Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Орталық атқарушы билік органдарының жүйесі





Орталық атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері негізінен 1995 жылғы 18 желтоқсандағы «ҚР-ның Үкіметі туралы» Конституциялық заңда, ҚР-сы Президентінің 1993 жылғы 9 маусымдағы «Атқарушы ӛкіметтің орталық атқарушы органдарының жүйесін ретке келтіру туралы», және басқа жарлықтарында кӛрініс табады.ҚР-ның министрлігітиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен кӛзделген шекте – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады. Министірлікті ҚР-ның Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Министрдің, оның ұсынуы бойынша ҚР-ның Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. Министр Министрліктің жұмысын үйымдастырады және оған басшылық жасайды, министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның ӛз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді. Министр осы мақсатта: ӛз орынбасарларының және министрліктің құрылымдық бӛлімшелері мен аумақтық органдары басшыларының міндеттері мен ӛкілеттіктерін айқындайды; заңнамаға сәйкес комитеттердің тӛрағаларының орынбасарларын, министрлік аппаратының қызметкеолерін, аумақтық органдар мен ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; заңнамада белгіленген тәртіппен жаза және кӛтермелеу шараларын қолданады; ҚР-ның Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Министрліктің және оның аумақтық органдарының құрылымын, Министрліктің ведомстволары туралы ережелерден басқа, құрылымдық бӛлімшелері мен аумақтық органдар туралы ережелерді бекітеді; Министрліктің бұйрықтарына қол қояды, ӛкімдер шығарады, нұсқамалар береді, олардың орындалуына бақылау ұйымдастырады; сараптамалық және ӛзге де кеңестер мен комиссиялар, жұмыс топтарын құрады, олардың деобес құрамын және олар туралы ережелерді бекітеді; ҚР-ның заңнамасына сәйкес ӛзге де ӛкілеттіктері жүзеге асырады.ҚР-ның агенттіктері. Республика Премьер – министрінің ұсынысы бойынша ҚР-ның Президенті құратын ҚР-ның агенттігі Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның ӛз атауы мемлекеттік тілде жазылған мӛрі мен мӛртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады. Агенттікті ҚР-ның Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Тӛраға басқарады. Тӛрағаның орынбасарларын да оның ұсынуы бойынша Үкімет қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министрліктердегі сияқты, агенттіктер тӛрағасының жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Оның саны мен жеке құрамын агенттіктің тӛрағасы бекітеді. Агенттік тӛрағасының бұйрықтары агенттіктің актілері болып табылады.Орталық атқарушы органның ведомствосы. Республиканың орталық атқарушы органының Комитеті ведомство болып табылады. Ведомстволар министрліктердің құрылымдық бӛлімшелері ретінде бекітілгендіктен, комитеттер министрліктердің құрамына кіреді. Ведомствоның құрылымы, негізгі міндеті мен құзіреті және басқа мемлекеттік органдармен ӛзара іс-қимылының тәртібі әрбір Комитет туралы ҚР-ның Үкіметі бекітетін Ережеде айқындалады. Бұл Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. Комитетті тиісті министрдің ұсынуы бойынша ҚР-ның Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын тӛраға басқарады. Оның міндеттері мен ӛкілеттіктері Комитет туралы Ержеде белгіленеді. Комитет қабылдайтын шешімдер Комитет тӛрағасының бұйрықтарымен ресімделеді.

 

 

Date: 2016-05-23; view: 1207; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию