Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әкімшілік бақылау қалай болатынын анықтап көрсет





Бақылау басқару қызметінің негізгі функцияларының бірі ретінде атқарушы билікті оның субъектілері жүзеге асыру процесінде әр түрлі нысандарда көрініс табады.Сонымен бірге бақылаудың ерекшеліктері қандай да болмасын белгілі бір атқарушы органның құзыретінің сипаты мен оның көлемділігіне байланысты болады.Бұл тұрғыдан алғанда жалпы және салааралық құзыретті органдардың бақылауын бөлуге болады.Бірінші жағдайда бақылау функциясының және соған сәйкес келетін өкілеттіктердің атқарушы биліктің бүкіл жүйесіне(республика көлемінде)таратылатындығы туралы айтылып отыр.Бақылау өкілеттіктерінің өзге түрлері нақты органның атқаратын қызмет аясының шеңберімен шектеледі.Осыған сәйкес ведомство үстілік және ведомстволық бақылауды бөлуге болады.Олардың арасындағы айырмашылықтың негізіне тікелей бағыныштылық(ведомствоға қарастылық)факторы немесе оның болмауы жатқызылған. ҚР-сы Үкіметінің бақылау функциялары мен өкілеттіктері жалпы бақылаудың мәнін барынша толық білдіреді.Еліміздегі атқарушы билік жүйесінің жоғарғы буыны ретінде,ол өзінің құзыретінің аясында Конституцияның,заңдардың,Президенттің жарлықтарының,өз актілерінің орындалуын ұйымдастырады және оларды барлық атқарушы билік органдарының орындауына жүйелі бақылауды жүзеге асырады,заңнамаларды бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолданады(ол Үкімет туралы Конституциялық заңның 16-б.айтылған).Үкіметтің жалпы өкілеттіктерінің ішінде-атқарушы билік жүйесінің біртұтастығын қамтамасыз ету,оның органдарының қызметіне бағыт беріп,басшылық және бақылау жасап отыру ерекше орын алады. Салааралық(ведомствоүстілік немесе ведомстводан тысқары)бақылау ұйымдастыру(ведомстволық)жағынан бақылау жүргізетін органға бағынышты емес органдар,кәсіпорындар мен мекемелер жөнінде жүзеге асырылады.Құқық қорғау аясындағы бақылауды Әділет,Ішкі істер министрліктері жүзеге асырады,табиғат байлықтарын пайдалану,ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу аясында-Энергетика және минералдық ресурстар,Қоршаған ортаны қорғау,Ауыл шаруашылығы министрліктері.ҚР-ның әкімшілік-аумақтық бөліктерінің әкімдері мен әкімдіктеріне және өзге де жергілікті атқарушы органдардың құрылымына жататын-департаменттерге,басқармаларға,бөлімдерге,т.б.қажетті бақылау өкілеттіктері берілген.Олардың өкілеттіктерінің ауқымы Конституциямен,жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңмен,салалық заңдармен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген. Әкімшілік қадағалау заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің тәсілі ретінде қоғам мен мемлекет үшін ерекше маңызды мәні бар жалпы міндетті болып табылатын ережелерді атқарушы билік органдарының коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қатал және дәлме-дәл орындауына бағытталған арнаулы уәкілетті атқарушы билік органдары мен олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметінің ерекше түрі болып табылады.Әкімшілік қадағалау-бұл құқық бұзушылықтың алдын алу,табу және жолын кесу,бұйырылған тәртіпті қалпына келтіру және кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында әкімшілік мәжбүрлеудің кешенді шараларын пайдалана отырып,атқарушы биліктің арнаулы органдарының ұйымдық жағынан бағынышты емес органдар,кәсіпорындар,мекемелер,ұйымдар,лауазымды адамдар мен азаматтар жөнінде олардың жалпы міндетті нормаларды,ережелерді,стандарттарды,талаптарды орындаулары туралы жүзеге асыратын мемлекеттік басқарушылық қызметтің ерекше түрі.

 

 

1. АҚ өзінің шаруашылығын жүзеге асыру мақсатында қаланың орталығынан бес қабатты ғимаратты сатып алады. Сатып алынған ғимаратты жөндеу кезінде АҚ басшысы ешқандай да өрт қауіпсіздігіне байланысты ережелерді сақтамайды. Яғни жұмыссыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ешқандай жағдайлар жасамайды. АҚ өзінің қызметін жүзеге асырғаннан бастап жарты жыл өткен кезде, ғимаратта тоқ сымдарының ақауынан өрт басталады. Өрттің пайда болғанынан қорғалмаған қызметкерлердің кейбіреуінің денсаулығына зиян келтіріледі. Осы жағлайда АҚ басшысын әкімшілік жауапкершілікке тартуға болады ма? Шешімін тап? (18 тарау)

 

2. Бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында қырық жасар азаматша Сейсенова тұрады. Ал азаматша Сейсенованың көршісі Алиева өзінің екі бөлмелі үйде жолдастарымен тұрады. Дүйсенбі күні сағат кешкі 23 аса бергенде жұмыстан үйіне оралып келе жатқан азаматша Сейсенова Алиеваның үйіне қонақ келгенін көреді де, көршісін қатты шуламауларын өтінеді. Себебі, уақыттың кеш екенін және өзінің қатты шаршағандығын айтады. Біраз уақыт өткеннен кейін Сейсенова қатты шу естиді. Ол шу Алиеваның пәтерінен шыққанын байқайды. Сейсенованың тыныштықты сақтауға байланысты көршісіне кінә таға ала ма? Әкімшілік кодекс бойынша қандай шешім шығаруға болатынын көрсет?(333 бап)

 

3. Алматы-Ақтау маршрутында жүк тасымалдайтын темір жол көлігі шықты. Темір жол жүрісін бастаған кезде оның құрамында тек қана жүктер болды. Бірақ маршруттағы станциялардың бірінде техникалық тексеруді өту үшін тоқтаған кезде вагонға жолаушылар мініп алады. Осы жағдайда жолаушыларды жауаптылыққа тартуға болады ма? Әкімшілік кодекс бойынша шешіңіз? (479 бап)

 

4. (64)Рейдтік тексеріс жүргізілген кезде сәйкес лицензиясыз және басқа да бірге жүретін құжаттарсыз Қырғызстан азаматтары ұсталды. Жұмыс беруші болып Ахметов Н.Б. деген азамат табылады. Құқық бұзушылықтардың құрамдарын анықтаңыз және мәселені шешіңіз?

 

5. Рейд жүргізілген кезде институттың 2-курс студенті Семенов Н. ұсталды, ол осы институттың қақпасының қабырғаларына әдепсіз сөздер жазып тастаған. Семенов Н. кәмелетке толмаған – 17 жаста. Құқық бұзушылықтың құрамын, ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды анықтаңыз және мәселені шешіңіз?

 

6. Азамат Имангалиев туған күн кешінен шығып, автомобильді мас күйінде жүргізеді. Сонымен қатар, жанындағы уытқұмарлық масаңдық күйінде болған досы азамат Естаевті да автомобильді жүргізуге мәжбүрлейді. Яғни, жүргізушінің алкогольмен, есірткімен, уытқұмарлық масаю күйінде көлік құралын басқаруы, не көлік құралын басқаруды алкогольмен, уытқымен масаю күйіндегі адамға беруі әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады ма? Егер табылса, ол үшін қандай әкімшілік жауаптылық көзделуі мүмкін? Әкімшілік кодекс бойынша шещініз? (467 бап)

7. Азамат Артықбаев пен азаматша Имашева некеге тұрмақ болып, азаматтық хал актілерін жазу органдарына өтініш береді. Бірақ, азамат Артықбаев некеге отыруға кедергі болатын мән-жайларды жасырмақ мақсатымен, өзінің бұрын некеге отырғанын және әлі де ажыраспағанын жасырып, азаматтық хал актілерін жазу органдарына жалған мәліметтер береді. Азамат Артықбаевтың азаматтық хал актілерін жазу ережелерін бұзған әрекеті үшін қандай әкімшілік жауаптылық көзделеді және бұл істі қай уәкілетті орган қарайды? Мәселені Әкімшілік кодекс бойынша шешіңіз? (376 бап)

 

8. Азамат Исаев жұмыстан жалтару мақсатымен өзінің таныс дәрігері Құланбаеваға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы жалған анықтама жазып беруін өтінеді. Құланбаева келісіп, оның айтқанын орындайды. Осы әрекеттері үшін, яғни, медицина қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртібін бұзғаны үшін Исаев пен Құланбаеваға қандай әкімшілік жауаптылық көзделуі мүмкін? Әкімшілік кодекс бойынша шещініз? (85 -1 бап)

 

9. (62)Тексеру кезінде тұлғалардың ұйымдастырылған тобы ұсталды, олардың жалпы сомасы 58 000 теңгені құрайтын контрафактілі өнім алынды. Ұсталғандар: Ибрагимов Г.А. 28жаста, Асембаев Г.К. 19 жаста, және Кузьмин К. 15жаста. Құқық бұзушылықтың құрамын ауырлататын мән жайларды анықтаңыз. Әкімшілік кодекс бойынша шешіңіз?

 

10. (63)Сайлау өтетін күні азамат Тулеков А.К. ұсталды -56 жаста, дауыс беру жүргізілген мектептің қарауылшысы. Ұстауға негіз, бұл –А.К. Тулековтың кандидаттардың біріне агитация жүргізгені, онымен қоса басқа кандидатарға қатысты әдепсіз сөз сөйлеп, ақпарат парақтары мен таратылатын материалдарды таратуы болды. Құқық бұзушылықтың құрамын ауырлататын мән жайларды анықтаңыз. Әкімшілік кодекс бойынша мәселені шешіңіз?

 

11. Жеке тұлға болып табылатын азамат А.Т.Исаев салық органына барып салық есебіне тіркелу үшін келді. Бұл үшін заңда көрсетілген мерзімде тіркеу есебіне қою туралы өтініш беруі қажет болды. Бірақ кездейсоқ жағдайларға байланысты заңда көрсетілген өтініш беру мерзімін екі күн кешіктірді, яғни ол заңда көрсетілген мерзімді бұзды. Исаевтың әрекеті әкімшілік жауапкершілікке тартуға жата ма? Егер Исаев ірі кәсіпкерлік субьектісі болып табылатын заңды тұлға болса немесе лауазымды адам болса іс қалай шешіледі? Мәселені шешіңіз? (205 бап)

 

12. Шетелдік заңды тұлға болып табылатын «WEST» компаниясы ҚРның Әділет министрлігінде тіркелген өз қызметін жүзеге асырып отырған саяси партияны қаржыландырғаны мәлім болды.Соған сәйкес заңсыз қайырымдылықтар тәркіленді. Осы жағдай бойынша лауазымды адамдар және шетелдік заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылама? Жауапкершілікке тартылу ерекшеліктері қандай? Әкімшілік кодекс бойынша шешіңіз?

 

13. Азамат Адайбаев Д.Н. 2009 жылы 12 ақпан күні жеке басын куәландыратын куәлігін жоғалтып алды. Бірақ ол куәлігін жоғалтқан мерзімнен соң төрт ай мерзім өтсе де куәлігін қалпына келтірмеді. Оның осы уақытқа дейін куәліксіз тұрғылықты жерінде тұрғаны анықталды. Адайбаевтың әрекеті әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жата ма? Мәселені құқықтық тұғыдан шешіңіз? (377 бап)

 

14. Кәмелетке толмаған Асылбаев.А(17 жаста) темекіні және темекі бұйымдарын сату барысында ұсталды. Тексеру барысында айыпты тұлғаның бұл әрекетті 1 жыл ішінде екінші рет жасалғаны және бұрын әкімшілік жаза қолданылғаны анықталды. Асылбаевқа қандай мөлшерде айыппұл салынады? Егер бұл әрекетті лауазымды адамдар, кәсіпкерлер жасаса айыппұл мөлшері өзгере ме? Мәселені шешіңіз?

(114 бап)

15. Тауарларды құжатсыз сатқандығы үшін кәсіпкерлерге әкімшілік жаза қолданылуы туралы шешім шығарылған. Жаза орындаларға дейін әкімшілік жаза қолданылуы тиіс заңның күші жойылғандығы белгілі болды. Айыпты тұлғалар әкімшілік жауаптылықтан босатыла ма? Егер босатылатын жағдайда, әкімшілік жауаптылықтан босатылудың басқа да негіздерін көрсетіп, мәселені шешіңіз?

 

16. С.Дауылбаевқа өзінің жасамаған әрекеті үшін заңсыз әкімшілік жауаптылық белгіленеді. Ал бұл туралы мәліметтер баспасөзде жарияланып, радио, теледидар немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылып кетеді және бұл тұлғаға моральдық зиян келеді.Осы адам өз құқықтарын қалпына келтіру үшін қандай әрекеттерді жасауды талап ете алады? Әкімшілік кодекс бойынша шешіңіз? (347 бап) 86 бап

 

17. (61)ҚР азаматтары кез-келген мемлекеттік органға баруға ж/е өздерін қызықтыратын ақпаратты талап етуге құқылы. Азаматтардың сұраныстары 30 күн ішінде, қосымша тексерістер мен тіркеулер талап етпейтін үндеулер 15 күн ішінде қаралуы тиіс. Үндеулерге жауаптар тек қана жазбаша нысанда берілуі тиіс. Жауаптар соттық ж/е азаматтық тәртіпте қайта қаралуға жатады. Берілген құқықтық нормаға сипаттама беріңіз, оның құрылымын анықтаңыз. Әкімшілік кодекс бойынша мәселені шешіңіз?

 

18. (65)Шетел азаматтары ж/е азаматтығы жоқ тұлғалар ҚР заңнамасын сақтауға, ҚР Конституциялын құрметтеуге ж/е сақтауға, ұлттық ескерткіштерді ж/е басқа да мәдениет объектілерін сақтауға Республика аумағында тұратын ұлттардың ұлттық салт-дәстүрін құрметтеуге Қазақстаннан тысқары тұрудың ж/е шығудың ережелерін сақтауға міндетті.Берілген құқықтық нормаға сипаттама беріңіз, оның құрылымын анықтаңыз?

 

19. Азаматша Жаппасова ұсақ түйек заттарды күн көріс көзіне айналдыру мақсатында көшенің бойында сата бастайды. Бұны көрген құқық қорғау органының қызметкерлері ескертеді. Бұған Жаппасова қызметкерлерге қарсылық көрсетеді. Және дереу орнынан кетпейді. Жаппасованың әрекеті дұрыс па? Ол әкімшілік жауаптылықта қалай көзделген? Әкімшілік кодекс бойынша шешіңіз? (165 бап 164 бап)

 

20. Азамат Ерханов өз құралдарымен қызыл кітапқа енген, яғни ерекше қорғаудағы заңдарды атады. Ерхановтың әрекеті құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне белгілі болады. Ерханов қандай жауаптылыққа тартылады және ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінде қалай көрсетілген? Әкімшілік кодекс бойынша шешіңіз? (298 бап)

 

Date: 2016-05-23; view: 1085; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию