
19. Пациентпен оптималды байланыс жасап, қобалжу сезімін басу Оптималды байланыс орнап, пациент сеніммен қарайды.Барлық сұрақтарға жауап алынды.
  Пациентті қарағандағы мінез-құлқы және коммуникацияның тиімділігі Қарағанда толық өзін өзі ұстай білді. Коммуникация тиімді.

 

Қайта өңдеуші: №1 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасының м.ғ.д., профессор Ердесова К.Е.

 

№1 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген (28 желтоқсан 2015, хаттама №6)

 

Ішкі аурулар бойынша оқу бағдарламары комитетінің мәжілісінде талқыланған және бекітілген (21 қантар 2016, хаттама №5)

Date: 2016-05-25; view: 364; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию