Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Топтағы функциялар, рольдер мен нормалар





Топтың әрбір даму кезеңінде адамдарға белгілі бір фукцияларды (қызметтерді) атқару тапсырылады, және олар өздерінің жеке рольдерін сомдайды, сондай‑ақ белгілі бір топтық мінез‑құлық нормаларын сақтанады.

Бұл жағдайда фукциялар деп топ ішіндегі жүктелген қызмет түсініледі. Мысалы, жобалық топ кабинеттік зерттеулер, тұтынушыларға сауалнама жүргізу, алынған мәліметтерді талдап, түсіндірме жүргізу тәрізді қызметтерді (функцияларды) орындауды қажет етеді.

 

 

3-суретте егер топта топ мүшелерінің қалаулары мен қабілеттері ескеріліп рольдерді бөлген кезде туындайтын қиыншылықтар бейнеленген.

 

  Тапсырманы орындау қабілеті
ТӨМЕН ЖОҒАРЫ
Тапсырманы орындауға деген құштарлығы ЖОҒАРЫ Топ мүшесі жаңа тапсырманы зерттегісі келеді. Дұрыс орындамау және сәтсіздік тәуекелі бар. Оқыту, жөн сілтеу немесе нақты бір адаммен жұптасып жұмыс істеу Бұл жерде мәселе жоқ Топ мүшесіне тапсырма беріңіз. Егер бұл шаршыда бірнеше адам болса, тапсырманы бөліп, әрқайсысына жеке‑жеке тапсырма беріңіз.
ТӨМЕН Бұл жерде мәселе жоқ Топтың бұл мүшесіне тапсырма бермеуге тырысыңыз. Егер бұл жағдайда тапсырма орындалмайтын болса, сырттан көмек сұраңыз немесе бұл адамды оқуға жіберіңіз. Тапсырманы орындауға құштарлығы жоқ. Бұл бүкіл топ жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін. Мүмкін, адамдарды ауыстыру қажет болар немесе нақты тапсырмаларды мұқият бөлу қажет.

 

3-сурет. Рольдерді бөлу техникасы мен диллемасы

Әдетте топтың әрбір мүшесіне белгілі бір рольдер беріледі, яғни, топтағы орнына сәйкес күтілетін мінез‑құлық модельдері. Олардың әрқайсысы бірнеше рольдер ойнайды. Мысалы, персоналға жауапты менеджер бір мезетте еңбек туралы таластарды шешу бойынша комиссия төрағасы, жұмыс күшін кәсіпорыннан босату туралы комиссия мүшесі, кадрлық қызметтер мамандарының ассоциация вице‑президенті болуы мүмкін.

Кей жағдайда бұл рольдер үйлеспейтін, бір біріне қайшы келетін болуы мүмкін. Егер қызметкердің мінез‑құлқы одан қоршаған ортаның күткеніне қарама қайшы болса, онда рольдік қақтығыс пайда болады. Қарапайым мысал: өзінің өндірістегі табысты ролі мен үйдегі жар және ана ролін үйлестіре алмайтын жұмыс істеуші әйел.

Рольдерді бөлу кезінде бірнше мәселелер туындауы мүмкін. Дұрыс емес бөлу, мысалы, бір тапсырманы екі қызметкерге берген жағдайда жұмысты көшірумен байланысты мәселелер тудырады, ол өз кезегінде топтың алға жылжуын баяулатады, оның тиімділігін төмендетеді.

Топ жеке тапсырмаларды бөлген кезде, оный кейбір мүшелері өздеріне ең тартымды деп ойлайтынын алғылары келеді. Басқаларына онша тартымды емес немесе қиынырақ тапсырмалар түсуі мүмкін. Біреулері жеңілірек жұмыс алғысы келсе, өзгелері жаңа бір нәрсені білуге, өзінің біліктілігін арттыруға ұмтылады.

 

Табысты еңбек ету үшін барлық топтар белгілі бір мінез‑құлық нормаларын, яғни топтың барлық мүшелері ұстануы тиіс, топ ішіндегі қабылданған мінез‑құлық үлгілерін қалыптастырады. Нормалар белгілі бір құжаттарда – стандарттарда, ережелер мен процедураларда бекітілуі мүмкін. Дегенмен, топ басшылыққа алған нормалардың көпшілігі ресми емес сипатқа ие болып келеді. Сол арқылы олар ұжымдағы өзара қарым‑қатынастар мен жұмыстың тиімділігіне айтарлықтай маңызды әсер етеді. Шартты түрде нормалардың үш жиынтығын ерекшелеуге болады.

Нормалардың бірінші жиынтығы тікелей жұмытың орындалуы мен оның сапасына қатысты: жұмыс интенсивтілігінің дәрежесі, неке мен жұмыстағы жаңылыстарға, тапсырмаларды орындау мерзімінің бұзылуына, мерзімінен артық жұмыс істеуге (кей жағдайда ынталандырылады, бірақ өзінің және қарамағындағылардың жұмысын қажетті деңгейде ұйымдастыра алмау деп те қарастырылады) қатысты шыдамдылық.

Екінші жиынтық – ресурстарды топтың ішінде бөлуді реттейтін нормалар. Бір топтарда бүкіл топ мүшелерінің компьтерлер мен басқа да кеңселік құрылғыларға қолы жетімді, ал басқа топтарда бұл мүмкіндік қызметкердің сол ұжымдағы қызмет ету мерзімі мен дәрежесіне байланысты болып келеді.

Нормалардың үшінші жиынтығы сыртқы факторларға байланысты болады, мысалы, қызметкерлердің сыртқы бет‑әлпеті (кейбір ұжымдар белгілі бір имиджді сақтау үшін қызметкерлерінің киімі мен оның түсін қатаң қадағалайды).

Топқа мүшелікке қабылданып, оның қолдауын сезіну үшін оның нормаларына үйренісе білу қажет. Әдетте топтың өзі белгілі бір қысым көрсетіп, нормалар мен ережелерге мән бермейтін топ мүшелерінің мінез‑құлықтарын түзетіп отырады.

Топтық нормалардан ауытқу мен оларға қайшы келу адамды қабылдамауға немесе оған деген нашар қарым‑қатынасқа алып келеді. Ол үш себепке байланысты орын алуы мүмкін:

1. Топтық келісімге келу (консенсус) топ үшін шешуші маңызға ие мақсаттарға жету үшін қажетті болған кезде. Бұл жағдайда қайшылықтар топ мүшелеріне қауіп төндіреді, өнімділікті төмендетеді және сондықтан наразылық пен әлеуметтік санкцияларға алып келеді.

2. Аболютті келіспеушілікпен келіспеу жиі реніш тудырады және көпшілікті кемітеді («Сіздердің барлықтарыңыздікі дұрыс емес! Мен барлықтарынан ақылдымын!»).

3. Көпшілікпен ашық келіспеушілік кері жағдайда көзқарастары әлеуметтік келісіммен қорғалатынын сезетін адамдардың сенімсіздігін арттырған кезде. Сол арқылы «девианттар» «әлеуметтік шынайылықты» бұзып тастайды. «Келіспегендердің» жазасы – біздің топтық нормаларға қатысты конформизмге ұмтылысымызды арттыратын қозғаушы күш.

Date: 2016-05-24; view: 1249; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию