Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Отбасын жоспарлау және репродуктивтілік орталықтарының қызметтерінің негізгі бағыттары 2 page





«Неке» және «отбасы» ұғымдары арасында тығыз байланыс бар.

Өткен кезеңдердегі және қазіргі заманғы әдебиеттерде «неке», «отбасы» сөздері синоним ретінде қолданылады, алайда бұл ұғымдардың ортақ жалпы мәні де, өздеріне ғана тән жеке мәндері де бар. Ғалымдардың дәлелдеуінше, неке мен отбасы әр түрлі тарихи кезеңде пайда болған.

Социологтардың беретін анықтамасы бойынша, неке дегеніміз- әйел мен еркек арасындағы тарихи өзгеріп тұратын қарым-қатынастардың әлеуметтік нысаны. Осы нысана арқылы олардың жыныстық өмірі тәртіпке келтіріледі және оған рұқсат беріліп, олардың ерлі-зайыптылық құқықтары мен міндеттері белгіленеді.

Отбасы дегеніміз – некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы – бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы – некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.

Отбасында төмендегідей негізгі міндеттер шешіледі:

-отбасында адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар беріледі;

-қоғамның азамат мүшесі отбасында тәрбие алады;

- салт-дәстүрлер жалғастығы іске асады;

-отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері азаматты, патриотты тәрбиелеу, қалыптастыру,

-болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесі жетіледі;

-өзіндік сана-сезім, пікір, «Мен» позициясы қалыптасады;

- өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе білуге тәрбиеленеді;

-отбасының кәсіп таңдауға да тигізетін ықпалы орасан.

Отбасындағы басты мәселелердің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар өмірлік циклдың белгілі бір кезеңдеріне баяу жетеді. Ал кейде тіпті оған жетпейді де. Баланың туылған уақытында баладағы эмоционалдық үйрену, патологиялары туралы ақпарат алу қажет. Отбасының өмірлік циклының осы кезеңі туралы толығырақ айтып беріңіз.

Қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Алайда ересек мүгедектердің өз құқықтарын іске асыруына байланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл кемтар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар - ожданын кемсітетін, оның дамуға және тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші көріністер болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану.

Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады; логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.

«Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ.

Бұл термин көбіне «Сапалы білім барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде арнайы мектеп - интернаттарда білім алады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер кемтар бала сыныпқа келген кезде оны қандай оқулықтармен оқытап,қандай әдістемелік құралдарды пайдаланады соны білмейді. Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе - кадр жеткіліксіздігі. Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді - енді қолға алына бастады.

Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. Ақыл - ойы кем болған балаларға әлеуметтік көмек көрсету барысында медициналық бейімдеудің маңызы зор. Осындай ақыл - ойы кем балалармен жігерлі терапия жүргізе отырып, оларға дәрілік емдеу, физио, психотерапия, емдік дене шынықтыру жаттығулары, жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары қолданылады.

Аристотельдің ойынша, әйелдер жұбайына толығымен бағынады. Әйелдер мен күң-еркектерді салыстыра отырып, ол күң-еркектердің қоғамдағы маңызды орны туралы айтады. Күңдер бостандыққа ие болуы мүмкін, ал әйелдер әрқашан бағынуы тиіс. Аристотельдің отбасы туралы концепциясын қай ғалым социологтар жалғастырды

Айта қалпына келтірудің әлеуметтік-экономикалық түрі бірнеше іс-шаралар кешенін құрайды, олар: тұрғын-үймен қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі адамдардың осы қоғамның бір мүшесі екендігіне сенімдерін тудыруға мүмкіндік бретін іс-шараларды жүзеге асыру, мүгедектерге немесе отбасында мүгедек баласы бар отбасыларға материалдық қолдау көрсету, зейнетақы, жәрдемақы төлеу. Осындай қалпына келтіру іс-шаралары мүгедектерге қарастырылған ба.Толық талдау жасаңыз.

Қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Алайда ересек мүгедектердің өз құқықтарын іске асыруына байланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл кемтар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар - ожданын кемсітетін, оның дамуға және тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші көріністер болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану.

Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады; логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.

«Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ. Бұл термин көбіне «Сапалы білім барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау.

Кеңес берудің психологиялық түрі клиенттерге білікті көмек көрсетіп, отбасындағы жанжалдардың алдын алу мен болдырмау әдістеріне байланысты тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсартуды қамтамасыз етеді. Кеңес берудің басқа қандай түрлерін білесіз. Оларға сипаттама беріңіз.

Кеңес беру әлеуметтік жұмыстардың маңызды әдісі мен технологиясы болып табылады. Кеңес берудің психологиялық түрі клиенттерге білікті көмек көрсетіп, отбасындағы жанжалдардың алдын алу мен болдырмау әдістеріне байланысты тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсартуды қамтамасыз етеді.

Кеңес беру – бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын әлеуметтік жұмыс түрі.

Психологиялық кеңес беру - бұл психологтың кәсіби іс-әрекетінің бір түрі. Психологиялық кеңес беру практикалық психологияда жалпы негізгі аймақ болып табылады. Психологиялық кеңес берудің негізгі әрекеті тек клиентпен ғана. Ол біріншіден, оның яғни клиенттің сенімінен шыға білуі. Ал, екіншіден оны түсінуі керек. Оның қиын проблемаларынын көңілді әрі оңай түрде шығуына көмектесіп, кеңестер, бағыттар беріп отыруы қажет.

Кеңес берудің психологиялық түрі клиенттерге білікті көмек көрсетіп, отбасындағы жанжалдардың алдын алу мен болдырмау әдістеріне байланысты тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсартуды қамтамасыз етеді. Г.Навайтистың анықтамасы бойынша: «Психологиялық кеңес беру - қарым-қатынаста қиыншылық көріп жүрген адамдарға көмек берудің әдістерін қалыптастыратын психологияның саласы.» Бұл -психологиялық көмек көрсету үрдістерін жүйелі түрде баяндауды қамтамасыз ететін ғылым. Арнайы ұйымдастырылған кеңес арқылы клиент қиын жағдайлардан шығады және қосымша психологиялық күш алады.

Кеңес беру психологиясының әдісі мен түрлері.

1. Теориялық қабылдау қабілеті бойынша (психоаналитикалық, тәртіптік, гуманистік, гештальт кеңес беру аясында).

2. Клиенттің жасы бойынша (бала, жеткіншек, ересек).

3. Ұйымдастыру түрі бойынша (іштей бетпе-бет сөйлеу, хат арқылы, интернет, телефон арқылы).

4. Клиенттердің саны бойынша (жеке, топтық).

5. Психологиялық проблема бойынша (тіл табысу проблемалары, жеке проблемалар, көңіл-күй проблемалары).

6. Қосымша жүйе (мектептік, жұмыстық, жанұялық, ерлі-зайыптылық, бизнестік).

Кеңес берудің басқа да түрлері бар:

Отбасылық кеңес беру - отбасындағы ересектер мен баланың арасындағы әлеуметтік проблемалар, шиеленістік жағдайлар кезінде әлеуметтік-педагогикалық ақыл-кеңестік көмекті қамтитын кеңес берудің бір түрі.

Топтық кеңес беру - алдын ала жүргізілген жеке даралық кеңес беруден кейін ұйымдастырылады. Онда психологиялық проблемалары ұқсас адамдар топталады және мыенадай түрлерге бөлінеді:

- бір және бірнеше реттік;

- жеке ұсыныс бойынша;

- шақыру және бағыттау нәтижесінде;

- толықтырушы тестілеусіз, толықтырушы тестілеумен, т.б.

Жеке даралық кеңес беру - мазмұны клиенттің тапсырмасымен анықталады. Психологтар психикалық даму кезеңдерін әрі нақты кезеңдегі механизмді білуі тиіс. Жеке даралық кеңес беру схемасы мына үлгіде ұсынылады: өзара іс-әрекет тапсырмалар мазмұны (тапсырыстың мәтіні) – > психикалық дамудың механизмдері (психологиялық тапсырма) – >психикалық даму мөлшерінің мазмұны.

Тиімді кеңес беру -Психологтың клиентпен кездесуі өтеді, олар пікір алмасады, Психолог клиенттің құқығын құрметтейді, кәсіби араласудың шараларын, шамасы мен шегін сақтайды. Психолог клиенттің өзінің шешім қабылдау қабілетіне сенеді, Ол ауызша және басқа да әдіспен мұны өзінің кеңес алушысына көрсетеді, эмоционалды түрде қолдайды. Ол клиентке өзінің сезімін білдіру мен қиындықтарын айтуға мүмкіндік береді.

Тиімсіз кеңес беру -Психологтың клиентпен кездесуі өтпейді, психолог айтарлықтай байланыс орнатпайды, психолог клиентті «көрмейді», «естімейді» және сезбейді. Ол өзінің айтқандарына жөнсіз қарайды. Клиентке де сөз бермейді.

Отбасында отбасы мүшелерінің психикалық денсаулығы бұзылып, жеке және рухани даму байқалмаса, отбасылық мәселелер анықталмаған отбасы отбасының қандай түріне жатқызылады. Аталған отбасы түрін суреттеп беріңіз.

Бұндай отбасыны дисфункционалды отбасы түрлеріне жатқызамыз.

Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.

Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көптеген отбасы толық бақытты бола бермейді. Отбасында ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, бірақ, ерлі-зайыптылардың аоасындағы түсінбеушіліктер біржола жоғалып та кетпейді немесе бейбіт түрде толық шешіліп те қоймайды. Отбасы қатынастарындағы дау –жанжалдардың күшеюі – бұл тұрақтылығымен қатерлі сипат алған, толық шешілмейтін дау-жанжал. Ал, тұрақты шиеленістің арты-ұрыс – керіс жинақтала келе отбасында агрессиялық көңіл күй қалыптастырып – ақыры отбасын ыдыратуға әкеп соғады.

Дау- жанжалдар, олардың күшеюі ата-аналар арасында ғана емес, олардың балаларымен қарым-қатынастарында да болып отырады, бұлардың көшілігі, әсіресе, мәдени, өркениет жетістіктерін пайдалану кезінде жиі кездеседі. Оның себебі, жас ұрпақтар мәдениет пен өркениеттің даму кезеңінің жаңа сатысында өмір сүріп отыр, ал, ата-аналар мәдениет пен өркениеттің бұрынғы жетістіктері кезеңінде тәрбие алған. Жас ұрпақты өткен мәдениет және өркениеттің құндылықтары мен жетістіктері аса қызықтырмайды. Сондықтан ата-аналар жастардың жаңа мәдениет пен өркениеттің жетістіктеріне ұмтылуына, пайдалануына кедергі жасамай, бұл мәселеде ата-аналар белгііл бір келісімге келуі керек. Отбасында шиеленіс асқынған жағдайда отбасының дағдарысына ұласады. Бұл дағдарыстар алуан түрлі болады. Бұлар: некедегі үшбұрыштылық (яғни, бір махаббатта 3адамның кездесуі),мінез-құлықтардың, психикалық сипаттамаларының әр түрлілігі,отбасы мүшелерінің талап-тілектерінің, сұраныстарының сәйкес келмеушілігі, жыныстық қатынастарға қанағаттанбауы, ерлі-зайыпты адамдардың біреуінің әлеуметтік азғынға (яғни, маскүнемдікке салыну, қылмыстық істерге ұрынуы, заңсыз, некесіз бала таптыру, т.б.) ұшырауы. Мұның бәрі отбасы бұзуға, берекесін кетіруге, кесел әкелуге себеп болады, бұл жағымсыз факторлардың ақыры ерле-зайыптылардың өз балаларына деген ата-аналық борыш, міндеттерін орындамауға әкеледі.

Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс – отбасы өмірлік циклінің кез-келген кезеңінде кезедсетін дағдарыс, оны өмірдегі жағымсыз жағдайда қобалжу дағдарысы ретінде Р.Хилл үш факторды (отбасы шығатын дағдарысты) бөліп қарастырады:

1. Сыртқы қиындық (жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы);

2. Күтпеген жағдай, стресстер (отбасы немесе бір мүшесінде жол апаты, зорлануы т.б.)

3. Ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақатығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы)

Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының белгі көрсеткіштері:

1. Дағдарыс жағдайы;

2. Отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы;

3. Отбасы мүшелерінің болған жағдайға көзқарасы, қабылдауы;

4. Отбасы мүшелерінің өзгеруі;

5. Жекелік және отбасылық жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі;

Мектеп жасы кезінде мүмкіндігі шектеулі балалар өмірлік циклдың белгілі бір кезеңіне баяу жетеді. Отбасының өмірлік циклының осы кезеңінде баланы оқыту формасы, оның оқудан тыс іс-әрекетін ұйымдастыру туралы шешім қабылдау қажет. Осы кезеңге толық талдау жасаңыз.

Қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Алайда ересек мүгедектердің өз құқықтарын іске асыруына байланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл кемтар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар - ожданын кемсітетін, оның дамуға және тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші көріністер болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану.

Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады; логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.

«Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ.

Бұл термин көбіне «Сапалы білім барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде арнайы мектеп - интернаттарда білім алады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер кемтар бала сыныпқа келген кезде оны қандай оқулықтармен оқытап,қандай әдістемелік құралдарды пайдаланады соны білмейді. Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе - кадр жеткіліксіздігі. Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді - енді қолға алына бастады.

Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. Ақыл - ойы кем болған балаларға әлеуметтік көмек көрсету барысында медициналық бейімдеудің маңызы зор. Осындай ақыл - ойы кем балалармен жігерлі терапия жүргізе отырып, оларға дәрілік емдеу, физио, психотерапия, емдік дене шынықтыру жаттығулары, жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары қолданылады.

Отбасының даму циклдері(кезеңдер). Бұл отбасының өзгеру серпінін-оның пайда болуы мен ыдырауының арасындағы уақытты қамтиды.

Бірінші кезең – некеге тіркелуден және бірігіп өмір сүруден бірінші бала туғанға дейінгі уақыт.

Екінші кезең – ең соңғы баланың мектепке баруымен, ал, үшінші кезең баланың әлеуметтік ер жетуі (бой жетуі), табыс табуы мен оның экономикалық тәуелсіздігі, дербестігі, өз бетінше күн көруі арқылы анықталады. Отбасының тіршілік кезеңдері оның ең басты функциясын орындаумен, яғни адам санын көбейтумен байланысты болмақ.

Отбасының бұдан да басқа өмірлік кезеңдері бар, бірақ, осы жоғарыда көрсетілгендер негізгі кезеңдерін құрайтындықтан осылармен шектелеміз. Кейінгі уақытта жас отбасын зерттеуге жете назар аударылуда. Көпшіліктің ұйғаруымен жас отбасы мынандай белгілен\рмен сипатталады: некеге отырғандардың жасы 30-дан аспайды, бірігіп өмір сүруі 5 жылдан артық емес. Ерлі –зайыпты адамдар бірінші рет некеге отырған. Бұл сипаттама жас отбасын басқалардан ерекшелеп көрсетеді. Жас отбасынан басқа мосқал, кексе адамдардың отбасы бар, ал, толық жетілген отбасы деп мосқал отбасы мен жас отбасы арасындағы отбасын айтамыз.

 

Индустриялық құрылымының дамуы, демографиялық құрылымының өзгеруі, қоғамдық топтардың, таптардың қайта құрылуы, әлеуметтік өзгерістер әр уақытта отбасының өзгеруіне тікелей әсер етіп отырады. Кейінгі бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдар аралығында жұмыр жер бетін мекендейтін көптеген халықтар мен мемлекеттерде отбасы дағдарысы белең алып бара жатыр деген пікірлер жиі айтылып жүр. Қазіргідей өркениеттің аса дамыған кезеңінде отбасы өзінің негізгі атқаратын әлеуметтік қызметі - өмірге ұрпақ әкелуді қойды, бұл құбылысты отбасын ыдыратушы, құлдыратушы институтқа (ұйым) айналдырды деп даурығады. Дегенмен, әрбір елде неке қидырғандар саны көбейіп келеді. Отбасының іштей байланыс-қатынастары күшеюде, мұның өзі сырт күштердің отбасын белгілі бір әлеуметтік институт ретінде жоюға шамасы жоқ деп батыл болжау жасауға, тұжырымдауға дәләл бола алады.

Кез келген отбасы дамуында кейбір маңызды сатылар бар:

- баласыз жұп сатысы;

- алғашқы перзентті болумен сабақтас сатылар;

- баланы мектепке дейінгі тәрбиелеу сатысы;

- баланың мектепке оқуымен сабақтас саты;

- баланың жасөспірімдік даму фазасының сатысы;

- баланың өз бетінше өмір сүруі мен өз отбасын құруының басталуына байланысты саты;

- қартайған жұбайлардың өздеріне жете көңіл аударуы мен олардың бірінің қайтыс болуымен сабақтас саты. Толық отбасы қазіргі қоғамның эталоны емес, дегенмен отбасының динамикалық сипаттамасы мен оның дамуындағы кілтті кезеңдерді ескеруге тура келеді.

 

Леуметтік жұмыстың әлеуметтік моделінде отбасылық қиындықтар сыртқы тәртіптің жағымсыз жағдайының нәтижесі болып табылады: соционмен, түрлі әлеуметтік қызметтердің көмегімен, отбасының өз күшімен сыртқы жағдайлардың жағымды өзгеруіне қол жеткізеді. Осы модель туралы толығырақ айтып беріңіз.

Date: 2016-05-23; view: 1365; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию