Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері





 

Әкімшілік құқықтық қатынастың айрықша субъективтік көрінісі бар, яғни онда басқа тарапқа арналатын тиісті ерік білдірушіліктерді тұжырымдайтын субъектісі болады. Әкімшілік құқықтық қатынастар мемлекеттің басқарушылық мақсаттары мен міндеттерін қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Бұл қатынастардың да барлық өзге құқықтық қатынастар сияқты өзінің объектісі болады,оны түсіну мемлекеттік басқарушылық қызметтің мән мағыналық ерекшеліктерімен байланысты, атап айтқанда, басқару әрқашанда еріктің бірінің біріне бағыныштылығын болжайды. Әкімшілік құқықтық қатынастардың объектісі атқарушы билікті жүзеге асыру аясындағы басқарылатындардың еркі, сана сезімі және солар арқылы болатын мінез құлқы болып табылады.Әкімшілік құқықтық қатынас өзінің мәні бойынша басқарушылық бола отырып, оның пайда болуы, өзгертілуі немесе тоқтатылуы үшін кең аясы бар. Бұл мемлекеттік басқару аясы, оның ұғымы, шегі бұрын да, қазіргі кезеңде де атқарушы билікті іске асыру жөніндегі практикалық қызметтің көлемімен және бағыттылығымен анықталады. Тағы бір ерекшелігі, екінші тараптың тілегіне немесе келісіміне қарамастан да пайда болуы мүмкін. Әкімшілік құқықтық қатынастар тараптары әкімшілік құқықтық нормалардың талаптарын бұзған үшін жауапкершілікте болады. бірақ азаматтық құқықтық қатынастарға тән болатын бірі бірінің алдында емес кінәлі тарап уәкілетті атқарушы органның алдында жауапты болады. осындай тәртіппен, мысалы, тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік пайда болады.Заңда қаралған жағдайларда жауапкершілік сот тәртібімен де болуы мүмкін. Сонымен әкімшілік құқықтық қатынас тарабының жауапкершілігі мемлекет алдында оның тиісті органдары, атқарушы орган не сот, арқылы пайда болады. мұндай тәртіп мынаған байланысты, әкімшілік құқықтық нормаларды бұзу жариялық құқықтық мүдделерге қол сұғады, оларды, қашанда белгілі, тек мемлекеттік органдар ғана білдіруге қабілетті.Әкімшілік құқықтық қатынастар пайда болу, өзгертілу немесе тоқтатылу үшін әкімшілік құқықтық нормалармен қаралған шарттардың болуы талап етіледі.Бұлар заңдық айғақтар, яғни мән жайлар, әкімшілік құқықтық норма тиісті тараптардың арасында нақты құқықтық қатынастардың пайда болуын солармен байланыстырады.Әкімшілік құқықта заңдық айғақтарды еріктілік белгісі бойынша әрекетке және оқиғаға бөледі. Іс әрекет- әкімшілік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бар қандай да бір субъектінің белсенділікпен ерік білдіруінің нәтижесі. Олар заңды және заңсыз болулары мүмкін. Заңды іс әрекеттер әкімшілік құқықтық нормалармен белгіленген мінез құлықтың ережелеріне толығынан сәйкес келеді. Олар заңды қылықтарға және заңды актілерге бөлінеді.Заңдық айғақтар – заңсыз іс әрекеттер әкімшілік құқықтық нормалардың талаптарына сай келмейді, оларды бұзады. Сондай ақ әрекетсіздік те заңсыз болуы мүмкін. Оқиғалар – бұл адамның еркіне байланысты құбылыстар, мысалы, өлім, табиғи апат.Әкімшілік құқықтық қатынастар өзінің сипаты, мазмұны және бағыттылығы бойынша әр түрлі болады. Оларға тән заңдық биліктік элемент те әртүрлі көрініс табады.Осыларды ескере отырып, әкімшілік құқық ғылымы тұжырымдаған кейбір белгілер бойынша оларды түрлеп топтастыруға болады,бұл орайда ең алдымен басқарушылық байланыстардың сипатын анықтау ерекше маңызды.Осы тұрғыдан мыналарды бөлуге болады: Атқарушы биліктің мән мағынасын тікелей көрсететін қатынастар, бұндай қатынастардың шегінде атқарушы биліктің тиісті субъектісі осы қатынастардың басқарылатын қатысушыларының мінез құлқына тікелей реттеушілік ықпал жасауды жүзеге асырады. Тікелей басқарушылық ықпал жасау шегінен тысқары қалыптасатын, бірақ оны жүзеге асырумен байланысты қатынастар. Олардың бірінші – әкімшілік құқықтық қатынастардың негізгі түріне қатысты алғанда көмекші маңызы бар. Шындығында бұл жерде негізгі және негізгі емес басқарушылық байланыстар туралы айтылып отыр, яғни, сатылас және деңгейлес қатынастар. Оларды бұлай бөлудің негізіне олардың қатысушыларының өзара қарым қатынасының заңдық сипаты алынған. Сатылас әкімшілік құқықтық қатынастар негізінен мемлекеттік басқару аясына тән, өйткені әкімшілік құқықтық реттеудің мазмұнын, сондай ақ мемлекеттік басқарушылық қызметке тән басқарушылық байланыстарды ең толық дәрежеде білдіреді. Олардың мәні мынада: қатынастың бір тарабында, оның өзге тарабында болмайтын, заңдық биліктік өкілеттіктер болады.Сатылас әкімшілік құқықтық қатынастардың барлық түрлерінде басқарушылық байланыстардың басты белгісі, яғни тараптардың заңды түрдегі теңсіздігі айқын көрініс табады. Деңгейлес әкімшілік құқықтық қатынастар деп тек тараптары шындығында және заңды түрде тең құқылы болатын қатынастар ғана түсініледі, яғни оларда бір тараптың екінше тарапқа міндетті болатын заңдық биліктік әмірі болмайды. Нақты қатынасты деңгейлес деп тану үшін мынадай маңызды мән жайларды ескеру керек. Ең алдымен қатынастың бір тарабының басқасына қандай да болмасын нысанда заңды түрдегі тәуелділігі болмауы тиіс.Сонымен, бұндай қатынастарда бір тараптың екінші тарапқа арналған ерік білдірулерінің қандай да болмасын заңдық биліктік көрінісі міндетті түрде болмауға тиіс.

 

Date: 2016-05-23; view: 983; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию