Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ең көп тараған ҚӘУЗ – хлор мен аммиак





Хлор – қатты тітіркендіргіш иісі бар, қоңыр-жасыл газ, ауадан 2,5 есе ауыр. Кәдімгі қысымда: қатты T=101 C; C=34 C, 5-7 атмосфералық қысымда сұйылады.

Ерекшелігі – хлор аласа жерлерде, жер төлелерде, тоннельдерде, құдықтарда жинақталады, жерге жасыл түсті тұман жайылады. Суда нашар ериді, барлық химиялық элементтермен дерлік қосылыс түзеді.

Хлор органикалық қосылыстарды шығаруға пайдаланылады, маталарды ағарту, ауыз суын залалсыздандыру үшін қолданылады. Хлорды болат баллон мен темір жол цистерналарында қысым мен сұйық күйінде сақтайды. Атмосфераға шыққанда түтінденіп, суаттарды зақымдайды.

Организмге әсері. Хлор буы тыныс алу органдарын, көз бен теріні қатты тітіркендіреді. Ұзақ уақыт бойы әсер еткенде өкпені қабындырып, қиын жағдайға душар етеді. Тітіркендіргіштік әсер 10 мг/м шамасындағы концентрациясында пайда болады. 30-60 минут бойында 100-200 мг/м өмір үшін қауіпті. Бұдан жоғары жинақталу қас қағым сәтте өмірден әкетеді.

Улану белгілері: кеуденің шаншып ауруы, көзден жас ағу, құрғақ жөтел, құсқысы келу, ентігу, жоғары концентрацияларда зардап шегуші тұншығады, оның беті көгеріп қашуға әрекеттенеді, алайда құлап есінен айрылады.

Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Зардап шегушіні жедел таза ауаға алып шығып, су буымен демалдыру керек. Ауыр клиникалық формадағы айырықша жағдайда оттегімен демалдырады. Күлдіреген теріні кемінде 15 минут бойы 2% ерітіндісімен жуу керек. Дем алмаған жағдайда «ауызға ауыз» әдісі мен қолдан дем алдыру керек. Зақымдалушыға ыстық сүт немесе шәй беріп, мойын жағын жылы киіммен қынтап, тыныштыққа қалдыру керек. Тек жатқан күйінде ғана көтері керек.

Хлор төгілген авария жағдайынла ең алдымен газды отырғызу қажет. Сол үшін жуу-шашырату өрт машиналарының, гидранаттардың көмегімен жоғары қысымдағы су пердесін жасап, суды немесе кальцийленген сода ерітіндісін шашыратады. Бұдан кейін су шашыраған жерге аммиак суын, әк тұнбасын, кальцийленген сода ерітіндісін, немесе 60-80% және одан жоғары концентрациядағы каустикті төгеді. Басқа бейтараптандырушы заттарда гидросульфитті, техникалық соданы пайдалануға болады.

Аммиак - мүсәтірге тән қатты иісті, түссіз газ. T=-34 C қатаяды. Газ тәріздес аммиактың тығыздығы – 0,6 кг/м, яғни ауадан жеңіл. 18-20% ерітінді аммиак суы деп аталып, тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Сұйық аммиак органикалық қосылыстардың үлкен санын жақсы ерітеді. Тоңазытқыш машиналарының қажетті заты ретінде пайдаланылады, сондай-ақ азотты тұздарды, синил қышқылын, несеп нәрін, тыңайтқышты алуға да қолданылады. Ауа кірген құрғақ аммиак қоспасының жарылуы мүмкін.

Аммиакты қысыммен сұйық күйінде тасиды, атмосфераға шыққанда түтінденеді, суаттарды зақымдайды.

Организмге әсері. Көзне, тыныс органдарына, орталық нерв жүйесі мен тері қабаттарына қауіпті. Аммиактың жаппай әсерінен кейін бірнеше минуттан соң әлсіздік қатты байқалады. Дене құрысады.

Есту қабілеті күрт төмендейді, өкпенің қабынуы мүмкін. Аммиакпен зақымданудың нәтижесінде жүйкенің ауытқуы мүмкін. Қабақ пен көз жанарына күш түсіп, кейде көздің көрмей қалуы мүмкін.

Зақымдану белгілері. Тұмау, жөтел, дем алудың қиындауы, жүрек соғысының жиілеуі. Аммиактың буы сілекей бездері мен тері қабаттарын қатты тітіркендіреді. Теріні күйдіріп, қызартады. Көз қарауытып, жас ағады. Сұйық аммиак өз ерітіндісімен теріде түйіскенде дененің күюі, үсуі мүмкін. Аммиактың өлімге душар ететін концентрациясы әсер ету кезінде 30 минутта мг/л тең.

102. ҚӘУЗ ─ шаруашылық мақсатта қолданылатын зат, оларды қалай болса солай, сақтау немесе төгілуі адамдардың жаппай улануына алып келуі мүмкін.
ҚӘУЗ ─ жабық ыдыста қысыммен сақталады, ыдыс қирағаннан кейін қысым атмосфера қысымына дейін төмендейді.
ҚӘУЗ ─ қайнайды (қайнау температурасы +20˚С) және птмосфераға газ немесе бу түрінде бөлінеді. Олар үлкен қашықтыққа таралады. Сондықтан химиялық қауіпті объектіге жақын тұратын халық онда қандай ҚӘУЗ.дың пайдаланылатындығын білуге тиіс. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі және демалу нәтижесінде болуы мүмкін.
Химиялық қауіпті объектідегі апат туралы дабыл жарияланғанда немесе қоршаған ортада улы заттар қауіп туғызғанда төмендегі іс.қимылды істеу қажет:
.улы заттардың тарағандығы жөнінде хабар келген соң, тез арада противогаз және сол сияқты жеке қорғану құралдарын пайдалану керек;

Қатты әсер ететін улы заттар дегеніміз -өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын объектілердегі авариялық жағдайда атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстар.

ҚӘУЗ топтары: тұншықтырғыштық әсері басым заттар, жалпы улылық әсері басым заттар, метаболдық улар, жүйкені жансыздандыратын улы заттар, терінің құрысуына әсер ететін улы заттар, көздің жасын ағызатын және тітіркендіргіштік әсері бар улы заттар, психикалық әсер ететін улы заттар, жылдам әсер ететін улы заттар, баяу әсер ететін улы заттар.

Халықты радиациядан қорғау радиациялық қауіп туралы хабарды, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын, радиоактивті заттармен ластанған аумақта өзін-өзі ұстау тәртібін, азық-түлік пен суды радиоактивті ластанудан қорғауды, медициналық жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды, аумақтын ластану деңгейін анықтауды, халықтың сәулеленуін дозиметрлікбақылауды және радиоактивті ластанған азық-түлік пен суға сараптама жүргізуді қамтиды.

Хабарлау дабылы бойынша ТЖ және АҚ органдарының ақпаратын тындағаннан кейін халық панаханаға жасырынуға тиіс.

Скери барлау

Арсыластың немесе ықтимал қарсыластың қарулы күштері туралы, мемлекеттің экономикалық, моральдық-саяси жағдайы туралы мәліметтер алу және зерттеу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жиынтығы. Әскерибарлау стратегиялық, оперативтік және тактикалық болып үш түрге бөлінеді. Олар өзара тығыз байланыстыжәне бірін-бірі толықтырып отырады. Әскери барлауды әскер (әскери барлау) күштері мен құралдары, арнайыоргандар (агентуралық барлау) жүргізеді.

 

Date: 2016-05-24; view: 2345; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию