Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дизельдің көмекші жүйелері





Тепловоздардың отын жүйесі

Дизельдің қысымы жоғары насосына келіп түседі. Бұл жүйеде отын сақтайтын бактар және дизельге насоспен берілетін отынды қыздыруды және фильтрлеуді қамтамасыз ететін құрылғы қарастырылған. Баолық өз елімізде шығарылған тепловоздардың отын жүйесінің негізгі агрегаттарының орналасу схемасы бірдей 2ТЭ10В тепловозының принципиалдық схемасы 2.26 суретте көрсетілген.

 

 

2.26 Сурет. 2ТЭ10В тепловозының отын жүйесінің принципиалдық схеасы

1-бак; 2-лас отынды алып тастау; 3-сорғыш құбыр; 4-отынды бастапқы тазалау фильтрі; 5-шайқау насосы; 6-электр қозғалтқышы; 7-реттеуші клапан; 8-отынды екінші рет тазалау фильтрі; 9-төменгі қысымды коллектор; 10-төгу құбыры; 11-кран; 12-отын жылытқыш;

 

Фильтрленген отынды дизельдің отын насосына беру көмекші отын жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ол бір, екі не үш отын жинауға арналған құбырлардың орналасуы барлық тепловоздарда бірдей дерлік.

Отын бактан 1 бірінші рет тазалауға арналған торлы фиьтрлер 4 арқылы шайқау насосымен 5 сорылады және 20- кгс/см2 қысымымен жоғары қысымды насостар коллекторымен басылады. Шайқау насосы мен отын коллекторының 9 арасына 5-6 кгс/см2 клапан 7 және отынды екінші рет тазалайтын фильтр 8 орнатылған. Тепловоздарда киіз саңылаулы, киіз және тор фильтрлер қолданылады.

 

Май жүйесі

Жұмыс істейтін бөлшектерге май тепловоздың көмекші май жүйесінің көмегімен беріледі. Жұмыс процессінде май ластанады және 75-85о температураға дейін қызады. Лодонға жұмс істейтін қабаттардан үнемі босаған май ағып тұратындықтан, май ластанады.

Тепловоздардағы май жүйелерінің схемасы бірдей. (2.27 сурет). Май дизель педдонымен 1 мұздатқышқа бағытталады 9 ауа – радиаторлық секцияларға немесе су –май жылу алмастырғышқа, онда майдың температурасы 15-20о дейін төмендейді. Салқындатылған май саңылаулы фильтрден 6 өтіп, май таратқыш коллекторға 3 келеді, одан әрі иінді білік мойынтіректеріне, таратқыш біліктерге, шестерналарға, піспектерге және басқа бөлшектерге барады.

Д100 типті дизельде екі май таратқыш коллектор болады – үстіңгі және астыңғы, олардан май жұмыс істйтін беттерді майлауға және піспектерді салқындату үшін келіп түседі. Майдың жартысы циркуляция кезінде екінші қайтара тазалау фильтрінен 7 өтеді, содан кейін дизель поддонына барады. Фильтрлейтін материал ретінде мақтақағазы (ТЭМ1, ТЭМ2, т.б.), фмльтрлеу қағазын (ТЭ3, ТЭ10, т.б.) немесе картон, тесіктер кішкене толады (ТГМ3, т.б)қолданылады. Екінші қайтара тазалаудың қосымша фильтрі ретінде бірқатар тепловоздарда центрофигуралар орнатылады. (2ТЭ, 10В, ТЭП70, т.б)

Бірнеше фильтрдің болуы жүйесінің конструкциясын күрделендіреді. Келешегі мол бағыт болып толық ағынды фильтрдерді қолдану табылады (ТЭП70 тепловозы).

Жылыту қазаны бар тепловоздарға май жылытқыштарды орнатады, олар қысқы мерзімдегі жіберуде немесе өшірілген дизельде қолданылады. Соңғысында майды бүкіл жүйемен шайқау үшін аккумулятор батареясынан жетегі бар шайқау насосы қызмет етеді. Дизельдегі май қысымының төмедеуі кезінде май қысымының релесі жұмыс степ кетеді. Бұл дизельге отымннң берілуін тоқтатады.

Кейбір дизельдерде, мысалы, Д100 типті, май қысымының екі релесі қарастырылады. Оның біреуі негізгі генератор қоздырылуын тоқтатады, яғни дизельді бос жүру режиміне ауыстырады, ал екіншісі – дизельге отынның берілуін тоқтатады, яғни оны тоқтатады.

 

2.27 Сурет. Тепловоздың май жүйесінің схемасы.

1-поддон; 2-жіберудің алдындағы майды шайқауға арналған насос; 3-май таратқыш коллектор; 4-негізгі циркуляциялық насос; 5-ыстық май құбыры; 6-майды бір рет тазалау фильтрі; 7-майды екінші қайтара тазалау фильрі; 8-салқындатылғанмай құбыры; 9-мұздатқыш; 10-май жылытқыш; 11- центрифуга насосы; 12-центрифуга; 13-майды май жылытқыш арқылы шайқауға арналған насос;

 

Су жүйесі

Дизель бөлшектерін, су-май жылуалмастырғытары су жүйесінде айналады. Бұл жүйе бір мезгілде машинист кабинасын жылыту және отын мен майды жылыту үшін қызмет етеді. Су жүйелері ашық және жабық болады. Жабық жүйелер дизельден шығуда су температурасын жүйедегі су қысымымен ұлғайту арқылы көтеруге мүмкіндік береді. Орташа температуралық және жоғары температуралық жүйелер қолданылады.Олар жылу алмасуын 2-2,5 есе ұлғайтуға және мұздатқышты азайтуға, оған жұмсалатын қуатты азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар май температурасы ұлғаюы болады. Жоғары температуралық жүйелер ТГ102 тепловоздарында қолданылады. Барлық тепловоздардың ашық су жүйелерінің принципиалдық схемалары бірдей (2.28 сурет).

Су орталық насосымен 3 мұздатқыш радиаторларның секцияларынан 5 сорып алынады да, салқындатылған су коллекторына 1 басылады. Одан кейін ол дизельдің цилиндрлік төлкелерін салқындату үшін келеді. Қыздырылған су ыстық коллеторына2 көтеріледі, ары қарай холодильник секцияларына және машинист кабинасын жылытуға арналған калориферге 12, отын жылытқыш пен май жылытқышқа көтеріледі.

Су жүйесінде кеңейткіш бак 7 болады. Ол су құюға арналған қылтамен, су өлшегіш әйнекпен және сигналдық ауыстырып құю құбырымен жабдықталған. Су температурасы аэроматериалмен бақыланады.

Кейбір тепловоздардағы су жүйесіне су жылытқыш қазан 8 қосылған ал ол су, май дизель отыны және мұздатқыштың жұмыс істемейтін қозғалтқышымен жұмыс температурасын ұстап тұрады.

Бірақ пайдалану тәжірибесінде мұндай қазандардың өз қызметтерін атқара алмағандары анықталады және көптеген басқа да салынып тепловоздарда олар қолданылмайды.

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дизель

 

2.28 Сурет. Тепловоздың су жүйесінің схемасы

1- салқындатылған су коллекторы; 2-ыстың су коллекторы; 3-циркуляциялық насос; 4,5,6-су секциялары (мұздатқыштың); 7-кеңейткіш бак; 8-су жылытқыш қазан; 9-май мен отын жылытқыштары; 10-кері клапан; 11-қазан насосы; 12-калорифер;

 

 

Date: 2016-05-24; view: 850; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию