Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зін-өзі бағалауды зерттеу (Дембо әдістемесі)





Мақсаты: баланың өзінің мүмкіндіктеріне деген сыншылдығын, өзіне дұрыс баға беруін, тұлғалық жетілуін зерттеу.

Құрал-саймандар: таза қағаз беттері және карандаш.

Өткізу тәсілі: эксперимент еркін әңгіме түрінде өткізіледі. Баланың алдына таза ақ қағаз беріліп, оған ұзын тік сызық сызады да, осы сызықта нүкте қою арқылы өзінің орнын анықтауын сұрайды. Зерттеу мақсатына байланысты әр түрлі нұсқалар берілуі мүмкін: сыныптастарымен, отбасындағы аға, әпкелерімен және т.б. қарым-қатынасы, денсаулығы, бойы, ақылы, мейірімділігі, мінезі, өзін бақытты сезінуі және т.б. қасиеттері бойынша салыстыру. Біртіндеп бірінші көлбеу сызықтың оң жағындағыдан бастап қалғандарын сызады.

Нұсқаулық: «Егер де бұл сызықта барлық сенің сыныптастарыңды орналастыратын болсақ, онда ең жоғарғысы үстінде, ал ең төменгісі астында тұрады. Осы сызықтағы өзіңнің тұратын орныңды карандашпен белгілеп көрсет». Жұмыс аяқталғанға дейін орын таңдауын талқылау ұсынылмайды. Бала тапсырманы аяқтағаннан кейін, ол кімді ең бақытты, ақылды және т.б. деп есептейтінін жәймендеп сұрау қажет. Бақытты болуы үшін оған не жетіспейтіндігін сұрап білу керек және т.б.

Орындалу нәтижелеріне талдау жасау:

Ақыл-есі дұрыс дамыған балалар ерекше тапсырмаға қызығушылықпен қарайды, сұрақтар қояды, өздерінің не істеу керектіктерін анықтап алады. Бала тұлғалық жағынан қаншалықты жақсы дамыған болса және психикалық дені сау болса, онда олар өз орындарын таңдауда өте мұқият болады. Көп жағдайда ұсынылған сапалар бойынша олар өздерін орташадан сәл ғана жоғары қояды. Бәрінен де ең денсаулығы мықты, ең ақылды, ең мейірімді, ең бақытты және т.б. қасиеттердің (көбіне масайрау күйінде немесе аса қатты байқалатын өзін-өзі қорғау мінез-құлық үлгісі) сызықтағы ең шеткі орындарға беталысын анықтап, алаңдаушылық білдіру керек. Оған кері ақырғы шегі – ең аурушаң, ең бақытсыз және т.б. (күйзеліс кезінде) болады. Бұл балалар аса терең зерттеуді талап етеді.

Психикалық дамуында ауытқушылықтар бар балалар тапсырманы түсінеді, олар өз қасиеттеріне баға беруде аса сыншыл болады, өзіне–өзі дұрыс баға беруі тұлғалық дамуына байланысты болады.

Ақыл-есі кемтар балалар әдетте, өз орындарын жоғары қояды, бұл тапсырманы дұрыс түсінбеуімен, өзіне деген сынның төмендігімен байланысты болады.

 

Date: 2016-05-24; view: 2578; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию