Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Олданылған әдебиеттер 3 page

26 мамырда де Голль Ля Буассериге Жоғарғы Марна Марсель Дьебро деиартаментінің префектісін шақырып алып, үкімет басшысы Пфлимленгке саяси мәселеге байланысты кездескісі келетінін жеткізуді тапсырды. Кездесуде Пфлименг елдегі жағдайды мәлімдеп, Алжирдегі әскери бағынбаушылықты де Голль авторитетін пайдалану арқылы тоқтатуды сұрады. Ал де Голль тарапынан Пфлимленгтің өз еркімен өкімет басынан кету мәселесі қозғалды. Уақыт өткен сайын күрделеніп келе жатқан Франция жағдайын шешуде Пфлимленг қолынан түкте келмеді. Себебі өкіметке бағынбай бара жатқан армия арасында тек де Голль беделі ықпалды болды.

28 мамырда премьер-министр Пьер Пфлимленг отставкаға кетті.

31 мамырда де Голль «Лаперуз» қонақүйінде парламенттің партиялық топ өкілдерін жинады. Жиналған партиялардың арасында тек коммунистер болмады. Де Голль өкіметті құтқарудың алғашқы қадамдарын жасады. Андре Мальро мәдениет министрі портфелін алды, төрт мемлекеттік министр Ги Молле, Пьер Пфлимленг, Феликс Уфуэ-Буаньи, Лун Жакино және Мишель Дебре Жаңа Конституцияның жобасын құрастыруға тағайындалды, Голь Бакон, Макс Ложен финанс министрліктерін қолға алды. Кув де Мюрвиль сыртқы істер министрі, Эмиль Пеллетье ішкі істер министрі болып тағайындалды, де Голль басшылығымен жұмыс атқаруға шешім қабылдады. Ал де Голль Алжир мәселесі бойынша министрлікті өз қолына алды [3, 269б.].

Де Голль өзінің «Мемуары надежд» ецбегінде жағдайды былай сипаттайды: «Барлығы шешілді. Тек формальды түрдегі мәселелерді шешу қалды. Рене Коти билікті тапсыру ісімен айналысуда. Мемлекет қиын заманды артқа тастап, жаңа билікке зор үміт артты. Халық менің билік басына келуіммен байланысты елде тәртіп орнатылды деп сенуде. 12 жыл өткеннен кейін Франция басына төнген апатты жылдардан қайтадан оны құтқару міндеті тұр. Француз халқының маған сенім білдіріп, билігімді мойындағаны бұл сенімді ақтауды қажет етеді. Ендеше жаңарту жолында өз қызметімді бастаймын» - деп Алжир мәселесі, қаржы, валюта, сыртқы саясат мәселелерін шешуге кірісті. Әсіресе мемлекеттің жаңа құрылысын құрастыру жұмысына үлкен мән берді [15, 97б.]. Мемлекеттің құрылысын 1946 жылы 16 маусымда сөйлеген сөзінде негізін салған болатын, енді «Байе Конституциясының» жүзеге асырылуын қадағалады. Сөйтіп, де Голль өзінің «мықты мемлекет» концепциясын практикада қолдануға мүмкіншіліктер алды.


 


I тарауда пайдаланылған әдебиеттер:

1. Молчанов Н.Н «Генерал де Голль», М, 1963.

2. Ибрашев Ж.У «Политическая концепция Ш. Де Голля», Алматы. 1971.

3. Молчанов Н.Н Четвертая Республика М,1963.

4. Смирнов В.П «Новейшая история Франции 1918-1975» М, 1979.

5. «Демократическая республика Вьетнам», М. 1955.

6. История Франции в 3 т, ред. А.З Манфред. 1973.

7. Константинова Т.П Коммунистическая печать Франции в период Четвертой Республики.(1947-1958) М. 1977.

8. Чернега В.Н Буржуазные партии в политической системе Франции. М. 1987.

9. Смирнов В.П Франция в XX веке М. 2003.

10. Борисов Ю.В Новейшая история Франции 1917-1964гг.

11. Панда Р.Г История Алжирской революции 1954-1962гг.

12. Константинова Т.П Коммунистическая печать в политической системе Франции. М. 1977.

13. Молчанов Н.Н Генерал де Голль. М. 1980.

14. Арзаканян М.Ц Мишель Дебре. Вопросы истории 2002ж.№ 1.

15. Ш. Де Голль. Мемуары надежд- Новая и новейшая история, N«5. 1993.

II- тарау. Франциядағы голлизм кезеңі. V Республика

2.1 Билікке Шарль Де Голлдің келуі. 1958 жылғы Конституцияның

маңызы, Президенттік билік

 

Шарль де Голль құрған өкімет көпшілікті таң қалдырды. Өкіметте таныс адамдар: Ги Молле және Пьер Пфимлен де Голдің премьер-министірі болып тағайындалды. Басқа кабинеттерде Төртінші Республиканың жұрнағы болып табылатын тұлғалар отырды. Голлистер тек үшеу болды: юстиция министрі Мишель Дибре, информация ісі бойынша министр Андре Мальро, фронтовиктер ісі бойынша министр Эдмон Мишле.

Өкімет құрамын жариялау, әсіресе алжир қозғалысын ұйымдастырушыларын таң қалдырды. Себебі, де Голлдің билікке келуіне ат салысқан не Бидо, не Сустель т.б, де Голль жанынап көрінбеді.

Де Голль алжир ультрашылдарының реакциясын болжап, генерал Саланға өзінің Алжирге келетіндігі жөнінде жазылған телеграмма жіберді.

1985ж. 4 маусымда де Голль Алжирге ұшып келіп, сөз сөйледі. Оның басты мақсаты бір кезде қозғалыс ұйымдастырған басшылардың наразылығын басу болып табылатын. Сөздерінің бірінде де Голль жақында Сустельдің (Менің досым Сустель деп нақтылай түседі) тиісті жоғары постылардың біріне тағайындалатынын жариялады [1, 308б.]. Алжирге келісімен де Голль «ультра» программасына қосылмай қозғалысты басу, оның ары қарай жалғасуына жол бермеу мәселерін шешуге баса назар аударды. Бірақ «ультра» мүшелері бұны сезіп 5 маусымда Дельбектің ескерту сөзі алжир радиоларының бірінде жарияланды: «...Біз генерал де Голльмен біргеміз, бірақ 13 мамырда бастаған ісімізді ары қарай жалғастырамыз»-деді. Де Голль «ультра» бүлікшілерінен өзін бөлек ұстауға тырысты және жаңа Конституцияны құру жұмысын тездетуге комитетке бұйрық берді [2, 372б.]. Тамыз ортасына қарай Конституция жобасы дайын болды. Жаңа Конституцияны құру мемлекеттік Кеңес мүшелеріне дайындау тапсырылған болатын. Оны Юстиция Министрі Мишель Дибре басқарды. Мишель Дибре 1957ж. де Голлдің билік басына келуіне байланысты құрылған кампанияның белсенді қайраткері, кейін Францияның премьер-министрі болған XX ғасырдың мемлекеттік қызметкерлерінің бірі болды. Ол Конституцияның барлық статьясын құруға қатысып, де Голльмен ақылдасып оған түзетулер енгізді [3].

Miне, Жаңа Конституциясының текстісі де дайын болды. Де Голль 20 тамызда француздық Африка бойынша іс-сапарға аттанды. Себебі Конституцияда франко-африкандық қоғамдастық құру туралы тараулар болғандықтан, болашақ Президент осы мәселелерді шешу үшін ұзақ сапарын бастады. Дакарда сөз сөйлеуінде де Голль «Мен жаңа қоғамдастықты Алжир мәселесін шешу үшін құрдым» деп теңіз аржағындағы елдердің Конетитуцияға оң көзқарастарын қалыптасырып, оны қабылдауға үгіт-насихат жүргізді. Де Голдің бұл ойластырған жобасы жүзеге асты [4, 124б. ].

28-қыркүйекте Францияда және теңіз аржағындағы елдерде Конституциялық референдум өтті. Метрополияда Конституцияға 80 пайыз қолдау көрсетіп, бұл көрсеткіш де Голль ойлағанынан асып түсті. 1958ж. Конституция өз күшіне енді.

Жаңа Конституция Төртінші Республика Конституциясын толық алмастырды. Мемлекеттік құрылыс, билік, өкімет т.б. билік орындары түбірімен өзгерді. Конституция Парламенттік жүйесінің орына президентік басқару жүйесін еңгізді. «Билікті тиімді болу» деп аталатын Голлистердің басты тезисі, 1958 жылы заңға бекітілді.

1958ж. Конституциясының негізгі тенденциясын анықтау оны 1946 жылғы Конституциясымен салыстыруды қажет етеді. Жаңа Конституциясының бірінші бөлімі суверинитет мәселесіне арналған. Онда Франция біртұтас, зайырлы, демократиялық және әлеуметтік Республика делінген. Ол заң алдында таптық және діни айырмашылықтарына қарамастан барлығы тең жауап беруді қамтамасыз етеді. Республика Ұраны еркіндік, достық, теңдік, ал принципті - халық билігі, халықтан халыққа [5, 355б.]. Конституцияның екінші тарауы толығымен Республика Президентінің қызметіне арналған. Сырт көзге Конституция Президент, Парламент, өкімет- құқықтарының үлкен айырмашылықтарын айқын корсетеді.

Конституцияның 15 бабы - Президент қызметіне, 10 бабы - парламент, 4 бабында - өкімет құқығы жайына арналуының өзі президент рөлінің жоғарылуы мен парламент беделінің түсуін байқатты [6, 946.].

1958ж. Конституция бойынша Республика Президенті үшінші және Төртінші Республикадағыдай парламентпен емес, 80-мың адамнан тұратын сайлаушылар корпусымен сайланды. Корпусқа парламент мүшелері, бас кеңесшілер, муниципальды Кеңес өкілдері, және теңіз ар жағындағы территориялардың коллективтік өкілдері кірді. 6 бап бойынша президент жеті жыл мерзімге сайланды. Атап кететін жайт, коллегиялық сайлау жүйесі 1962 жылы, қайта қаралып, сайлау құқығы халық қолына берілді. Себебі де Голль парламентпен қайшылыққа келген болды. Үлттық жиналыс Республика Президенті біздің дауыс беруіміз арқылы сайланады деген ұғымда болды [ 7, 114б.].

Конституцияның 8 бабына сәйкес Республика Президенті премьер- министрді тағайындап немесе орнынан алып тастауға құқылы. Президент премьер-министрмен ақылдасу арқылы басқа министрлерді қызметке алады.

Енді өкімет парламентке емес, президент бақалауында болды. Берілген бап елдегі саяси тұрақтылықты орнатуға негіз болды. Парламенттің мемлекет тағдырын шешудегі ұзақ уақытты қамтыған шиеленістері мәнсіз болып қалды.

Мемлекет басшысы тек үкіметті құрумеи шектелмей, атқарушы билік жұмысына, белсенді араласты.

9 бап Республика Президентіне Министрлер кеңесінің отырыстарында өкілеттік етуге құқық берді. Министрлер кеңесінде мемлекеттің басшысы ұлттың атынан қызмет етеді.

Конституция Президентке Парламентпен бекітілген және өкіметке тапсырылған заңдарды 15 күннен кейін жариялауға құқық берді (10 бап).



 

Бесінші Республиканың бірінші президенті Шарль де Голль.

 

Президентттің берілген уақытта Парламенттің заңды қайта қарауына беруге мүмкіндігі туды. Ал өз кезегінде Парламент бұған қарсы шыға алмайды.

11 бап Президентке өкіметтің және Парламент палаталарының ұсынысы бойынша мемлекеттік билікке, құрылысқа, одақтық келісімдерге байланысты заңдарды референдумда талқылауға, оны, Журналь Офиселль баспасында жариялауға мүмкіндік берді [8, 114б.].

12 бап бойынша Президент премьер-министр және Парламенттің екі палатасының ақылдасуымен Ұлттық жиналысты таратып жаңа сайлаулар жүргізуге құқылы.

Бірақ Президент жылына ұлттык жиналысты екі рет тарата алмайды.

Конституцияның 13 бабы бойынша президент ордонанс, деректерге қол қояды. Ол жоғарғы мемлекеттік органдарға, әскери және азаматтық орындарға тағайындайды.

15 бапқа сәйкес Республика Президенті армия басшысы болып келеді. Ол ұлттық қорғаныстың жоғарғы комитеттерінде, кеңестерінде өкілдік етеді.

Жаңа Конституцияда 16 бап маңызды орынға ие. Онда: Республика институттары, ұлттың, тәуелсіздігі, территорияның біртұтастығына қауіп төнсе, Президент премьер-министрмен, Конституциялық кеңеспен ақылдасып толық билікті өз қолына алуға құқылы делінген [ 9, 431б.].

Берілген бап Бесінші Республика режимінің жақтаушылар мен қарсы шығушылар арасында ұзақ айтыстың объектісі болды. Демократиялық және прогрессивті ұйымдар бұл баптың демократияға терең саяси қауіп төндіретінін білді. Егер ел басына күн туа қалса мемлекет басшысы бүкіл билікті қолына алып, диктаторға айналмақ.

Шарль де Голль тұсында 16 бап тек бір-ақ рет, 1961ж. Алжирдегі генерал Салан басшылығымен өткен француз полковниктерінің бүлігі кезінде қолданылды. Генералдарың бүлігі ел үшін қауіпты болды. Оның қолында үлкен армия шоғырланғандықтан, Де Голль төтенше жағдай жариялап барлық билікті өз қолына алды [10, 324б.].

Конституцияның 17 бабы Республика Президентіне кешірім жасайды, яғни, мемлекеттік опасыздық жасаған жағдайда Президент өзінің ісі үшін біреудің алдында жауап бермейді.

Ал 1946 жылғы Конституция бойынша Республика Президенті мемлекеттік опасыздық жасаған жағдайда жауапкершілікке тартылды. Ұлттық жиналыс оның ісін жоғарғы сотқа жібере алды [11, 87б.].

Төртінші Республика мен Бесінші Республиканың Президенттерінің өкілеттіктерін салыстыру арқылы қарастырсақ, Бесінші Республика Президентінің өкілдігі кең екендігін бірден байқауға болады. 1958 жылғы Конституцияда Президент мемлекет басшысы деп танылуының өзі оған зор өкілеттіктер береді.

Егер бесінші Республика Конституциясында Президент қызметіне байланысты баптар екінші тарауда жарияланса, 1946 жылғы Конституцияда бұл орынды Парламент иеленді.

1946 жылғы Конституция бойынша Парламент Президент қызметін шектеп отырды. Президент ұлттық жиналысты тек өз келісімімен тарата алды.

Жалпы 1958 жылғы Конституция Президенттің ойластырылған іс- шараларын жүзеге асыруға толық мүмкіндіктер берді.

1958 жылғы Конституцияның үшінші тарауы өкімет қызметтеріне арналған. Өкімет ұлттың саясатын жүргізіп, айқындайды. Ол әкімшілік пен қорғаныс күштерін басқарады және кей жағдайда Парламент алдында жауапты болды.

Конституция премьер-министр қызметтерін шағымдады. Себебі, мемлекет басшысының атқарушы билік жұмысына белсенді араласуы өкіметтің өкілеттіктерін жойды. Премьер-министр өкілеттігі мемлекеттік органдарға байланысты айқындалады:

Президентпен байланысты өкілеттіктер:

- премьер-министр әртүрлі кеңестерде және комитеттерде Президентті алмастыра алады. Бірақ Министрлер кеңесінде Президент тапсырмасымен ғана төрағалық етеді;

- Ұлттық жиналысты таратқан жағдайда Президентке өз ойын айтуға мүмкіншілігі бар;

- Премьер-министр Президентке екі жағдайда ұсыныс береді:

а) министрлерді жеке шақыртуда.

б) Конституцияны қайта қарау мәселесінде.

Үкіметке байланысты қызметі:

- премьер-министр өкімет қызметін басқарады (2 бап)

- ұлттық қорғаныс үшін жауапкершілік етеді.

- мемлекеттік қызметке тағайындай алады.

Парламент бойынша өкілеттігі:

- төтенше сессияларды шақыртуға құқылы.

- коммисия мен Конституциондық кеңесті шақырта алады [ 12, 145б.].

Конституцияның төртінші тарауы Парламент қызметтін сипаттайды.

Парламент екі палата - Ұлттық жиналыс және сенаттан тұрады. Ұлттық жиналыс мүшелерін тікелей, жасырын, жалпылық сайлау арқылы, ал Сенат мүшелерін жанама дауыс беру арқылы сайлайды.

Парламент жылына 2 сессия өткізіп, оның біріншісі 18 күн, екіншісі 90 күнге созылады. Премьер-министр және ұлттық жиналыстың талабымен Парламент төтенше жағдайда шақыртыла алады.

Ұлттық жииалыстың депутаты болып 23 жастағы, ал сенаторы-35 жастағы азамат сайлана алады.

Парламент құрылысы үш бөлімнсн:

а) палата бюросы

б) парламенттік комиссия

в) парламенттік топтардап құралды.

Палата бюросы Парламенттің жұмысын басқаратын орган. Оның құрамына төраға, вице-басқарма секретарлар мен квесторлар кірді.

Парламентттік комиссиялар палатада қарастырылатын сұрақтарды дайындау жұмысын атқаратын мекеме. Бұнда сессияда талқыланатын заң проектілері мен ұсыныстар сараланып, алдымен комиссия қолынан өтеді.

Парламенттік топтар партия өкілдерінен құралған. Олар палатаның вице-басқармасын және бюроның басқа мүшелерін тағайындайды, Парламенттік комиссияларды құрады.

Конституцияның 48 бабына сәйкес ұлттық жиналыс өкіметке сенімсіздік вотумын жария ете алады. Егер сенімсіздік резолюциясы 10 депутатпен қол қойылса ол талқыға түседі. Резолюцияны талқылау вотум жарияланғаннан кейін 48 сағаттан соң жүзеге асады.

50 бапта былай делінген: «Ұлттық жиналыс сенімсіздік резолюциясын жарияласа немесе өкіметтің бағдарламасын жақтамаса премьер-министр Республика Президентіне өкіметтің отставкасы жөніндегі өтінішті беруі тиіс» - делінген [13, 124б.].

Бұл баптың ерекшелігі Парламентке өкіметті бақылау құқығын береді.

Өкіметті таратқаннан кейін Парламент жаңа өкімет құрамын, құра алмайды, бұл өкілеттік Президентке тиесілі.

Жаңа премьер-министр Ұлттық жиналыс алдында бағдардамасымен таныстырады. Ұлттық жиналыс өкіметті тағы қабылдамаған жағдайда, Президент Ұлттық жиналысты тарату жөнінде декрет шығарады.

Келтірілген баптартардан Парламент құқықтарының қысқарғанын байқаймыз. Төртінші Республикамен салыстырғанда Парламент елдің саяси өмірінің басшысы позициясын жоғалтты.

Билік ету кезеңінде де Голль бес референдум жүргізді, оның екеуі Конституцияны талқылауға байланысты болса да, де Голль Парламентке алдын-ала проекті талқылауға екі жағдайда да бермеді. Де Голль өзінің идеяларымен жоспарларын Парламент қабырғасында партиялардың талқылауына салуға бас тартгы [14, 398б. ].

Бұл Парламенттің оппозициялық көзқарасының қалыптасуына түрткі

болды.

Мемлекет басшысы де Голль Алжирде. 1958 ж маусым

 


Жаңа Конституция бойынша 1958 жылдың 23 және 30 қараша айында парламенттік сайлау өтті. Бұл кезеңдегі елдегі таптық күштердің орналасуы қалай болды десек, буржуазиялық топтарда «Жаңа Респуликаны қорғау кеңесі» (ЮНР) негізгі рөлді атқарды. 1958ж. 1 қазанда құрылған ЮНР жеке билік режимнің жақтасы. Оның басшысы Альбэн Шаландон сайланып жаңа партияға Дебре, Сустель, Мишле, ІІІабан-Дельмас сияқты лидерлер кірді. ЮНР ұлттық жиналыста 188 орын, тәуелсіздер-120, МРП-44, СФИО-40 орын алды. Халықтық-Республикандық қозғалыс және социалисттер бұрынғы позициясын сақтап қалса коммунистер 1,6млн. сайлаушыларынан айырылды. Дегенмен, 1959 жылдың мамыр айларында ФКП позициясы Париж аудандарында: Марсель, Лион, Лилл, Ницце, Тулан, Сент-Этьен қаласында өсе түсті. Себебі, жаңа биліктің қызметі халық арасында наразылық туғыза бастады.

Келіспеушілік қаржы мәселесі және салық саясаты, әлеуметтік жағдайға байланысты болды. ЮНР өз беделін жоғалтып, партияның өзінің ішінде оң және сол қанат арасында шиелініс байқалды. Шиелініс Алжир мәселесіне байланысты туындап, соғысты жалғастыруды қолдайтындар мен қарсы шығушылар екі топқа бөлінді. 1959ж. 16 қыркүйекте Алжир халқының өзін-өзі басқару декретіне қарсылық ретінде Ұлттық жиналыстың 9 депутаты (ЮНР мүшелері) Парламент құрамынан шықты.

Реформаның негізі - кең мүмкіншіліктер алган президент рөлі болды. Президент ұлттық арбитр және саяси бағыттың тұрақтылығын реттеуде жауапты тұлғаға айналды. Конститутцияның 5-бабында былай делінген: «Республиканың президенті Конститутцияның орындалуын қадағалайды, өзінің арбитражымен билік басында отырғандардың дұрыс жұмысын қамтамасыз етеді. Ол - ұлттық тәуелсіздіктің, территория біртұтастығының, халықаралық қатынастардың және Одақтың келіссөздерінің дұрыс жүргізілуінің кепілі». Осылайша, демократиялық үрдістерді сақтай отырып президент Шарль де Голль мемлекет саясатын өз қолына алды.

 

2.2 Голлдің ішкі саясаттағы реформалары

 

1958 жылғы соттық-құқықтық реформа.

Шарль де Голльдің заң жөніндегі бағдарламалары биліктегі институттардың барлығын түбірімен өзгерту жағдайына байланысты болды. Жаңа президент сайлау жүйесін, республика президентіне арбитралды қызмет беру, партия режимін әлсіздендіру, тағы басқа іс-шараларды заңды актілерді қоғам өміріне енгізуге тырысты.

Жалпы, конституциялық реформаның мақсаты елдегі дағдарысты жойып, мемлекеттік басқару жүйесін тұрақтандыру болатын.

1958 жылы 3 маусымда парламент президентке толық еркіндік беріп, қызметтерін кеңейткеннен кейін де Голль қазіргі кезге дейін жұмыс істеп тұрған маңызды реформаларды жүзеге асырды. Бұл реформалар барлық саланы: конституциялық режим, сайлау құқығын, басқару жүйесін, қаржы, әскер, тағы басқаларды қамтыды.

Реформаның негізі кең мүмкіншіліктер алған президент рөлі болды. Президент ұлттық арбитр және саяси бағыттың тұрақтылығын реттеуде жауапты тұлғаға айналды. Конституцияның 5-бабында былай делінген: «Республиканың президенті Конституцияның орындалуын қадағалайды, өзінің арбитражымен билік басында отырғандардың дұрыс жұмысын қамтамасыз етеді. Ол ұлттық тәуелсіздіктің, территория біртұтастығының, халықаралық қатынастардың және Одақтың келіссөздерінің дұрыс жүргізілуінің кепілі».

Заң шығарушы жүйеде президент министрлер қатысуынсыз маңызды актілер шығаруға, мысалы, парламентті тарату, референдум өткізу, жаңа құқықтық мекемелерді ұйымдастыруға құқылы. Президент бақылауымен атқарушы билік жаңа қызметтер мен мүмкіншіліктерге ие болды. 1958 жылғы Конститутция өкіметке заңдық актілерді қайта қарау, нормалау қызметін тапсырды.

Француздық сот жүйесін қайта құру 1958 жылдың желтоқсан айынан бастап парламенттің қатысуынсыз жүзеге асырылды, 1959 жылы 2 мамырда сот жүйесін реформалау процессі аяқталды.

1958 жылдың 23 желтоқсанында реформаның негізін қалаушы 7 ордонанс және 18 декрет жарияланды. Сот реформасы бірнеше актілермен негізделіп, оның ішінде екі заң маңызды орын алды. Олар: «магистратура статусы жөнінде» және «Магистратураның Жоғарғы кеңесі жөніндегі» ордонанс. Сонымен бірге, 1958 жылы 22 желтоқсанда «Соттық ұйым бойынша» қабылданды.

Ордонанс бойынша әрбір апеляциялық сот юрисдикциясы шеңберінде соттар екі категорияға бөлінді:

1. Әрбір 100 мың тұрғынға құрылған жоғары инстанция трибуналдары;

2. Әрбір округте құрылған кіші инстанция трибуналдары.

Қылмыстық құқық аумағында кіші инстанция трибуналдары полициялық инстанция негізінде қызмет атқарады. Оларға құқық бұзушылық істерді шешу тән және олар судья-магистрат құрамында жұмыс атқарады [9,455б.]. Сөйтіп, де Голль басшылығымен жұмыс атқарушылар соттық инстанцияларды бір-біріне қосу арқылы қысқартты, ал ұсақ инстанцияларды толығымен жойды. Соттарды ірілендіру нәтижесінде халықтың соттық инстанцияларынан алшақтауы, сот процестерінің ұзаққа созылуы байқалды. Ауылды жердің тұрғындары іс қозғалған сайын округтік орталыққа қымбат жолақы билеттерімен баруға мәжбүр болды. Парламентте солшыл партияның өкілдері соттардың қысқартылуына теріс көзқарастарын білдірді. 1958 жылғы 10 желтоқсанда комюникеде бір топ депутаттар соттық департаменттік орғандардың топтастырылуы елдің экономикалық және әлеуметтік жағдайының дамуына кері әсер тигізетінін жариялады. Бірақ, үкімет бұл талаптарға мән бермеді [ 1,247б. ].

1959 жылы 2 қаңтарда Жоғарғы Сот палатасын құру заңы шықты. Францияның бұл сот органы азаматтық сотпен де, әкімшілік сотпен де байланысы жоқ. Ол республика президенті мемлекеттік опасыздық жасаған жағдайдағы ісін және үкімет мүшелерінің заң бұзушылық істерін қарады.


<== предыдущая | следующая ==>
Олданылған әдебиеттер 2 page | Олданылған әдебиеттер 4 page

Date: 2016-05-24; view: 455; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию