Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Continue инструкциясы

Алфабит.

Си тілі программасы екі символдар жиынынан пайдаланады: Си тілі символдар жиыны()әріптер,цифрлар және пунктуация белгілерінен (си тілі компилятор үшін анықталатын мәнге ие) тұрады.Си тілінің символ жиынын құрайтын синтаксистік символдар конструкциясы бірлестігі Си тілі программасын құрайды.

Әріптер және цифрлар.

Си тілі символдар жиыны латын алфабиті және араб цифрларынан тұрады.

-Латын бас әріптері А,В,С,D,E,F,G,…

-Латын кіші әріптері a,b,c,d,e,f,g,h,і,...

-10-дық цифрлар 0, 1, 2, 3,...

Әріптер мен цифрлар константа, идентификатор және кілтті сөздер құрастыруда қолданылады.

Си тілі компиляторы латын бас және кіші әріптерін әр түрлі символ деп есептейді.

Бақылау сұрақтары:

1. Си программалау тілі және оның ерекшеліктері?

2. Си программалау тілі элементтері?

3. алфабит?

4. константалар?

5. идентификаторлар?

6. кілтті сөздер (ключевые слова)?

7. түсініктер (коментарий?

Әдебиеттер:

1. Шилдт Г. “Теория и практика С++ “, Санкт-Петербург, 1996

2. Денис Ридчи “Освой самостоятельно С++”, Киев 1999

3. Аветисян Р.Д., Аветисян Д.Д., Теоретические основы информатики. – М.: Наука, 1997.

4. Бьярне Страуструп Программалау. С++тілін пайдалану қағидалары мен тәжірибесі., Алматы 2013 ж

Дәріс тақырыбы:Си тілінің элементтері.

Дәріс жоспары:

  1. Айнымалылар. Олардың мәні мен типтері.
  2. Түсініктер

Дәріс мақсаты: Айнымалылар мен түсініктермен таныстыру.

Дәрістің мазмұны

1. Айнымалылар. Олардың мәні мен типтері.

 

Айнымалылар бұлар-жадта орналасуы үшін мәліметтерді сақтау және кейінірек қайта алу (шақыру) да қолданылатын символдық аттар. Айнымалылар программаның ішіндегі көптеген есептелулерге қолданылатын мәлімет мәнін белгілеуде пайдаланылады. Барлық айнымалылар екі қажетті атрибуттарға бөлінеді.

1. Типтер - анықталған айнымалыларға негізделген. Мысалы (integer; real; character). С++ айнымалылары бір рет типі анықталған соң кейін өзгермейді.

2. Мәндер - бұл айнымалыларға жаңа мән беруге болады. Бұлардың өзгеру түрі олардың типіне байланысты. Мысалы, integer айнымалысы тек бүтін сандар үшін қолданылады.

Мысалы: айнымалыларға тиісті программа құрамыз.

 

1. include < iostream. h >

2. int main (void)

3. {

4. int workdays;

5. float workhours, payrate, weeklypay;

6 workdays =5

7 workhours = 7.5;

8 patrate = 38.55;

9 weeklypay = workdays * workhours *payrate;

10 cout << “weeklypay =’’;

11 cout << weeklypay;

12 cout << ‘\n’;

13 }

 

Түсінік:

4 - Бұл қатар апта ішіндегі жұмыс күнін білдіретін workdays деп аталған int (intejer) айнымалыны сипаттайды.

5 - Бұл қатар жұмыс сағатын, сағаттық төлем ақы және апталық төлемді білдіретін үш нақты (float) workhours, payrate, weeklypay айнымалыны сипаттайды. Бұл қатарда бейнеленгендей бір типті айнымалылар үтір арқылы ажыратылып жазылады.

6 - Бұл жерде workdays айнымалысына 5-ті меншіктейді. Программа бұдан кейінгі кездескен workdays айнымалысының мәнін 5 саны деп түсінеді.

7 - workhours айнымалысына 7.5 санын меншіктейді.

8 - payrate айнымалысына 38.55 санын меншіктейді.

9 - Бұл қатар апталық төлемді workdays, workhours және payrate айнымалыларының көбейтіндісін есептейді және нәтижені weeklypay айнымалысына меншіктейді.

10–12 Бұл қатарлар “ weeklypay = “ cөзін, weeklypay және жаңа қатар басталғанын білдіретін үш мәнді экранға шығарады.

Егер программаны іске түсірсек нәтиже weeklypay =1445.625 көрінісінде шығады.

Айнымалыларды сипаттағанда оның мәні бірінші мәнді енгізбегенше анықталмаған болады. Мысалы, weeklypay айнымалысы мәні (бірақ компьютер жадында оған арнайы ұяшық ажыратылып қояды) 9-қатар орындалмағанша анықталмаған болады. Айнымалыға енгізілген бірінші мәні сол айнымалының бастапқы мәні делінеді. Программалар құруда айнымалыға бастапқы мән енгізу міндетті түрде қажет. Айнымалыны сипаттаған уақытта оған бастапқы мәнін меншіктеп қоюға да болады. Төмендегі 3- программа 2- программаның өнделген түрі.

 

1 # include < iostream.h >

2 int main (void)

3 {

4 int workdays =5;

5 float workhours =7.5;

6 float payrate =38.55;

7 float weeklypay = workdays *workhours * payrate;

8 cout << “weeklypay =”;

9 coat << weeklypay;

10 cout << ‘\n’;

11 }

 

2.Түсініктер (коментарий)

Түсініктер программалар бөліктерін түсіндіретін арнайы түсіндірме мәтініне айтылады. Компилятор түсініктерді программаны орындауда оқымайды, бұл тек программаны оқитын оқушыға (адамға) ғана арналған. С++ программасында түсіктерді екі түрлі көріністе енгізе алады.

1// Символынан кейінгі мәтіндерді (бұл жағдайда қатар аяқталғанға дейінгі түсініктерді)

2. /*және */ символдары аралығына түсініктер көрінісінде.

Мысалы

1 #include<iostream.h>

2 /* бұл программа жұмысшының төленетін жұмыс ақы және жұмыс істеген уақытына негізделіп, апталық төлемін есептейді. */

4 int main (void)

5 }

6 int workDays = 5; // аптадағы жұмыс күні саны

7 float workHours =7.5; // бір күндегі жұмыс сағаты

8 float payRate = 33.50; // сағаттық төлем ақы

9 float weeklyPay; // апталық ақы

10 weeklyPay = workDays* workHours* payRate;

11 cout<<”Weekly Pay =”<< Weekly Pay<<’\n’;

12 }

 

 

Түсініктер негізі оңай тілде қысқа және анық жазылған жөн. Себебі, көп көлемді мәтіндер керекті аргументтер мен мәндерді іздеуді қиындастырады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Айнымалылар?
  2. Олардың мәні мен типтері?
  3. Түсініктер?

Әдебиеттер:

1. Шилдт Г. “Теория и практика С++ “, Санкт-Петербург, 1996

2. Денис Ридчи “Освой самостоятельно С++”, Киев 1999

3. Аветисян Р.Д., Аветисян Д.Д., Теоретические основы информатики. – М.: Наука, 1997.

4. Бьярне Страуструп “Программалау”,Алматы 2013 ж

 

Дәріс тақырыбы: Қатарлық тип. Атаулар. Жады.

Дәріс жоспары:

1. Қатарлық тип.

2.Атаулар

3. Жады

Дәріс мақсаты: Қатарлық тип, атаулармен таныстыру.

Дәрістің мазмұны

Қатарлық типтер символдар тізбегіне айтылады. Қатарлық типтер char* (символ көрсеткіші) типінде анықталады. Көрсеткіш жадтағы орналасқан адресін білдіреді. Қатарлық типті айнымалылар қатарлық типтегі бірінші тұрған символ адресіне байланысты болады. Мысалы:

 

char *str = "HELLO";

қатарлы тип пен қатарлы тип айнымалылардың жадта орналасуы көрсетілген.

 

Сурет 1.1 қатарлы тип пен қатарлы тип айнымалылардың жадта орналасуы

 

Литерал қатарлы типтер қос жоғары үтірлер аралығына жазылады. Компилятор әрқашан литерал қатарлы типтердің соңын білдіретін символ белгілеуі керек. қатарлы типтің кез-келген символын ажратып жазу мүмкін.

"Name\tAddress\tTelephone" // табулациямен ажратылған сөз

"ASCII character 65: \101" // 'A' арналады '101'

 

Бір қатарға симайтын ұзын қатарлы типтер (\) символы жәрдемінде ажратылып жазылуы мүмкін. мысалы:

“ biz inf 12 top \

studentteri Universitettin \

en bilgir studentteri”

Бұл “ biz inf 12 top studentteri Universitettin en bilgir studentteri” мағынасын береді.

Көп жағдайда программа “А” қатарлы тип пен ‘А’ символын шатастыру нәтижесінде қәте нәтиже береді. Бұл екеуі бір біріне тең емес, біріншісі А 2 байт және ‘\0’ символымен аяқталады, екіншісі бір байт көлем иелейді.

 

Атаулар

Программалау тілінде программаны құру үшін әр түрлі мақсатты сөздерден және аттардан пайдаланамыз. Біз айнымалы аттарын енгізуге мысалдар көрдік. Бұлардан басқа функция аттары, тип аттары және макро аттары бар.

Аттар (сөздер) программалар құруда программа құрушыға түсінікті сөздер жиындығын құрайтын мағынаға ие сөздер мен мәндерді ұйымдастыруға ыңғайлылық тудырады. Нәтижеде, компилятор оларды орындағанда сол аттардан пайдаланады. Мысалы, temperatura айнымалысы сол атты жадта бірнеше байттардан тұратын айнымалыға орын ажратады. Кейінірек, компилятор сол адресте сол есімді (атты) шақырады.

C++ программалау тілі төмендегі жарамды аттарды (идентификатор) жарату құралдарынан пайдаланады. Есім (ат) ең кемінде бір символ немесе одан көп символдардан олар әріптер (‘A’..’Z’ немесе ‘a’.. ‘z’), цифралар (0..9) немесе төменгі сызықша (_) символдарынан тұрады. Тек бас символ цифра болмауы тиіс. Бас әріппен басталған есім кіші әріпінен басталатын есімінен айырмашылыққа ие.

Мысалы:

salary // жарамды

salary2 // жарамды

2salary // жарамсыз (цифрамен басталады)

_salary // жарамды

Salary // жарамды бырақ salary дан басқа

 

Кеййбір сөздерді С++ программалау тілі өзінің көмекші сөздері қабыл қылғаны үшін оларды идентификатор ретінде қолданып болмайды.

Олар:

 

asm continue float new signed try
auto default for operator sizeof typedef
break delete friend private static union
case do goto protected struct unsigned
catch double if public switch virtual
char else inline register template void
class enum int return this volatile
const extern long short throw while

Жады.

Компьютер программаны орындауда орындалатын программа кодтарын сақтау үшін Random Access Memory (RAM) жадынан пайдаланылады. Бұны біз сақталатын кейін бе келетін биттер (bit 0 және 1) тізбегін түсінеміз. Жад кейін 8 биттен тұратын байт бөліктерінен құралады. Байттар тізбегі жадта адрестеледі. Демек, әрі байт жадта өз адресіне ие.

Жадыдағы бит пен байттар

Byte Address

 

1211 1212 1312 1214 1215 1216 1217

Bute Bute Bute Bute Bute Bute Bute … Memory

 


               

Bit

 

 

С++ программа компиляторы жадтағы орналасуына қарап, мәндерді орындалатын кодқа айналдырады. Мысалы:

int ayliq =12000;

қатарын компилятор жадта ayliq деп аталатын айнымалы үшін компьютер жадынан орын ажыратады. Жадтан қанша орын ажырату алдын – ала көрсетіледі. Мысалы, integer бүтін сандар үшін компилятор жадтан 2 байт орын бөледі. Ayliq атты айнымалы мәні адрестелгенде бірінші байт орнын айнымалы адресі түсінеді және компилятор программаны орындағанда айнымалы мәні бірінші байт адресінен іздейді. Мысалы: 12000 мәні 1214 нөмерлі екі байт адресіне сақталады.

Figure 1.2 Representation of an integer in memory.

 

1211 1212 1312 1214 1215 1216 1217

Bute Bute Bute 10110011 10110011 Bute Bute … Memory


Salary

(a two-byte integer whose address is 1214)

Программистер айнымалы мәнінің анық адресіне өте аз жағдайда қызығады. Бұл жадты жалпы ұйымдастырғанда және жадтағы адрестерді бөлгенде ғана қажетті.

Бақылау сұрақтары:

1. Қатарлық тип?

2.Атаулар?

3. Жады?

4.Компилятор?

Әдебиеттер:

1. Шилдт Г. “Теория и практика С++ “, Санкт-Петербург, 1996

2. Денис Ридчи “Освой самостоятельно С++”, Киев 1999

3. Аветисян Р.Д., Аветисян Д.Д., Теоретические основы информатики. – М.: Наука, 1997.

4. Бьярне Страуструп Программалау. С++тілін пайдалану қағидалары мен тәжірибесі., Алматы 2013 ж

Weekly pay = 1258.125 нәтижесі шығады.

Дәріс тақырыбы: Енгізу –шығару операторлары.

Дәріс жоспары:

1. С++ тіліндегі енгізу-шығару программалары

2.Автоматты түрде артыру және азайту амалдары

3.Қарапайым арифметикалық амалдар

Дәріс мақсаты:Арифметикалық амалдармен таныстыру.

Дәрістің мазмұны

1. Қарапайым арифметикалық амалдар

С++ программалау тілі 5 арифметикалық амалды қамтиды,

Олар:

амал Аттары Мысалы
+ Қосу 12 + 4.9 // береді 16.9
- Азайту 3.98 - 4 // береді -0.02
* Көбейту 2 * 3.4 // береді 6.8
/ Бөлу 9 / 2.0 // береді 4.5
% Қалдықты есептеу 13 % 3 // береді 1

 

Қалдықты есептеу амалынан (%) басқа арифметикалық амалдар бүтін және нақты операндтарды аралас қабылдауы мүмкін. Жалпы, екі операнд та бүтін сан болса, нәтиже бүтін сан, егерде екі операндтың біреуі немесе екеуі де нақты сан болса, онда нәтиже нақты сан болады.

Егерде бөлу амалының екі операнды да бүтін сан болса, бөлу амалы біз күткен жәй бөлу емес, бүтін бөлу көрінісінде шығарады. Бүтін бөлу әрқашан бүтін нәтиже шығардыб мысалы:

9 / 2 // береді 4, емес 4.5!

-9 / 2 // береді -5, емес -4!

Егерде екі бүтін санды операндты бөлу амалының нәтиженін нақты сан көрінісінде шығару керек болса, екі операндтың бірін нақты сан белгілеуіңіз керек.

 

int cost = 100;

int volume = 80;

double unitPrice = cost / (double) volume; // gives 1.25

қалдықты есептеу амалы (%) барлық операндтарды бүтін сандар түсінеді. Бұл бөлу амалынан айырмашылығы бөлу нәтижесінің қалдығын есептейді, мысалы 13%3 нәтижесі 1 тең: 13 санын 3 ке бөлуде 4 ке тең болады, қалдығы 1 тең.

Кей-кездері нәтиже жадта өзіне ажратылған орыннан үлкен сан шығу нәтижесінде қате нәтиже шығады, оны программа overflow көрінісінде хабар береді. Мысалы,

unsigned char k = 10 * 92; // overflow: 920 > 255

сандарды нол санына бөлу де С++программалау тілінде қате нәтиже береді. Оны программа division-by-zero көрінісінде хабар шығарады.

 

2. Автоматтты түрде артыру және азайту амалдары

Автоматты түрде артыру (++) амалын инкременттеу, ал автоматты түрде азайту (--) амалын декременттеу деп атайды. Бұл амалдарды тек қана айнымалыларға колдануға болады, константаларға емес.

s1=val+1; s2=val-1;

өрнектерін инкремент және декрементамалын қолданып былай жазуға болады:

s1=val++; s2=val--;

Мысалдар:

int k = 5;

 

Оператор Аттары Мысалы
++ Автоматтық арттыру (алдына қойылуы) ++k + 10 // нәтиже16
++ Автоматтық арттыру (соңына қойылуы) k++ + 10 // нәтиже 15
-- Автоматтық азайту (алдына қойылуы) --k + 10 // нәтиже 14
-- Автоматтық азайту (соңына қойылуы) k-- + 10 // нәтиже 15

 

Көргеніңіздей қос амалдарда да қосу немесе алу символы айнымалы алдына және соңына қойылуы мүмкін. Егер қосу немесе алу символы айнымалы алдына қойылса, амал алғаш орындалады кейін нәтиже шығады, егер қосу немесе алу символы айнымалы соңына қойылса, алдын нәтиже шығады соң амал орындалады.

Қос амалдар да бүтін және нақты айнымалылар үшін жарамды, бірақ нақты айнымалыларда арттыру және азайту амалдарын қолдану сирек кездеседі.

2. С++ тіліндегі енгізу-шығару программалары

Көп жағдайда программа құруда символға негізделген Input / Output (IO) операторы арқылы сыртқы ортамен қатынаста болу кездеседі. С++ программа тілі бұл мақсат үшін қолайлы екі оператормен қамтамасыз етеді. >>символы енгізуде және << символы шығаруда қолданылады. Алдыңғы программаларда біз >> символының қолданылуын көрдік. Төмендегі программада шығару операторының қолданылуы көрсетілген.

 

# inciude < iostream.h >

int main (void)

{

int workdays = 5;

float workhours = 7.5;

float payrate, weeklypay;

cout <<”payrate uchin sagatina qancha tolenetinin engiz”;

cin >> payrate;

weeklypay = workdays *workhours *payrate;

cout <<” weeklypay=”;

cout <<weeklypay;

cout <<’\n’;

}

 

Түсінік

7. Бұл қатар payrate uchin sagatina qancha tolenetinin engiz сөйлемін экранға шығарады.

8. Бұл қатар компьютерді қолданушының клавиатурадан енгізген айнымалы мәнін payrate мәніне ажыратылған жадқа көшіреді және енгізілген мәнді payrate мәні түсінеді. Енгізу операторы енгізу ағымының сол жағындағы операндты алады (cin C++программалау тілінде клавиатура арқылы енгізілген мәнге сәйкес келетін С++ стандарт енгізу операторы) және оң жағына енгізілген мәнді өзіне көшіретін айнымалыны алады.

9. –13 бұл аралық алғашқы программада түсіндірілді.

Программаны орындағанда төмендегі нәтиже шығады (енгізілетін мән қалың шрифтте жазылады):

Payrate uchin sagatina qancha tolenetinin engiz 33.55 Weekly Pay = 1258.125

<< және >>символдары өзінің сол жағындағы операндтты айнымалының мәнін түседі.Қанша айнымалыны енгізу-шығару керек болса, сонша бұл символдарынан пайдалану керек. Мысалы:

 

# include < iostream.h>

intmain (void)

{

int workdays = 5

float workhous payRate, weekltPay;

cout<<”What are the work hours and the hourly pay rate?”;

cin>>workHours>>payRate;

weeklyPay = workDays*payRate;

cout<<”weekly Pay = “ << weeklyPay<<’\n’;

}

Бақылау сұрақтары:

1. Қарапайым арифметикалық амалдар?

2.Автоматты түрде артыру?

3. Азайту амалдары?

4.Енгізу-шығару функциялары?

Әдебиеттер:

1. Шилдт Г. “Теория и практика С++ “, Санкт-Петербург, 1996

2. Денис Ридчи “Освой самостоятельно С++”, Киев 1999

3. Аветисян Р.Д., Аветисян Д.Д., Теоретические основы информатики. – М.: Наука, 1997.

4. Бьярне Страуструп Программалау. С++тілін пайдалану қағидалары мен тәжірибесі., Алматы 2013 ж

Дәріс тақырыбы: Салыстыру операторлары.

Дәріс жоспары:

1. Салыстыру операторлары

2. Логикалық амалдар

3. Биттік амалдар

Дәріс мақсаты: Салыстыру операторларының қызметімен таныстыру.

Дәрістің мазмұны

1. Салыстыру операторлары:

С++программаалу тілі сандар мәндерін салыстыруда 6 салыстыру амалымен қамтамасыз етеді. Егер ақиқат болса, нәтиже 1, жалған болса нәтиже 0 болады.

 

Амал Аттары Мысалы
== Теңдік 5 == 5 // береді 1
!= Теңсіздік 5!= 5 // береді 0
< -дан аз 5 < 5.5 // береді 1
<= -дан аз немесе тең 5 <= 5 // береді 1
> -дан үлкен 5 > 5.5 // береді 0
>= -дан үлкен немесе тең 6.3 >= 5 // береді 1

 

Көргеніңіздей <= және >= көрінісінде ғана амал дұрыс есептейді. Мысалы, =< немесе => қате көрініске ие және ешнәрсені білдірмейді. Салыстыру амалдарының операндтары цифралы болғаны дұрыс. Символдар да жарамды операнд бола алады, тек номерлі мәндеріне байланысты. Мысалы, (ASCII кодына байланысты),

'A' < 'F' // береді 1 (65 < 70 дай)

Бірақ, салыстыру амалдары қатарлы типтерді есептеуге жарамсыз, себебі салыстыру амалы қатарлы тптердің құрамдарын емес, адрестері бойынша орындайды. Мысалы: "HELLO" < "BYE" командасы компилятор "HELLO" қатарлы тип адресін "BYE" қатарлы типі адресімен салыстырады.

C++ программалау тілінде қатарлы типтердің лексографик құрамын анықтайтын арнайы функциялы кітапханалар бар (мысалы strcmp).

 

2.Логикалық амалдар

С++ программалау тілі логикалық шамаларды жинақтауда 3 логикалық амалдан пайдаланады. Салыстыру амалдары сияқты, логикалық амал да 1 немесе 0 нәтижемен есептейді.

 

Амал аттары Мысалы
! Логикалық емес !(5 == 5) // береді 0
&& Логикалық және 5 < 6 && 6 < 6 // береді 1
|| Логикалық немесе 5 < 6 || 6 < 5 // береді 1

 

Логикалық емес амалы бірлік амал болып есептеледі, ол жалғыз операндты логикалық мәніне қарап теріс мәніне өткізеді. Егер операнд нәтижесі нол болмаса, оны нолге айналдырады, егер 0 болса 1-ге.

3.Биттік амалдар

С++ программалау тілінде бүтін мәндерге қатысты орындалатын алты биттік амалдар бар. Олар

 

 

Оператор аттары Мысалы
~ Биттік емес ~'\011' // береді '\366'
& Биттік және '\011' & '\027' // береді '\001'
| Биттік немесе '\011' | '\027' // береді '\037'
^ Биттік арнайы немесе '\011' ^ '\027' // береді '\036'
<< Биттік солға ауыстыру '\011' << 2 // береді '\044'
>> Биттік оңға ауыстыру '\011' >> 2 // береді '\002'

 

Биттік операторлар өзінің операндтарын бүтін мәнін және биттік тізбек түсінеді. Биттік емес амалы өз операндын битке өзгертетін бірлік амал. Биттік және амалы өзінің операндтарының биттерін сәйкесше салыстырады, нәтиже екі бит те 1 тең болса, 1-ге айналады, қалған жағдайда нолге тең. Биттік немесе амалы операндтарын сейкесінше салыстырады, нәтиже 1 тең болады, егер қос биттің бірі 1 тең болса, қалған жағдайда нол. Биттік арнайы немесе амалы операндтарының биттері сейкесінше салыстырады және нәтижені 0 теңейді егер қос бит 1 немесе 0 болса, қалған жағдайда 1 тең.

Биттік солға ауыстыру және биттік солға ауыстыру амалдары екеуі де өзінің сол бүтін n типі мәніне сәйкес оңға немесе солға қарай биттерді жылжытады. Бос қалған орындар 0 битті алады.

Мысалы:

unsigned char x = '\011';

unsigned char y = '\027';

 

Мысалы Сегіздік мәні Биттік тізбек
X                  
Y                  
~x                  
X & y                  
X | y                  
X ^ y                  
X << 2                  
X >> 2                  

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Салыстыру операторлары?

2. Логикалық емес амалдар?

3. Биттік емес амалдар?

Әдебиеттер:

1. Шилдт Г. “Теория и практика С++ “, Санкт-Петербург, 1996

2. Денис Ридчи “Освой самостоятельно С++”, Киев 1999

3. Аветисян Р.Д., Аветисян Д.Д., Теоретические основы информатики. – М.: Наука, 1997.

4. Бьярне Страуструп Программалау. С++тілін пайдалану қағидалары мен тәжірибесі., Алматы 2013 ж

 

Дәріс тақырыбы: Тармақталу инструкциясы

Дәріс жоспары:

1.Тармақталу инструкциясы.

2. if инструкциясы.

Дәріс мақсаты: if инструкциясының жұмысымен таныстыру.

Дәрістің мазмұны

If инструкциясы.

С/с++ тілінде 4 базалық таңдау инструкциялары бар: if, if/else, swith/case және “?” операторы. Оларды жеке –жеке қарастырудан алдын, шартты өрнектерді құрудың жалпы принциптерін айтып өтелік. Таңдау иструкциясы программаның белгілі бір блоктарын таңдап орындауға қолданылады.

Бұл блоктар бір не бірнеше қатардан тұруы мүмкін. Бірінші жағдайда қатар фигуралық жақшаға алынбайды, ал екіншіде блок түгел алынады.

If инструкциясы команданы не командалар блогын шарттың ақиқат не жалған болуына байланысты орындалады.

Қарапайым көрінісі (синтаксисі).

 

If (шарт) өрнек;

 

Егер шарт тексерудің нәтижесі ақиқат (true) болса, онда өрнек орындалады, одан соң келесі қатарлар орындалып кете береді.

Ал, егер шарт нәтижесі false мәнін (жалған) берсе, өрнек орындалмай, тастап кетіледі.

Мысал:

Мына бір программаның бөлігінде а айнымалының мәні 72-ден үлкен не тең болған сайын экранға “Добрый день” сөзі шығады.

 

If (a>=72)

printf (“Добрый день!”)

 

If инструкциясы бір емес бірнеше командаларды қамтитын болса, синтаксисі мынадай болады:

 

If(шарт) {

өрнек 1;

өрнек2;

............

өрнек n;

}

 

Мысал:

# include <stdio.h>

int main ()

{

int otl, hor, udov;

float cred;

printf (“/n өте жақсы деген баға алған пәндердің санын ендіреміз:”);

scanf (“%d”,&otl)

printf (“/n жақсы деген баға алған пәндердің санын ендіреміз:”);

scanf (“%d”,&hor);

printf(“/n қанағаттанарлы деген баға алған пәндердің санын ендіреміз:”);

scanf (“%d”, &udov);

cred=(otl*5+hov*4+udov*3)/ (float)(otl+hov+udov);

printf (“/n сіздің орташа балыңыз: %5,2 f/n”, cred);

if (cred>=4.5)

{

printf (“/n құтықттаймыз!/n”);

print(“/n Cіз конкурстан өттіңіз”);

}

return (0);

}

 

Бұл жерде if құтықттау сөздерін шығару не шығармауды басқарып тұр, яғни cred айнымалысының мәні 4,5- ке тең, не үлкен келесі қатарлар орындалады.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Тармақталу инструкциясының сипатталуы?

2. if инструкциясы?

Әдебиеттер:

1. Шилдт Г. “Теория и практика С++ “, Санкт-Петербург, 1996

2. Денис Ридчи “Освой самостоятельно С++”, Киев 1999

3. Аветисян Р.Д., Аветисян Д.Д., Теоретические основы информатики. – М.: Наука, 1997.

4. Бьярне Страуструп Программалау. С++тілін пайдалану қағидалары мен тәжірибесі., Алматы 2013 ж

Дәріс тақырыбы: Шарт операторы.

 

Дәріс жоспары:

1.Шарт операторының сипатталуы.

2.if/else инструкциясы.

 

Дәріс мақсаты: Шарт операторының жұмысымен таныстыру.

Дәрістің мазмұны

Шарт операторы.

If/else инструкциясы шарттқа байланысты 2 өрнектің бірін таңдап орындауға мүмкіндік береді.

Синтаксисі:

If (шарт)

өрнек1:

else

өрнек2:

 

Егер шарт тексеру мәні true болса, онда өрнек1 орындалады, кері жағдайда өрнек2

Мысалы:

If (ckeupressed==up)

iu_pixel_coovd++

else iu_pixel_coovd—

 

Келтірілген программа бөлігінде ckeypressed айнымалысының мәніне қарай тышқан көрсеткішінің горизонтал координатасы жоғарылайды (артады) не кемиді(төмендейді. (ckeyressed айнымалысы басылған клавиштің кодын меншіктейді)

Егер if және else -нің операторлық бөлімі бір емес бірнеше өрнектерден тұрса, онда оларды фигуралық жақшаға алу керек.

Мысал:

# include<stdio.h>

int main()

{

char c;

int many, i, more;

more=1;

while (move==1)

{

printf(“ Tatop атауын ендіріңіз)

if (scanf (“% c”, & c)!= EOF)

{

while (c!=’/n’)

scant(“% c”, &c)

printf (қанша заказ берілді?)

scanf (“% d”, &many);

scanf (“% c”, &c);

for (i=1; i<=many; i++)

printf (“*”);

printf (“/n”);

{

else

more=0;

{

return(0);

}

 

Бұл программа пайдаланушыға товар атауын ендіруді ұсынады. Егер файл соңы деген белгі берілмесе (ctrl+c клавиштері басылмаса), онда товар атауын әріптеп оқып, қатар соңын білдіретін символды(Enter клавиші басылғанша) кездестіргенше жалғастыра береді.

Келесі қатарға “қанша заказ берілді” сөзі шығады. Бұдан соң заказ берілген товарлар бірлігін ендіру қажет. Мұнан кейін ендірілген санға сәйкес, for циклі экранға жұлдызшалар қатарын шығарады.

Егер файл соңы деген белгі (ctrl+c клавишін басу) берілген болса, онда if –тің шартынан кейінгі қатарлар орындалмастан else д енесі орындалады, яғни more -нің мәні 0-ге ауыстырылады. Демек цикл енді қайталанбай, программа аяқталады.

Бақылау сұрақтары:

1.Шарт операторы?

2.if/else инструкциясы?

Әдебиеттер:

1. Шилдт Г. “Теория и практика С++ “, Санкт-Петербург, 1996

2. Денис Ридчи “Освой самостоятельно С++”, Киев 1999

3. Аветисян Р.Д., Аветисян Д.Д., Теоретические основы информатики. – М.: Наука, 1997.

4. Бьярне Страструп “Программалау”, Алматы 2013 ж

Дәріс тақырыбы: Таңдау командасы.

Дәріс жоспары:

1.Switch/case /case конструкциясы.

2.? шартты операторы

Дәріс мақсаты: Таңдау командасының жұмысымен таныстыру.

Дәрістің мазмұны

1.Switch/case /case конструкциясы.

Бір айнымалыны бірнеше мәндермен тең не тең еместігін тексеруге тура келетін жағдайлар жиі кездеседі. Бұны if/else/if конструкциясының көмегімен не осыған ұқсас конструкция s witch/case к өмегімен орындай аламыз. Оның синтаксисі мынадай.

 

switch (бүтін санды өрнек)

case константа 1

өрнек 1

b reak;

case константа2

өрнек2

break;

.

.

.

case константаn

өрнекn

b reak;

d etault

 

‡нсіз келісім бойынша әрекет break инструкцияның барлық тармақтарда (default тан бөлек) қайталанатынын байқаймыз. Егер өрнек1 ден кейінгі break -ты алып тастасақ, онда өрнек1 орындалғанан соң, switch конструкциясы жұмысын аяқтаудың орнына, жалғасып өрнек2 де орындалады. Демек break тармақтардың бірі орындалған соң басқаларын орындамай, тастап кетуді атқарады.

Мысалы: Төмендегі фрагментті switch/cаse конструкциясын пайдаланып қайта жазамыз.

 

i f (more= =smu)

f =5;

e lse if (more= = smd)

f =-5;

e lse if (more= = lmu)

f =10;

e lse f=-10;

s witch (more)

{

case smu: f=5; break;

case smd: f=-5; break;

case lmu: f=10; break;

default: f=-10;

}

 

Бұл жерде more айнымалысының мәні біртіндеп case бұтақтарындағы smu, smd, lmu константаларымен (тұрақтыларының) салыстырылып тура келсе, f-ке сәйкес мәні меншіктеледі. Бадан соң break инструкциясы басқаруды } жабылған жақшадан кейінгі қатарға береді. Егер ешқайсысынада сәйкес келмесе, онда default инструкциясы орындалады. Default бұтағының болуы міндетті емес екендігін ескерте кетелік. Default блоктың соңғы қатары болғандықтан, одан кейін break инструкциясын жазудың қажеті жоқ.

 

Мысал:

і nt main()

{

char c= ‘a’;

int ivowel=0, iconst=0;

switch(c)

{

case ‘a’:

case ’A’:

case ‘e’:

case ’E’:

case ’i’;

case ‘I’:

case ’o’;

case ’O’:

case ’u’:

case ’U’: ivowel ++;break;

default: iconst++;

}

refurn(0);

}

 

Егер с айнымалысы aғылшын тілінің кез келген дауысты дыбысының ASCII кодына тең болса, (‘a’-әрпінің ASCII коды) онда ivowel айнымалысының мәні бірге артады, кері жағдайда iconst бірге артады.

 

Шартты операторы

? операторы қарапайым бір қатарлы шартты өрнектер құруға мүмкіндік береді. Синтаксисі:

 

шарт? өрнек бір: өрнек екі;

 

? операторы тернарлы деп аталады, өйткені ол тек 3 операнданы ғана керек етеді.

Мысал:

i f (fr>=0.0)

f r=fr;

 

Мұны? шартты операторының көмегімен бір қатарға жазуға болады:

f r=(fr>=0.0)? fr: -fr;

Бақылау сұрақтары:

1.Switch/case /case конструкциясы?

2.? шартты операторының сипатталуы?

Әдебиеттер:

1. К.Паппас, У.Мюррей “Программирование на С и С++”, Киев, 2000

2. А.Кетков, Ю.Кетков “Практика программирования Бейсик, Си, Паскаль”, М.: 2001

3. Шилдт Г. “Теория и практика С++”, Санкт-Петербург, 1996

4. Бьярне Страуструп Программалау. С++тілін пайдалану қағидалары мен тәжірибесі, Алматы 2013 ж

 

Дәріс тақырыбы: Циклдар. For циклі.

Дәріс жоспары:

 

1. Циклдар

2. For циклі

 

Дәріс мақсаты: Циклдармен жұмысты таныстыру.

Дәрістің мазмұны

Циклдар

С және С ** тілдерінде стандартты мынадай циклдық инструкциялар қолданылады. for, while және do/ while. Бұл тілдердің ерекшелігі циклді тоқтату құралдарына ие екендігінде. Оны break иструкциясы арқылы орындайды. Бұдан бөлек continue иструкциясы арқылы мәжбүрлі түрде циклдың келесі итерациясына өткізу жүзеге асырылу мүмкін. For циклінің қалғандарына айырмашылығы қайталану саны алдын ала белгілі болуында. for циклі қайталау санын дәл анықтауға болатын жағдайларда қолданылады. Ал while және do/while циклдері қайталау саны мәлім емес, бірақ шартқа байланысты орындау керек жағдайларда қолданылады.

 

2.For циклі

For циклінің синтаксисі:

 

for(инициализирующие выражение; условное выражение; молифицирующее выражение) өрнек;

Программада for циклі кездессе алдымен инец.выр. орындалады.(Әдетте ол есептегіш болып келеді). Бұдан соң шартты өрнек тексеріледі; оның мәні ақиқат (true) болып тұрса цикл тоқтатылмайды. Цикл денесіндегі қатарлар орындалып болған сайын мод. выр. орындалады, яғни есептегіштің мәні өзгеріп отырады. Шартты өрнектің мәні false болған жағдайда цикл денесіндегі қатарлар мод. выр. Де қолдырылып, басқару цикл денесінен кейінгі қатарға бері леді. Егер цикл денесі бір емес бірнеше командадан тұрса онда фигуралы жақшаны пайдалану керек. For(иниц. Выр; шартты өрнек; мод.выр.)

{ өрнек 1;

өрнек 2;

:

өрнек n; } Мысал S=0; for (val=1; val<=5; val ++)

S+= val; (S,Val айнымалылары бүтін сандар)

Алдымен S-ке 0-мәні меншіктеліп, сосын for циклі іске түсіріледі. Val айнымалысына 1 меншіктеледі. Бадан соң, val<=5 шарты тексеріліп, true мәніне ие болған соң, sum айнымалысына val –ң қазіргі мәні 1-меншіктеледі. Бұдан соң val -ң мәні1-ге артады. Бұл процесс val 6-ға жеткенше орындалады,6-ға тең болған уақытта тоқтайды.

С++ тілінде бұл фрагмент былай жазылады:

Sum=0; for(int val =1; val <=5; val ++)

Sum+= val; С++ тілінде for циклінің инициализация қатарында айнымалыларды сипаттай беруге болады. Жалпы С++ те айнымалыларды 1-ші рет қолданып отырған қатардың алдына сипаттап жазып қоюға болады.

For циклының есептеуіші 1-ге ғана артып отыруы міндетті емес. Мысал:

Sum =0;

For (val =16; val <=9; val+=2); sum +=val;

Циклдың есептеуіші val айнымалының мәні әрқадамда 2-ге артып отырады.

Бадан бөлек, цикл есептеуіші кеміп отыруы да мүмкін.

Sum =0 for(vai=9; val >=1; val--)

Sum+=val

Бір –бірінің ішіне ендірілген циклдарды жазғанда фигуралы жақшалардың қойылуына мән беру керек.

Мысал

# include <stadio.h>

int main ()

{ int I, j;

for (I=1; I<=4; I++)

{ printf(‘’\ n%3d—‘’, i);

for (j=1; j<=5; j++)

printf (‘’ % 3d ‘’, I*j);

} return (0);

} Программа нәтижесі мынадай белгілерді экранға шығарады: 1—1 2 3 4 5

2- - 2 4 6 8 10

3- -3 6 9 12 15

4- -4 8 12 16 20

 

Егер for циклінен кейінгі { }жақшалары қойылмаған болса экранға берілгендер мүлде басқа түрде шығады:

-

-

-

- 5 10 15 20 25.

1.While циклі

С/С++ тілдерінде while циклі қайталау саны алдын-ала белгісіз жағдайларда қолданылады. Оны дейін циклі деп те атайды, яғни келесі итерация басталмай жатып, бірінші шарт тексеріледі.

Сондықтан, шарт орындалмаса, цикл денесі бір де бір рет орындалмай аяқталуы мүмкін.

While циклінің синтаксисі мынандай:

 

өрнек;

Егер цикл денесі бірнеше қатардан тұратын болса, онда фигуралық жақшаларды қолдану керек:

While (шарт)

{

өрнек 1

өрнек 2

..............

өрнек n

}

 

Келесі программада бүтін санның екілік көрінісін экранға шығаратын цикл құрылады.

Цикл val айнымалысының мәніне биттік жылжытуды қолдану арқылы әрбір бит анықталғанша орындала береді.

# include < studio. h>

#define WORD 16

#define ONE_BYTE 8

int main()

{

int val =256, bit_position=1

unsigned int umask=1;

printf`(“3%d\n санының”,val)

printf (“ екілік эквиваленті мынадай”).

while (bit_pasition <= word)

{

if (val>> (word-bit position)) & umask) /*әрбір битті нольдік*/

printf (“1”); /*позицияға жылжытып*/

/*сосын umask */

else /*константасымен*/

printf (“0”); /*салыстырамыз*/

if (bit_ position=(ONE_BYTE)

printf(“ “)

bit_position++

}

return(0)

}

 

Бұл программа 2 тұрақтыны (константа) сипаттаудан басталады: WORD, ONE_BYTE.

Біріншісі екілік көрінісін шығармақшы болған санымыздың биттік ұзындығын көрсетеді. Ал екіншісі пробел қойылатын позицияны білдіреді. Бұл - экранға разрядтарды пробел арқылы 2 топқа бөліп шығару үшін қолданылған.

While циклінде кезекпен (үлкенінен кішісіне қарай) val айнымалысын мәнін 1-ші позицияға биттік жылжытады, алынған санды umask айнымалысының мәнімен салыстырады. Бұдан соң экранға салыстыру нәтижесіне байланысты 0 не 1- ді шығарады.

2. do/while циклі

do / while циклінде шарт (келесі) итерация орындалғаннан соң тексеріледі. Басқаша айтқанда цикл денесі ең құрығанда бір рет орындалады (шартқа дейін). for және while циклдерінде цикл денесі басында шарт орындалмаса, бір рет те орындалмайды. Сондықтан do/while циклін қандай жағдайда да ең құрығанда бір мәрте орындалу керек болатын кездерде қолданады.

 

Синтаксис:

do do {

өрнек; немесе өрнек1;

while (шарт); өрнек2;

...........

өрнекn;

}

While (шарт);

Мысал:

# include <iostream.h>

 

# define LENGTH 80

int main()

{

char cten[LENGTH];

int inumchar=0, inumword=1;

 

do

{

cout<<”Cөйлем ендіріңіз:”;

cin.getline(cten, LENGTH);

}

while (cten[0]==’\0’);

 

while(cten[inumchar]!=’\0’)

{

if (cten[inumchar]!=’ ‘ && cten[inumchar]!=’\t’&&

(cten[inumchar+1]==’ ‘| | cten[inumchar+1]==’\t’ | |

cten[inumchar+1]==’\0’))

inumword++;

inumchar++;

}

cout << “Сіз”<<inumchar<<”символ ендірдіңіз”;

cout << “Сіз”<<inumword<<”сөз ендірдіңіз”;

return(0);

}

Бақылау сұрақтары:

1.Циклдердің сипатталуы?

2.For циклі?

3.While циклі?

4.do/while циклі?

Әдебиеттер:

1. Шилдт Г. “Теория и практика С++ “, Санкт-Петербург, 1996

2. Денис Ридчи “Освой самостоятельно С++”, Киев 1999

3. Аветисян Р.Д., Аветисян Д.Д., Теоретические основы информатики. – М.: Наука, 1997.

4. Бьярне Страуструп Программалау. С++тілін пайдалану қағидалары мен тәжірибесі., Алматы 2013 ж

Дәріс тақырыбы: Өту инструкциялары: Go to, break, Continue операторлары.

Дәріс жоспары:

1. Go to инструкциясы

2. Break инструкциясы

3. Continue инструкциясы

Дәріс мақсаты: Go to, break, Continue операторларының қыметімен таныстыру.

Дәрістің мазмұны

Go to инструкциясы

C/с ++ тілдерінде 4 өту инструкциялары бар: go to, break, continue және return. Go to инструкциясы көптеген жоғары деңгейдегі тілдерде бар, ол белгімен анықталған адреске (қатарға) мәжбүрлі түрде өткізу үшін пайдаланады. Оның синтаксисі (жазылуы) мынадай:

go to белгі

 

Basic тілінде бұл инструкция кең пайдаланылатын болса, ал С/C++ тіліндегі программада go to – ны қолдану жақсы стиль есептелінбейді, грамотно және құрылымы нақ, анық жазылған программада бұл инструкция кездеспеуі керек деп есептелінеді.

Break инструкциясы

Break инструкциясы циклдан оның шарты жалған болудан алдын шығып кетуге мүмкіндік береді. Іс -әрекеті бойынша go to командасы сияқты, бірақ, өтудің дәл адресін (белгісі) көрсетпейді: басқару цикл денесінен кейінгі бірінші қатарға өтеді. Мысал қарастырайық:

int main()

{

int itimes=1, isum=0;

while (itimes <10)

{

isum+=itimes;

if(isum>20)

break;

itimes++;

} return(0);

}

 

isum айнымалысы 21 мәніне жеткен уақытта break инструкциясы орындалады. Яғни циклді тоқтап, цикл денесінен кейінгі бірінші қатар - return инструкциясы орындалады (програманы аяқтайды).

Continue инструкциясы

Continue инструкциясы өзінен кейін жазылған циклдің қалған қатарларын орындамай өткізіп жібереді, бірақ цикл тоқтамайды, әрі қарай орындала береді. Бұл инструкцияның әрекеті цикл шарты жазылған қатарға өтуді көрсетіп тұрған go to командасына ұқсайды. Яғни басқару цикл шарты жазылған қатарға өтеді, шарт тексеріліп, мәні true (ақиқат) болса, онда цикл жалғастырылады.Төменде continue инструкциясының мүмкіндігін пайдаланатын программа тексті берілген. Бұл программа -компьютер “ойлаған” бақытты санды табу ойыны.

 

# include <studio.h>

#detine AKIKAТ 1

#detine JALGAN 0

int main ()

{

int bakitti­­­_san=77,

enetin_ain,

popitka_san=0,

bakittimin=JALGAN;

 

while(! bakittimin)

{

printf(«Сан ендіріңіз:»);

scanf(“% d”, enetin_ain); popitka _san ++;

if (enetin_ain == bakitti_san)

 

printf (“Сіздің саныңыз үлкен!/ n”)

else

{

if (enetin_ ain > bakitti_san) printf(“Сіздің саныңыз кіші!/ n”);

сontinue;

}

printf (“Сізге бақытты санды табу үшін %d рет сынақтан

өтуге тура келді/”, popitka_ san);

}

return(0);

}

while циклінің ішінде пайдаланушыға өз санын ендіру ұсынылады. Бұдан соң popitka_san айнымалысының мәні 1-ге артады. Егер ол сан бақытты санға тура келмесе else тармағына өтіп, программа пайдаланушыға жәрдем береді; бұдан соң continue инструкциясы орындалады, яғни құттықтау сөзін шығаратын printf() функциясы орындалмай, басқару жазылған қатарға өтеді:

bakittimin ақиқат болмайынша осылай қайталана береді.

Егер ақиқат болса, нәтижеде құттықтау сөзін шығаратын printf() фунциясы орындалып, программа аяқталады.

Көптеген мәселелерді шешуде break және continue инструкциялары бірге қолданылады.

Бақылау сұрақтары:

1.Go to инструкциясы?

2.Break инструкциясы?

3.Continue инструкциясы?

Әдебиеттер:

1. Шилдт Г. “Теория и практика С++ “, Санкт-Петербург, 1996

2. Денис Ридчи “Освой самостоятельно С++”, Киев 1999

3. Аветисян Р.Д., Аветисян Д.Д., Теоретические основы информатики. – М.: Наука, 1997.

4. Бьярне Страуструп Программалау. С++тілін пайдалану қағидалары мен тәжірибесі., Алматы 2013 ж

Дәріс тақырыбы: Массивтер

Дәріс жоспары:

1. Массив. Масссив синтаксисі

2. Көп өлшемді массивтерге мысалдар

Дәріс мақсаты: Массив, массив синтаксисі жұмысымен танысу.

Дәрістің мазмұны

Си тілінде массив, бұл бір типтік элементтер жиыны (тізбегі) есептеледі. Программада массивты анықтау үшін мынадай синтаксис істетіледі:

int Array[10]; // 10 бүтін саннан тұратын массив

double D_array[1000]; // 1000 нақты саннан тұратын массив

char Buffer[80]; // 80 байттан тұратын массив

Массивтың жеке бір элементін істету үшін индекс түсінігі яғни массив элементінің номері анықталған. Мұнда N элементті массивтың индексі 0 ден N – 1 дейін өзгереді.

Мысал үшін

int Arr[3];

көріністегі массив

Arr[0], Arr[1], Arr[2] элементтерден құрылған.

Берілген бүтін сандар тізбегінің орта мәнін анықтайтын программаға мысал келтіреміз.

Мысал

#include <stdio.h>

#include <conio.h>

int main()

{

int Arr[10];

int i,m;

for (i=0; i<10; i++)

{

scanf("%d", &Arr[i]);

}

m=0;

for (i=0; i<10; i++)

{

m+=Arr[i];

}

printf("Result = %10.5lf", (double)m / 10.0);

getch();

return 0;

}

Бұл мысалда массив элементтерінің саны 10 болса да, оның индекстерінің жоғары шекарасы 9 ға тең. Тағы да бір жағдайды айтып кету керек, массив анықталғанда компьютер жадының толық бір бөлігін иеленеді.

Және бұл мысалда біз қарастырған массивтың олшемі 1 ге тең. Си тілінде массивтың өлшемі 1 ден жоғары болама деген сұрақты қойсақ, бұл сұраққа жауап – болады.

Си тілінде массивтың элементі және массив болуы мүмкін. Тілдің стандарты 31 олшемге дейін массив құру мүмкіншілігін береді. Бірақ практикада 3 олшемнен жоғары олшемді массивтарды көрмейміз.

2. Массивтерді сипаттау.

Жеке айнымалыларды сипаттау сияқты, массивтарды сипаттау кезінде оның элементтеріне анық мән беру мүмкін. Демек массив элементтерін сипаттау кезінде оларды бейнелеу және мән беру амалын орындауға болады. Массив элементтеріне мән беру оны анықтау форматын өзгертеді. Мысал үшін бір өлшемді массивтың элементтер санын көрсетпей олардың бастапқы мәндерінің тізімін жазып шығу мүмкін:

double seq [] = {1.0, 2.1, 3.2, 4.3, 5.0};

Бұл мысалда элементтерінің саны 5 болған бір өлшемді массив анықталады, мұнда

seq[0]=1.0 seq[1]=2.1 seq[2]=3.2 seq[3]=4.3 seq[4]=5.0

Егер массив анықтамасында оның көлемі көрсетілмеген болса, онда оның элементтері мәнінің бастапқы саны, ма


<== предыдущая | следующая ==>
Конституционные основы местного самоуправления в Российской Федерации. Термин «основы местного самоуправления» является новым для российского государствоведения | Календарный график выполнения проекта

Date: 2016-05-24; view: 1798; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию