Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Топтағы ықпал ету мен бағыну

Топтың жеке тұлғаға ықпал ету процесі ‑ әлеуметтік ғылымдағы ең зкөп зерттелетін процестерінің бірі.

Ықпал ету – бұл бір адамдардың мінез‑құлықтары мен сипаттамалары өзгелерінің мінез‑құлықтары мен сипаттамаларына әсер ету процесі. Ол адами қарым‑қатынастың барлық түрлерінде кездеседі. 4‑суретте кіші топтардағы адамдардың мінез‑құлықтарына ықпал етуі мүмкін әртүрлі факторлар көрсетілген.

 
 

 

 


4-сурет. Ықпал ету, байсұну, бағынуды анықтайтын факторлар

Бағыну – қоршаған орта тарапынан индивидке шынайы немесе қиялдағы қысымының нәтижесінде мінез‑құлықтың өзгеруі. Бағынудың үш түрі ерекшеленеді: келісім, ниеттестік және ортақтастық.

Келісім (көнгіштік) адамдар өздерінің көзқарастарына, талғамдарына қарамастан бағынғанда орын алады.Мұндай мінез‑құлықтың себептері әртүрлі. Мысалы, жоғары марапат немесе жаза адамдарға уақытша өз құндылықтары мен нанымдарын ұмыттыруы мүмкін. Егер біреу солай істесе, қоршаған ортаның ойлары аяушылық сезімнен жеккөрушілікке ауысуы мүмкін. Өз бастығының біртүрлі бұйрықтарын орындап жүрген менеджерді кешіру оңай. Алайда жеке пайдасы үшін тұтынушыны алдаған дүкен сатушысын кешіру оңай емес. Келісім – бағынудың онша тартымды емес түрлерінің бірі, себебі ол оған жағымсыз мағына береді, тіптен ол кешіруге немесе түсінуге лайықты болса да.

Ниеттестік қандай да бір іс‑әрекетті ұсынып тұрған адамға қатысты мақұлдау немесе құрметтеуге негізделген бағынуды білдіреді. Бұл жағдайда бағынуға басқалардың ықыласына ие болу түрткі болады, ол сол өзгелердің мінез‑құлқына еліктеу, еру арқылы жүзеге асады. Ниеттілік келісімге қарағанда ерікті түрде болады, дегенмен оның түбірі нақты бір адамның құндылықтары мен құлшыныстарында жатады. Адамдар өзге біреумен ниеттес болғанда әлсіз болады, себебі оның тәуелділігі еріктен тыс білінеді.

Ортақтастық адамдардың басқа біреулердің өтініштерін, бұйрықтарын орындаған кездерінде орын алады, себебі олар өздерінің көзқарастары мен бағалауларына сәйкес келеді және оларға жағымды әсер етеді. Ортақтастық толықтай бағыну болып саналмайды, өйткені бағыну адамның өзіне тән мінез‑құлықтарынан ауытқуын білдіреді. Ортақтастық ниеттестіктен бөлек орын алуы мүмкін. Мысалы, сіз өз басшылығыңызбен ниеттес емес шығарсыз және сіздің қарым‑қатынасыңыз жағымсыздық пен сенімсіздік арқылы сипатталады. Егер сіздің іс‑әрекеттеріңіз өзіңіз ортақтасатын мақсаттарыңызбен сәйкес келсе, сіз бұйрықтарды орындай бересіз. Ортақтастық адамдардың не себептен топтың ойымен немесе қоғамдық нормалармен жүретіндігін түсіндіре алады, бірақ классикалық бағынумен салыстырғанда ондай мінез‑құлық сізден күнделікті әрекеттеріңіз бен көзқарастарыңыздың өзгеруін талап етпейді.


<== предыдущая | следующая ==>
Топтағы функциялар, рольдер мен нормалар | Группалық ойлау

Date: 2016-05-24; view: 864; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию