Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Психологиялық-педагогикалық және дифференциальды диагностиканың әлеуметтік және этикалық қырлары





 

Соңғы кездері жиі байқалатын, психологиялық тесттердің, сауалнамалардың және басқа да әдістемелердің дұрыс қолданылмауының алдын алу үшін әдістемелерге баға беруге қатысты, нәтижелерді кейіннен қолдануға қатысты бірқатар сақтық шаралары қарастырылған. Диагностикалық әдістемелерді пайдалану және тарату мәселелері басқа елдерде, әсіресе Америкада қолданылатындай, біздің елде де этикалық стандарттарға немесе кәсіби әдет-ғұрып кодексіне сай болуы керек. Диагностика жүргізуші кәсіби әдет-ғұрып кодексінде кезігетін қиындықтарға баса назар аударуы керек. Бұл жағдайларда, адамдар үшін ғылымның дамуы, құқық қорғау және жеке индивидтердің жағдайы арасындағы қарым-қатынастағы құндылықтар арасында қайшылықтар орын алуы мүмкін. Диагностика саласымен байланысты негізгі этикалық мәселелерді қарастырамыз, олар батыс психологиясында белгілі өз шешімін тапқан.

1. Диагностикалық әдістемелерді қолданушы адамдардың біліктілік деңгейі. Диагностикалық әдістемені тек біліктілігі жоғары эксперимента жүргізушілер ғана қолдануы туралы талап индивидті олардың дұрыс қолданбауынан қорғауда жасалған алғашқы қадам болып есептеледі. Әрине, қажетте біліктілік диагностикалық әдістеме түріне байланысты өзгереді. Осылайша, ақыл-ойының қаншалықты дамығандығын тексеруге арналған жеке тестер мен көптеген тұлғалық тесттер және сауалнамаларды дұрыс қодану үшін ұзақ уақыт бойы қарқынды түрде оқу қажет, ал оқу және кәсіби қызметінің жетістіктеріне тест жүргізу үшін аз ғана арнайы психологиялық дайындық қажет. Сонымен қатар оқу тестіне қатысатын студенттер әдетте өздіктерінен басқа адамдарға диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізе алмайды.

Қолайлы жағдайда жақсы дайындықтан өткен диагностика жүргізуші адам өзі диагностика жүргізіп отырған жеке мақсаттарға сай келетін, өзі зерттеп отырған жеке тұлғаға да сай келетін әдістемені таңдауы керек. Ол сонымен қатар таңдалып алынған әдістемеге қатысты ғылыми әдебиеттерді де жақсы білуі керек және оның шамасы, сенімділігі және анықтық сияқты сипаттамаларының техникалық өлшемдеріне баға бере білуі керек. Диагностика жұмыстарын жүргізу нәтижесі оны өткізу шарттарына әсер етеді. Сондықтан да диагностика жүргізуші тұлға диагностикалық баға беруді индивидке қатысты басқа ақпарат тұрғысынан қарастырғаннан кейін қорытынды шығарып, ұсыныстар айтады. Бастысы ол өзінің алынған бағаларға интерпретация жүргізуі барысында негізсіз қорытынды жасаудан аулақ болуы үшін жеткілікті түрде хабардар болуы керек. Егер де диагностиканы басқа сала мамандары жүргізсе, онда білікті кеңес беруші болуы керек. Ол диагностикалық баға берудің дұрыс интерпретациялануына қажетті жағдай жасайды.

Зерттеу жұмыстарының мақсаты мен сипаты туралы көзқарасының дұрыс қалыптаспауы, сонымен қатар диагностикалық нәтижелердің дұрыс интерпретацияланбауында көп тараған қателіктер және психологиялық-педагогикалық диагностикаға қатысты сыншыл ескертпелер негізінде жатыр.

Сонымен қатар тиімді шетелдік тәжірибеде кәсіби деңгейін көтеру үшін және халықтың психологиялық зерттелу сапасын арттыру үшін білікті психологтарға лицензиялар мен куәліктер беріледі.

2.Диагностикалық әдістемені пайдалану. Диагностика әдістемесін алу және одан әрі пайдалану құқығы белгілі бір біліктілігі бар тұлғаларға беріледі. Бірақ та қазіргі кезде оларды жұрттың бәрі ала алады. Сонымен қатар әрине тест сатып алушылардың жеке түрлері де болуы мүмкін, мысалы, студенттер, оларға оқу және зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында белгілі бір тест қажет болуы мүмкін. Америкалық психологтар әдістемені сатып алу үшін оның дұрыс қолданылуына жауапты болатын психология мұғалімі немесе басқа тұлғаның қолы бар тапсырыс жасалуы керек деп есептейді. Психолог-диагностика жүргізушілердің шетелдік этикалық кодексінде диагностикалық әдістеме таралымын шектеу ұсынылады. Бұл шектеу екі түрлі мәнге ие: әдістеме мазмұнын таратпау және оларды дұрыс қолданбаудың алдын алу. Мұндай әдістерге қолжетімділікті тек қана кәсіби қызығушылығы бар және олардың дұрыс қолданылуын қамтамасыз ететін адамдар шектейді. Диагностикалық бағалар әдістемелердің өзі сияқты қажет түрде пайдаланатын және оларды дұрыс интерпретациялайтын тұлғаларға беріледі.

Басқа кәсіби міндеттер олардың авторлары және дайындаушылар, сонымен қатар басып шығарушылар жүзеге асыратын психологиялық әдістемелерді сатумен байланысты болады. Қажетті объективті негіздеме болмаған жағдайда әдістеменің құндылығына қатысты пайымдауларға жол берілмейді. Әдістемені уақытынан бұрын жалпы пайдалану үшін шығаруға болмайды. Оны бастапқы да тек қана зерттеу мақсатында тарататын болса, онда бұл жайт мұқият көрсетілуі қажет және әдістемені таратуда сәйкесінше шектеу қою керек. Оны қолданудағы басшылық жасау шаралары әдістемеге баға беруге мүмкіндік жасайтын қажетті мәліметтерді қарастыруы керек, сонымен қатар оның өткізілуі, баға беру тәсілі және шамалары туралы толық ақпарат беруі қажет. Басшылық оны қолайлы жағдайда көрсетуге тырысқан жарнама құралы ретінде емес, әдістеме туралы белгілі шынайы мазмұндама ретінде болуы керек. Диагностикалық әдістемелердің авторы мен оны шығарушылардың міндеттері оларды жиі тексеріп тұру және олардың ескіруі алдын алу мақсатында қайталап стандарттау болып табылады. Әдістеменің жылдам көнеруі оның мазмұнына байланысты болады. Әдістеме мен оның негізгі бөліктерін газеттерде, журналдарда немесе белгілі брошюраларда сипаттау және оларды өз-өзіне баға беруде пайдалану мақсатында шығаруға болмайды. Белгілі ағылшын тестологы А. Анастази өзіне –өзі баға берудің бұл жағдайында әдістеменің тиімсіздігін мойындау сияқты үлкен қателікке әкеп соғады, сондай-ақ индивудке психологиялық тұрғыда зиян болуы мүмкін деп есептейді. Сонымен қатар, әдістеме мазмұнына қатысты жариялылық оны болашақта адамдардың пайдаланылуы үшін жарамсыз етеді. Әдістемелік материалдардың бұлай ұсынылуы жалпы психологиялық зерттеу жұмысының қате, бұрмаланған бейнесінің қалыптасуына әкеліп соғады. Мұндай таралым психологиялық диагностиканың барлық бағыттарына қоғам тарапынан сеніміне немесе дәлелсіз қарсы шығуына алып келеді.

3. Зерттеу жұмыстары нәтижелерінің құпиялылығын сақтау. Тұлғалық тесттерді пайдаланумен байланысты туындайтын сұрақтар жеке тұлға құпияларына қол сұғушылыққа қатысты болады. Шетелдік диагностика жүргізушілер үшін бұл өте қиын мәселе, себебі әсершілдік және ынталандыру ерекшеліктерін ашып көрсететін, сонымен қатар тұлға қалыптастыратын тесттердің мәні субъектіге айтылмайды, ол мұндай мінез-құлқын тестілеу барысында өзінің не істеп отырғандығын түсінбестен көрсетуі мүмкін. Алайда тесттердің барлығы бұл топқа жататындай бірдей бұлай бүркемеленбеген; диагностика жүргізудің мұндай жанама тәсілдерінің болуы оны қолданатын психологтарға жауапкершілік жүктейді. Зерттеу жұмыстарының тиімділігі үшін зерттелушіні оның кез келген тестке жауабын интерпретациялайтын арнайы тәсілдерге қатысты мәліметтерді бермей-ақ қоюына болады. Алайда тұлғаны алдап зерттеуден өткізуге болмайды. Осы тұрғыда зерттелушінің өзінің диагностикалық нәтижелерін пайдалану мақсаты мен тәсілдерін толық түсіну маңызды.

Зерттеу жұмысы қоғам немесе белгілі бір мекеме үшін жүргізілген жағдайда зерттелуші өзінің бағаларының қалай қолданылатындығы туралы толықтай хабардар болуы керек. Сонымен қатар оған дұрыс баға беру оның өзіне тиімді екендігі түсіндіріледі, себебі артынан оның әлі келмей қалатын орынды иеленуі пайда әкелмейтіндігі айтылады. Ауруханалық тексерулер және кеңес берулер нәтижесінде алынған диагностикалық қорытындылар егер де клиент оған өзінің келісімін бермесе аталмыш мекемелер пайдасына қолданылмауы керек. Зерттеу мақсаты қандай болмасын, тұлға құпиясын сақтау А.Анастазидің ойынша екі маңызды түсініктен тұрады, олар релеванттылық және ақпараттық келісім. Индивид берген ақпарат диагностикалау мақсатына сәйкес келуі керек. Бұл қағиданың маңыздылығы ол қолданылатын нақты диагностикалық және болжамдық мақсат үшін барлық практикалық талпыныстар әдістеменің анықтығын орнатуға бағытталуында болып табылады. Аталмыш мақсаттың тек қана валидьті құралы релевантты ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

«Ақпараттық келісім» түсінігі келесідей түсініктеме беруді қажет етеді. Зерттелуші зерттеу мақсатын және алынуы мүмкін деректердің сипаты туралы, сонымен қатар оларды одан әрі пайдалану жолы туралы білуі керек. Алайда оған тест үлгісі немесе хаттама бланкасы көрсетілмеуі керек, себебі мұндай ақпарат тестті жарамсыз етеді, күшінен айырады.

Индивидтің құқығын қорғайтын диагностикалық іс-шаралар және эксперименттік жоспарлар зерттеуден өтпейді, соған сәйкес тұлғалық құпиясын қорғайды, психолог жұмысын күрделендіре түседі және оның біліктілігіне талапты күшейтеді. Психолог пен зерттелушінің арасында дұрыс қарым-қатынас орнатуда және бірін-бірі сыйлауда диагностика жасаудан бас тарту жағдайлары біршама азаяды.

4.Құпиялылық. Құпияны сақтай білу мәселесі сияқты, құпиялылық мәселесі шетел диагностарын толғандырады. Оның қырлары көп. Негізгі сұрақ былай қойылады: «Диагностикалық нәтижелерге кімнің қолы жетімді болады?». Бір жағынан тест мазмұнын ашпау керектігі және тестке беірлген бағаларды дұрыс түсінбей қалу қаупі бар, ал екінші жағынан – түрлі тұлғалардың тест нәтижесін білу қажеттігі тұрады.

Қазіргі кезде индивидтің өзінің зерттеу қорытындыларына қол жеткізу құқығын түсінуі күшейді. Ол сондай-ақ өз жауабының мазмұнына пікірін білдіріп, және қажет болған жағдайда нақты ақпаратты түсіндіріп, түзетуі керек. Диагностикалық нәтижелерді дұрыс интерпретацияламау және дұрыс пайдаланбауға қарсы бағытталған сәйкесінше сақтық шаралары сақталуы керек.

Мектеп оқушыларын зерттеудің құпиялылығының этикалық мәселелерінің бірі оқушы ата-анасына тестілеу қорытындысын айту қажеттігі туралы болады, бірақ та зерттеушілер көп жағдайда оны қалай істеу керектігі туралы ойланады. Әдетте ата-ана өз баласы туралы ақпарат алуға заңды құқығы бар. Көбіне олар осындай ақпарат алғылары келеді. Сонымен қатар кей жағдайда баланың мектеп үлгерімінің нашарлығы немесе эмоционалды сипаттағы қиындықтар бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастан туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда кеңес берушінің, психолог-диагностика жүргізушінің ата-анамен байланысы алынған нәтижелердің себебін түсінуде, ата-анамен бірлесіп жұмыс жасауда байланыс орнатуда бірінші орында тұрады.

Егер де зерттеу жұмыстары мекемеде, мысалы мектепте, сотта немесе жұмысқа тұру сәтінде болса, онда индивид өзінің мақсаты, оның нәтижесі қалай қолданылатындығы және оған қызығушылығы бар адамдарға оның қолжетімділігі туралы алдын ала хабардар болуы керек. Диагностика нәтижесін түрлі адамдар, мысалы болашақ жұмыс беруші немесе колледж индивидтің мектепте өткізілген тестілеу қорытындысын беруі туралы сұрауы кезінде түрлі жағдайлар туындайды. Мұндай жағдайларда индивидтен ақпарат беру туралы келісімін алу керек. Бұл сондай-қ клиникадан тексеруден өтуге немесе кеңес беруге, сонымен қатар зерттеу мақсатында жүргізілген тестілеуге қатысты болады.

Басқа мәселе диагностикалық мәліметтерді мекемеде сақтауға қатысты болады. Бір жағынан индивид туралы алынған және ұзақ уақыт бойы сақталған мәліметтер тек қана зерттеу мақсатында емес сонымен қатар индивидтің өзін дұрыс түсіну жйне оған кеңес беруде пайдалы болады. Алайда олардың құндылығы дұрыс пайдалануды және дұрыс интерпретациялаумен түсіндіріледі. Мәліметтерді индивидтің пайдасына ұзақ уақыт бойы пайдаланған жағдайда немесе олардың дұрыс қолданылмауының алдын алуда ғылыми мақсатта пайдаланғану жағдайында олардың қатаң бақылауда болуы керек.

5.Зерттеу нәтижесін хабарлау. Психологтар зерттеу нәтижесін мазмұнды және пайдалануға қолайлы формада қалай хабарлау керектігі туралы көп ойланады. Әрине, ақпаратты алынған күйінде беруге болмайды. Оны психолог мамандардың түсіндірмесімен қатар беруі керек. Мысалы, ата-анаға баласының тест қорытындысы айтуда, жалпы жиналыс өткізіп, оның барысында кеңес беруші адам немесе мектеп психологі алынғанған нәтижелер негізінде қалыптасқан қорытындының мақсатын және сипатын, мәліметтерді пайдалану шегін түсіндіреді. Содан кейін ата-аналарына олардың балалары туралы жазбаша мәліметтер таратылады және белгілі бір ата-анаға егер де ол мүмкіндік берсе нақты үлгі ретінде көрсетеді. Тест мәліметтері қандай күйде берілгендігіне қарамастан, оларды сандық тұрғыда сипаттап қана қоймай, орындау дәрежесін сипаттау арқылы да береді. Бұл шартты әсіресе ойлау қабілетін тексеруге арналған тестерге қатысты сақтаған жөн, олар жетістік тесттеріне қарағанда жиі дұрыс интерпретацияланбайды.

Нәтижелерді мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне жұмыс берушілерге және басқа да тұлғаларға беруде осындай сақтық шараларын сақтаған жөн. Қарапайым тілмен айтылған орындау деңгейі және сапалық сипаттамасы туралы мәліметтер беру арнайы сандық мәліметтерге қарағанда тиімді, егер де тест нәтижесі тәжірибелі жақсы дайындықтан өткен психолог-маманға хабарлануы жағдайынан бөлек болса. Кез келген диагностикалық әдістердің қорытындысын хабарлауда ақпарат беріліп отырған адам ерекшелігіне, сипаттамасына көңіл аударған жөн. Бұл оның тек қана психология және тестология саласы бойынша алған білім деңгейіне қатыс емес, сонымен бірге оның ақпаратқа эмоционалды күтілген реакциясына қатысты болады. Егер де әңгіме ата-ана немесе мұғалім туралы болса, онда мысалы, олардың баламен эмоционалды жанжалы бала туралы нақты ойға қонымды ақпаратты қабылдауына кедергі келтіреді.

Соңғы, аса маңызды мәселе нәтиже туралы зерттелушінің өзіне ол бала ма әлде ересек адам ба оған қарамастан хабардар етуі керек. Бұл жағдайда, мәліметтерді үшінші тұлғаларға айтқан кездегідей, дұрыс интерпретацияламаудың алдын алудың сол әдістері қолданылады. Алайда бұл жерде егер де индивид өзінің жағымды жақтары мен кемшіліктерін зерттеуден босама онда ақпаратқа деген жеке эмоционалды реакциясы маңызды болады. Индивидке өзінің диагностикалық нәтижесін айту кезінде оларды білікті психологтар жүргізетін интерпретациямен қатар жүргізу керек, бірақ та әрқайсысына жеке кеңес алуына қолайлы жағдай жасау керек. Қабілетті оқушы егер ол өзінің қатарластарына қарағанда қабілетті екендігін түсінсе, онда ол жалқау болып кетуі мүмкін, жолдастарымен бірлесе жұмыс істеуін тоқтатуы және айтқанды тыңдамайтын болып кетуі мүмкін. Тұлға дамуындағы ауытқушылықтар егер де науқас индивидке оның тұлғалық тест қорытындысын беретін болса, ушығып кетуі мүмкін. Мұндай зиынды әсерлер әрине, бағаның дұрыс дұрыс еместігіне байланысты пайда болмайды. Егерде тексеру жұмыстары мұқият орындалған жағдайда да, ал аоынған баға дұпрыс интерпретацияланса, олардың білімін талқылау мүмкіндігінсіз одан әрі индивидке зиян болады.

Шетел психодиагносттарының этикалық кодексіндегі қарастырылатын негізгі мәселелер осындай. Оларды шешуде ұсынылып отырған әдістер отандық психологиялық диагностикада пайдалы болады, ол қазіргі кезде кәсіби этика нормаларын қалыптастыруда алғашқы қадам жасауда.

6.Психолог-диагност маманның этикалық кодексінің әлеуметтік-психологиялық негіздері туралы. Диагностика жүргізуші әрбір жеке адамның құныдылығына баса назар аударуы керек. Ол адамның өзін-өзі және басқа адамдарды түсінуін жақсарту міндетін өзіне алады. Осы міндетті ұстана отырып, ол оның көмегін қажет ететін әрбір адамға, сонымен қатар оның зерттеу нысанына айналуы мүмкін кез келген адамға қолайлы жағдай жасайды. Ол өзінің кәсіби жағдайын немесе байланыстарын зерттелушіге зиян келтіруде тек өзі пайдаланбайды, сонымен қатар еңбегінің жемісін басқаларға этикалық құндылықтарға сай келмейтін мақсатта пайдалануға мүмкіндік бермйді. Диагностикалық зерттеудің мүмкіндіктерін өзіне ала отырып, нәтижелерді хабарлау еркіндігін иемденіп, ол құзыреттілігі негізінде өзіне жауапкершілік алады.

Психолог-диагност маманның этикалық кодексін құраушы негізгі қағидалардың ішінде ең алдымен мыналар аталып кетуі керек:

1) Зерттелуші индивидтің жағдайы;

2) Оның негізінде объективтілік, адалдық және өзінің жұмысында жоғары шекті ұстану жататын жауапкершілік;

3) Қоғамның рухани талаптарына сәйкес келетін адамгершілік және құқықтық стандарттар;

4) Қоғам алдында мәлімдеме айтудағы әдептілігі және сабырлылығы;

5) Индивид туралы ақпараттың сақталуына кепіл болатын құпиялылық;

6) Сенімділікке, оны зерттеу мақсатымен таныстыруда және одан әрі нәтижелерді пайдалану сипатамасына негізделген зерттелушімен қарым-қатынасы;

7) Зерттеу нәтижесін жарияламау;

8) Зерттеу жұмыстары кезіндегі сақтық шаралары;

9) Әдістемелерді жариялау жағдайы, мүмкіндіктері және шектеулер;

10) Диагностикалық нәтижелердің интерпретациясы.

 

26. Бала дамуы мәселелері бойынша отбасына кеңес беру

 

Бала отбасына кеңес берудің мақсаты – баланың мәселелелерін шешуде және де психикалық дамуына қолайлы жағдай жасауда балаға көмек көрсету үшін отбасына қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктердің өзектілігі және оңтайландырылуы. Бұл мақсатты жүзеге асыру келесі міндеттерді орындағаннан кейін мүмкін болады:

1) Отбасының алдында ьаланың психикалық дамуының тек қана әлсіз, бұзылған жақтарын ғана емес, сонымен қатар мықты жақтарын ашу, оның ықтимал мүмкіндіктеріне және орын алған ауытқушылықтарды жеңу қорына баса назар аудару, бірақ та сонымен қатар ата-анасының бала дамуыболашығына қатысты шынайы күтетін нәтижелерін айқындау;

2) Ата-анасына және отбасының барлық мүшелеріне олардың өзінің құзыреттілігін, және баланың мәселелерін шешуге кететін күш пен мүмкіндіктерін көрсетеді.

3) баланың ерекшеліктерін және мүмкіндіктерін ескере отырып, оған ыңғайлы оқу жағдайларын ұйымдастыру қажеттілігін түсіндіру;

4) отбасының медициналық және әлеуметтік психологиялық өтілін, баламен тіл табысу және қарым қатынас дағдыларын, жалпы тәрбиешілік хабардарлығын баланың мәселелерін өзара талықлау және шешімін іздстіру арқылы арттыру;

5) ата аналардың балаларының тағдыры үшін жауаптылығын мойындауына ықпал ету, баланың қиыншылықтарды өтуде, есті өмірлік маңызды шешімдерді қабылдауда септігін тигізуіне бала мен отбасының орнын түсіндіру;

Баланың даму мәселелері бойынша отбасына кеңес беру кезінде мамандарға келесі қағидаттарды басшылыққа алған жөн:

  1. Баланың қызығушылықтарын ескеру. Кеңес берушілердің жұмысының ерекшелігі сол, ол балаға емес, ал оның ата анасына, өзге де отбасы мүшелеріне, олардың баланы тәрбиелеудегі шағымдары бойынша кеңес беруде. Кейбір ата аналар түрлі себептермен баланың дмауындағы ауытқу деңгейін әдейі асыра көрсетеді, мәселелерді шамадан тыс ауыр және нормадан біршама ауытқыған деп қабылдайды. Ал басқа ата аналар, керісінше, өз баласының мәселелерін байқамайды немесе жасырады. Баланың көзқарасын ескере отыра, ізетті, бірақ нақты балада бар ауытқулардың ерекшеліктері мен мінезін атау қажет, оның дамуындағы жағымды жақтарын көрсетіп, және осы мүмкіндіктер жүзеге асатын оқу жағдайларын айту керек. Басқаша айтқанда, кеңесші отбасыға қатысты оған немесе отбасының жеке мүшелеріне жағымды орынды емес, баланың даму қажеттіліктеріне тиімді болатын орынды басады.
  2. Кеңес алушының тұлғасын құрметтеу. Осы қағидатты сақтау дегеніміз, бұл мамандардың кеңестерін арбаудан еркін, олардың кеңесіне толық бағынудан алшақ, баланың даму қиыншылықтарына деген мамандардың көзқарастарын назарға алмау деген сөз. Диагносттар үшін өте маңызды жайттың бірі, отбасы мүшелері өз баласының қиыншылықтары туралы көрінісі толығырақ, өтйкені, олар бала өмірінен көбірек хабардар, сондықтан осы фактілермен оңай өз көзқарасын құра алады. Тек ата ананың көзқарасын құрметтеу арқылы, мәселені ортақтаса талқылау арқылы, және оны шешу жолдарын біріге іздеу арқылы ғана оның мамандардың кеңестерін саналы қабылдау мүмкін, осы кеңестерге бой бұрып орындауға талпынысы орын алады, осылайша, баланың мәселелерін шешуде ата ананың жауаптылығын мойындау. Тиімді кеңес беру деп, клиент орнына емес, клиентпен бірге атқарылған үрдісті атаймыз.

Кеңес алушының құрмет қағидасын мойындау, бірнеше шартты орындау арқылы жүзеге асады:

a) Диагнозды хабардар етудің жеңіл формасы. Баланың дамуындағы аутқулар туралы ақпаратты есту ата анада, әрине, күрделі сезім гаммасын тудырады. Диагнозды және мамандар пікірін айтудың әдепті және игілікті формасын табу маңызды. Ата анамен сұхбат кезінде күрделі кәсіби терминологияға жүгінбеген абзал – бұл ақпаратты қабылдауды қиындатады және кейбір ата ананың зәресін ұшырады. Отбасына баланың ерекшеліктері туралы түсінікті және қолайлы хабардар ету қажет, және бала үшін не жасау қажет екендігін атау.

b) Отбасының әлеуметтік мәдени және психологиялық ерекшеліктерін есепке алу. Отбасымен сұхбат барысында,олардың жасын, әлеуметтік орнын(білімі, мамандығы,экономикалық жағдайы, отбасы жағдайы, бала және өзге отбасы мүшелерінің саны), және мәдени деңгейі мен бос уақытын ескеру маңызды.

c) Барлық отбасы мүшелерінің көзқарасымен санасу. Кеңес беру кезінде ата аналар баланың мәселелері жөнінде әркелкі ойлауы сирек емес, сондықтар олар кеңес берушімен жеке сұхбаттасуды қалайды. Маман ата ананы және өзге де отбасы мүшелерін жеке қабылдап, кеңес беру сырын сақтап, қайсының болса да жағын қабылдаудан алшақ болады.Барлық жақтың ұстанған жолын ескере отырып, ең алдымен баланың көңілін басшылыққа ала отырып, ортақ қолайлы шешім қабылдау маңызды.

  1. Жеке жауапкершілік және кеңес беру шынайылығы. Әрбір кеңес беруші өз әрекеті үшін жауапты, себебі кеңес беру үрдісі олардың қадағалауында өтеді. Осы жауапершілікті мойндау және түсіну мамандарға кеңес беруде еркін және саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді: ата ананың көзқарасымен келісу, немесе оған қарсы тұру, және де өз әрекетіне сын салу. Кеңес беруші өз сөздерін, әрекетіне есеп беруі тиіс, өз сезімдерін өзінде ұстап, кеңес беру барысында мүмкін болатын басқыншылық және ашушаңдыққа дес бермеуі абзал.

Жеке жауапкершілік отбасы мен баланың мәселелерін шешудегі кеңесші мүмкіндіктерінің шынайылығын түсінуді қарастырады. Тәжірибеде, баланың мәселелерін шешу мүмкін емес жағдайлар да орын алады. Кейде ол баланың ауыр патологиясына байланысты, және кеңесші ата ананың баласының болашағына деген асқақ армандарына сай болмайды. Өкінішке орай, кеңесші талпыныстарына қарамастан, мамандардың кеңестеріне теріс, өз бетінше қарайтын ата аналар әрдайым болады. Кеңесші өзінің кәсіби әрекеті үшін жауапты, бірақ отбасы мен оның шешімдеріне жауапкершілік жүктей алмайды. Маман кеңесшілер олар билеп төсеушілер емес екендігін, өз мүмкіндіктерінің шегін білуі тиіс.

Date: 2016-05-24; view: 1771; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию