Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Тыныс алу органдарын қорғау құралдары





Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады.

Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды

62.сүзгіш газқағарлар- Сүзгілік газқағарларда дем алу үшін түскен ауа улағыш, қатты әсер ететін улы заттардан, радиоактивтік шаңнан, бактериалдық аэрозольдан тазартылады. Сүзгілік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда.

63.Оқшаулағыш газқағарлар- адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды.

64.Балаларға арналған газқағарлар-ПДФ-2Д(мектеп жасына дейінгі баларға арналған)

ПДФ-2Ш(мектеп жасына арналған)

К3Д-4,К3Д-6(1,5 жасқа дейінгі балаларға арналған)

Балалар газқағарлары

Балалар газқағарларының түрлері көп. Жасы кіші балаларға(1,5 жастан бастап) арналған- ДП-6М, жасы үлкен балаларға ДП-6. ПДФ-7 жасы кіші және үлкен балаларға арналған. ПДФ-Д 4 өлшемдегі -1,2,3,4 МД-3 маскаларымен жабдықталған. ПДФ-Д 1,5-7 жастағы балаларға арналған. ПДФ-Ш 7-17 жастағы балаларға раналған.

Қазіргі уақытта ең жетілген үлгі мектепке дейінгі балаларға арналған. ПДФ-2Д және ПДФ-2Ш газқағарлар жиынына ГП-7К сүзгілік жұтқыш қорапшасы, МД-4 алдыңғы бөлігі ылғалданбайтын пленка салынған қорапша және сөмке кіреді. Жиынның массасы мектепке дейінгі 750гр , мектептік -850 гр ға дейін.

Жаңа балалар газқағарларының бірқатар артықшылықтары бар. Оларда ауа шығару кезіндегі тыныс алу қарсылығы төмендетілген, газқағардың алдыңғы бөлігінің басқа қысмы азайтылған. Осының бари балалардың қорғау құралдарын ұзақ киюіне мүмкіндік береді.

 

65.Тыныс органдарын қорғаудың қарапайым құралдары- Тыныс органдарын қорғау құралдарына газқағарлар, респираторлар, қарапайым қорғау құралдары - мата таңғыштары, шаңнан қорғайтын маскалар жатады.

66.Респираторлар- (лат. respіro — дем алу) — адамның тыныс алу мүшелерін шаң мен зиянды заттардан қорғайтын бір кісілік тұмшалағыш; жеке пайдалануға арналған, екі бөліктен: бетжапқыш және сүзгіден кұралған шаңнан қорғауға арналған аспап.[1]

Ауада оттек мөлшері жеткіліксіз болған кезде (16%-дан аз), сондай-ақ зиянды қоспалар көп болғанда оқшаулауыш респиратор (шлангалы не оттекті) пайдаланылады. Сүзгілеуіш респиратор жеңіл әрі шағындау болғанымен, ауаның ластану дәрежесі жоғары болған кезде, ол оқшаулауыш респираторға қарағанда сенімсіздеу болады. Респиратордың радиоактивті тозаңдардан қорғайтын сүзгісі әр түрлі талшықты материалдардан (киіз, мақта, жасанды және синтет. талшықтардан жасалған маталар, т.б.) дайындалады. Өндірістік және лаб. жағдайда респиратордың респираторлық таңғыш (ШБ-1) деп аталатын қарапайым түрі жиі пайдаланылады. Ол дәкенің қос қабатының арасына салынған сүзгілік мата түрінде болады. Мұндай респиратордың қорғағыштық қабілеті жоғары әрі салмағы өте аз (10 г-дай) болып келеді. Радиоактивті тозаңдардан қорғану үшін респиратордың көптеген түрі қолданылады.

Респиратордың бірнеше түрі бар. Олар тыныс алу ағзаларын радиобелсенді және топырақ шаңынан сақтандыру үшін қолданылады. Азаматтық қорғаныс жүйесінде ересек адамдар үшін Р-2, ШБ-1 респираторлары кеңінен тараған.

Р-2 респираторы өздігінен сүзгіш жартылай маска тәрізді. Маска сақтандырғыш экраны бар, екі тыныс алу және бір тыныс шығару клапанымен жабдықталған. Жартылай масканың сырт бөлігі жасыл түсті полиуретандық пенопластан, ал ішкі бөлігі ауа өткізетін полиэтилендік жұқа қабықшадан тұрады, онда екі тыныс алу клапаны орналасқан. Полиэтилен мен полиуретан арасында полимерлік талшықтардан сүзгіш орналасқан. Респиратордың тыныс мүшелеріне масканы қысып тұратын мұрын қысқышы бар.

Респиратордың әрекет принципі бойынша шаңдар масканың сүзгіш – полимерлік қабатынан тазаланып өтеді. Тазартылған ауа тыныс алу клапаны арқылы жартылай масканың ішкі кеңістігіне тарайды.

Тыныс шығарылғандағы ауа тыныс шығару клапаны арқылы сыртқа шығады. Р-2 респираторы беттің биіктігі өлшену арқылы үш мөлшерлі болады: 1 – 99-109 мм; 2 – 109-119 мм; 3 – 109 мм-ден жоғары. Азаматтық қорғаныстың сұрауы бойнша қосымша кішкентай жастағы балалар үшін нольдік мөлшердегі респираторлар дайындалады.

Қолға берілгенге дейін респираторлар заводтық орауда ауызы бекітілген полиэтилендік пакетте сақталады. Қолданған респираторды полиэтилен пакетке салып, аузын пластмасса сақинамен бекітеді. Осы күйде респиратор газқағар қапшықта, газқағардың бет бөлігі астында сақталады.

Тыныс алу органдарын радиоактивті шаңнан, зиянды газдан, будан және аэрозоль қоспасынан қорғаудың қарапайым құралы ретінде респираторлар қолданылады. Респираторлар екі үлгіге бөлінеді. Бірінші – шолақ сөмке мен сүзгілік элемент бір уақытта респиратордың алдыңғы бөлігіне қызмет етеді. Екінші – маскаға қосылатын сүзгіш патрондардағы дем алатын ауаны тазалайды.

Бу-газ тәріздес қоспалардың дем алатын ауаны тазалау физика-химиялық процесстер есебінен (адсорбция, хемосорбция және катализ ), ал аэрозольді қоспалардан талшықты материалдар арқылы сүзу жолымен жүргізіледі. Олар мақсаты бойынша шаңнан қорғау, газдан қорғау және газды шаңнан қорғау болып бөлінеді. Алғашқылары тыныс алу органдарын әртүрлі аэрозольдан, екіншілері – зиянды бу мен газдан, соңғылары ауада бір уақытта болған газдан, будан және аэрозольдан қорғайды.

 

Теріні қорғау құралдары- Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемднлген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады. Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскелік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді.

Егер қарапайым киімдерге сабындымайлы эмульсияны сіңірсе, оны қорғаныс құралдары ретінде пайдалануға болады.

68.медициналық қорғау құралдары- Медициналық қорғаныс құрардары радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады. Радиоқорғаныс құралдары бұл адам организмін радиоактивті заттарға қарсы төтеп беру мүмкіншіліктерін арттыратын препараттар. Антидоттар деп улы заттарды адам организмінен жоюға арналған препараттарлы айтады. Антибактериялдық құралдарды биологиялық қауіпте пайдаланады. Жартылай санитарлық тазалау құралдарына ИПП-8 пакеті, АИ-2 жеке аптечкалары жатады.

69.Жеке аптечка АЙ-2- Жарақат және күйік кезінде, улы заттарды, бактериялық заттарды жеке ионды сәулені әлсірету және алдын алу үшін, өзара және өзіне көмек көрсету, антидот препараттары және радиопротекторлар бар.

Жеке аптечка бірнеше ұялардан тұрады:

1–ші ұяда – ауруды басатын заты бар шприц-тюбик орналасқан. Ол қатты жарақат алғанда, сүйек сынғанда және күйгенде колданады. Оны пайдаланғанда сол колымен бұдыр дөңгелегінен ұстайды да тюбиктің денесінен оң қолысен ұстап сағат тіліне қарай айналдырады. Сосын инені жауып тұрған қалпағын алып, шприц-тюбикті жоғары қаратып, ине ұшына тамшы пайда болғанша ауаны шығарады. Сосын инеге қол тигізбей, санның жоғары жағынан егеді. Жедел жағдайда киімнің сыртынан да егуге болады.

2-ші ұяда - фосфорорганикалық улы заттармен улануды әлсірететін және алдын алатын зат – торен (6 дана) таблеткасы дөңгелек қызыл түсті пеналда орналасқан. Оны «Химиялық кауіп» белгісі берілгенде 1 таблеткадан қабылдайды. Улану белгісі күштірек болса, таблетканың тағы 1 данасын қабылдайды. Келесі қайталап қабылдау 5-6 сағаттан кейін болады.

3-ші ұяды – түссіз үлкен пеналда N2 бактерияға қарсы қолданылатын зат – сульфадимотксин (15 таблеткасы) орналасқан. Оны сәуле алғаннан кейін азқан-ішек қызметі бұзылуы пайда болғанда 7 таблеткасын ішеді, кейінен 2 тәулікте 4 таблеткадан қабылдайды.

4-ші ұяда – алқызыл түсті, сегізқырлы 2 пеналда, әр қайсысында 6 таблеткадан N7 радиоактивтіуланудан қорғайтын зат – цистамин орналасқан. Оны сәле алу қаупінде 6 таблеткадан бір қабылдайды және тағы сәуле қауіпі төнгенде6 таблеткасын 4-5 сағаттан кейін қабылдайды.

5-ші ұяда – түссіз төрт қырлы 2 пеналда, әр қайсысы 5 таблеткадан тұратын N4 бактерияға қарсы қолданатын зат тетракциклин гидрохлориді орналасқан. Оны бактериялық улану және қауіп төнгенде, жарақат және күйік алғанда пайдаланады. Алдымен 5 таблетканы су ішумен бірге қабылдайды. Сосын 6 сағаттан кеиін 5 таблетка қабылдайды.

6-ші ұяда – ақ түсті төрт қырлы пеналда N2 радтоактивті уланудан қорғайтын зат калий иодиді 10 таблетка) орналасқан. Оны радиоактивті заттар түскенде күніне 1 таблеткадан 10 күн қабылдайды. Ең алдымен балаларға 1 таблеткадан береді.

7-ші ұяда – көгілдір түсті дөңгелек пеналда құсуға қарсы қолданатын зат этаперазин 5 таблетка) орналасқан. Оны сіуле алғаннан кеиін тез арада және бас жарақатынан кейін лоқсу пайда болғанда 1 таблеткадан қабылдайды.

Ескерту! 8 жасқа дейінгі балаларға таблетканың 4/1 бөлігін, 8 жастан 15 жасқа деиінгі бплаларға 2/1 бөлігін береді.

70.Химиялық уланудан қорғайтын жеке пакет ИПП-8- Адамның денесі мен киіміне, жеке қорғау құралына, приборға, аспапқа түскен улы сұйық зат тамшыларын залалсыздандыруға арналған. Ол жалпақ ыдыстан (газсыздандырылған ерітіндімен толтырылған) және төрт мақталы дәрі тампонынан тұрады.
Әуелі пакетті ашып, ыдысты алады. Бұдан кейін оның тығынын ашып, тампонның бірін жақсылап малып алады. Содан соң терінің күдікті ашық жерлерін мұқият сүртеді де, қайтадан шаяды. Сонымен қатар жаға мен жеңнің ұшын міндетті түрде сүрту керек. Оны жаққан уақытта теріні күйдіруі мүмкін.
Пакеттегі сұйық улы және көз үшін қауіпі, сондықтан көздің айналасындағы теріні құрғақ шүберекпен сүртіп, таза сумен немесе ас содасы ерітіндісімен жуу керек.
Химиялық уланудан қорғайтын жеке пакет жоқ жағдайда улы заттарды қолда бар химиялық заттармен залалсыздандыруға болады. Ересек адамдардың терісін емдеу үшін алдын-ала 1 л 3%-тік сутегі тотығы мен 30гр күйдіргіш натрий даярлау керек. Оларды пайдаланардың алдында жақсылап араластырады. Күйдіргіш натрийді селикаттық желіммен ауыстыруға болады (150 гр желімге 1 л 3%-тік сутегі тотығы). Қолдану әдісі химиялық уланудан қорғайтын пакеттегі сұйықтықтікіндей. Құрғақ натрийді қолданған кезде оның тері мен көзге тимеуін қадағалау қажет.
ИПП-10 құтысының бет жағы хайуанат қабырғасына ұқсас, қақпағы ыңғайлы. Қақпақ қолданған кезде тампонды емес тікелей тері мен киімнің зақымданған жерін шаяды.

71.Жеке таңғыш пакет- Өнеркәсіпте пакеттердің 4 түрін шығарады: жеке, дәстүрлі, бір жастықшасы бар алғашқы көмек және екі жастықшасы бар алғашқы көмек пакеттері. Олар бір-бірінен жинақталу әдісімен, жастықшалар санымен, және көлемімен ерекшеленеді.

Жеке таңғыш пакеті дәкеден, екі мата-мақта жастықшасынан, жамылға мен түйреуіштен тұрады. Пакетті ашып, дәкені және таза таңғышты олардың ішкі жағына қол тигізбей алады. Жастықшалар жараның үстіне ішкі жағынан қойылады, тесік жараның астыңғы және үстіңгі жеріне қойғаннан кейін таңып тастайды, дәкенің ұшын түйреуішпен түйрейді.

Таңғыш қою тәртібі:
• Пакетті ашады, түйреуішті алып оны киімге түйрейді.
• Сол қолмен бинттің ұшын, оң қолмен бинт орамын ұстап оны бұрайды.
• Басқа заттарға тигізбей жастықшаны жараға немесе күйікке жіппен тігілмеген жағымен басады.
• Жастықшаны орайды, ал бинттің ұшын түйреуішпен бекітеді.

Жеке медициналық қорғаныс құралдарын беру және сақтау тәртібі:

Бірінші кезекте жеке медициналық қорғаныс құралдарымен категориялық қалаларда орналасқан бөлімшелердің жеке құрамдары, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері және химиялық қауіпті өндірісі бар қалалар мен елді-мекендердің халқа қамтамасыз етіледі.

Екінші кезекте медициналық қорғаныс құралдарымен категорияланған қалалардың қалған халқы, ықтимал қирау аймағында тұратын елді-мекендердің тұрғындары және қалалардың бүкіл халқы мен категорияланған объектілерде орналасқан аумақтағы өзге елді-мекендердің тұрғындары қамтамасыз етіледі.

Үшінші кезекте медициналық қорғаныс құралдарымен бүкіл қалған халық, оның ішінде ауылды жердің адамдары қамтамасыз етіледі.

Медициналық қорғаныс құралдары жеке химиялық уланудан қорғайтын пакеттермен қоса беріледі. Ол жағдайда оны кімдердің беретіндігін, кімдердің алатындығын, қашан алатындығын білу өте маңызды.

Дәрі-дәрмек қобдишасын алғаннан кейін оның жиынын тексеріп, нұсқаулық бойынша пайдалану тәртібін оқып үйрену қажет. Өте қажет болмаса қобдишаны ашу, таблеткалары бар пеналды жұлу және ауыстыру ұсынылмайды. Таңғыш және химиялық уланудан қорғайтын пакеттер орамдарының қымтылуын бұзуға болмайды.

Алынған медициналық құралдар халықты азаматтық қорғаныс басшылығының ерекше өкімін алғанша сақталады. Пайдаланылмаған пакеттер мен дәрі-дәрмек қобдишалары белгіленген тәртіппен қоймаға тапсырылады, жау шабуылының қауіпі кезінде жеке медициналық қорғаныс құралдары ке-келген сәтте әзір болуы тиіс.

Жеке бөлімшелер құрамаларына жұмысшылар мен қызметшілерге, халықтың жұмыс істемейтін басқа санаттарына, оқушыларға, студенттерге арналған медициналық қорғаныс құралдарын сақтау, күту және әзірлікте ұстау ұйымдар АҚ бастықтарына, ал қалған халық үшін қалалар мен аудандар АҚ бастықтарына жүктеледі.

Медициналық қорғаныс құралдары тікелей ұйымдардың өзіне, не болмаса, қала сыртындағы резерв қоймаларында сақталады.

72.Радиациялық барлау құралдары-Радиациялық барлау — жергілікті жердің, ауа кеңістігінің, акваториялар мен әскери объектілердің радиоактивті зақымдану сипаты, ауқымы мен дәрежесі, сондай-ақ ядролық оқ-дәрілерді сақтау (өндіріс) орындары туралы мәліметтер алу.

Радиациялық барлау әскерлердің (күштердің) ұрыс қимылдарынын барлық түрлерінде ұйымдастырылады. Оны радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері, ұшақ(тікұшақ) экипаждары, сондай-ақ радиациялық барлау аспаптарын қолдану арқылы барлық әскерлер (күштер) тектерінің барлау бөлімшелері және бақылаушылары жүргізеді.

Акваторияны радиациялық барлауды арнайы (рейдтік) кагерлер, ұшақ (тікұшақ) экипаждары, ал әуе кеңістігін радиациялық барлауды арнайы дайындалған ұшақ (тікұшақ) экипаждары жүргізіледі. Радиациялық барлау құралдарына ДП-5В, ИМД-21 және т.б. жатады.Радиоактивті сәулелерді бақылау аспаптары (ДП-22В ЖӘНЕ ДП-24) — адамдардың радиоактивті заттармен зақымданған жерде болған кезінде алған радиоактивті сәуле дозасын бақылауға және өлшеуге арналған аспаптар.

ДП-22В комплекті ЗД-5 зарядтау құрылғысынан және 50 дана ДКП-50А жеке дозиметрлерден тұрады. Зарядтау құрылғысы дозиметрлерді зарядтайды, оны қоректендіру 1,6 ПМЦ У-8 типтес екі элемент арқылы жүзеге асырылады. Қоректендірудің бір кешені аспаптың кемінде 30 сағат жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. ДКП-50А дозиметрісәуле шарпу дозасын өлшейді. Ол қарапайым ионизациялық камера, оған конденсатор қосылған. Сонымен қатар, жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ, азық-түлікті улы затпен ластануын анықтау үшін «Мастер-1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық дозиметрлері пайдаланады.

73.дозиметрлік бақылау құралдары- дозиметрлік бақылау құралдар ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24 және т.б. жатады.

74.Химиялық барлау құралдарына ВПХР, ПХР, ХУЗ, мөлшерін анықтау мүмкіншілігі бар индикаторлық түтікшелер, аспалы газталдағыштар (АГП-1),

Химиялық барлау аспаптары — ауадағы, жергілікті жердегі, ұрыс техникасындағы, киім-кешектегі және басқа да заттардағы улағыш заттарды аныктауға, сондай-ақ зақымданған материалдардан (жер, қар, су, тағам) сынама алуға және ауадағы улы немесе бейтарап түтіндерден сынама алып, іріктеуге арналған құрал. Дала жағдайында уланған заттарды анықтауға арналған аспаптардың ішінде неғұрлым кең қолданылатыны — ПХР54 және ПХР деп аталатын химиялық барлау аспаптары. ПХР-54 құралы ішіне қол сорғысы (насос), индикаторлы түтікшелері бар кағаз (таспалары, түтінге қарсы сүзгісі, сынама алуға арналған құтысы, сорғы саптамасы, корғаныш қалпакшасы) орнатылған қақпағы бар тұрқыдан (корпус) тұрады. Сонымен бірге құрал жиынтығына сынама алуға арналған қалақша, залалданған бөлікті көрсететін таспа, қалта электр фонары, жазбаларды түсіріп отыратын конверт пен нұсқау кіреді.

75.Жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-әрекеті- Ең маңыздысы - сабырлы болып, үрейсіз әрекет ету. Бірақ жылдам қозғалуыңыз қажет. Ретсіз іс қимыл жасамағаныңыз жөн, өйткені осыдан үрей туындайды. Балалар мен егде адамдардың қамын ойлаңыз (олардың кейбіреулері жылжуда қиыншылықтарға тап болуы мүмкін).
ТҰРҒЫН ЖАЙДА:

· газ, су, және жарықты сөндіріңіз;

· алдын ала таңдалған орында (іргелі ішкі қабырғалардың арасы, іргелі ішкі қабырғалардың бұрыштары, колонна жанындағы және каркас астындағы орындары) тығылыңыз;

· терезеге жақындамаңыз;

· есік жақта үрейді туғызбай, лифтіні пайдаланбаңыз.

КӨШЕДЕ:

· ғимараттардан алысырақ ашық жерге барыңыз, үзілген сымдардан абай болыңыз;

· ғимараттарға кірмеңіз.


КӨЛІКТЕ:

· мүмкіндігінше тез арада ашық жерде тоқтаңыз;

· дүмпулер аяқталғанша көліктен шықпай, орныңыздан қозғалмаңыз;

· автобус жүргізушісі есікті ашып қоюы тиіс.

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН КЕЙІН:

· сабырлылықты сақтаңыз, зардап шеккендерге көмектесіңіз;

· радиоқабылдағышты қосыңыз, жергілікті биліктің, азаматтық қорғаныс штабының нұсқауларын қадағалаңыз;

· аса қажеттіліксіз телефонды ұстамаңыз;

· зақымдалған ғимараттарға аса қажеттіліксіз кірмеңіз;

· жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киіңіздер, құтқарушы және басқа шұғыл жұмыстарға қатысыңыздар.

Жер сілкінісі кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін арналған жалпы ұсынымдар:

· жиһаздың ауыр заттары құлайтын жерде ұйықтауға болмайды. Салмақты ауыр заттарды еденге немесе қабырғаға шегелеп қою қажет.

· биік сөрелерге ауыр заттарды қоймаңыз, өйткені олар құлап адамдарды жарақаттауы мүмкін.

· егер дежер сілкінісі түнде болса шамды даярлап қою керек.

· төтенше жағдайлар туындағанда жеткілікті көлемде ішетін сумен тағам болу керек.

• Әрбір адам әр түрлі жағдайларда әрекет ету жоспарын өзі жасау керек. Жер сілкінісі кезінде өзі және отбасы мүшелерінің әрекет ету жоспарын анық білу қажет. Және де жер сілкінісі кезінде сабырлылықты сақтаңыздар.

76.Су тасқыны кезіндегі халықтың іс-әрекеті-Су тасқын кезінде, егер сізде уақыт бар болса, онда үйден кетпей тұрғанда газды сөндіріп және электротехникаларды сөндіру керек, өзінмен бірге керекті азық-түлікті (2-3 күнге), киімдерді, дәрілерді жинап алу керек.

1. Егер су тасқыны ашық жерде немесе орманда болса, онда жылдам биік жерлерге (ағашқа немесе басқа бір затқа) ұстанып қалу керек.

2. Егер сіздің жолынызда өзен тасқыны болса ең біріншіден тайаз (мелкое) жерді іздеп көріңіз.

3. Сумканы немесе рюкзакті сулап алмау үшін жоғары орынастырыныз. Егер оларды өзініз ұстасаныз онда рюкзакты иықа бір лямкаға ғана ілініз, өйткені, егер сіз суға құласаныз рюкзакті оңай тастасалуға болады.

4. Судың тереңдігін білу үшін, ұзын таяқты алыныз.

5. Суға бір аяқты мықты қойғаннан кейін ғана екінші аяқты көтерініз, судын ағына қарай бұрыш жасап қырынмен абайлап жүрініз.

Су басқан аумақтағы ададмдарды іздеу шұғыл ұйымдастырылып осы жұмысқа АҚ және ТЖ құрамалары, әскери бөлімдері, жүзу құралдарының экипажы мен басқа барлық қолда бар күш пен құралдар тартылады. Құтқару жұмыстары кезінде ұстамдылық танытып, құтқарушылар талабын бұлжытпай орындау керек. Жүзу құралдарына (қатар, қайық, желкен және т.б.) шектен тыс салмақ алуға болмайды, өйткені бұл адамдардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші кезекте балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаған жөн.

77.Өрт кезіндегі халықтың іс-әрекеті- Өрт сөндіру - өртті әрі қарай үдеуіне қарсы жасаған әрекет, өрт тудыратын жағдайды жою. Өрт сөндіруді нәтижелі өткізу үшін өртті басталған кезде жою керек. Және адамдардың тез ұйымдасып, тез қимылдауы ең бірінші шарт.
Өрт сөндіру үшін суды, судың буын, көбікті, көмірқышқыл және инертті газдарды, құмды, мата жапқыштарды қолданады.
Су ең арзан, тез табылатын, қолда бар, күшті өрт сөндіру құралы. Суды үлкен де кіші өрттерді сөндіруге пайдаланады. Тек электр тоғынан, тез өртенетін сұйықтардан шыққан өртке қолданбайды. Судың өрт сөндіруге жарайтыны – оның ыстықты жақсы басатын қасиетінде.
Сондықтан өртеніп жатқан заттарға су құйғанда ыстығы тез азайып, қалған ыстықты судан шыққан буы да азайтады.
Өрт сөндіру қызметі ең алдымен сумен қамтамасыз етуді ойластырады. Суды өрт шыққан жерге жеткізу су құбырлары, өрт сөндіру су айдыны және табиғи су көздері арқылы өткізіледі.
Сәулеттерде сыртқы су құбырларымен қатар ішкі су құбырлары жасалады. Өрт сөндіруге арналған су құбырларының жоғары қысымды және төқмен қысымды түрлері болады.
Мекемелерде су құбырларынан басқа қоймалардың жанында ашық немесе жер асты су айдынын жасайды. Кейбір заводтарда су буының қоры көп болады. Судың буы да өрт сөндіруде үлкен көмегін тигізеді. Өртті көбікпен де сөндіреді. Көбікті қатты заттарды және тез өртенетін сұйықтарды сөндіруге қолданады. Өртті көмірқышқыл газбен де сөндіреді. Бірақ осы газбен өрт сөндіргенде үй ішінде адамдар болмау керек. Өрт сөндіруге арнайы үгінді өрт сөндіру тетіктері де пайдаланады.
Өрт сөндіруге жәрдемді дер кезінде шақыруға, объектінің ағашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуына, оның іске жарамдылығына, жергілікті өрт сөндіру тобының іскерлігіне, жуапкершілігіне өртті неғұрлым тез тез сөндіру ісі тікелей байланысты.
Кейбір жағдайда адамдар өрт сөндіру жәрдемін уақытында шақырмай, өз күштерімен өртті сөндіруге тырысады. Ол дұрыс емес.
Өрт шыға салысымен кез келген адам өрт сөндіру тобын шақыруға тиіс. Телефон арқылы жәрдемді шақырып, мекен-жайды анық, дұрыс хабарлау керек, өз аты-жөніңізді айтуға ұмытпаңыз.
Егерде электрленген сигнализацияны пайдаланғанда, кері сигналды күтіп жәрдем келгенше төменде көрсетілген шараларды жасау керек.
а) электр жүйесін өшіріп тастау керек;
б) желдеткіштерді тоқтатып қою;
в) технологиялық қондырғыларға тез өртенетін сұйықтарды жеткізуін тоқтату;
г) объектілерден материалды құндылықтарды көшіріп әкету;
Өрт сөндіру тобы келген соң қызметкерлер мен жұмысшылар өрт сөндіруге көмектеседі.

78.Баршаның назарына құлақтандыру сигналы бойынша іс – қимыл тәртібі
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы төтенше жағдайлар болғанда не қауіп-қатер төнгенде халықтың назарын аударуға қосылатын «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы бойынша іс-қимыл тәртібін білуге және орындауға тиіс.

"Баршаның назарына!" дабылы соғылғанда халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті. Таратылатын ақпарат түрлі сипатта болуы мүмкін: химиялық қауіпті объектідегі немесе теміржол көлігіндегі апатты, химиялық, радиоактивті жұқтыруды, стихиялық ауыртпалықтарды, әуе қауіп-қатерлерін және басқа да адам өміріне қауіп тигізетін төтенше жағдайларды, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін әуе қаупі мен басқа да төтенше жағдайлардың мүмкіндігі, сондай-ақ халықтың осы төтенше жағдайлардағы іс-әрекеті жайында.
Сөйлеу арқылы берілетін ақпарат мәтіні қазақ және орыс тілінде беріледі.


Алыс қашықтықта орналасқандықтан сирена дыбысы естілмейтін және орталық радиохабардың дауыс зорайтқышы жоқ жерлерге «Баршаның назарына!» дабылы мен сөйлеу ақпаратын дабыл тарататын қондырғымен жабдықталған арнайы көліктер арқылы таратылады. Туысқандарыңыз, достарыңыз бен көршілеріңізге естімеген болар, сондықтан да оларға хабарлаңыздар. Кез-келген үрей мен қанқу сөздің болдырмауын қадағалаңыз!

Бұл сигнал бойынша тұрғындар теледидар, радио және тағы да басқа ақпарат қабылдайтын құрылғыларды қосып, берілетін ақпаратты мұқият тыңдап, талаптарын әрекеттердің реті және өзін өзі ұстау ережесіне сәйкес орындауы міндетті.

Қауіптің төнгені туралы уақытылы хабардар ету, аумақтағы жағдай және төтенше жағдай кезінде әрекет ету тәртібі туралы ақпаратты тұрғындарға жеткізу халықты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған негізгі шаралардың бірі.

Тұрғындарды құлақтандыруға 2-3 минут аралығында элетрдабылдар арқылы «Баршаның назарына!» сигналын және төнген қауіп сипатын, пайда болған жағдайда әрекет ету тәртібін мемлекеттік және орыс тілдерінде жеткізу саналады.

Тұрғындарды құлақтандырудың негізгі тәсілі – хабардар ету жүйелері арқылы мәтіндік хабарламаларды жіберу. Жедел хабарламалар әуе қаупі, химиялық, радиоактивті улану, химиялық қауіпті нысандарда және темір жолдарда аппаттар туындаған жағдайда, басқа да халыққа қауіп төндіретін ТЖ және табиғат салдары кезінде жіберіледі.

Құлақтандыру туралы ақпарат ұйымның меншік түріне қарамастан радио, сымды байланыс каналдары, радио жүйелері, теледидар және басқа да техникалық құралдармен жүзеге асырылады. 79.Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың аймағын анықтау-80.Шаруашылық жүргізу нысандарын,қызметкерлерін мен жұмысшыларын инженерлік қорғау

Инженерлік қамтамасыз ету (Инженерное обеспечение) — зақымдану ошағында жеке құрамды, халықты қорғау және эвакуациялау шараларын жүргізу. Бұл міндеттерді АҚ бастығының шешімі бойынша арнайы құрылған инженерлік-техникалық жасақтар орындайды. Инженерлік қамтамасыз етуге мыналар қамтылады:

1. жолдар мен көпірлердің және жол құрылыстарының күтіп ұсталуы мен жөнделуін қамтамасыз ету;

2. жөнелту және қабылдау пункттерін, жаяу адамдар жүретін бағыттарда лектік жолдарды, халықты қатыстыра отырып, паналау орындарын, жасақтар мен техниканы орналастыратын бастапқы аудандарды, су алатын және оны тазартатын пункттерді жабдықтау; суға өткелдер салу;

3. инженерлік барлауды ұйымдастырып, жүргізу және күштердің (құралдардың) зақым ошағына кіруін қамтамасыз ету, оған жолдар салу, үйінді басып қалған паналау ғимараттары мен тасалану орындарын ашу; коммуналдықэнергетикалық жүйелердегі аппаттардын зардаптарын оқшаулап, жою;

4. бүркемелеудің инженерлік шараларын жасау, жаппай зақымдану ошағындағы зардаптарын жою;

5. жарылмай қалған снаряд, бомбаларды тауып, жою.








Date: 2016-05-24; view: 1566; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.016 sec.) - Пожаловаться на публикацию