Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сөйлеу қабілетіндегі ауытқушылық диагностикасы





 

Дизартрия – тілдің сөйлеу жағының сөйлеу аппаратының жеткіліксіз иннервациясына негізделген ауытқушылығы. Жетекші ақау – дыбыс шығарушы және просодикалық сөйлеу жағының ауытқуы, ол орталық және шеткі жүйке жүйесінің органикалық жақымдануымен байланысты.

Дизартрия кезінде дыбыс шығарудың бұзылуы әртүрлі деңгейде байқалады және жүйке жүйесі жақымдануының сипатымен және ауырлығына байланысты болады. Жеңіл жағдайларда дыбыстардың бөлек бұрмалануы байқалады («көмескі сөз»), аса ауыр жағдайларда бұрмаланулар, ауыстырулар, дыбыстарды тастап кету байқалады (қарқындылығы, мәнерлілігі, модуляциясы зардап шегеді); жалпы сөйлеуі түсініксіз болады. Қозғалтқыш аппараты жағымдануының локализациясы деңгейі бойынша сөйлеуді келісідей дизартрия формаларына бөледі:

 


 

   
 
 
 

 


Дизартрияның біршама аз байқалуына диагностика жасауда бірқатар жағдайларда аталмыш функционалды сынамалар көмектеседі.

1 С ы н а м а. Балаға аузын ашып, тілін шығарып және оны орта сызықпен қозғалтпай ұстап тұрып, бір мезетте көзімен жанындағы заттардың қозғалыс бағытын бақылау тапсырылады. Егер де көзін қимылдатқан кезде тілдің де сол бағытқа қарай бұрылуы байқалса, онда сынама оң және дизартрияның бар екендігін дәлелденеді.

2 С ы н а м а. Баладан, қолын оның мойнына қоя тұрып, тілімен артикуляциялық қимылдату сұралады. Тілдің біршама нәзік дифференцияланған қимылдарында мойын бұлшық еті ширайды, ал кейде басын ырғыту арқылы көрнекі қимылы дизартрияның бар екендігінің дәлелі болады.

3 С ы н а м а. Жұмылған тістерін ақситу. 1,3, 5 секундқа тісін ақситуы сұралады. Егер де тітіркенсе немесе тісін ақситып тұра алмаса жасырын тілімнің болуы деп айқындалады.

4 С ы н а м а. Тілін төменгі ерніне шығарып, кеңінен көрсету. Оң белгілері: тілдің бір жаққа қарай девиациясы, жыбырлауы, тілдің жәймендеп артқа жылжуы.

5 С ы н а м а. Аузын ашып, тілін ауыз қуысының түбінде ұстау. Оң белгілері: тілінің ойнауы, тілдегі толқындар, ауыз қуысының артына қарай созылу.

6 С ы н а м а. Тілін толық көрсетіп, оны 5-6 рет жоғары-төмен көтеру. Оң белгілері: біртіндеп орындау дәлдігі мен амплитудасының азаюы, әлсіреу белгілері. Оң белгілері: бірқалыпты созбау.

7 С ы н а м а. Ұртын үрлеп, тістерінің арасымен тарту.

8 С ы н а м а. Тілімен 6 рет таңдайын қағу. Оң белгілері: тіласты байламдарының жиі жылжып кетуі.

Сонымен қатар қолдарының кинестетикалық праксисінің жеткіліксіздігі байқалады.

Балалардың дұрыс сөйлей білмеуі анартиямен диагностикаланады, мұнымен тіл қозғалтқыш бұлшықеттердің салынан дыбыс шығару мүмкіндігінің болмауы түсініледі.

Айқын белгілерінің ауырлығына байланысты анартрия әртүрлі болуы мүмкін:

- ауыр: сөз бен дауысының толықтай болмауы;

- орташа ауыр: тек қана дауыс реакциясының болуы;

- жеңіл: дыбысбуындық белсенділіктің болуы.

Ауыр формада бала тілдесуді тек қана экспрессивті-мимикалық сөйлеу құралдарымен жүзеге асырады.

Орташа ауыр формада интонациялық вариабельді вокалдандыру байқалуы мүмкін. Беттің және артикулярлық бұлшықетте бұлшықеттің тонусы бұзылады. Қисынсыз артикулярлық моториканың бұзылғандығы баланың сұрау бойынша бірінен кейін бірі болатын іс-әрекеттердің статикалық артикулярлық тәртібін және топтамаларын орындай алмауынан көрінеді. Сонымен қатар тілімен, ернімен рефлекторлық қимылдар жасауы біршама сақталуы мүмкін. Олар жөтелгенде, есінегенде тіл қалақшамен түйіседі, ауызына әкелген тамаққа ернін созады, күле алады.

Анартрияның жеңіл деңгейі баланың сыбдырымен, былдырлаған сөзімен байқалады.

Алалия

 

Алалия – баланың құрсақта жатқанда немесе ерте даму кезеңінде бас ми қабатының сөйлеу аймақтарының органикалық жақымдануы әсерінен сөйлеу қабілетінің жетілмей қалуы немесе сөйлей алмауы болып табылады. Алалия сөйлеу қабілетінің жүйелі жетілмегендігімен сипатталады, онда барлық сөйлеу құрамдас бөліктерінде мыналар бұзылады: фонетика-фонематикалық жағы, лексика-граммамикалық құрылымы және байланыс сөзі.

 


 

Логопедтік зерттеу

Логопедтік зерттеудің мақсаты – сөйлеу бұзылуының дәрежесі, сөйлеудің дамуының ерекшелігі мен деңгейін анықтау, оның интеллектуалды дамудың деңгейімен сәйкестігі, логопедтік түзетудің арнайы шарттарының шығарылуы.

Логопедтік зертту сөйлеу анамнезінің жинағын, басқа да анамнестикалық мағлұматтармен танысуы, артикуляцияның құрылысын зерттеу мен мүшелерінің қозғалысын зерттеу, сөйлеудің просодикалық жағының сипаты мен дыбыстық айтылуы мен фонематикалық қабылдауы, импрессивті және экспрессивті сөйлеу жағының даму деңгейі (лексикалық құрамы, грамматикалық құрылысы, сөйлем байланысы), жазбаша сөйлем (хаттар мен оқулар) кіреді; қажет болған жағдайда мануальді праксистің, стереогноздың дикамикалық және кинетикалық түрі зерттеледі. Ерте кезеңдегі баланың сөйлеуінің дамуын зерттеудің негізгі әдістеріне қызмет етеді:

-Анамнез бен басқа құжаттаманың зерттелуі;

-Ата-аналармен әңгіме;

-Баланың ойын және басқа әрекеті кезіндегі барлық сөйлеу мәнерін қадағалау барысы;

-Эксперименталды жағдай кезіндегі сөйлеуді зерттеу;

Логопедтік зерттеу медициналық қаралудан кейін зерттеген дұрыс, себебі, оның нәтижесінде алынған бала туралы анамнестикалық мағлұматтар, сонымен қатар оның неврологиялық және психикалық мәртебесі (есту жағдайы,көргіштігі,артикулляциялық аппараты,оральді праксисі және т.б.) логопедке зертеу кезінде қай бағытты таңдау керектігін айқындап береді яғни соған сай нақты әдістер мен зерттеу тәсілдерін қарастырады.

Дифференциалды диагностика аясындағы жұмыс ерекшелігі түрлі сөйлеу патологиясы жайлы, басқа психикалық дизонтогненздің формаларынан сөйлеу бұзылыстарының біріншілік шектеулерін талап етеді. Ең маңызды орынды күрделі бұзылу кезіндегі сөйлеу ақауының дәрежесі мен сипатын нақты диагностикалау жатады, мұнда интеллектуалды ақау өзіндік сөйлеумен тіркеседі. Мысалы, моторлы алалиясы немесе дизартриясы бар ақыл-ой кемдігі.Бұл жағдайда баланың когнетивті даму бейнесі күрделірек, себебі сөйлеудің болмауы басқа қызметтеріне де әсерін тигізеді, ең алдымен ол ойлауға әсерін тигізеді. Сөйлеудің дамуы өзіндік сөйлеудің бұзылуының емес, жалпы интеллектуалды жетіспеушілік аясында топтастырылады. Соның нәтижесінде балада интеллектуалды төмендеу дәрежесі байқалып, оны оқи алмайтын деп таниды. Мұндай жағдайларда маңызды болып сөйлеудің бұзылуының диагностикасы,вербальді және вербальді емес нәтижелердің қарама-қайшылығының дәрежесі саналады.

 

Логопед сөйлеудің бұзылуын топтастыру кезінде сөйлеудің бұзылуының қазіргі уақыттағы әрекеттегі екі топтастыруларды басшылыққа алу керек: клинико-педагогикалық және психолого-педагогикалық.

Клинико-педагогикалық топтастыру тұрғысынан сөйлеу бұзылыуының барлық түрлері екі топқа бөлінеді, ол сөйлеудің қай түрінің бұзылғанына байланысты – ауыз-екі немесе жазбаша.

Ауыз-екі сөйлеудің бұзылуы екі типке бөлінеді:

1.Сөйлемнің айтылу жағы (дислалия, дизартрия, дисфония, ринолалия, кекештік, брадилалия, тахилалия);

2.Сөйлемнің жүйелік бұзылуы (алалия, афазия);

Жазбаша сөйлеудің бұзылуына дислексия мен дисграфия жатады. Психолого-педагогикалық топтастыру тұрғысынан сөйлеудің бұзылуы екі топқа бөлінеді:

- Фонетико-фонематикалық,

- Сөйлеудің жалпы жетілмеуі (жазбалардың және оқудың бұзылуы фонетико-фонематикалық және сөйлеудің жалпы жетілмеуі құрамында олардың жүйелік зардаптары ретінде қарастырылады).

Логопедтік тәжірибеде психолого-педагогикалық диагностика және логопедтік көмек шараларын анықтау мақсатында мынадай түрлерін де бөліп қарауға болады – фонетикалық, лексико-грамматикалық және айқын емес жалпы сөйлеудің жетілмеуі. Бұл бұзылуларды фонетико-фонематикалық және жалпы жетілмеудің құрылымында сөйлеудің жетілмеу деңгейлері ретінде қарастыру заңдырақ болады.

Логопедтік қорытындылауда екі топтастырудың да сөйлеу бұзылыстарының диагноздарын пайдалану қажеттілігі сарапшы диагнозшының сөйлеу бұзылуларының алуан түрлерін саралау мен мүмкіндігі шектелген балалардың түрлі категорияларында екі түзілістерін жан-жақты топтастыруға арналған. Сөйлеудің бұзылуының мұндай диагностикасы сөйлеу бұзылуының этиологиясын, патогенезін, локализациясын, уақытын және сипатын айқындауға, түзетуді қажет ететін сөйлеудің анатомо-физиологиялық механизмдеріне көңіл аударуға мүмкіндік беретін және де нақты және мақсатты бағдарланған ұсыныстарды беретін, логопедтік әсердің мерзімдері мен мүмкін болатын нәтижелерін болжай алатын кликнико-педагогикалық топтастыруды аясында мүмкін болады.

Клинико-педагогикалық топтастыру тұрғысынан сөйлеу бұзылысының диагностикасы логопедтің невропотологпен, нейропсихологпен, қажет болған жағдайда парокликалық әдістерді (ЭЭГ) енгізу арқылы жүзеге асырылады. Логопед алалия, афазия, дизартрия, дислексия, дисграция, кекештік секілді сөйлеу бұзылыстарының диагностикасының этиопатогенетикалық, клиникалық, нейропсихологиялық және лингвистикалық критерийлеріне бағдарлану керек.

Сөйлеу жүйесінің бұзылу компоненттерін (дыбыстық жағынан, лексикалық құрам, грамматикалық құрылымына) және сөйлеудің жетілмеу деңгейін анықтауға бағытталған психолого-педагогикалық топтастыруды пайдалану логопедке бала үшін оқу мен түзетілу шарттарын анықтауға мүмкіндік береді (арнайы мектепке дейінгі және мектеп орындары, мектеп ішіндегі логопед пункттері және т.б.).

Психолого-педагогикалық және дииференциалды диагностикасы кезінде логопедке ақыл-ойы кем, нашар еститін балалардағы сөйлеу бұзылысын топтастыруға тура келеді. Логопедия теориясында осы категориядағы сөйлеу бұзылысының жүйеленуі туралы сауалдар әлі шешілмеген.

Логопедтік тәжірибеде «жалпы сөйлеу тілінің жетіспеуі» термині естуі жақсы балалардағы сөйлеудің алғашқы жетілмеуінде ғана емес, сонымен қатар ақыл-ойы кем және нашар еститін балаларға да қолданылады,бұл кемтар туылған балалардың түрлі категорияларындағы сөйлеудің жетілмеу деңгейін анықтаудағы педагогикалық топтастырудың әмбебаптығымен ерекшеленеді. Сондықтан, ақыл-ойы кем және нашар еститін балалардың сөйлеу бұзылыстарын топтастыру кезінде «жалпы сөйлеу тілінің жетіспеуі» диагнозын пайдалану мақсатты түрде бағдарланып отыр. Бұл жерде ең алдымен, ол сөйлеудің жалпы жетілмеуі ненің есебінен болғанын анықтап алу қажет, ол интеллектуалды бұзылу немесе естудің бұзылу диагнозы түрінде көрсетіледі.

Date: 2016-05-24; view: 2872; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию