Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






АЛАТАУ БАУРАЙЫНДА» ПОЭМАСЫ





Баланы адалдыққа, кішіпейілділікке, мейрімділікке тәрбиелеу халықтың педагогика мақсаттарының бірі болған. Адамгершілігі мол парасатты кісі әрқашан өз басының қамынан гөрі ел қамын, халық қамын көбірек ойлайды да өз Отаны алдында қызмет етуге әрқашан дайын тұрады. Міне, осындай сипат Мұзафар Әлімбаевтың «Алатаудың баурайында» поэмасынан ерекше орын алған.

Жақсы деген жарлынық жаман шалашын сұрап алған Пернебек оны түзеймін, үлкейтемін, үй етемің деп шалаш астын қазып жатқанда кесек-кесек алтын тауып алады. Куанышы қойнына сыймаған Пернебек бұл сенің үйіңнің астынан шықты, бұл алтынды сен ал деп Жақыға жалынады. Оңай олжадан бас тартқан Жақы Пернебекке өзің ал, алтын өз еңбегінмен табылды дейді.

Жарымаған жарлының, Жаралғаны адалдық. Жарлымын да жарлымын, Жанға жандас қараулык,

Көзің сатып жеген нан, Кептеледі өңешке. Терің сатып жеген нан, Балдан тәтті емес пе? —деп, Жақы тағы да Пернебектің алтынды алмасына қоймайды. Аш көзділік, арсыздықтың жоқтығы қандай сыйлы. Пернебек те алтынды алудан бас тартады: Оңай олжа — арам ас, мен де алтыннан беземін. Бола қоймас балам аш, терсем де жер тезегін.

Ақырында біз көрген таршылықты солар көрмесін, олардың болашағы бақытты болсын деп екеуі бірінін қызын екіншісшің ұлына қосып, алтынды соларға бермек бола-ды, бірақ екеуінің баласы да алтынды алудан бас тартады. Ақырында бір дана қарияның айтуымен алтынды халық мүддесіне жұмсап, алмалы бақтар орнатады. Ол халық игілігіне айналады.



Міне, бұл баланы адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу идеясынан туған тоқтам. Жүре келе түсінер, өмірдің өзі үйретеді дей жүріп, баланы бақылаудан тыс қалдырса, оны құрметтемесе,- балаға баласынып қараса, онда ата-ананың ұтылғаны. Ал егер баланың бойына ізгілік егілмесе, оған кұрметпен қарамаса, ондай бала өзіне өзі сұрқия, басқаға да жексүрын боп көрінеді. Бұған біз Мұзафар Әлімбаевтың «Егерде» деген өлеңін үлгі етер ек.

Ауланың қарын күрер ем, аяғым су болмаса, Бақшаны баптап жүрер ем, үстіме шаң қонбаса,

Бұл бала не істеу керек екендігін біле тұра соған илікпейді. Қолы бармайды. Қара жұмысқа жиірене қарайды.

Суға да мен барар ем, Егер қарым талмаса, Отынды да жарар ем, Ағаш қатты болмаса.

Жастайынан осындай тәрбиеде ескен шолжак бала көбіне жамандыққа үйір болады. Ал жамандыққа үйір кісі жан біткенді жек көреді. Жасынан өзімшіл, жалқау өскен бала өзге түгіл өзінің жақынына да қарамайтын болады. Ақын бұл жағын да дұрыс айтқан:ер ем Жанатты, жылап маза алмаса, жақсы оқыр ем сабақты, кітап қалың болмаса...

Еш нәрсе істегісі келмейтін, ешнәрсеге икемі жоқ жалқау бала тіпті оқуға да мойны жар бермейді. Дайын тамақ, дайын асқа ғана үйренген. Тұла бойын жаман жолға бастайтын қырсық билеген тілазар жалқау баланы Мүзафар қатты сынаған. Осыдан үлкен корытынды жасайғындай, ақылға келетіндей, сабасына түсетіндей ой салған. Өзінін зор болашағына үлкен кесір келтіретін осындай жамандықтан баланы. өте жас кезінде арылтуға күш салған жақсы. Бала бойындағы жамандық біткеннің бәрін де өріс алдырмауға, оны тез арада тұншык,тырып тастауға әрекет еткен абзал. Мүмкіндік, жағдай бар екен деп баланы тым еркелете беру, есірте беру жақсы нәтиже бермейді.

Мүзафар көркем сөз зергері. Оның өлеңдерінен бала жанын мәз етерлік елжіреген бос сөздер, кұлак тұндырарлық кұрғак өсиеттер көздеспейді. Оның өлендерінен тілге женіл, жүрекке жылы тиіп отыратын терең ой, өткір пікірлер табылады. Мұзафар өлеқнің көркемдік түрлерін тек метафоралар мен эпитет сиякты бейнелі, мәнерлі сөздерден ғана іздемейді. Ол сөз қолдану шеберлігін әр сөзді орнын тауып жүмсай білуден іздейді. Ор-нын тауып қолдана білсе, терең мазмұнға, ерекше көркемдікке ие болып құлпырмайтын, түрленбейтін бірде-бір сөз жоқ екенін Мүзафар жақсы түсінеді. Ол — ізденгіш, талғамы күшті, бала жанын түсінетін талантты ақын.



 

Бақылау сұрақтары:

1. Ақынның өмірі

2. Жазушы шығармаларындағы мектеп өмірі

3. Тәрбиелік мәні

4. Мұзафар көркем сөз зергері тақырыбы бойынша конспект

5. М.Әлімбаевтың «Жылқышы» өлеңінің мәні

6. Қадыр Мырзалиевтіңең алғашқы жыр жинағы қандай атпен жарық көрді? (“Көктем”)

Лекция








Date: 2016-05-24; view: 619; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2018 year. (0.01 sec.) - Пожаловаться на публикацию