Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Олданылған әдебиеттер 1 page

Мазмұны

 

Кіріспе

І. Францияның Екінші Дүниежүзілік соғыстан кеінгі хал-ахуалы,

ІV Республиканың құлауы

1.1 Франциядағы ІV Республикадағы заң жүйесі, Конституциясы

және саяси құрылымы

1.2 ІV Республиканың құлдырау себептері

 

 

ІІ.Франциядағы голлизм кезеңі. V Республика

2.1 Билікке Шарль Де Голлдің келуі. 1958 жылғы Конституцияның

маңызы, Президенттік билік

2.2 Голлдің ішкі саясаттағы реформалары

2.3 V Республика сыртқы саясаты. Францияның мәртебесін көтерген

тұлға.

 

 

Орытынды

олданылған әдебиеттер

 

 

 

Кіріспе

 

Франция тарихы, өмірі және жоғары дәрежелігін жүзеге асыру идеясы Шарль де Голль есімімен тығыз байланысты. Шарль де Голль Бесінші Республика негізін қалаушы, епті дипломат, Францияның ұлылығын қалыптастырған саяси және мемлекеттік ұлы тұлға. Оның қызметі мен белсенділігі арқасында Франция соғыстан кейінгі кризистерді артқа тастап, экономикада, халықаралық қатынаста алға шықты. III. Де Голль өзінің саяси көзқарастарында мықты мемлекет және тәуелсіз экономикалық даму тезисін ұстанды.

Де Голль өзінің өмір жолын әскери салада бастап, кейін мемлекеттік қайраткер ретінде көпшілікке танымал болды. Оның Франция саяси өміріне етене араласа бастауы Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. 1940 ж генерал де Голль маршалл Петэн басқарған өкіметке қарсы шығып, Лондонда халықты бостандығы үшін мойымай күрес жүргізуге шақырды. Виши режиміне қарсы күрес және соғыс де Голлді саясаткерге айналдырды [1,58б.].

Францияны азат ету кезеңінде ол уақыптша билікті өз қолына алып, елдегі демократиялық бостандықты қалыптастырды және өнеркәсіптің біразын мемлекеттендіріп, прогрессивті реформаларды жүргізді.

1946 ж. генерал премьер министр орнынан кеткеннен кейін 20 жылдан кейін билік басына қайта оралды. Бұл кезеңде Франция басына тағы қауіп төнген еді. Елде күрделі күйзелістен алып шығу тағы де Голль қолына берілді.

1958 ж билікке келген де Голльдің басты стратегиясы Францияның әлемдегі арақатынасын өзгерту болды «Франция өзімен өзі бола алады. Ал оны жүзеге асыру үшін мемлекетіміз тек бірінші қатардан көрінуі тиіс... Біздің мемлекетіміз және біз алдымызға үлкен мақсаттар қойып, оны жүзеге асыруда қиындықтарға қарсы тұра білу керек. Қысқасы, Франция айбынды болмайынша Франция бола алмайды» - деген сөздерімен Голль «Әскери мемуарларын» бастаған болатын [2, 154б.].

IV Республика күйреуіне әкелген отарлық соғыстар, әсіресе Алжир соғысы «1954 - 1958 ж.ж» жаңа билік Бесінші Рсспубликаның құрылуына

себепші болды. Де Голль елді отарлық соғыстардан алып шығып, саясатты жаңа арнаға бұруға тырысты. 1962 ж. алжир халқымен жасалған Эвиан келісімі де Голльдің реалистігі мен көрегендігін көрсетті.

Ұлы басшы мемлекеттің приоритеті мен мықтылығын қалыптастыруда сыртқы саясатқа үлкен мән берді. Де Голльдің сыртқы саясаттағы иринниптері мен шешімдері: Батыс блок шеңберіндегі және ІІІығыс Европа елдерімен қатынасы, НАТО әскери ұйымынан шығуы, елдің ядролық күштерін дамытуы, Жерорта және Африка елдерінде бұрынгы отарлық иеліктерді басқара білуі оның икемді саясатының нәтижесі. Де Голль айтуынша сыртқы саясат екі ориентацияда жүргізілуі тиіс: 1) Францияның өзі үшін бұл мықты мемлекет пен әскери потенциялға негізделген ұлттың тәуелсіздігі. 2) Әлем үшін - халықаралық тәртіпті өзгерту үшін күресу.

Әлемдік аренада АҚІІІ пен Англия үстемдігінің артуына байланысты Франция да аталған елдермен қатарлас болу мақсатын көздеді. Де Голль «Франция не ойластырса соны жүзеге асырады, үлттық сана сезімі не десе, соны сөйлейді» - деп нақты түрде саяси тәуелсіздікті танытты. Әрине, тәуелсіздік бұл басқа мемлекеттермен одақ құрмау немесе байланыс жасамау деген мағынада берілген жоқ. Блоктық қарсы шығу әлемінде Франция жалғыз қалып қалуы тиіс емес. Сондықтан, француз мемлекеті жоғарғы мемлекеттер санатына қосылып, аракатынасты сақтау үшін де Голль басшылығымен атом қаруын қолдануға мүмкіндік алды. Де Голль атом қаруын іс жүзінде қолдану ақылсыздық екенін түсінді, бірақ оны иемдену ұлы державалар мононолиясын бұзатынына, Франция тәріздес орта державаларға дипломатиялық маневрды жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімді болды. Ядролық қаруды шығарғаннан кейін Францияны «ядролық Монархия» деп атап кетті. Бұл анықтама Бесінші Республиканың сыртқы саясатының ерекшелігін көрсетті.

Осылайша XX ғасырда генерал де Голль белгілі тарихи тұлғаға айналды. 90 - жылдардағы жүргізілген қоғамдық пікір сұрау кезінде француздар де Голлдің ұлттық тарихтағы рөліне баға беруде Напалеоннан жоғары қояды. Мемлекет басқарушысының бұндай танымалдығы неде? Әрине, болашағын бағыттап, халықаралық аренада өзін көрсете білген Франция үшін сіңірген еңбегінде. Оның дүниетанымы мен концепциясы француз еліне ұлттық ерекшелік, мемлекеттік құрылыстың тұрақтылығын дамытып, мемлекетке танымалдылық әкелді.

1958 жылғы Конституцияны құруға жеке өзі қатысқан де Голлдің мемлекеттік құрылысты түбірімен өзгертуінің өзі оның батылдығын көрсетеді.

Міне, Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франция өмірін сипаттау, француздық ұлы қайраткер де Голлдің саяси рсформаларына токталу дипломдық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Франциядағы Бесінші Республика Конституциялық қүрылымына шолу жасап, президент Шарль де Голлдің мемлекеттік реформаларына тоқталу.

Дипломдық жұмыс тақырыбының маңызын ашуда келесі міндеттер жүзеге асырылды:

- Франциядағы Төртінші Республика құлдырау себептерін ашып көрсету;

- Бесінші Республиканың Конституциялық құрылымына сипаттама беріп, Ш. де Голлдің мемлекеттік реформаларына тоқталу. IV жэне V Республика Конституцияларына салыстырмалы түрде анализ жасап, жетістіктері мен кемшіліктеріне шолу жасау.

Дипломдық жұмысты жазу барысында мынадай әдебиеттер басшылыққа алынды: Молчанов Н. «Генерал де Голль», Арзаканян М.Ц. «Де Голль и голлисты на пути к власти», Ибрашев Ж.У. «Политическая концепция III. де Голля», Кузнецов Е.А. «Внешняя политика Франции», т.б.

Франциядағы IV жэне V Республика тарихына байланысты тақырыпты ашуда Молчановтың «Четвертая Республика» және «Генерал де Голль» еңбектері маңызды орынды алды.

«Генерал де Голль» еңбегінде Молчанов де Голлдің «Мемуары надежд» еңбегін негізге ала отырып оның жеке өмірі мен саяси көзқарастарын жазады. Сол сияқты Ибрашев Ж.У және Арзаканян.М еңбектері де Голль және голлизм идеясы туралы толық мағлұмат береді. Әсіресе, Арзаканян.М «Де Голль и голлисты на пути к власти» еңбегінде голлистік идеологияның тұжырымдамасын кең түрде сипаттайды.

Сыртқы саясатқа байланысты тараулар Вера Антюхина Московченконың «Шарль де Голль и Советский Союз» және Кузнецовтың 2000 жылғы шыққан «Внешняя политика Франции» еңбегін негізге ала отырып жазылды.

Дипломдық жұмысты жазуда көптеген деректік материалдар қолданылды. Де Голлдің «Мемуары надежд» еңбегінің өзі тақырыпқа байланысты көп материал берді. Шығармада де Голль өзінің экономикалық, саяси, әлеуметтік, отарлық мәселедегі көзқарастарын жазады.

Сонымен бірге, Арзаканян М.Ц «МишельДебре», С.Сапановтың «Теория и практика президентской формы правления и президентские выборы Пятой Республики во Франции», С.Конуспаеваның «Дипломатия Шарля де Голля», М.Арзаканянның «Подвиг во имя Франции.Генерал де Голль. Личность и судьба» т.б.мақалалары тақырыпты ашуға кең мүмкіншіліктер береді.

Аталған сала бойынша Қазақстандық С. Конуспаеваның мақалалары көп шыққан. Дипломдық жұмыстың мақсатына жетуде бұл еңбектер маңызды болып табылады.

 

І. Францияның Екінші Дүниежүзілік соғыстан кеінгі хал-ахуалы, ІV Республиканың құлауы

1.1. Франциядағы ІV Республикадағы заң жүйесі, Конституциясы

және саяси құрылымы

1946 жыл 21 қаңтарында де Голлдің отставкаға кетуінен кейін, коммунисттер социалисттермен бірігіп екі партиялық үкіметті құруды ұсынады. Социалисттік партия лидерлері бұл ұсыныстан бас тартып, билікте халықтық республикалық қозғалыстың (МРП) қатысуын талап етеді, нәтижесінде үш партиялық блок қалыптасты.

24 қаңтарда Француз коммунисттік партиясы (ФКП), социалисттік партия (СФИО) және халықтық республикалық қозғалыс (MPП) партиялары «біртұтас билік ету» келісіміне қол қояды. Премьер постына социалист Феликс Гуэн тағайындалғанмен өзінің өкіметтік декларациясында жаңа бағыт, жаңа саясат ұстанған жоқ. Жаңа өкімет құрамына алты коммунист, жеті социалист, алты МРП мүшелері енді. 1946 жылы Францияның саяси өмірінде үлкен өзгерістер болып жатты. Басты назарда жаңа Конституцияның проектісін жасау, мемлекеттің болашағын айқындайтын мемлекеттік құрылыстың жобасын жасау тұрды. 29 қарашада Құрылтай жиналысы арнайы Конституциялық коммисияға жаңа Конституцияның мәтінін жасауға нұсқау берген болатын. Қырық екі мүшеден тұратын комиссия құрамы Франция партияларының өкілдерінен құралып, социалисттер мен коммунисттер көп дауысқа ие болды. Жобаны жасаудың алғашқы кезеңінде комиссияға де Голль үлкен ықпалын тигізген еді, бірақ Де Голль отставкаға кеткеннен кейін комиссия біршама антидемократиялық тарауларды алып тастады.[3, 125б. ]

Ендігі кезекте бүкіл Төртінші Республика кезеңін қамтыған партиялардың шиеленісі туындайды. Коммунисттер мен социалисттердің көп бөлігі жаңа Конституцияда экономикалық және әлеуметтік құқыктардың жариялануын, Ұлттық жиналыстың қолында барлық билік шоғырланып, оның тәуелсіз болуын қалайды. Ал радикалдар және оңшыл партия өкілдері ұлттық жиналыстың билігін, құқығын екінші палатаға немесе президентке беру арқылы шектегісі келді. Олар Конституция абсолюттік жеке меншік құқығын жариялауын талап етеді. Ал MPП болса, конституцияға «еркін» діни оқытулар пунктін енгізуді сұрайды. Осындай қарама-қарсы ұсыныстар мен талаптар жағдайында коммунисттер мен социалисттердің бірінші тенденциясы жеңіп шығып, 19 сәуірде Жаңа Конституцияның жобасы Құрылтай жиналысының қолдауымен бекітілді.

Жаңа Конституция президент қызметтерін қысқартты, яғни президент өкімет басшысын тағайындай алмайды, заңдардың екінші рет қаралуын талап ете алмады және президент ұлттық жиналыстың сайлауымен тағайындалып отырды.

1946 жылы 5 мамырда конституцияны талқылау бойынша референдум қабылданды. Референдумдағы жағдай өте күрделі еді. Себебі, партиялар арасындағы келіспеушілік, билікке таласу, бақталастық қалыптасқан жағдайды күрделендіре түсті. Жаңа конституцияға коммунисттік және социалисттік партиялар қолдау көрсетсе, МРП мен оңшылдар қарсы шықты.

Референдум кезінде МРП және басқа оңшылдардың конституция жобасымен келіспеуі, ондағы заңдарға қарсы емес, солшыл күштерге қарсы болуымен түсіндірілді. Оларды солшыл партия беделінің өсіп бара жатқандығы мазаландырған еді. Әсіресе коммунисттер мен социалисттердің бірігіп конституцияға қатысқандығы қорқыныш тудырды. Конституцияны бірауыздан қабылдау - бұл коммунисттерге билік бергені. Сондықтан, референдумда Конституцияға 10 450 мың сайлаушылар қарсы, 9 280 мың сайлаушылар қолдаған нәтиже берді. Франция тарихында алғаш рет референдумда ұсынылған жоба қабылданбады. Референдумнан кейін Құрылтай жиналысына екінші сайлау өткізіледі. Сайлаудың ерекшелігі: социалистер мен коммунистердің бөлініп, социалистердің коммунистерге қарсы шығуы болды. Бұндай шешім Блюмның AҚШ - қа сапарынан байланысты болды. Жак Фовэ былай деп жазады: «Үстіртін қабылдаған шешімнен кейін антикоммунистік кампания өзінің мақсатына жете алмады, Бретани мен Нормандиядан басқа жерде социалистік партия үлкен шығынға ұшырады. Референдум нәтижесі оларға ауыр тиді». Шыныменде Франция Социалистік партиясы 250 мың дауысынан айырылды және өзінің билігін тек консервативтік аймақтарда ғана сақтап қалды. Ал коммунистік партия 200 дауысқа көп жинаса, МРП 1 млн аса дауысты жеңіп алып, уақытша (сайлаушылар саны бойынша) елде бірінші партия болып қалды[4, 140б.|.

Социалистер премьер орнын МРП өкілі Ж.Бидоға берді. Қаржы министрі социалист А.Филип орнына МРП мүшесі Р.Шуман келді. Сөйтіп, социалистердің биліктегі күші азайып, МРП рөлі арта түсті. Жаңа Құрылтай жиналысына сайлау қатаң жағдайда өтіп жатты. Бұл кезең спекуляция мен «қара рыноктың» еркінсіп, дами түскен кезеңі. Осыған байланысты азық- түлік министрі Ж.Бидо спекулянттармен белсенді күрес жүргізеді. Буржуазия арасында елеулі өзгерістер болады. Бұрынғы орнықты буржуазия енді қиын кезеңде байып алған спекулянттар, айлакерлер артында қалды. 1946 жылы жұмысшылардың жалақыны көтеру талабы орындалады, бұл да буржуазияның билікте отырған солшыл күштерге наразылығын күшейте түсті. Елдегі әлеуметтік жағдай саяси күштердің шиеленісін өршітті (1, 2886.].

Сырттай бақылап отырған де Голль референдумдағы демократиялық Конституцияның құлдырауынан кейін саяси сахнаға қайтадан шығады. 1946 жылы 18 маусымда Байеде сөз сөйлеп, Конституция жобасын сынайды және өзінің бағдарламасы - Францияның мемлекеттік құрылысының жобасын ұсынады. Францияның тәуелсіздігін және мәртебесін қамтамасыз ету үшін «мықты» мемлекет құра отырып, екі парламенттің атқарушы билік жұмысына араласпауын, президентке кең мүмкіндіктер беруін, т.б қамтамасыз ету қажет- дегенді айтады. Голлдің идеясы керітартпа ортада, әсіресе, бұрынғы вишистер тарапынан қолдау тапты. Бұл кезде Құрылтай жиналысының конституция жобасын жасауда қызу жұмыстар жүргізіп жатқан еді. Бірінші комиссияға қарағанда, екінші комиссиядағы партиялардың жағдайы өзгерді, яғни социалисттер коммунисттермен емес, МРПмен бірікті. МРП лидерлері жаңа жобаны максималды түрде де Голль тұжырымымен жақындастыруға тырысты. Бірақ Де Голль екінші жобамен де келіспей 22 қыркүйекте Энипалда сөз сөйлеуінде бұл жобаның алдыңғы жобаның «туған апасы» іспетті деп өткір түрде сынайды [3,1456.]. Дегенмен, 1946 жылы 13 қазанда Конституцияның жобасы 8043366 қарсы, және 9126370 дауыспен қабылданды. 1946 жылы 24 желтоқсанда ресми түрде енген IV Республика Конституциясы Франция тарихында он бесінші Конституциялық заң болды.

1946 жылғы Конституцияда дәстүрлі «біртұтас», «бөлінбейтін», «демократиялық» терминдер мен бірге жаңа эпитеттер: «әлеуметтік» және «зайырлы» қолданысқа енді. Бұл демократиялық күштердің өсуін, дамуын айқын білдірді. Конституция француз азаматтарының әлеуметтік және демократиялық құқықтарын кеңейтті, әрбір азаматтың әртүрлі кәсіподақ ұйымдарына қатысуына, өзінің құқығы арқылы оны қорғауға, «заң шеңберінде» ереуілдерге қатысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар келесі құқықтар еңгізілді: «Мемлекет жеке тұлғаға және отбасының дамуына барлық жағдайды жасайды», «Мемлекет балалармен үлкендерге бірдей білім алуға, мәдениетке, кәсіп алуға жол ашады», «Ол барлығына, оның ішінде балаларға, әйелдерге, қарттарға материалдық көмек беруге кепілдеме береді»[3, 145б.].

Франция тарихында бірінші рет әйелдерге еркектермен бірге тең құқықтар берілді. Соғыстан кейін әйелдер сайлауға қатыса бастады. Конституция қабылданғаннан кейін IV Республика Ұлттық жиналысына сайлау жүргізіліп, Компартия алғашқы сайлауларға қарағанда 300 мың дауыс артық жинады. Ұлттық жиналыста ФКП ірі партия саналып, оған 185 депутат коммунистер кірді. Социалисттер мен антикоммунизмді ұстанған МРП артта қалды. Компартия билікті қолына алып, Ұлттық Қарсылық Кеңесі (НСС) программасының негізінде өзінің мемлекеттік бағдарламасын алдыға тартты. Бағдарлама әлеуметтік даму саясатын, демократияны кеңейту, франкті қорғау, теңіздің ар жағындағы елдермен достық қарым-қатынас орнату, Франция қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Германиядан репорациялық төлемдерді алу, соғыс алдындағы Франция одақтастармен қайтадан байланыс орнату шараларын қарастырды. Билікке коммунисттердің келуі француз реакциясы мен оның шет елдегі жақтастарының наразылығын тудырды.

Ірі буржуазия өкілдері мемлекет басшыларының коммунисттермен бірігіп жасаған әлеуметтік реформаларына қарсы болды. Олар жаңа биліктің құлдырауын күтті, жеке меншікті мемлекеттендіруге байланысты буржуазия қарымта қайтару үшін оңтайлы сәтті күтті. Ұсақ буржуазия өз жеке меншік иеліктеріне мемлекеттің қол сұғуына байланысты шешілген әлеуметтік реформалардан сескенді. Еңбекші халықтың да спекуляция мен ашаршылық зардаптарына шыдамай, қарсылығы байқалып, үш партиялық блок саясатынан үмітін үзді. Социалисттер мен буржуазиялық партиялар болса, бұл наразылықтың барлығын антикоммунизм арнасына бұруға тырысты.

Төртінші Республиканың сыртқы саясатында да партиялардың ауыз біршілігі байқалмады. Колониалды жүйе бойынша Британ империясынан кейінгі орынды иеленген Франция отарлары ыдырай бастаған еді. Отарлардың бір бөлігі Вишиге бағынса, екіншілері шетел әскерлерінің қолына тиді. Miнe, бұрынғы империяны қалпына келтіру үшін Франция сыртқы саясатта осы мәселені шешуге баса назар аударды. Францияның отарлық саясатында IV Республика Конституциясының кейбір тараулары елеулі өзгерістер әкелді. Конституция отарлық империя орнына енді Француз одағы болатынын жариялады. Онда: «Франция теңіз ар жағындағы елдермен құқықтары мен міндеттері тең, ұлттық және діни айырмашылығы жоқ Одақ құрады...» - делінген. Франция бұл елдерді сақтап қалуға бар күшін салды. Сондықтан да, отарларындағы ұлт-азаттық күштерді басу үшін Конституцияда жаңа баптар енгізіп, жалған уәделер берді. Конституцияда отарлық мәселеге байланысты тарауларды жариялағанымен, оны жоққа шығарып отыратын баптар ілесіп отырды. Мысалы, Франция Конституциясының 62 бабында былай делінген: «Республика әкімшілігі қоластындағы елдердің саяси билігін қорғанысын қамтамасыз ету, әскери дайындық шараларын жасау құзіретін өз қолына алады...» Бұл тарау жоғарыда көрсетілген Француз Одағының «тең құқық» тарауын жоққа шығарды.

Конституцияның 80 бабында: «Барлық Францияға қараушы мемлекеттер Францияның азаматтары тәрізді тең құқықты иемденеді», яғни аталған бап негізінде сайлау процестеріне, қоғам өміріне еркін араласады- делінсе, «басқа өзгеше заңдар азаматтардың құқығын жүзеге асыру үшін жағдай туғызады»- деген келесі сөз жолдары бұл қаулыны шектейді.

Француз Одағының Конституциялық құрылысы да өзгеше: Француз Одағының президенті - Франция президенті, Жоғары Кеңес өкілдері француз басшылығынан тұрады, Ассамблеяның 120 депутатын француз парламенті, 120 депутатын басқа Одақ мүшелері сайлайды. Француз Одағының Ассамблеясы маңызды шешімдер қабылдамайды, тек өз мүшелерінің мандаттығын мойындайды[3, 186б. ].

1946 жылғы Конституциядағы отарлық мәселе бойынша заңдар қарама-қайшылық сипатта болды. Конституцияда барлық елдер Француз одағы мүшелері тең. Олай болса, Гвинеяда Франция тәрізді тәуелсіздікке құқылы. Бірақ, одақтың тұрғындары заң бойынша бірдей құқылы статус иемденеді, яғни барлығы Франция азаматтары болғандықтан тәуелсіздік туралы сөз қозғау мүмкін емес еді. Сондықтан Конституция Францияның алдыңғы отарлық саясатын әрі қарай жалғастыруға кең мүмкіндіктер берді.

Кейбір француз басшылары Конституциямен санаспады, 1946 жылғы Конституция олардың билігіне кедергі болды. Әсіресе ол Үнді-қытаймсн соғыс кезінде айқын көрінді. Үндіқытай Француз отарларының ішінде ең бай және маңыздысы болды. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде үндіқытай жапон әскерлерімен аккупацияға ұшырағаннан кейін, француз әкімшілігі территорияны агрессорға тастап кетті. Вьетнам патриоттары елді жапондықтардан азат етісімен, 1945 жылы Үндіқытайдың оңтүстігіне генерал Леклерк қолбасшылығымен француз әскерлері түсірілді. Үндіқытай мен Франция арасындағы соғыс екі елге де қиын тиді. Франция уақыт ұттыру үшін бейбіт келісімге келуді жөн көріп, 1946 жылы мамырда Ханоя қаласында Франция мен Вьетнам келісіміне қол қояды. Келісімшартта «Француз басшылығы өз билігі, өз парламенті, өзінің әскері бар тәуелсіз Вьетнам Республикасын мойындайды» - делінген. Бұл келісімнен кейін француз басшылығы келісімді бұза бастады: Вьетнам аудандарының бірі Кохинхинде Вьетнам Демократиялық Республикасына қарсы билік орнатылды, 1946 жылғы Далатадағы Вьетнам мен Франция келіссөздерінде Франция Вьетнамның басқа елдерімен қарым-қатынасына қарсы болды, тағы басқа іс-шаралар Вьетнамның ашуын тудырды. Нәтижесінде ары қарай жалғасқан бірнеше қанды шайқастар болды [ 5, 122б.].

Үндіқытай авантюрасының себепшілері МРП лидерлері, әсіресе бейбіт келісімге бет бұрған іс-шараларды барынша жоюға тырысқан Жорж Бидо болса, соғысқа Компартия басынан-ақ қарсы болды. Үкіметтегі партиялардың шиеленістері ары қарай жалғасын тапты. Француз антикоммунистері қазіргі күнге дейін Үндіқытайдағы соғыс коммунисттердің билігі келгеннен кейін басталды деп сендіреді.

1946 жылғы 6 мамыр және 14 қыркүйекте комунисттер көмегімен Вьетнам Демократиялық Республикасымен бейбіт келісім жасалғанымен, билікте тағы да келіспеушілік туындады. Ол 1947 жылғы Мадагаскар жағдайы еді. 1947 жылы 29 мамырда Мадагаскар тұрғындары тәуелсіздік үшін көтеріліске шықты. Бұл мәселеде де партиялардыц ауызбіршілігі байқалмады. Реакцияшыл орта коммунистерді билік басынан тайдырса халықтың наразылығына ұшырайтынын түсінді. Сондықтан қолайлы сәтті күтті. Францияның сыртқы саясатында Компартия герман мәселесін Кеңес Одағымен байланыс орнату арқылы шешуді жөн санады. Ал Бидо бастаған орта халыққа КСРО- мен одақ нәтижесіз болатынын дәлелдеуге тырысты, халықтың санасын коммунистерге қарсы бағыттады. Осы кезеңде АҚШ - та экспансионистік курс жариялады. СМИД Мәскеулік сессиясында Франция франко-кеңестік одаққа үлкен соққы берді. Сыртқы-істер министрі Жорж Бидоның Кеңес Одағына байланысты позициясының өзгертуі Мәскеу конференциясының құлдырауына әкелген болатын. Коммунистердің биліктен кетуіне 1947 жылғы 24 сәуірдегі «Рено» заводы жұмыскерлерінің қозғалысы ақырғы түрткі болды. Бидо саясатынан басталып премьер- министр Рамадье саясатында жалғасын тапқан жалақының төмендеуі, оны алудың қиынға соғуы, бағаның өсуі жұмысшы қозғалысына себепші болды[6, 124б.].


<== предыдущая | следующая ==>
Табл – Основные рез-ты хоз.деят-ти орг-ции | Олданылған әдебиеттер 2 page

Date: 2016-05-24; view: 790; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию