Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тарих сабаҒында ҰҒымдарды Әдістемелік жолдар арҚылы сыныптау





Деректерді сыныптау - деректерді ортақ қасиеттері бар, бірақ бір – бірінен ерекше белгілерімен айырылатын категорияларға бөлу. Деректерді түрлік сыныптау - жазба деректерді пайда болуы, мазмұны, міндеттерінің бірлігі негізінде, ішкі құрылымдарының ұқсастығына сай тарихи қалыптасқан түрлерге бөлу. Деректерді типтік сыныптау - деректерді мазмұны мен формасының сәйкестік принципі негізінде сыныптау.

Тарих сабағындағы тарихи тұлғаға мінездеме беру және оның оқытудағы алатын орны мен қызметі. Тарих сабағында құжаттарды оқушылар да, мұғалімдер де қолдануы мүмкін. Құжат тым күрделі болса мұғалім оның мазмұнын оқушыларға түсіндіріп береді; құжатқа сілтеме жасап, дәйексөз келтіреді (әңгімелеудің дәлелділігін күшейту үшін); өз әңгімесін нақтылау және қызықты ету үшін кұжаттан үзінділер пайдаланады. Әңгімені жандандыру үшін құжат үзінділерін төл сөз ретінде қолданып, тарихи тұлғаға мінездеме беріледі.

Тарихи бiлiмдi қалыптастырудағы оқушылардың өзідік жұмыстарының алатын рөлi. Жеке тұлғаның ой - өрісінің дамуы, белсенділігінің артуы, білім алу қажеттілігін түсінуі, оны өмірде іс тәжірибесінде қолдана білуі, шығармашылық міндеттерді ойдағыдай шешу құралының бірі болып оқушылардың өздік жұмысы саналады. Оқушылардың өздік жұмысы мен өздігінен білім алуы мақсатына Ж. Айтмауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаевтар ерекше назар аударған. «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінең алуы керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолы қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай оқу үшін, керек білімін кешікпей, кезінде алып отыруы үшін «балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру» - дейді А. Байтұрсынов оқушылардың өзіндік жұмысының мәні жайлы.Б.П. Есиповтің өздік жұмысына берген анықтамасы, бұл пароблеманы шешуге көмектеседі: «Оқыту үрдісіндегі өздік жұмысы дегеніміз – мұғалімнің тікелей қатысуынсыз орындалатын тапсырмасын орындауы; сондай – ақ сапалы түрде қойылған тапсырманың мақсатына жету үшін оқушының тырысуы, онда өзінің күші және ойлау нәтижесінің формаларын немесе физикалық іс - әрекетін пайдалануы» - дейді. Ғылым өз еңбектерінде өздік жұмысының мәнін, оқушының оқу қызметіндегі орнын ашып көрсетеді, өздігінше жұмыс оқытудың тиімділігін арттыруға, оқушының білім, білік, іскерліктерін меңгеруге, ойлау және еңбек ету қаблетін дамытуға көмектесетінін нақты айқындап береді. Профессор Т.С. Сабыров өздік жұмысты ұйымдастырудың негізгі жолдары мен шарттарын анықтай отырып былай деп атап көрсетеді: «Оқушылардың өздігінен білім алуға деген қажеттер мен дағдылары өзінен - өзі пайда болмайды. Мұндай қасиеттер мектепте мұғалім мен оқушылардың сабақ пен кластан тыс жұмыстарда бірлесе отырып, оқу таным әрекетін ұйымдастыру үрдісінде қалыптасады. Оқушылардың дербес білім алу дағдылары, ең алдымен, мектепте олардың өздігінен істейтін жұмыстарын ұйымдастыруға дағдыландыруға тығыз байланысты.Жоғарыда айтылған оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге баулу – оларды дербес білім алуға дайындайды, соған дағдыландырудың негізі болып табылады». Тарихты оқыту үрдісіндегі, тарих сабағындағы оқушылардың өздік жұмысының басты міндеті – шәкірттерге ғылыми білім жүйесін меңгерту, оларды азаматтылық пен отаншылдыққа тәрбиелеу, өткеніміз бен бүгінгі болған оқиғаларға объективті баға беруі, жаңа білімді өздігінше меңгеру мен қаблеттілігін арттыруы.Қазақстан тарихы оқып үйрену барысында оқушылардың өздік жұмысын мынадай түпнұсқалармен а\ оқулық ә\ тарихи көздер мен материалдар: құжаттар, фотоқұжаттар, статистика және басқалар: б\ анықтамалық, қоғамдық – саяси, ғылыми – көпшілік әдебиеттер: в\ күнделікті бұқаралық ақпарат құраодары және баспасөз материалдары: г\ иллюстрация, нобай, диаграмма, кесте: д\ жұмыс дәптерлері: ж\ компьютермен және басқалармен ұштастыруға болады. Оқулықты пайдалану екі мақсатта, бір жағынан, ол білім қайнары, ал екінші жағынан тарихи мәтінді саналы оқуға дағдыландыруды және кітапты пайдалану әдіс – тәсілдерін үйретуді көздейді. Сондықтан сұрақтар мен тапсырмалар, оқулық мәтіні, онда келтірілген құжаттармен, иллюстрациялармен жұмыс істеген кезде оқушылардың танып- білу жөніндегі белсенді қызметін ұйымдастыруға көмектеседі. Мысалы, 7 сыныпта «Ертедегі түріктер» атты тақырыпты оқып үйрену барысында оқушылар Түрік қағанаты туралы маңызды мәтінмен өздігінше оқып танысады. Оқушыларға тапсырманы қалай орындау керектігі туралы нұсқау беріледі. Бірінші топ «Түрік қағанатының ішкі – сыртқы жағдайы,ыдырауы» туралы оқулық мәтінімен танысып, төмендегідей тапсырмаларды орындайды. Түрік қағанатының аумағын картадан табындар. Түрік қағанаты қандай мемлекеттермен көрші тұрды? Қай мемлекеттермен қарым – қатынас жасады? Сол кезде Түрік қағанатының беделі неліктен жоғары болды деп ойлайсындар? Бұл мемлекет неліктен ыдырапр кетті? Оның қандай басты себептері болды? Оқушылар теориялық материалмен танысқаннан кейін оларға тапсырма беріледі. Екінші топ оқушыларына «Түрік қағанаты халқының кәсібі мен тұрмысы» туралы оқулық мәтінімен танысып, осы тақырыпшаның жоспарын жасау тапсырылады. Үшінші топ оқушылары «Құжатпен жұмыс» деп аталатын мәтінмен танысып, оны талдайды және оған берілген тапсырмаларды орындайды.

Тарихи бiлiмдi қалыптастырудағы оқушылардың өзідік жұмыстарының алатын рөлi. Өзіндік жұмыс дегеніміз - сабақ үстінде алғанбілімді мұғалімнің Көмегімен және бақылауымен, бірақ оның қатысынсыз орындайтын жоспарлы жұмыс.Өзіндік жұмыстың тиімділігі:1,зерттелетін тақырыптың, қарастырылатын мәселенің төңірегінде білімдітереңдетуге;2. өз пікірін айтып, оны дәлелдей алуға;ізденушілік қабілеті ұшталады3.теория мен практиканы ұштастыра қолдануға мүмкіндік жасайды

Тарихи білімді қалыптастыруда кеңістікті анықтаудың жолдары. Ерте кезден адамдар өздеріне мәлім емес кеңістікті мифтік өлшемдермен өлшеген. Мысалы, жеті қат жер, жеті қат көк немесе жер асты әлемі т.б. Кеңістік ғылымның түрлі салаларында қолданылады. Ол: саяси кеңістік, философиялық кеңістік, тарихи кеңістік, географиялық кеңістік т.б. Тарих ғылымы үшін кеңістік жиі қолданылатын ұғым. Мысалы, қандай да бір оқиға қай жерде болды, оның сипаты, ерекшелігі қандай деген сұрақтарға жауап іздейміз. Бұл кеңістікті анықтау болып табылады. Жер кеңістігінде орналасқан Қазақстан өзінің жан-жағында шектескен кершілес елдері арқылы өзінің аумағын айқындайды.

Тарихи құжаттарды пайдалануда оқушылардың бойында қалыптасатын шығармашылық қабілеттер. Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс — әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс — әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:
*оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;*сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;*шығармашылық ой — өрісі артады;
*кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдарымен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;*ұжымдық ой — пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;*мұғаліммен оқушылардың қарым — қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері артады;*оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді* білімін жүйелі түрде толықтыруға үйренеді;*өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға үйренеді*тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;*оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін таниды;*дүниетанымы кеңейіп, рухани дамиды;дарынды тұлға ретінде “мен” деген пікірі қалыптасады;бәсекелестік қабілеттері дамиды;мұғалімге тәуелділіктен арылып, шығармашылық жұмыстарға белсене араласуға үйренеді.

Тарихи құжаттармен жұмыс жасау барысында пайдаланылатын тәсілдер. Мұрағат құжаттарын ғылыми мақсатта пайдалануда құжаттық жинақтар шығарудың ролі зор. Құжаттық басылымдар тақырыптық, қораралық, жеке адамдардың құжаттары болып келеді. Қораралық басылымдар ғылыми типке ғана жатады. Олар тек бір қордың немесе бір коллекцияның құжаттарын өзіне қосады, ал тақырыптық басылымдарға белгілі тақырыппен әртүрлі қордан алынған деректер жатады. Жеке адамдардың басылымдарына осы адамның өзінің творчествалық өмірі барысында жинаған құжаттары енгізіледі. Құжаттық жинақтардың түрі: ғылыми, ғылыми-көпшілік, оқулық болып үшке бөлінеді9. Орталық мемлекеттік мұрағат қызметкерлері құжаттық жинақтар шығаруда ғылыми институттар, мекемелер және жоғары оқу орындарымен біріге отырып шығарады. Жинақты дайындау барысында құрастырушы мүшелері мен редактор тағайындалады. Басылымның жоспар бағдарламасында құжаттық жинақты шығару қажеттілігі, оның саяси және ғылыми өзектілігі, мақсаты көрсетіледі. Құжаттық басылымдардың кең тараған түрі-тақырыптық. Ол белгілі бір тақырып бойынша жасалады. Жинақты даярлау барысында керекті құжаттарды іріктеп алу тарихи принциптер негізінде жүргізіледі. Құжаттарды іріктеп таңдау үшін әдістемелік ереже және ғылыми анықтамалық аппарат құрастыру өте тиімді. Жинақтың деректік негізін мұрағат құжаттары, мерзімді басылымдар, мемлекеттік қорлар құрайды. Фотосуреттер, кинокадрлар, плакаттар, құжат жинағының тақырыбына тығыз байланысты болуы шарт. Ал белгілі бір оқиғаға байланысты құжаттар әртүрлі болып келеді. Олар: хаттама, қаулы, мерзімді басылым, тарихи естеліктерден тұрады.
Тарихи оқулықтардың оқытуда атқаратын рөлі. Тарихи сана ең алдымен тарихи оқулықтар арқылы қалыптасады. Сондықтан да оқулықтардың сапасына көңіл бөлу ерекше маңызды. 
Оқулықтың сапасына оны даярлауға байланысты бөлінген уақыт пен оқулықты жазушылардың субьективті көзқарасы да өз әсерін тигізді. Күнкөріс үшін бірнеше жерде жұмыс істеуге мәжбүр болған тарихшылардың оқулықтардың ішкі мазмұнына кішкене жаңалықтарды қоса отырып, негізгі бөлігін бұрынғыша қалдыра салуы да тарих саласындағы қойыртпаққа әкелді. Осы жерде айта кететін жайт, тарих пәнінен алынатын тест сұрақтарында «тістер» мен «түймелерді» түгендеген сұрақтардың кетіп қалуы сол тесті құрастырушының ұлттық тарих пен тарих оқулығына деген көзқарасын көрсетері сөзсіз.
Жоғары оқу орындарында кім қай оқулықты пайдаланғысы келсе, сол оқулықпен дәріс берді, ал студенттер балама оқулықтармен сусындай бастады. Сол балама оқулықтардың барлығына дерлік кітапқа негіз етіп 1993 жылы Тарих және этнология институты шығарған «Қазақстан тарихы (ерте заманнан бүгінге дейін). Очерктер» деген оқулығын алды. ЖОО-нда оқулықтардың ғылыми негізделген түрін оқытам деген оқытушылар осы очерктерді студенттерге ұсынды.

Тарихи материалды қайталаудың әдіс-тәсілдері. Дəрісбаян (лекция) - көлемді материалды монологтық жолмен баяндау. Дәрісбаянның басқа сөздік әдістерден өзгешелігі – қатаң құрылымды, мол ақпаратты, баяндалуы қисынды, білім мәнін ашужүйелікке негізделеді. Дәрісбаян ғылыми-көпшілік және академиялық болып ажыралады. Өткен материалды қорытындылауға, қайталауға шолу дәрісбаяндары қолданылады. Қазіргі кезеңде дәрісбаян әдісін қолданудың көкейкестілігі ірі бөлімдер мен жеке тақырыптарды игеруде оқу материалын топтап ұсыну (блок) тәсілін пайдалану қажетттігінен туындап отыр.Педагогикадағы əңгімелесу — оқушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі. Әңгімелесу кезінде оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру арқылы оқу материалын пысықтап, ой қорытады. Әңгімелесу әдісі — оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер ететін тиімді әдістердің бірі. Оның сапасы оқытушының тәжірибесіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты.Оқу сөз-жарысы (дискуссия) әдіс ретінде нақты проблема бойынша пікір алмасуға, жекеленген көзқарастар білдіруге негізделеді. Сөз-жарыс барысындағы оқушының ой-пікірі өзінің меншікті шешімі не басқа тұлғалардың ғылыми –теориялық ұсыныстары болуы мүмкін. Оқу сөз – жарысының басты қызметі –шәкірттердің танымдық ұмтылыстарына дем беру. Сөз жарыс жәрдемімен оған қатысушылар жаңа білімдерді игереді, өз пікірлерінің дұрыстығына не қателігіне көзін жеткізеді, өз көзқарастарын қорғап қалуға үйренеді, басқалар ой топшылауларымен есептесу қажеттігін түсінеді. Кітаппен (оқулықпен) жұмыс – кітап оқу сөздік әдісінің аса маңызды түрлерінің бірі. Бұл әдістің тиімділігі –оқушы өзіне қолайлы жағдайда, өз түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап игеруге мүмкіндік алады. Оқудың практикалық әдістері - оқушының іс-әрекетіне, оқу қызметтеріне негізделеді. Бұлардың басты міндеті –тәжірибелік ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық және тәжірибелік әдістері бірігеді.

Тарихи оқиғалардың баға беру әдістері. Тарихи оқиғаны бағалауда қойылатын әдіс – тәсілдер төмендегідей: 1) Тарихи матералды ауызша хабарлау әдістері: бұған мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгімесі, түсіндіруі, мектеп лекциясы, оқушылармен әңгімелесу жатқызылады. 2) Тарихты көрнекті құралдар көмегімен оқыту әдістері: бұған бояулы суреттер, оқулықтағы иллюстрациялармен жұмыс жүргізу әдістері және портретттті, карикатураны, картаны, экрандық және басқа да техникалық құралдарды пайдалану жатқызылады. 3) Тарихты оқытқанда түрлі мәтіндермен жұмыс істеу әдістері: бұған оқулықпен, тарихи құжаттармен, көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістері қосылады.

Тарихи оқиғалардың баға беру әдістері. Мәселелерді талқылау – олардың күнделікті жұмысы, сондықтан бағалауыштық сөздерді қолдануда қиындықтар жиі болып тұрады. Әрине, әр оқиғаны жариялау кезінде өз көзқарасын байқамай білдіруі де мүмкін. Cуық соғыс бітсе де, қазірдің өзінде кімді қарақшы, ал кімді бүлікші немесе бостандық пен тәуелсіздік үшін күрескер деп атау туралы даулар көпке созылады.

ТАРИХИ ҰҒЫМДАР МЕН ТҮСІНІКТЕРДІ ОҚЫП ҮЙРЕНУДІҢ ЖОЛДАРЫ. Тарихи түсінінік Тарих пәнінің көптеген пәндерден ерекшелігі-негізінен өте ертедегі фактілерді, оқиғаларды баяндайтындығына л оқушыда ешқандай білім қалыспайды.,Білімді қалыптастыру үшін өткен оқиғанның, фактінің бейнесін оқушының көз алдына келтіре отырып,оларда сол оқиға туралы туралы түсінік қалыптастыуымыз керек.Ал,, түзініктер сезу, сезіну арқылы өалыптасады.ол екі тәсілдің көмегімен жүзеге асады. Көру арқылы деме көрнекі, техникалық т.б.көрінетін құралдар көмегімен және мұғалімнің тарихм фактіні суреттей, сипаттай айтуымен.Бұл міндетті жүзеге асыру үшін қандай факті,оқиға туралы тарихи түсінік қалыптастыруымыз білуімізкерек.Тарихи түсініктері үш түрлі обьектілер туралы қалыптасуы тиіс. А)Қоғамның өткендегі барлық тарихын, фактілерді қамтитын материалдық өмір-тұриыс әлеуметтік саяси өмір әртүрлі таптардың өкілдері құл, феодал, капиталист, жұмысшы, мемлекттік,құрылыс т.б. ә)Тарихи уақыт туралы түсінік қалыптастыру қоғамның пәрменді дамуын түсінуге мүмкіндік береді. Б)Тарихи кеңістік туралы тарихи географиялық ортаның оқиғаның, қоғамның, мемлекттік т,б.дамуына қалай әсер ететіні туралы түсінік қалыптастырады. В) Тарихи қозғалыс Сөйтіп тарихты оқыту барысында үш түрлі түсінік қалыптастырады екен. Осы түсініктерді қалыптастырмаының әдістемесін білу де мңызды.Өйткені ол үшін көптеген әдіс,тәсілдер, қолданылады: схемалар, кестелер, апплекациялар, сынп тақтасы, қосымша әдебиет т.б. Бірақ та оларды қолдану:5-6,7-8,9-11 сыныптарда түрліше Таихты ұғымдары қалыптастыруКез келген пәнді,ғылымды білу,меңгеру деген,оның ұғымдар жүйесін меңгеру деген сөз.Мектеп қабырғасында оқушылар тарих пәнін жеті жыл оқығанда оларда 300-ұғым қалыптасады.Әрине олар тек тарихи пәнінің ұғымдары емес.Тарихи білімді меңгеруде ұғымдарды қалыптастыру маңызды орын алады. Оқыту барысында тарихи түсінік те, ұғымдар да қалыптаса береді.Бірақ айырмашылығы мынада.Тарихи түсінік әр оқушы да түрліше қалыптасуы мүмкін,ал ұғым бәрінде бірдей қалыпласады немесе қалыптасуы тиіс. Тарихи материалдың мазмұнына қарай ұғымдар сұрыпталады.оның да ұстанымдарын жақсы білу керек.Өйткені оқулықтарда кездесетін бірқатар ұғымдар басқа пәндермен байланысты.Мысалы,экономикамен,инвестиция,нарықтықэкономмиа,дағдарыс сияқтылар,әлеуметтілік құбылыс, мемлекет, қоғамның саяси жағдайы, әлеуметтік саяси мәселемен байланысты ұғымдарға жатады,тарихи мәдени рухани және материалдық мәдениет ал дін,ғылыми коммунизм,утопиялық социялизм,,т.б.идеологияметебайланысты. Тарихи ұғымдар 5 тен бастап барлық сыныптарда, қалыптастырылады.Мәселен 5-6 cыныптада мәдениет ұғымы меңгеріле бастайды.Ол сәулет өнері бейнелеу өнері сурет өнері деген шағын ұғымдар қамтиды. 7 сыныпта жеке тарихи ұғымдар мен жалпы тарихи ұғымдар қалыптастырылып,алғашқы қоғамдық құрылысқа қатысты тарихи ұғымдар негізінен қалыптастырылады да одан арғы сыныптарда қоғамдық құрылыс деген әлеуметтік ұғымды меңгерте бастауға болады.Ұғымды қалыптастыру оның басты белгілерін анықтаудан және оларды нақты тарихи материал негізінде ашып көрсетуден басталады.Терминді енгізу кейде алдымен, кейде ұғымның аты қолданыла береді де, белгілері біртіндеп ашылып түсіндіріледі.Ұғымдарды ойдағыдай қалыптастыру үшін бірқатар әдістемелік жағдайлар қажет нақты тарихи түсініктер мен кәдімгі бейнелер терминді қашан қолданған дұрыс: теориялық қорытындыны негізгі фактілер мен олардың жүйесін, өзара байланыстарын меңгергеннен кейін жасаған дұрыс; теориялық қорытындыны негізгі фактілер мен олардың жүйесін, өзара байланыстарын меңгергеннен кейін жасаған дұрыс;фактілерді жүйелеп,жинақтау ұғымды ашып көрсету логикасына сәйкес болғаны дұрыс;қажетті нақты тарихи материалдың көлемін жақсы білу үшін бағдарлама мен тарих курсының мазмұнын толық хабардар болуы тиіс.теориялық ұғымдар дараланбай бұрыннан таныс ұғымдармен байланыста қарастырылғаны дұрыс.Сонда ған ол теориялық білімдер жүйесіне қосылады;ұғымды қалыптастыру жұмысы оқушылардың өздігінше атқаратын танымдық жұмыстарын белсенді жүргізгенде ғана әтижелі болады,күрделі ұғымдарды қалыптастыру жұмысы ұзақ жүргізіледі және мезгіл-мезгіл қайталауды қажет етеді,оларды қалыптастыру жинақтап-қорыту сабақтарында аяқталды.

Тарихи-өлкетану материалдарын тарих сабақтарында пайдаланудың жолдары. Ғұлама ғалым, біртуар геолог Қ.И.Сәтбаев өзінің жүрекжарды жан тебірентерлік сөздерінің бірінде былай дейді: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, ол туралы жаны тебіреніп ойланбаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес». Бұдан «жер– анаға» деген перзенттік құрметті көруге болады.Әр сабақта жергілікті жердің компоненттері жәйлі мағлұмат пайдалануда,бұл пәнді оқу дегенің –елі мен жерін танудың, оны қорғаудың, болашақ ұрпаққа сақтаудың басы екендігін, ол дегенің әр азаматтың борышы екендігін ұғындыруда белгілі жазушы Оралхан Бөкейханов «тарихтың әр тарауында бір-бір ата тарихы бар» деп үлкен ой айтқан болатын. Біз жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиетті ата бабаларымыздың бізге қалдырған мұраларымен таныстыру, оның тарихын оқыту арқылы сіңіруіміз керек. Өлкемізде кездесетін әр тарихи құндылықтар мәселен Қабанбай мен Боранбай батырлардың ізі қалған жерлер арқылы оқушыларды елге,туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Мектепте өлкетану туралы білім алу, мынадай маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі.-Әр оқушы өзі туған жеріндегі мәдени құндылықтардың жоғалып кетпеуіне жағдай жасайдыТуған өлке тарихына деген қызығушылықтарын арттырадыЕл тарихының бастауы жергілікті жер тарихынан құралатынын ұғынады.

Тарихты оқытyдaғы интербелсенді әдicтepдің қолданылуы. «Интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші – үйренуші», «үйренуші – үйренуші», «үйренуші — өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер»).Интербелсенді оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді арласуға мүмкіндік жасау;әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерінортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғануына мүмкіндік жасау;үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру;терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерінқалыптастырып, белсенді өмірлік бағытын (көзқарас, дүниетаным) ұстану;пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу.

Тарихты оқыту – күрделі үрдіс, ол өзара байланысты: оқытудың мақсатын анықтау, білім мазмұнын іріктеу, білімді оқытып үйрету жәлне оны меңгертуге басшылық ету-оқушылардың оқу қызметі және оқудың нәтижесі сияқты құрамдас бөлімдерден құралады. Оқыру үрдісі үнемі қозғалыста болады. Демек, дамып отырады ол туындаған қайшылықтарды шешу арқылы жетіледі. Мақсатын анықтаудан кейінгі маңызды мәселе білім мазмұнын анықтау, іріктеу. Тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі бұл мәселені шешуде алдымен Қазақстан тарихы ғылымының әдіснамасына сүйенеді, соны басшылыққа алады. Соның негізгі ғылыми ұстанымдарына сүйене отырып, педагогика ғылымының білім мазмұнына қоятын талаптары мен критерийлерін ескеріп, Қазақстан тарихы мектеп курсының білім мазмұнын анықтайтын ұстанымдары белгілейді. Жоғатыда айтылғандарға қарамастан тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі тарих ғылымдарына жатпайды, ол педагогикалық ғылымдарға қосылады. өйткені оның зерттейтін негізгі нысандары:оқытудың мақсаты, білім мазмұны, оқушылардың оқу қызметі қалай ұйымдастырылады, оның тиімді жолдары қайсысы? Оқыту нәтижесі өте жақсы болу үшін оқлықтардың қандай тысты осы және басқа да мәселелерді шешудің өзіндік жолдары бар, оларды зерттейтін де, белгілейтін де педагогика ғылымы. Осыған байланысты тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі ғылыми педагогикалық пән деп есептеледі. Тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі ғылыми пән болғандықтан ол осы пәннің аса маңызды проблемаларын зерттеумен де шұғылданады..

Date: 2016-05-24; view: 2027; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию