Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Маслоу бойынша қажеттілік иерархиясы





Маслоу пирамидасының жалпы құрылымына сыншылар тарапынан түрлі пікірлер айтылады. Оның теориясында қате жақтары болуы, ұсыныстарының бәрі бірдей жүзеге аса бермеуі мүмкін, алайда көптеген ой-пікірлерінің айрықша маңызы бар екендігі сөзсіз.

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

Маслоу теориясындағы тұлғаның бағыт бағдары (психологиялық әдістемелер арқылы анықтау және әдістеме хаттамасын өткізу).


Дәріс.

Тақырып:Топтық мінез‑құлық.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Топтарды құруға әсер етуші факторлар.
  2. Нысаналық мақсаты бойынша топтардың жіктелімі.

 

Дәрістің тезистері:

«Топ» түсінігіне байланысты ой қалыптастыратын негізгі сөздерді жазыңыз (1‑сурет).

 
 

 


1-сурет. Топ деген не?

 

Топтың түсінігі

Ұйымның дамуында топтардың атқаратын ролі үлкен. Топтық мінез‑құлық – ұйымдастырушылық мінез‑құлықтың маңызды құрамдас бөлігі.

Топ – белгілі бір мақсатқа жету барысында біріккен екі немесе одан да көп адамның жиынтығы. «Топ» түсінігі жеткілікті түрде күрделі әрі маңызды болып табылады, себебі топтар мен олардың атқаратын қызметтері мекеме мен жеке жұмысшының жалпы қызметінің тиімділігіне үлкен әсерін тигізеді. Менеджерге топтық мінез‑құлықтың ерекшеліктерін білу және топтың деструктивті емес, шығармашылықты болуы үшін өз саясатын құра білуі өте маңызды. Топты тиімді басқару үшін менеджер олардың табиғатын түсініп, олардың көлемдерінің тиімділігін бағалап, топтарды құру әдістерін, оларды дамыту жолдарын, топтағы негізгі рольдерін және т.б. білуі қажет.

Топтардың жалпы сипаттамасы

Топтың негізгі сипаттамаларына біртектілік (гомогенділік), болмыстық сипаттамалары, мүшелерінің мәртебесі, ашықтық, ауызбіршілік жатады.

Біртектілік (гомогендік). Аталған сипаттама әртүрлі берілген параметрлер бойынша топтың біртектілігін бағалауға мүмкіндік береді, мысалы, жыныстық тұрғыдан қарағанда: әйелдер, ерлер топтары және аралас топтар. Егер топтың біртектілігін жас шамасына байланысты бағалайтын болсақ, онда студенттер тобы мен өндірістік бөлімдерге қарағанда мектеп жасындағылар көп жағдайда біртекті болады. Топтың гомогенділігі мен оны талдау топты тереңірек түсінуге, оны дамытуға қатысты дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Болмыстық сипаттамалар. Топтар әртүрлі ортада қалыптасып, дамиды және қоршаған ортаның жағдайына олардың қызметінің тиімділігі тәуелді болып келеді. Ұйымдастырушылық мәдениеті дұрыс емес ұйымда (мекемеде) стратегиЯлық даму бойынша мақсатты топты құру сәтсіздікке ұшыратуы мүмкін, өйткені ұйымдастырушылық мәдениетті өзгерту туралы ұсыныстар жоққа шығарылуы ғажап емес.

Топ мүшелерінің мәртебесі (статусы). Топтағы мәртебе деп топтың белгілі мүшесіне өзге мүшелерінің берген дәрежесі, рангі түсініледі. Мәртебе ресми (мысалы, «Ең үздік маман» конкурсының жеңімпазы) және ресми емес (еңбегіне байланысты құрмет) деп бөлінеді.

Ашықтық. Ашықтық дәрежесі – бұл сол немесе басқа топқа кіретін кедергілердің деңгейін анықтайтын сипаттама. Мысалы, офицер болу айтарлықтай жеңіл, бірақ сол таңдаулы бөлімшелердің тобына кіру қиынырақ. Жоғарғы оқу орнын бітіргендердің барлығы өздерін ғалымдардың қатарына жатқыза алады, бірақ нобель лауреаттарының топ мүшесі болу кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс.

Ұйымшылдық. Топтың ұйымшылдығы – бұл топта адамдардың әлеуметтік‑психологиялық ортақтығын, көзқарастарының бірлігі мен ортақ мүддеге деген ынтасын сипаттайтын ерекше байланыс түрінің болуын анықтайтын көрсеткіш. Ұйымшылдық топтың мүшелерінің бірін бір қолдап, көмектеріне жүгініп, ұжым қатарында жүруге ұмтылысының дәрежесімен айқындалады. Ұйымшылдық артқан сайын топтың жекелеген мүшелерінің топ құрамында болу ұмтылысы, барлық мүшелерінің бірлігі арта түседі.

 

Date: 2016-05-24; view: 2266; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию