Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жүктеме графиктері және есептеу коэффиценттері





Электр жүктемелері және қабылдағыштардың, цехтағы қабылдағыштар тобының, сондай-ақ цехтың, жалпы зауыттың тұтынатын электр энергиясын сипаттайды. Өндірістік кәсіпорындардағы электр жабдықтау жүйесін жобалау және пайдалану барысында жүктемелердің негізгі 3 түрі есептелінеді: активті қуат Р, реактивті қуат Q және ток I.

Электр қуатын өлшеуіш аспаптар арқылы көзбен бақылауға болады. Жүктеменің уақыт бойынша өзгеруін өздігінен жазатын аспаптар арқылы тіркеуге болады (1 сурет). Бірдей уақыт аралығында алынған активті және реактивті қуат санағыштары бойынша пайдалану барысында активті және реактивті қуаттардың уақытқабайланысты өзгеруін, әдетте, сатылы қисық арқылы көрсетеді (2 сурет).

Активті және реактивті және токтың уақыт аралығында өзгеру қисығын сәйкесінше активті қуат, реактивті қуат, токтың жүктеме графиктері деп атайды.

 
 

 

1 Сурет – Тіркейтін аспап көрсетуі бойынша жүктеме графигі 2 Сурет – Активті қуат санағышының көрсетуі бойынша жүктеме графигі: tн - бірдей интервалдар времени.

 

Жүктеме графиктері 2-ге бөлінеді: жеке графиктер – жеке қабылдағыштар үшін, топтық – қабылдағыштар тобы үшін. Жеке жүктеме графиктері кіші әріптермен: p(t); q(t); i(t); ал топтық жүктеме графиктері бас әріптермен: P(t); Q(t); I(t) белгіленеді.

Жеке графиктер электр энергиясының қуатты қабылдағыштарының жүктемелерін анықтау үшін қажет (электр пештері, түрлендіргіш агрегаттар, бас жетектер, жаймалау станоктары және т.б.).

Әдетте, кәсіпорындардағы электр жабдықтауды жобалауда топ-топтық жүктеме графиктері осы кәсіпорынның активті және реактивті қуаттады тұтынуын айқындауға, кәсіпорынды қоректендіретін ток көзін дұрыс және тиімді таңдауға, сондай-ақ электр жабдықтаудың барынша тиімді сұлбасын жасауға мүмкіндік береді.

Уақыт ұзақтығы бойынша өндірістік кәсіпорынның жүктеме графигі кезектік, тәуліктік және жылдық болып жіктеледі. Өндірістің әрбір саласының технологиялық процеспен анықталатын өзіне тән жүктеме графигі болады.

Қабылдағыштардың жұмыс тәртібінің реттілігі бойынша олардың жекелей жүктеме графиктері периодтық, циклдық, циклдық емес және реттік емес болып бөлінуі мүмкін.

Топтық жүктемелер периодтық, жартылай периодтық және реттік емес болып бөлінеді.

Date: 2016-05-25; view: 2191; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.004 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию