Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялау





Дәріс.

Міндетті декларациялануға қауіпті заттар әзірленетін, өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын объектілер, қара және түсті металл қорытпалары мен осы қорытпалар негізіндегі балқымалары, кен, геологиялық барлау, бұрғылау (оның ішінде теңіз шельфтері мен ішкі су қоймаларында), пайдалы қазбаларды игеру және байыту жөніндегі жарылыс жұмыстары, жер асты жағдайындағы жұмыстар, радиоактивті және ионды сәулелену көздері, қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық құрылыстары, қару-жарақ және оқ-дәрілер жатады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық жарақтандыруға, сақтауға және жоюға арналған жобаның құрамында әзірленеді, қайта қаралады.

Декларация мынадай мәліметтерді:

1) қауіпті заттар (оның ішінде өндірілетін) тізбесін және олардың сипаттамаларын;

2) қауіпті әсер ету факторларын (әр фактор жеке; басқа факторлармен өзара әрекетте; қоршаған ортамен өзара әрекетте);

3) қауіпті факторлардың таралуы туралы технологиялық деректерді;

4) қауіптілік пен тәуекелге талдауды;

5) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі техникалық шешімдерді;

6) авариялық жағдайлардың туындау жағдайына талдауды;

7) қызметкерлерді авария жағдайында іс-әрекетке дайындауды;

8) авариялардың туындауы мен дамуының ықтимал сценарийлерінің схемасын;

9) аварияны жою жоспарын (хабарлау жүйесі; адамдарды қорғау жөніндегі құралдар мен шаралар; аварияларды, төтенше жағдайларды жоюға арналған резервтік ресурстар; зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша медициналық қамтамасыз ету) қамтуға тиіс.

Декларацияны әзірлеуді қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізуге аттестатталған ұйым жүзеге асырады. Декларацияны әзірлеу ережесін уәкілетті орган белгілейді. Декларация ондағы өндірістік қауіпсіздік мәліметтері өзгерген немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары өзгерген кезде өзгерістер пайда болған кезден бастап үш ай ішінде нақтыланады.

Декларацияны қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның басшысы бекітеді.

Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның иесі декларациядағы мәліметтердің уақтылы ұсынылуына, оның толықтығы мен дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Декларация сараптамадан өткізіледі.

Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде ол міндетті түрде қайтадан сараптамадан өткізілуге тиіс. Декларация екі данада сараптама қорытындысымен бірге жоба құрамында немесе жеке құжатпен уәкілетті органға тіркеу үшін ұсынылады. Бір данасы уәкілетті органда, бір данасы қауіпті объектіні пайдаланушы ұйымда сақталады. Қауіпті объектіні декларациясыз пайдалануға тыйым салынады.

Ауіпті өндірістік объектілердің қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру

Қауіпті өндірістік объектілердің қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру қауіпті өндірістік объектілері бар қауіпті өндірістік объектілердің иелеріне жүктеледі. Даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру бағдарламалары уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілуге тиіс.

Емтихан комиссиясын:

жоғары және орта білім­нен кейінгі білімі бар мамандар үшін - уәкілетті органның өкілі;

жұмысшы мамандықтары үшін - уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілі басқарады. Жұмысты қауіпсіз орындау ережелерін оқытудың жыл сайынғы бағдарламасының ұзақтығы қырық сағаттан аз болмауға және оны уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бекітуге тиіс. Қауіпті өндірістік объектілерде жұмыспен қамтылған барлық адамдардың білімі тексерілуге тиіс. Емтихан қабылдау жөніндегі комиссия білімі тексерілуден өткен адамдардан құралуға тиіс. Комиссияның құрамын қауіпті объектінің иесі айқындайды, ол уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісіледі. Қауіпті өндірістік объектілердің қызметкерлерін оқыту және олардан емтихан қабылдау уәкілетті орган аккредиттеген оқу ұйымында жүргізілуі мүмкін. Комиссия құрамы үш адамнан артық болуы керек. Емтихан билеттерін уәкілетті орган бекітеді. Білімді тексеру нәтижелері хаттамамен ресімделеді. Білімді тексеру хаттамасы үш жыл бойы сақталады. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қол қойған куәлік беріледі. Куәлік онда көрсетілген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.Емтиханды қайтадан тапсыра алмаған адамдар жұмысқа жіберілмейді.Мерзімі өткен куәлігі бар адамдар жұмысқа жіберілгеннен кейін бір ай ішінде емтихан тапсыруға тиіс. Оқытуды ұйымдастыру жөніндегі, соның ішінде емтихан комиссиясы мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі барлық шығыстар қауіпті өндірістік объектінің иесіне жүктеледі.

Негізгі әдістер: [1-14]

Қосымша әдістер: [1-5,7-9]

9-тақырып. Аварияларды жою. Инциденттердің, авариялардың себептерін тексеру және есепке алу

Дәріс.

Date: 2016-05-24; view: 1135; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию