Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сенсорлы алалия мен естудің төмендеуінің дифференциалды диагностикасы





Сөйлеудің жетілмеуінің есту қабілетінің төмендеуіне байланысты екеніне көз жеткізу үшін естуді аудиометриялық зерттеулермен мұқият зерттеу керек. Естудің болар болмас төмендеуінің өзінде-ақ сөйлеудің дамуы бұзылатыны белгілі. Сонымен қатар, белсенді сөйлеу алу үшін айналадағыларды түсінуге қарағанда естудің сақталу маңыздылығы қажет.

Есту қабілеті бұзылған балаларда сөйлеудің просодиялық бұзылуының (керең, модульденбеген дауыс), сөйлеп жатқан адамның кимыл-қозғалысынан ернінің қозғалуына көз жазбай көңіл аударуының (еріндер арқылы оқу) болуымен ерекшеленеді, ол дауыссыз дыбыстардың тілалды дыбыстармен ауысуы және ұяң дауыссыздардың қатаңдануы түріндегі фонетикалық бұзылыстармен сипатталған.

Есту қабылдауының жеткілікті тұрақтанған бастамасы ерекшеленеді.

Дифференциалды диагнозды орнату кезіндегі қиындықтар сенсорлы алалияны кереңдік есебінен шектеу кезінде туындайды. Мұнда сонымен қатар естуді көпретті обьективті зерттеуі маңызды. Сенсорлы алалиясы бар балалар есту қабілеті төмен балаларға қарағанда сұхбаттасушының сөзіне жауап қатпайды, сөздерін тыңдамайды, ал сөздік емес дыбыстарға реакция береді. Олар сұхбаттасушының бетіне, еріндерінің қимылына қарамайды, ымдармен қолданбайды. Оларда сөйлеудің екпінді-ырғақты жағы сақталған. Дауысы ұяң, модульденген. Дыбыстарды қабылдаудың нақты бастамасы жоқ, дыбыстық сигналдар бірде қабылданады, бірде қабылданбайды. Дауыс қаттылығының жоғарылауы сөйлеуді қабылдаудың жақсаруына септігін тигізбейді, тіпті қиындатады.

Алалик-балалар еліктеу арқылы екпінді дыбысқұрылымдарын, сөздер мен қысқа фразаларды қайталай алады; есту қабілеті бұзылған балаларда бақыланбайтын эхолалиялар да болып тұрады.

Арнайы оқыту нәтижесінде есту қабілеті бұзылған балаларда сөз бен зат арасындағы тұрақты байланыс орнатылады. Сенсорлы алалия кезінде шартты дифференциялар қиын әрі ұзақ қалыптасады; сөз бен зат арасындағы құрылған байланыс тұрақсыз; затты атағанда балалар оны тек іріктеп, белгілі шарттарда ғана тани алады.

 

Date: 2016-05-24; view: 1672; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию