Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Орталық атқарушы билік органдарының актілерін талдап көрсет





Орталық атқарушы билік органдарының құқықтық актілері – құқық нормаларына сәйкес ресімделген, біржақты биліктік ерік – жігерді білдіретін, заңды салдарларға әкелетін атқарушы – бұйырушы қызмет процесінде атқарушы билік субъектілері қабылдайтын заң күшіндегі ресми заңды актілердің түрі.

Оның мынадай негізгі белгілері бар:

1) заң күшіндегі сипата болуы;

2) мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаың биліктік, өкімді ерік-жігерін білдіреді;

3) әкімшілік-құқықтық және басқа да қатынастарды белгілейді, тудырады, өзгертеді және тоқтады;

4) ресми белгіленген нысандарда, құжаттар түрінде болады;

5) әкімшілік құқық субъектілерінің орындауына міндетті мінез-құлық ережелерін немесе жеке ұйғарымдарды бекітеді;

6) белгіленген тәртіпте шығарылады.

Мемлекеттік басқарудың құқықтық актілері — атқарушы биліктің мқсат-міндетін жүзеге асыру үшін арналған маңызды құралы.

Мемлекеттік басқару актілерінің заңдық маңыздылығы мынадан көрінеді:

1) құқық нормасын белгілейді, өзгертеді немесе күшін жояды;

2) басқару объектілеріне нақты міндеттер жүктейді немесе нақтылы құқықтар береді;

3) басқару актілері сотта дәлел бола алады, заңды істерді қозғау негізгі бола алады (жұмыстан босату, тұрғын үйге берілген ордерді жарамсыз деп тану);

4) басқару актілері басқа актілерінің жарамдылығынң шарты болуы мүмкін, мысалы, ІІО азаматқа қару-жарақ алуға рұқсат береді; кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға мөрлерді дайындауға рұқсат береді.

Актілердің мынадай түрлері болады:

1) Заңды мазмұны бойынша –жеке актілер және нормативті –актілер;

2) Әрекет ету мерзімі бойынша – әрекет ету мерзімі анықталмаған (мерзімсіз), мерзімді және уақытша актілерге бөлінеді.

3) Әрекет ету аумағы бойынша – республика аумағында әрекет ететін және әкімшілік – территориялық бірліктер масштабында әрекет ететін мемлекеттік басқару актілеріне бөлінеді.

4) Актіні шығаратын органдардың құзырлығының сипаты бойынша жалпы, сала аралық және салалық басқару актілеріне бөлінеді.

5) Мемлекеттік басқару актілерін шығаратын органдар бойынша:

1) қаулылар- бұл алқалы тәртіпте қабылданатын акт, мысалы, ҚР Үкіметінің қаулылары;

2) шешімдер- бұл алқалы тәртіпте, сондай-ақ дара басшылық тәртібінде (жеке) шығарылатын акті,

мысалы,маслихаттардың, әкімдердің шешімі;

3) өкімдер — бұл жеке, дара басшылық тәртіпте шығарылатын акт, мысалы, ҚР Президентінің өкімі;

4) бұйрықтар — бұл дара басшылық органдардың жетекшілері шығаратын акт, мысалы министрдің бұйрығы; Бұйрық

жеке, сондай-ақ нормтивті болуы мүмкін.

5) нұсқаулар — бұл мемлекеттік басқару органдарының жетекшілері қабылдайтын акт, мысалы, министр және т.б.

Нұсқау нормативті-құқықтық актілердің нақты орындалу тәртібін белгілейді.

6) Көрсетілу нысаны бойынша- жазбаша, ауызша, конклюдентті.Актілерінің күшіне ену, әрекетін өзгерту және тоқтату. Актінің заңды күшіне ену оның ресми жарияланған сәтінен бастап немесе арнайы актілерде белгіленген мерзімде орындаушыларға жеткізген сәттен бастап енеді, мысалы ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ведомстволардың нормативті актілері оларды ресми жариялағаннан кейін 10 күннен соң заңды күшіне енеді.

Актілердің әрекетін өзгертуді, ереже бойынша, оны қабылдаған орган немесе лауазымды тұлға енгізе алады.

Актінің әрекеті мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1) толығымен немесе оның жекелеген бөлімдерінің;

2) ҚР бүкіл немесе нақты территориясында;

3) мемлекеттік органның нақты қызметіне қатысты немесе толығымен;

4) актіні қабылдаған мерзімі аяқталғанда;

5) актіні қабылдаған орган басқа актіні қабылдаған жағдайда күші жойылды деп танығанда;

6) актідегі нақты әрекеттер орындалғанда, мысалы, айыппұл төленгенде;

7) заңды оқиғалар болғанда.

 

 

Date: 2016-05-23; view: 765; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию