Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Олданылған әдебиеттер 5 page





Референдумда алжирлік халықтың өз тағдырын өзі шешуін құптау және бұған дейінгі уақытша орындаушы билікті алдын-ала ұйымдастыру сауалы қойылды. Метрополияда 27 миллион тіркелеген сайлаушылардың, 21 миллионы ғана дауыс беріп, оның 15 миллионы «иа» деп, ал 5 миллионы «жоқ» деп жауап берді[ 19, 38б.].

Ультраотаршылар Қарсыласу дәстүріне сүйеніп, Алжирдің өз тағдырын өзі шешудің жақтастарына террор жарияламақшы болған бейресми «Құпия әскер ұйымын» (ҚӘҰ) құрды. Оның басшылары бұрынғы Қарсыластықтың қайраткерлері Бидо, Сустель және Алжирдағы француз әскерлерінің қолбасшысы генерал Салан. 1961 жылы көктемде, де Голль француз үкіметі дербес алжирлік республикасының құрылуына келісімін білдіруін және Алжир Республикасының Уақытша үкіметімен ресми келісімдер жүргізуге дайындығын айтқаннан кейін, ультротаршылар қайтадан бүлік бастады. 1961 жылғы 22 сэуірге қараған түні ҚӘҰ ұйымдастырушылары Алжирдағы француз қолбасшылығы қолдауымен Алжир астанасында билікті басып алды. Бүлікшілер президент пен үкімет «аяққа тапталды» деп және алжирлік көтерісшілерге қарсы соғыс қимылдарын жалғастыру үшін билікті әскер өз қолына алатынын жариялады. Басында Салан отырған бүліктің жетекшілері Парижғе парашютистер десантын түсіруге және әскери диктатура орнатуға ниет білдірді.

1961 жылы 24 сәуірде Францияда бірсағаттық жалпы саяси бой көтеру орын алды. 12 миллион адам қатысқан бой көтерудің жемісі халық массасы бүлікшілерге тойтарыс көрсетуге дайын екенін көрсетті. Алжирдің өзінде солдаттар мен республикандық-офицерлер бүлікшілерге бағынудан бас тартты. 25 сәуірде де Голль конституцияның 16-шы бабына сүйеніп бірінші және ақырғы рет биліктің барлығын өз қолына алып, «көтерілісті барлық құралдармен жоюға» бұйрық берді[23, 73б.].

1962 жылы Эвианда басында Луи Жокс отырған француз делегациясы мен басшылығында Белькасем Крим отырған АРУҮ делегациясы арасында жаңа келіссөздер басталды. Уақытша атқарушы органның сәйкес өкілдігі, француз әскерінің жоғарғы комиссары, француз әскерлері мен жергілікті қарулы күштер арасындағы функцияларды үлестіру, референдумнан кейінгі француз әскерлерін орналастыру сауалдары туралы қызу пікір алмасу сәтті аяқталды. 1962 жылы 18 наурызда Эвиан келісімдеріне қол қойылды. 19 наурызда Алжирда әскери қимылдар аяқталды. «Алжирлік мемлекет сыртқы және ішкі істерінде толық әрі қалтқысыз егемендікті қолдана алады. Бұл егемендік барлық облыстарға, оның ішінде қорғанысқа және сыртқы қарым-қатынасына таралады. Алжирлік мемлекет еркін түрде өзінің жеке институттарын құрады және өзінің ықыластарына сәйкес келетін деп санайтын саяси, әлеуметтік құрылысты таңдайды. Сыртқы жоспарында ол зайырлы түрде саясатты өз таңдауы бойынша дайындап, оны жүргізеді»,-деп Эвиан келісімінде айтылды. Франция осылайша, алжирліктердің тәуелсіздік құқықтарын мойындауға мәжбүр болды[24, 34б. ].

Алжирлік соғыстың аяқталуы мен Эвиандық келісімдерге қол қою Бесінші республиканың алғашқы кезеңін қорытындылады. 1963 жыл Францияға 20 жылдық үздіксіз соғыстан кейінгі, бірінші нағыз бейбіт жыл болды.

 

Бесінші республиканың өмір сүрген алғашқы жылдарындағы де Голльдің Атлантикалық антиинтеграциондық бағыты.

Соғыстан кейінгі уақытта Францияның сыртқы саясатының маңызды облыстарының бірі АҚШ жәнс НАТО-мен өзара түсінстікте болу еді.

Төртінші республиканың жетекшілері АҚШ-пен одақ сенімді әрі Францияның мемлекеттік мүдделерінің қорғаны деп сендірді. Олар Францияның күштерін НАТО-ның қарулы күштеріне интеграциялауға барды, Францияның АҚШ-қа деген саяси және әскери тәуелділігіне мойынсұнды. Бұндай бағынуды сол кездегі Франция басқарушылары жалпы қалыпты, тек аздап, бірақ түбегейлі емес түзетулер қажет деп санаған. Бірақ та, 50-жылдары француздық экономикалық және әлеуметтік потенциалы біртіндеп қалпына келе бастады, сәйкесінше Францияда американдық қамқоршылық тәуелсіздігін азайтуға ұмтылыс пайда бола бастады. Әсіресе, бұл процесс билікке генерал де Голльдің келуімен күшейді.

АҚШ жетекшілері де Голль «қатал» саясат арқылы Францияны Батыс Еуропаның «ауру адамдарының» бірінен, «азат әлемнің» бір туындысы айналдырады деген сенімде болды. Сопымен қатар, АҚШ-тың басқарушы топтары де Голльді екінші дүниежүзілік соғыстағы тәжірибесі бойынша және соғыстан кейінгі басқа жағынан танитын еді. Олар оның тек қана «қаттылығын» ғана емес, сондай-ақ ұлттық тәуелсіздік саясатымен, Атлантикалық ұйымның қайта құрылуына талпынуы арқылы біраз қиындықтар туғызатын «қиын» одақтас екенін де білді.

Сондай-ақ, АҚШ Францияны интервенцияны әлемнің әрбір ауданында қабылдау туралы шешім кезінде жеткіліксіз түрде хабардар етуі де, осындай шешім қабылдар кезде онымен кеңеспеуі де де Голльдің сақ болуына түрткі болды. Ол Франция мүдделері мен жауапкершілігі бүкіл әлемге тарайтын держава, ал өзінің қауіпсіздігіне американдықтар қол тигізуі мүмкін деп атап көрсетті. Бұл жөнінде кейіндері Бесінші республиканың көшбасшысы өзі былай деді: «Құрама Штаттар Кубамен қарым-қатынасын үзіп, бізге ол жаққа кемелерді жіберуге тиым салуды ұсынғанда, біз Гаванада елшілігімізді сақтап қалып, эмбарго салудан бас тарттық»; «... біз американдықтарды Оңтүстік Американы өзінің билігіне бағындырғаны үшін сынауға аламыз», «... біз өзіміздің қарулы қосылыстарымызды СЕАТО-ға беруден бас тартамыз» және тағы басқалары.

Де Голль алғашқы рет Англия мен АҚШ алдына Солтүстікатлантикалық одақ жүйесін өзгерту туралы ұсынысты 1958 жылы маусым-шілде айларындағы Макмиллан мен Дж. Даллеспен кездесуінде қойды.

«Шарль де Голльдің үш өмірі» атты кітабында Д. Шенбрун бұл жөнінде кейбір қызықты нақтылы және құжаттық мәліметтерді келтіреді. Де Голль билікке қайтып келгеннен кейін бес күннен кейін Макмиллан Вашинтонға бағыт алып, онда Эйзенхауэрмен деголльдік билік орнауы НАТО-ға қандай әсерін тигізуі мүмкін деген мәселені талқылады. Деголльдік концепциялар анализі бар эксперттердің алдын-ала дайындаған жазбалары зерттелді. Болжамдар жүбатарлықтай емес. Қарым-қатынасты талқылау және әрекеттерді келісу үшін Макмиллан, кейін Даллестің Парижге сапарға шығуы шешілді.

Даллестің өзінен алынған және француздық пен американдық өкілдік мұрағаттар құптаған, шамалы анық мәліметтерге сүйеніп, Д. Шенбрун осы келіссөздердің мазмұны жөнінде келесіні жазады. Бұдан кейін де Голльмен 3 сұрақты талқылады: 1) алжирлік саясатты, 2) атлантикалық саясатты, 3) атомдық саясатты (үш «А») [23, 18б. ].

Де Голль Атлантикалық одақ жүйесінде Франция «әлемдік жауапкершілігі бар» держава рөлін ойнау керек дегенде тұрды3, Англия қандай рөльге ие болса тура сондай, тек Батыс Германия және Италия сияқты емес. Сондай-ақ АҚІІІ Францияға атомдық құпияларды ашу мәселесі қойылды.

Деголльдік Батыстың күштерін қайта құру концепциясына АҚШ өзінің американдық концепциясын қарсы қойды, бұған сәйкес Францияға әлемдік емес, көршілес жатқан, АҚШ-қа бағынышты Рейн мен Альпі сияқты континентальді держава рөлі берілетін еді. Осы және американ жетекшілерінің де Голль Францияны атомдық державаға айналдыруға итермелеуі Бесінші Республика мен АҚШ арасындағы даудың пайда болуы мен ушығуының негізгі себептерінің бірі.

Бесінші Республика көшбасшыларының Атлантикалық одақты өзгертуге деген талпынысы толық әрі ресми түрде де Голльдің 1958 жылы 17 қыркүйекте Эйзенхауэрге жазған құпия хатында көрініс тапты, ол екі бөлімнен тұратын: өзінің Эйзенхауерге арналған қысқаша хаты мен кеңістіктік меморандумы.

Де Голль бірінші бөлімде, «одақтың қызметінен» туындап отырған, американдықтар мен француздықтар арасындағы проблема жөнінде мазасыздығын білдірді. Екінші, басты бөлімде де Голль Ливандағы американдық интервенциямен қоса, 1959 жылы жазда болған халықаралық дағдарысты талқылап, Еуропадан тыс пайда болған жергілікті дағдарыстар әлемдік дауға, жалпы бірдей соғысқа алып келіп, одан Францияға туындайтын қатерге қауіп білдірді [25, 23б.],

Де Голль тек НАТО-ны қайта құру мәселесін, дұрысырағы, француз үкіметінің қажеттілктеріне деген оның құрылғылары жөнінде айтты: қазіргі формадағы НАТО француздардың қажеттіліктеріне бұдан былай жауап бере алмайды, немесе Франция әлемніц басқа көптеген аудандарына Англия, АҚШ сияқты жауапкершілік артпайды.

Әлемдік саясат пен стратегияны дайындау үшін жасалған үшжақты американ-англо-француздық директорат орнатумен қатар қайта құру, планета көлеміндегі мүмкін деген операциялык театр басшылығын құруда да тұру керек болды. Бұл жерде де Голль француздық жетекшілікпен НАТО-ның американдық басшылығын құруға ұмтылды.

Меморандумда Бесінші республиканың көшбасшысы осы мезеттен бастап Франция өзінің НАТО-ға қатысуын өзінің әлемдік мүдделерін танытуда және халықаралық стратегияны дайындауда үйлестіретінін айтты [26, 196б.].

Д. Эйзенхауер француздардың НА'ГО-ның территориялық қызмет сферасын кеңейту талабында да қолдамады. Ол формальді түрде атлантикалық жүйені «жақсарту» мен «жетілдіру» мәселесін «оның барлық қатысушылары мүддесінде» әрі карай қарастыруға келісім білдірді, бірақ та де Голльге жауабының мәні мынадай: АҚШ әрі қарай да атлантикалық жүйені пайда болған күйінде қолдау және ондағы гегемониясын сақтап қалу.

Қаншама жыл қатарынан (1962 жылға дейін) де Голль американдықтарды екінің бірін таңдау алдына қоюға талпынды: не олар кыркүйектік меморандумдағы ұсынысты қабылдайды және атлантикалық жүйені өзгертуге келіседі, не Франция НАТО-дан бөлініп кетеді.

Де Голль келесілерге талпынды:

1. НАТО реформасына бағытталған өзінің позициясын, құпия хат алысу және халық алдында сөйлеулер жолымен ұстану.

2. АҚШ тұтастай билеген, ал Франция аяқ асты қауіп-қатерлерге ұшырауы мүмкін тәуелді жағдайдағы Францияны НАТО-дан біртіндеп, бір жақты жолмен бөлектеу.

Біріншісі де, екіншісі де бір басты мақсатқа бағынды Францияның халықаралық беделін көтеру, оның әлемдік рөлін мойындату.

1959-1961 жылдар арасында франко-американдық қарым-қатынаста түбегейлі өзгерістер болған жоқ. Деголльдік үкімет бұрынғыша Францияның әлемдік жауапкершілігін мойындату, сондай-ақ Алжирдегі ұлт-азаттық күресте АҚШ пен Англияның үлкен қолдау көрсетуі базасында НАТО-ны қайта құруға және үшжақты директоратгты жасауға қол жеткізуге тырысты. АҚШ болса Батыстың күштерін ұйымдастыру жүйесін интеграциялауды, ондағы өзінің гегемониясы мен Солтүстік Африкадағы ұлтшылдардың голлизімі шыңында олармен ойын жүргізуді ұстанды.

Жасырын хат алысу нәтижесінде керек нәтижеге қолы жетпегеннен кейін де Голль НАТО-ны қайта құру мәселесін ашық түрде қою немесе НАТО-ны уақыт ағымына сәйкестендіру арқылы даудың орталық ауыртпалығын халық аренасына шығарды. Бұны ол 1960 жылғы 5 қыркүйекте пресс-конференцияда жария етті.

Бірақ та, де Голльдің халық алдында Атлантикалық одақты қайта құруға шақыруы, жасырын хат алысудағы шағымдары сияқты, АҚШ-тың Франция үкіметінің атлантикалық концепциясын қабылдамау ықыласына тірелді.

Бұған жауап ретінде француз үкіметі НАТО-ның әскери-стратегиялық шараларына қатысудан бас тартты. 1958 жылдың жазында Франция өз территориясында ядролық боеголовкалары бар орта қашықтыққа ұшатын американдық зымырандардың құрылғысын орнатуға рүқсатын берген жоқ, бұның алдындағы француз үкіметі бұған рұқсат еткен еді.

Өзінің бас тартуын де Голль зымырандар мен оның боеголовкаларын қолдану кезінде оған бақылау мүмкіндігі берілмеуімен түсіндірді. Бұдан кейін 1959 жылы наурызда француз үкіметі Жерорта теңізіндегі флотын соғыс кезінде НАТО басшылығына бермеуге шешім қабылдады.

Де Голль өзінің тәуелсіз атом күштерін жасау тәжірибесіне кірісті. 1960 жылы ақпанда Алжирдың Регган полигонында алғашқы француздық атом құрылғысын сынау сәтті аяқталды. Осыған байланысты де Голль ұлтқа жолдау жасады, ол мынадай сөздермен басталды: «Ура Франция! Бүгіннен бастап ол күштірек әрі тәкаппар болады». 1963 жылдың соңында француз қарулы күштерінде 50 килотонна атом бомбасы болды, ал келесі жылдың қаңтарында осы бомбаларды көзделген жерге жеткізетін «Мираж IV» самолетін жасау басталды.

Де Голль Францияда американдық атом бомбаларының қоймасын салуға келісімін берген жоқ. Бұл американдық басшылқты 1960 жылы Франциядан Англияға және Батыс Германияға өзінің 200 атомдық жойғыш- бомбалаушыларын ауыстыруына мәжбүрледі [8, 87б.].

Солтүстік-Атлантикалық одақпен қайшылықтың шиеленісуі, оныц әскери ұйымынан Францияның шығуы.

Алжирдегі соғыс аяқталғаннан кейін, Бесінші Республиканың сыртқы саясаты дамудың жаңа фазасына аяқ басты.

Соғыстың аяқталуы де Голльге НАТО, АҚШ-пен қарым-қатынаста тәуелсіз әрі қатты бағыт ұстануына, өзінің ықпалын күшейту күресін кең өрістетуге мүмкіндік туғызды. Де Голль Батыстың және Шығыстың елдеріне қатысты тәуелсіз саясат жүргізуді, қажеттілігіне қарай екі жақпен келісімдер мен одақ жасасуды, батысеуропалық бірлестікті АҚШ-тан тәуелсіз экономикалық, саяси, әскери күшке айналдыруды жоспарлады. Бұның бәрі соңында бір мақсатқа - «Францияның ұлылығын, бұрын болған әлемдегі рөлін қалпына келтіруге» бағындырылды.

Франция президентінің сыртқы саясаты АҚІІІ көшбасылары жағынан қарсы әрекеттерге тірелді, себебі олар өздерінің Батыс Еуропадағы гегемониясына қауіп төнгенін көрді. Ол сондай-ақ тағы да бір, Д. Кеннеди жасаған американдық жоспармен соқтығысты, бұған сәйкес АҚШ-тың барлық ниеті Францияның ниеттеріне қарама-қарсы еді.

Жауап, ретінде де Голль өзінің АҚШ саясатына деген позициясын күшейте түсті. Франция АҚШ-тың Конгодағы әрекеттерін айыптады, өйткені ол бұнда БҰҰ-ның қалқалауымен Лумумбаны ығыстыруға қатал түрде кіріскен еді. Кеннеди бұл істе де Голльге қатысуына ұсыныс жасады, бірақ та ол бас тарту әрекетіне кез болды. Олардың арасында басқа да өткір түсініспеушіліктер болды. Кубамен арадағы қарым-қатынасты үзгеннен кейін, АҚШ Францияға соны істеуді ұсынды, бірақ та Франция Кубадағы елшілігін сақтап қалды.

1963 жылы НАТО басшылығының бағыныштылығынан барлық

француздық әскери теңіздік күштер шығарылды. Егер де бұның алдында

көктемде НАТО әскери жүйесінен жерорта теңіздік эскадра алып тасталынса, онда қарастырылып отырған кезеңде Францияның барлық ӘТК (ВМС) деинтеграцияланғаны айдан анық болды. Осы жағдайларда 1964 жылы сәуірде Бесінші республиканың үкіметі НАТО-ның теңіздік штабтарына қатысуын тоқтатты, онда тек байланыс миссиясы ғана қалды. 1964 жыл қыркүйекте НАТО-ның Атлантикадағы теңіздік маневрлері француздық сүңгуір қайықтардың қатысуынсыз өтті.

Кейінірек Бесінші республиканың өкілдері Франция НАТО-ның кезекті стратегиялық оқуларына қатыспайтынын жариялады, себебі өткізіліп жатқан оқулар француздық концепцияларға сәйкес келмейтін стратегиялық концепцияларға сәйкес өткізілетін еді. Сол уақыттан бері Франция НАТО осы сияқты ешқандай әскери шараларына қатысқан жоқ. Осымен қатар де Голль француз-американдық барлау қызметгеріне байланысты әрекет етуші келісім шарттың көзін құртты [1,116б.].

1965 жылы қарашада Солтүстікатлантикалық одақтың Кеңесімен басшылығында АҚШ тұрған, НАТО-ның 10 елінің арнайы уақытша комитеті құрылды. Комитет өзінің мүшелерінің ядролық жоспарлау және кеңесудің әртүрлі аспекттеріндегі белсенділігін арттыру үшін, ал іс жүзінде батысеуропалык елдерді американдық атом саясатына бағындыру үшін ұйымдастырылды.

Францияға осы арнайы комитетке («Макнамара комитеті») қатысу ұсынылды. Бірақ, Бесінші республиканың үкіметі бұл ұсынысты қабылдамады, бұдан әрі американдықтар 1966 жылы жасаған ядролық қорғаныс Комитеті мен ядролық жоспарлау Тобына қатысудан да бас тартты.

Де Голль АҚШ саясатын сынауды жалғастырудың бірде-бір

мүмкіндігін жіберген жоқ. Олардың Вьетнамдағы интервенциясы өсуіне қарай, ол оларды көбірек сынай түсті, 1965 жылы мамырда СЕАТО-дан француздық өкілдерді шақыртып алды, американдардың Доминикан республикасына кірісуін айыптады. Ол Вашингтонды тіпті ескертпестен, ірі сыртқы саяси шараларды қолға алды. 1964 жылы де Голль Францияның КХР-ді мойындауын жариялады. Бұған жауап ретінде АҚШ Францияға бұл «санасыз қадам» жөнінде наразылығын білдіріп, өткір нота жіберді. Осы жылы де Голль Францияның теңіз ар жағындағы Латын Америкалық департаменті Мексикаға, Гваделупаға, Мартиника мен Гвианаға барды және осы аймақтағы американдық саясатты өткір айыптады.

1965 жылы де Голль доллар мен фунт стерлингке соғыс жариялаған кезде, АҚШ-пен қарым-қатынас одан сайын ушығып кетті. Де Голль халықаралық есептесуде долларды қолданудаи бас тартуға шешім қабылдады және бірыңғай алтын стандартқа көшуді жоспарлады.

1966 жылы наурыздың басында де Голль Солтүстікатлантикалық блоктың әскери ұйымынан шығу жөнінде біржолата шешім қабылдады. Де Голль Л. Джонсонға ресми түрде, Франция «интеграцияланған басшылықтағы өзінің қатысуларын тоқтатуға және НАТО қарауына өзінің қарулы күштерін бермеуге» шешім қабылдайтынып хабарлады.

Атлантика келісімі ұйымы француз үкіметінің пікірі бойынша, жаңа жағдайларға жауап бере алмайды. НАТО-ның әскери ұйымынан шығуға шешімді Бесінші республиканың жетекшілерімен, олар Атлантикалық блокты қайта құруға келісімдер арқылы қол жеткізе алмайтынын білгеннен кейін қабылданды.

Ол келесілерді білдірді:

1) Батыс Германияда орналасқан барлық француздық құрлықтық және әскери әуе күштерін НАТО басшылығының бағыныштылығынан шығару;

2) Францияның барлық интеграцияланған атлантикалық басшылыққа қатысуын тоқтатуы;

3) Фрапциядан олардың басшылықтары мен штабтарын басқа елдерге ауыстыру;

4) Францияда орналасқан барлық американдық және канадалық әскери бөлімдерді, штабтарды, базаларды және басқа да тәскери құрылымдар мен элементтерді жою.

Басшылығында АҚІІІ бар НАТО-ның барлық 14 елі Францияның антиинтеграциялық позициясына қарсы шықты және өздерінің тек Атлантикалыққа одақтың ғана емес, оның әскери ұйымының да жолын ұстанатынын ресми дәлелді.

Бұған қарамастан Франция өзінің антинатолық саясатын жүргізе берді. 1966 жылы 29 наурызда Атлантикалық одаққа жолданған жаңа меморандумда ол атлантикалық қарулы күштер құрамынан барлық француздық бірлестіктерді шығаратынын, НАТО штабынан француздарды шақырып алатынын және француздык территориядағы шетелдік базалардың, аэродромдардың, қоймалардың және тағы басқалардың жойылатынын жариялады. Франция 33 мың солдат пен офицері бар 29 базаның эвакуациясының графигін ұсынды. Барлық операция 1967 жылғы 1 сәуірде аяқталуы тиіс. НАТО-ның француз территориясына сүйенғен барлық әскери- стратеғиялық құрылымы құлдырай бастады.

Францияның НАТО интеграциялық жүйесінен шығуы Атлантикалық одақты әлсіретті. Францияның әрекеті одақтың басқа еуропалық мүшелеріне, Европа мен басқа аудандардағы американдық гегемонияға олардың оппозициясының күшеюіне әсер етпей қоймады.

Қаншама жылдар бойы Вашингтонда болып, 1966 жылы Брюссельге ауыстырылған НАТО-ның Әскери комитетінің жұмыстарына қатысуын Франция 1966 жылдың қазанында тоқтатты.

1967 жылы сәуірдің басында Франциядан барлық америкалық және канадалық базалар, қоймалар және әскери инфрақұрылымның басқа да элементтері, яғни Бесінші Республика жетекшілерінің пікірі бойынша Францияның егемендігін шектеп және бүлдірушілердің барлығы эвакуацияланды.

1967 жылы күзде біржолата жүзеге асқан, Францияның НАТО-ның әскери ұйымынан территориалды және ұйымдасқан түрде шығуынан кейін, Бесінші Республиканың жетекшілері бірден француздық саясат пен стратегиясының дамуында өзгерісті білдіретін жаңа, маңызды позициялық

актты қолға алды. Бұл акт «барлық азимут бойынша қорғаныс» дайындау қажеттілігін жариялаудан тұрды [27, 407б.].

Кеңес-француздық қарым-қатынастар

Шарль де Голль географияны жақсы білетін. Басқа саясаткерлерден айырмашылығы, ол Еуропа Атлантика мен Эльба аралығындағы кеңістікпен ғана шектелмейтінін, Оралға дейін созылып жатқанын білетін. Сондай-ақ ол коммунистік доктиринаны бөліспеуге, кеңес жетекшілерінің жекелеген қадамдарын қолдамауға, КСРО-ның Европадағы және әлемдегі рөлін ешқандай жағдайда елемеуге болмайтынын да түсінетін.

Де Голльдің Ресей және КСРО-мен тікелей танысуы 1944 жылы, Франция уақытша үкіметінің төрағасы ретінде Мәскеуге келгенде болды. Сталинмен бірінші сөйлесуі кезінде 1944 жылы 2 желтоқсанда де Голль былай деді: «Францияның бақытсыздыққа ұшырауының негізі, Франция Ресеймен болмауында, онымен ешқандай келісім, әсері бар келісім-шарттар жасаспауында». Бұған Сталин жауабы: «Франция мен Ресейдің бірге болмау жағдайы бізге де бақытсыздық әкелді». Шарль де Голльдің КСРО ресми баруы кезінде оның Сталинмен келіссөздері жалпы алғанда 15 сағатқа дейін созылып, 1944 жылы 10 желтоқсанда кеңес-француздық өзара көмек жөнінде Келісім жасасуымен аяқталды. Ол Францияның әлемдік аренада беделін нығайтуға мықты негіз болды және істің мәнінде деголльдік тәуелсіз сыртқы саясаттын бастамасы болды. Негізінде осы КСРО-мен одақ жасасу Францияға ұлы держава құқығының қайтып келуін қамтамасыз етті. Осының тікелей салдары Францияны жеңген державалардың Потсдамдық конференциясына қатысуға шақыру болды.

Date: 2016-05-24; view: 418; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию