Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Линзалардың негізгі кемшіліктері мынадай





· сфералық аберрация (лат. aberratio — ауытку) — жалпақ параллелъ сәулелер шоғын қолданғанда линзада бір фокустың орнына бірнеше фокустың пайда болуы. Сфералық аберрацияны жою үшін

арнайы линзалар, диафрагма және линзалар жүйесі қолданылады;

· хроматтық аберрация дегеніміз — линзалар жарық сәулелерін фокусқа жинағанда түске боялган дақтардың пайда болуы (түрлі-түсті

қосымшадағы 5-сурет). Жарық толкындарының сынуы олардың ұзындықтарына тәуелді (толқынның үзындығы үлкен болған сайын оның сынуы кіші) болғандықтан аталған кемшілік байқалады. Хроматтық аберрацияны арнайы лиызалар жүйелерінің (ахроматтар мен анахроматтар) көмегімен түзетеді;

· астигматизм — линзаның ұзын және көлденең өлшемдеріне, яғни линзаның қисықтығына тәуелді болатын ақау (түрлі-түсті қосымшадағы 6-сурет). Егер дөңгелек линзалар қолдансақ, онда астигматизм жойылады;

· дистпорсия (лат. distorsio — қисаю) дегеніміз — кескіннің қисаюы. Бұл қисаю көру аймағы шегінде линзаның көлденең үлғаюының бірдей болмауынан туады. Осы жағдайда нәрсе мен оның кескінінің геометриялық ұқсастығы бұзылады. Мысалы, линза берген квадраттың кескіні көпшік немесе бөшке тәріздес болып шығуы мүмкін.Геодезия мен ұшақтан суретке түсірген кезде дисторсияны болдырмауға ерекше назар аударылады.

Оптикалық күш – оське қарағанда симметриялы болатын линзалар мен линзалар жүйесінің жарық сәулесін сындыру қасиетін сипаттайтын шама. Жүйенің оптикалық күші – оның фокус аралық қашықтығына кері шама: F=n’/f’=n/f, мұндағы n’ және n – жүйенің екі жағында орналасқан орталардың сыну көрсеткіштері, f’ және f – жүйенің бас жазықтықтан бастап санағандағы алдыңғы және артқы жақтағы фокус аралықтары. Жүйенің оптикалық күші неғұрлым көп болса (фокус аралық қашықтық азайған сайын), жүйе соғұрлым жарық сәулесін күштірек сындырады. Оптикалық күш диоптриямен (м1) өлшенеді. Ол жинағыш жүйелерде оң, ал шашыратқыш жүйелерде теріс таңбалы болады. Оптикалық күш ұғымы көз диоптрикасында және көзілдірік оптикасында жиі қолданылады.

42. Толқындық оптика. Жарық интерференциясы.Максимум және минимум шарттары. Ньютон сақиналары.

Толқындық оптика - оптиканың, жарықтың толқындық табиғаты байқалатын құбылыстарды зерттейтін, бөлімі.

Date: 2016-05-24; view: 1190; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию