Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Топтарды құруға әсер етуші факторлар





Адамдар неге топтарға бірігеді? Ең негізгі себептері мақсатқа жетуге ұмтылу, билікті күшейту қажеттілігі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өз өзін құрметтеуді қамтамасыз ету, араласуға деген қажеттілік, белгілі бір мәртебеге ие болу.

Топтарға бірігу арқылы адамдар, әдетте, бір емес бірнеше маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мысалы, қызметкерлер кәсіби одақтарға бірігу арқылы құқықтарды қорғау мен әлеуметтік кепілдендіру, кәсіпорындардағы еңбек шарттарын жетілдіру тәрізді мақсаттарға жету үшін өз билігін күшейту қажеттіліктерін, сондай‑ақ, адамдармен араласу мен өзін өзі құрметтеу қажеттіліктерін бір мезетте қанағаттандыра алады. 2‑ суретте топтарды құруға әсер етуші факторлар көрсетілген.

 

2-сурет. Топты құруды анықтайтын факторлар

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

Тұлғалық және топтық қанағаттанушылықтың әлеуметтік психологиясы. Тұлғалық және топтық әрекеттердің эффективтілігін зерттеу және концептуалды подходтар.

Кейс: Субьективті қолайлылық шкаласы.

 

 


 

Дәріс.

Тақырып:Топтардың түрлері мен олардың құрылымы.

 

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Топтың негізгі сипаттамалары.
  2. Топтағы ықпал ету мен бағыну ерекшеліктері.
  3. Топ классификациясы және олардың құрылуының әлеуметтік психологиялық механизмдері.

Дәрістің тезистері:

Топтардың түрлері мен олардың құрылымы

Топтарды мақсатқа сай жіктеудің параметрлер қатары бар. Оларға топтардың көлемін, құрылу табиғатын және нысаналы мақсатын жатқызуға болады. 10-суретте аталған параметрлер тұрғысынан топтардың жіктелуі көрсетілген.

 

 
 


 

 

2-сурет. Топтардың жіктелімі

 

 

Топтардың көлемі бойынша жіктелімі

Диада екі адамнан құралған топты бейнелейді. Диадалар келіспеушіліктерден қашуға тырысады (өйткені олар құрдымға әкеледі) және оның нәтижесі мүлдем жоқ болса да (жалған консенсус) көзге көрінерлік іс‑әрекеттердің келісімділігі болуы мүмкін.

Триадаларда немесе үш адамнан тұратын топтарда өзара қарым‑қатынас балансы үнемі бұзылып отырады. Бұл жерде билікке деген күрес, жоспарланбаған бірлестіктер мен ортақ тұрақсыздық үшін жоғары потенциал болады. Менеджерлерге, әдеттегідей, триадаларды қолданудан бас тарту ұсынылады, әсіресе алға қойылған міндеттер қызметкерлердің тығыз, жиі байланысын қажет еткен кезде, себебі ол бір біріне қысым көрсетуге мүмкіндік туғызады. Тайталас пен жетекшілік үшін күрес жағдайында көрсетілген міндеттердің орындалуы мүмкін емес.

Кіші топ 4 пен 15 адам аралығын қамтиды. Топтағы адам саны 10-нан аз болған жағдайда бір – бірімен еркін араласуға болады, бірақ топ үлкейген сайын адамдар мәселенің мәнісін түсіне алмайды және талқылауға көп қатыспайды, ойларын айта бермейді.

Кіші топтың тұжырымдамасы менеджерлер үшін жан жақты тұрғыдан қызығушылық тудырады, өйткені жұмыс топтары, жобаларды іске асыру топтары, комиссиялар және т.с.с. әдетте кіші топтардан тұрады.

Кіші топтарды құру кезінде менеджерлер топтың мүшелерінің жұп санды болуын болдырмауы керек, себебі жұп санды мүшелері бар топтар көбіне тығырыққа тіреледі. Одан да тақ санды топтарды құрған жөн – мысалы, 5,7,9 адамнан құралған топтар тиімдірек жұмыс жасайды.

Үлкен топ ‑ 15 адамнан жоғары мүшелерден құралатын топ. Үлкен топтар қысқа мерзімді уақытқа ұйымдастырылады. Мысалы, акционерлер, қандай да бір ұжым мүшелері, әртүрлі типтегі конференциялар және т.б. жиналысы.

Топтың көлемі артқан сайын оның қызметінің тиімділігі артуы да төмендеуі де мүмкін. Топ көлемінің оның тиімділігіне әсерін қарастырудың нәтижесі 1-кестеде келтірілген.

1-кесте

Топ көлемінің әсері

 

Диадалар Триадалар Кіші топтар Үлкен топтар
2 адам Ортақ шешімге келмеу қауіптіліг Жалған консенсус 3 адам Екеуі біреуіне қарсы Келіспеушіліктер Шиеленісушілік Тұрақсыздық Ең дұрысы 5-7 адам Тақ адам саны тығырыққа тірелудің мүмкіндігін азайтады Өзара қарым ‑ қатынастың жақсы мүмкіндігі ауызбіршілік 15 адамнан көп Өзара қарым – қатынастың әлсіз болуы Ұйымшылдық деңгейінің төмендігі Жұмыспен қанағаттану деңгейінің әлсіздігі Ресми құрауыштарының күшеюі Жұмыстың орындалу сапасының міндеттерге тәуелділігі

Құрылу табиғатына байланысты топтардың жіктелімі

Ресми топтар ұйымның құрылымында белгілі бір нақты міндеттерді орындау үшін алдын ала қарастырылған. Ресми топтардың ішінде тұрақты негізде қызмет ететін топтар және сол немесе өзге де міндеттерді орындау үшін құрылған уақытша топтар деп бөлуге болады.

Ресми емес топтар адамдардың араласуы мен әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылады. Мысалы, бір оқу орнын бітірген әріптестер тобы немесе спорттық жарыстарға қатысу үшін біріккен топтар. Ресми емес топтар жұмыста шамамен бірдей жұмыстар атқаратын ұқсас жағдайдағы адамдардан құралған көлденең немесе ұйымдастырушылық сатының әртүрлі деңгейіндегі адамдардан құралған тік болып бөлінеді. Оларға, мысалы, мүдделері бойынша біріккен «тәжірибесі бар» қызметкерлер тобы жатады. Кездейсоқ ресми емес топтар ұйымның көлденең де, тік те топтарын қамтиды және кез келген ортақ мүдделер жанында туындайды. Бұл топтар ұйым тәртіптерін жеңе алатындай немесе оның мүшелерінің билігін күшейте алатындай дәрежеге дейін дами алуы мүмкін. Олар, сонымен қатар, бір бірін ұнататын, бір біріне сенетін, мүмкін жұмыстан тыс араласатын адамдардан да құрылуы ықтимал, мысалы, театрды ұнатушылар немесе көрші тұратындар.

Ресми емес топтар өте тиімді әрі өте күшті болуы мүмкін, және де менеджерлердің оларға деген ерекше ынтамен зейін қоюының себебі осы шығар. Қызметін тиімді атқаратын менеджерлер ресми емес топтар тарапынан келетін қауіптің алдын алу мен өзінің ұйымдағы позициясын күшейту үшін ресми топтар мен олардың жетекшілері жағынан қолдауға ие болады.

Нысаналық мақсаты бойынша топтардың жіктелімі

Бастапқы топтар адамдар үшін айтарлықтай маңызды, себебі ол олардың ойларын, наным‑сенімдері мен құндылықтарын қалыптастырады. Бұл топтар адамдардың өз мінез‑құлықтарын салыстыратын стандарттар ретінде қызмет атқарады. Бастапқы топтың маңызды түрі отбасы болып табылады.

Егер адамның қандай бастапқы топқа жататынын және сол топ қандай нормалармен жүретінін анықтайтын болса, онда оның мінез‑құлқы менеджер үшін түсінікті, айқын болады.

Әлеуметтік топтар, негізінен, бос уақытты толтыру мен топ мүшелерінің көңілін көтеру үшін құрылып, қызметін атқарады. Кей кездерде ондай топтардазауыттың футбол командасы немесе компьютер қолданушылары клубы тәрізді өндірістік мақсаттар да болады. Бірақ бұл жағдайда мүдделестермен араласудың артықшылықтарына қатысты жұмыс екінші ретке ауысады.

Қызметкерлердің орнын ауыстыру немесе тапсырмаларды бөлу туралы шешім қабылдау кезінде менеджерлер әлеуметтік топтардың бар екенін ескеруі қажет.

Мақсатты топтар әдетте қандай да бір тапсырмаларды, міндеттерді атқару үшін құрылады және қызмет атқарады. Бөлімшелер, комиссиялар, жобалық топтар, аудиторлық топтар және т.с.с. өз алдына мақсатты топтың ұйымдастырушылық формасын көрсетеді. Негізінен ондай топтардың белгілі бір мақсаты мен оған жетудің мерзімі, нақты жұмыс тапсырмалары мен жоғарыда тұрған ұйыммен міндетті қарым‑қатынастары болады. Мақсатты топтар менеджерлер мен ұйым қызметінің тиімділігі үшін аса маңызды болып табылады.

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

Топтың негізгі сипаттамалары: біртектілік (гомогенділік), болмыстық сипаттамалары, мүшелерінің мәртебесі, ашықтық, ауызбіршілік (Психологиялық әдістемелер арқылы анықтау және әдістеме хаттамасын өткізу).


Дәріс.

Тақырып:Топтық динамика.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Группада жұмыс жасаудың потенциалды кемшіліктері.
  2. Жауапкершіліктің бөлінуі.
  3. Рольдерді бөлу техникасы мен диллемасы.
  4. Топтық ойлау немесе топтық поляризация.

Дәрістің тезистері:

Қарастырылған топтың даму кезеңдері өмірде кездесетін айтарлықтай күрделі процестер туралы тек қана қысқартылған көзқарас қалыптастыратын айдан анық: кей кездері топтың бір даму кезеңін екіншісінен ажырату қиынға түседі, кейде бірнеше кезеңдер бір мезетте өтеді; кей кезде жоғары кезеңнен төменгі кезеңге ауысуы мүмкін (мысалы, жетекшілік пен топтағы рольді бөлу жөніндегі шиеленістер дамудың кез келген сатысында, оның ішінде қорытынды кезеңде де шығуы мүмкін).

 

Date: 2016-05-24; view: 2557; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию