Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Отбасын жоспарлау және репродуктивтілік орталықтарының қызметтерінің негізгі бағыттары 1 page





Отбасын жоспарлау – біздің өмірімізге белсене араласатын түсінік. Көптеген жылдар бойы отбасын жоспарлау – бала тууды шектеу деген түсінікті білдірді. Бірақ отбасын жоспарлау – армандап күткен, дені сау баланы дүниеге келтіру үшін еркек пен әйел денсаулығын сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, отбасын жоспарлау – баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз. Репродуктивтік денсаулық – адамның ұрпақ әкелетін дене мүшеле­рінің және функциясының ауру мен сырқатсыз болуы ғана емес, жалпы адамның физикалық және ой жүйесі мен әлеуметтік жағдайының да сау болуы.

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының қалыптасуына теріс ықпал ететін факторлар ретінде жыныстық қатынастардың ерте басталуы, олардың арасында жыныстық жолдар арқылы берілетін жұқпалы аурулардың көбеюі, сондай-ақ темекі мен ішімдікке әуес­­тілігі-қоғамымыздың ертеңгі күні дүниеге дені сау ұрпақ алып ке­луіне ке­реғар процес.

Жас қыздардың жоспарланбаған жүктіліктен жасанды түсік тас­­тауы-болашақ ананың ұрпақты болу денсаулығына кері әсерін тигізері анық. Әсіресе бірінші жүктілікті алғызып тастаса, одан кейін балалы болмай қалуы, яғни бедеулікке алып келу фактілерінің орын алуы мүм­кін. Жасанды түсік жасату арқылы жарық дүниеге ұмтылған нәрес­тенің өмірін үзу-адам өлтірумен тең.

Отбасын жоспарлау және репродукция орталығы- отбасын жоспарлау қызметінің ұйымдастыру-әдістемелік орталығы болып табылады және ұрпақты болу денсаулығын сақтауға жоғары білікті консультативтік көмек қана көрсетпейді, сонымен бірге бедеу ерлі-зайыпты жұптар және жүкті бола алмай жүргендерге, кеш ұрпақты болу жасындағы пациенттерге консультативтік және емдеу көмегін көрсетеді.

Орталықта әртүрлі бағыттағы дәрігерлер жұмыс істейді: гинекология-эндокринология, уроандролог, эндокринолог, физиотерапевт, УДЗ дәрігері, ісік ауруларына қарсы дәрігер. Консультацияны және емдеуді жоғары және бірінші категориядағы дәрігерлер, медицина ғылымдарының кандидаттары жүргізеді.

Орталық мына проблемалар бойынша қызмет көрсетеді:

Отбасын жоспарлау

Әйелдің және еркектің бедеулігі

Еркектің ұрпақты болу қызметінің бұзылыстарына қатысты ауруларды диагностикалау және емдеу

Жүкті бола алмау

Балалар және жасөспірімдер гинекологиясы

Жыныстық жолмен берілетін инфекция

Эндокриндік патология

Гинекологиялық аурудың барлық түрін емдеу

Жатыр мойынының патологиясын және жаңа пайда болған зарарсыз ауруын емдеу.

К. Роджерс концепциясының негізгі идеясы – адам – конструктивті натура және де оның таңдау құқығы бар болса, ол әрқашан даму жолын таңдайды. Мен-концепциясы «өзіндік құндылық» ұғымында орталық звено болып табылады. Осы концепцияға талдау жасаңыз.

Индивидтің мінез-құлық тенденциясын және бағасын найымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын «МЕН- концепциясы»деп атайды, яғни адамның Өзі жайлы жалпы ұстанымдар жүйесі.

Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық кестесі ретінде «Мен - концепциясының» психологиялық теориялық - концептуалды жоспарда толығымен феноменологиялык тұрғы немесе гуманистік психологияға, интеракционизмге, аз дәрежеде психоанализмге сүйенеді.

«Мен — Концепциясына» сүйенетін К. Роджерс оны былай деп мінезделейді: «Мен - Концепциясы» ұйымдасқан, бір ізді концептуалды гештальт, ол «Мен» қасиеттерін қабылдаудан, «Менің» өзара қатынасын қабылдаудан тұрады, сонымен қоса, осы қабылдауларға байланысты кұндылықтар, өмірдің әр түрлі жақтарын қабылдау». К.Роджерс, З.Фрейд, А.Адлер, Э,Эриксон т.б. ғалымдар сияқты «Мен - Концепциясының» құрылу үрдісіне байланысты белгілі бір арнайы кезеңдер кестесін көрсетпеген. К.Рождерс бойынша адам өміріндегі басқарушы мотив - актуализация тенденциясы, яғни өзін сақтап дамыту, өзінің жақсы жақтарын ашу, осы фундаменталды тенденция негізгі мотивациялық тенденция болып табылады. Мәнді сыртқы шектеулер немесе антагонистік әсерлер жоқ болса, онда актуализация тенденциясы әр - түрлі мінез-құлық формалары арқылы көрінісін береді. Сонда тұлғаның дамуы, оның мінез-құлқы қоршаған орта әсері арқылы белгіленеді.

Тұлға үшін актуализация тенденциясының негізгі қажетті аспектісі болып, адамның өзіндік актуализациялануға ұмтылысы болып табылады. К.Роджерс теориясының контекстінде өзіндік актуализация тенденциясы - адамның толыққанды функцияланатын тұлға болу мақсатындағы өмір бойы өз потенционалын іске қосу үрдісі. Осыған жету мақсатында адам өмірі мәнге, ізденіске, толқуға толы болады. Өзіндік актуализацияланатын адам еркін, тағдырдың әр мезетіне қанағаттанып өмір сүреді. Адамзат табиғат күшінебайланысты негізінен активті және өзіндік актуализацияланады.

Кеңістікті-аймақтық локализация бойынша отбасы патрилокалды, матрилокалды, унилокалды, эванкюлелокалды, неолокалды болып бөлінеді. Жас жұбайлар әкесінің үйінде өмір сүруге бел буған отбасы түрін қай типке жатқызуға болады. Отбасының осы түріне толықтай сипаттама беріңіз.

Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан құбылыс. Сондықтан отбасы кұрылымын оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастар, рөлдерді бөлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Бұл тұрғыдан алғанда оның ең кең тараған түрі — нуклеаралық немесе ерлі-зайыптылық отбасы. Оның негізін ерлі-зайыптылар мен олардың балалары құрайды, яғни мұндай отбасында екі ұрпақтың өкілдері өмір сүреді. Отбасының бұл түрінің аса көлемді етек алуына әлемдегі казіргі таңда кеңінен жүріп жатқан индустрияландыру мен урбанизация процестері себепші болып отыр. Туыстық жағынан алғанда бүгінгі тандағы отбасының тағы бір түрі — кеңейген немесе туыстық тұрғыдан жақын отбасылар. Мұнда ерлі-зайыптылар өз балаларымен, ата-аналарымен, бауырларымен бірге тұрады, онда бірнеше ұрпақ өмір сүреді. Отбасының кұрамы мен құрылымының осылай өзгеруі отбасылық - туыстық байланыстардың әлсірегені емес пе деген қорытынды жасауға да итермелейді. Конттың пікірі бойынша, отбасындағы адамдардың жас ерекшеліктеріне қарап балаларды ата-аналарына және әйелдерді жыныстық белгісі бойынша еркектерге бағындыру тиіс. Бүгінгі таңда осы екі параметрлер де түбегейлі түрде өзгеруде.

Кеңістікті-аймақтық локализация бойынша,яғни, яғни тұрған мекен-жайына қарап отбасы патрилокалды, матрилокалды, унилокалды, эванкюлелокалды, неолокалды болып бөлінеді. Жас жұбайлар әкесінің үйінде өмір сүруге бел буған отбасы түрін патрилокалды типке жатқызуға болады.

Патрилокалды отбасында жас жұбайлар күйеуінің әкесінің үйінде тұрады, матрилокалды отбасында келіншек пен күйеу жігіт әйелдің ата-анасының үйін бірге мекендейді. Эванклюлелокалдық отбасы ерлі-зайыптылардың ағасының немесе әпкесінің отбасымен бірге түрумен сипатталады. Жас жұбайлар ата-аналарынан мүлдем бөлек тұратын болса, онда оны неолокалды отбасы дейді.

Ызметтің осы түрінде кеңес беруші мекемеге немесе ұйымға олардың іс-әрекетіне объективті талдау жасап, субъективті бағалаудан алшақ болып, осының негізінде көрсетілетін әлеуметтік қызметтің сапасын арттыруға көмек көрсетеді. Бұл кеңес берудің қандай түрі: топтық, бағдарламалық, тұлғалық, жеке? Жауабыңызды негіздеңіз.

Қазіргі нарықтық экономиканың өзгеру үдерісінде ел ішінде психологиялық күйзеліске түсу жайттары күнбе-күн өсуде. Яғни дүние жүзілік экономикалық дағдарыс адам бойында әр түрлі психологиялық қарама-қайшылықтарды туғызуда. Демек осындай жағдайларда адамдарға психологиялық көмек көрсету қажет. Қандай да болмасын күйзеліске түскен адам психологиялық көмекті қажет етеді.

Кеңес беру әлеуметтік жұмыстардың маңызды әдісі мен технологиясы болып табылады. Кеңес берудің психологиялық түрі клиенттерге білікті көмек көрсетіп, отбасындағы жанжалдардың алдын алу мен болдырмау әдістеріне байланысты тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсартуды қамтамасыз етеді.

Кеңес беру – бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын әлеуметтік жұмыс түрі.

Топтық кеңес беру алдын ала жүргізілген жеке даралық кеңес беруден кейін ұйымдастырылады. Онда психологиялық проблемалары ұқсас адамдар топталады және мыенадай түрлерге бөлінеді:

- бір және бірнеше реттік;

- жеке ұсыныс бойынша;

- шақыру және бағыттау нәтижесінде;

- толықтырушы тестілеусіз, толықтырушы тестілеумен, т.б.

Топтық кеңес берудің мақсаты – адамдар арасындағы жүйені зерттеу болып табылады. Бұл қарым-қатынас мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Топтық кеңес беруде психологтың міндеті – топ мүшелерінің өзара қарым-қатынас құралын табу, кеңес беру барысында әсер етудің типтері мен олардың мазмұн, тұрақтылығын айқындау.

Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі отбасы мүшелерінің материалдық қажеттілігін қамтамасыз етеді. Ол отбасы мүшелерінің психосоматикалық денсаулығын сақтауға, қызметтің түрлі салаларына жұмсалатын физикалық күшті қайта қалпына келтіруге септігін тигізеді. Отбасы қзінің шаруашылығын жүргізеді, өзіне тән бюджеті бар, тұтынушылық қызметін ұйымдастырады. Отбасының басқа қандай қызметтерін білесіздер. Сипаттама беріңіз.

Отбасы қызметі — құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасы тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынас сипатына да әсер етеді. Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір – бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.

Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі -отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.

Отбасының тәрбиелік қызметі- Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.

Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.

Рухани қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру.

Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі – отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т.б.) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқын өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді.

Сексуалды-эротикалық қызметі – отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық қажеттілігін қанағаттандыру. Қоғамның көзқарасымен қарағанда маңызды болып, отбасы, сонымен қатар, отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық мінез-құлығын реттеуді қоғамның биологиялық ұдайы өсуін қамтумен іске асырады.

Отбасы қызметінің бұзылуы – бұл қиындық туғызатын немесе оның қызметін отбасымен бірге орындауға кедергі келтіретін тіршілік қарекетінің осындай ерекшелігі болып табылады. Өте кең шеңбердегі факторлар бұзылушылыққа мүмкіндік туғызады: оның мүшелерінің жеке ерекшеліктері, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасы тіршілігінің анықталған жағдайы. Мысалы, отбасының тәрбиелік қызметінің бұзылу себебінен, оның ілгері басуы және ата-аналарының сәйкес білімі мен дағдысының болмауы, олармен қарым-қатынастың бұзылуы мүмкін (тәрбиелеу жөніндегі қақтығыстар, отбасының басқа мүшелері мен басқалар жағынан кедергі келтіруі).[1]

Бикарьералық отбасы отбасылық өмірдің кең тараған үлгісі болып табылатыны белгілі. Мұнда ерлі-зайыптылардың екеуі де кәсіби даму мақсатын алға тартады. Қалай ойлайсыз, Қазақстанда бикарьералық отбасылар бар ма. Мұндай отбасылардың болашағы қандай

Қоғамның кейбір әлеуметтік таптары мен жіктерінде отбасын құрудағы ерлі-зайыптылардың құн-дылықтарын және олардың кәсіби мүдделерін өзінде ойдағыдай үйлестіретін, "қол жеткізуші мәрте-беге", яғни таңдап алған мамандық бойынша мансапқа бағдар ұстанумен байланысты отбасының жаңа типі құрыла бастайды. Бұл тип "бикарьералық отбасы " деген атқа ие болған [4]. Батыста отба-сының бұл формасы "орта таптың" жоғарғы жіктерінде кең таралған, ал біздің елімізде интеллиген-цияның (зиялы қауымның) кейбір жіктері арасында таралған. Бикарьералық отбасына жататын ерлі-зайыптылардың қандай да бір әдеттегіден тыс қабілеттерге ие емес екендіктерін, бірақ сонымен қатар олардың екеуі де үйдегі міндеткерліктерді өзара тең бөліс-етіндіктерін, бір бірінің кәсіби қызығушылықтарына құрметпен қарайтындықтарын, өзара төзімділік-ке ие екендіктерін көрсетіп отыр. Отбасының бұл типі құндылықтық бағыт-бағдарлардың интегра-циялануының және бірлігінің жоғары деңгейімен сипатталады: ер адам әйелінің мүдделері мен қажеттіліктеріне түсіністікпен қарайды, ал әйелі болса, өз кезегінде күйеуінің тарапынан болатын қолдауға сүйенеді. Алайда отбасының аталмыш типі ерлі-зайыптылардың арасындағы дау-жанжалға, ажырасуға алып келетін шиеленістің қайнар көзі бола алады. Мұндай шиеленістің себептері ерлі-зайыптылардың физикалық және психикалық тұрғыдан қалжырауы, ерлі-зайыптылық рөльдерін әр түрлі түсінуі, кәсіби мүдделері мен отбасылық міндеттерінің арасындағы қарама-қайшылық болып табылады. Бикарьералық отбасы Қазақстанға да тән. Бикарьералық отбасы дегеніміз ерлі-зайыптылардың екеуіде кәсіпкерлікпен айналысуы, яғни отбасындағы бала тәрбиелеп, отбасы шаруашылығын да жүрген әйелдің де кәсіпкерлікпен айналысуы, мұндай отбасының болашығы арине, ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынасқа, сенімділікке байланысты. Көптеген отбасындағы ер адам әйелінің кәсіпкерлікпен айналысуына қарсы мұның бір себебі ер адамның әйеліне деген сенімсіздігі, осындай сенімсіздікің пайда болуынан ерлі-зайыптылардың болашағы болмай ажырасып кетіп жатқандар да аз емес, бірақ ерлі зайыптылардын кәсіпкерлікпен айналып жарқын болашаққа жетіп, басқаларға үлгі болып жүргендері бар. Мұдай ерлі зайыптылар ретінде Жанболат пен Жазираны айтуға болады, олар қазіргі таңда шоу бизнеспен айналысады. Дегенімен отбасында ерлермен қатар әйелердер де кәсіпкерлікпен айналысуы кәсіпкерлік саласын арттырады себебі бизнестің басты қағидасы - табыс табу екені белгілі. Сонымен қатар кәсіпкерлердің өз мүмкіндіктеріне қарай халықтың әлеуметтік жағдайына қарайласып отыруы дүниежүзі бойынша кең тараған құбылыс. Бірақ, мұның өзі орталық немесе жергілікті атқарушы органдардың мәжбүрлеуімен немесе талап етуімен емес, еріктілік жағдайында, атқарушы билік органдармен меморандумдарға қол қою арқылы атқарылса, нәтиженің де қомақты болатынын еліміздің тәжірибесі көрсетіп отыр. «Жауапкершілік арқылы үйлесімге ұмтылу» қағидасы әйелдер басқаратын кәсіпорындардың корпорациялық ұстанымын барынша дәл бейнелейді. Кәсіпкер әйелдер қоршаған ортамен, заңнамамен, қызметкерлермен, жергілікті тұрғындармен, сондай-ақ адамгершілік қағидаларымен үйлесім табуға ұмтылуды өздерінің басты мақсаты деп санайды. Бикарьералық отбасы отбасылық өмірдің кең тараған үлгісі болып табылатыны белгілі. Мұнда ерлі-зайыптылардың екеуі де кәсіби даму мақсатын алға тартады.

Ызметі бұзылған отбасы мүшелерінің психикалық денсаулығы бұзылады. Жеке және рухани даму жүзеге аспайды, маңызды отбасылық мәселелер айтылмайды, сонымен қатар, отбасылық рөлдердің деформациялануы мен отбасылық иерархия құрылымының бұзылу нәтижесінде жанжалдарды конструктивті шешу тәжірибесі болмайды. Қазақстандағы қызметі бұзылған отбасылардың пайда болу себептерін атаңыз.

Отбасы қызметінің бұзылуы – бұл қиындық туғызатын немесе оның қызметін отбасымен бірге орындауға кедергі келтіретін тіршілік қарекетінің осындай ерекшелігі болып табылады. Өте кең шеңбердегі факторлар бұзылушылыққа мүмкіндік туғызады: оның мүшелерінің жеке ерекшеліктері, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасы тіршілігінің анықталған жағдайы. Мысалы, отбасының тәрбиелік қызметінің бұзылу себебінен, оның ілгері басуы және ата-аналарының сәйкес білімі мен дағдысының болмауы, олармен қарым-қатынастың бұзылуы мүмкін.

Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көптеген отбасы толық бақытты бола бермейді. Отбасында ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, бірақ, ерлі-зайыптылардың аоасындағы түсінбеушіліктер біржола жоғалып та кетпейді немесе бейбіт түрде толық шешіліп те қоймайды. Отбасы қатынастарындағы дау –жанжалдардың күшеюі – бұл тұрақтылығымен қатерлі сипат алған, толық шешілмейтін дау-жанжал. Ал, тұрақты шиеленістің арты-ұрыс – керіс жинақтала келе отбасында агрессиялық көңіл күй қалыптастырып – ақыры отбасын ыдыратуға әкеп соғады. Қызметі бұзылған отбасы мүшелерінің психикалық денсаулығы бұзылады. Жеке және рухани даму жүзеге аспайды, маңызды отбасылық мәселелер айтылмайды, сонымен қатар, отбасылық рөлдердің деформациялануы мен отбасылық иерархия құрылымының бұзылу нәтижесінде жанжалдарды конструктивті шешу тәжірибесі болмайды.

Дау- жанжалдар, олардың күшеюі ата-аналар арасында ғана емес, олардың балаларымен қарым-қатынастарында да болып отырады, бұлардың көшілігі, әсіресе, мәдени, өркениет жетістіктерін пайдалану кезінде жиі кездеседі. Оның себебі, жас ұрпақтар мәдениет пен өркениеттің даму кезеңінің жаңа сатысында өмір сүріп отыр, ал, ата-аналар мәдениет пен өркениеттің бұрынғы жетістіктері кезеңінде тәрбие алған. Жас ұрпақты өткен мәдениет және өркениеттің құндылықтары мен жетістіктері аса қызықтырмайды. Сондықтан ата-аналар жастардың жаңа мәдениет пен өркениеттің жетістіктеріне ұмтылуына, пайдалануына кедергі жасамай, бұл мәселеде ата-аналар белгііл бір келісімге келуі керек. Отбасында шиеленіс асқынған жағдайда отбасының дағдарысына ұласады. Бұл дағдарыстар алуан түрлі болады. Бұлар: некедегі үшбұрыштылық (яғни, бір махаббатта 3адамның кездесуі),мінез-құлықтардың, психикалық сипаттамаларының әр түрлілігі,отбасы мүшелерінің талап-тілектерінің, сұраныстарының сәйкес келмеушілігі, жыныстық қатынастарға қанағаттанбауы, ерлі-зайыпты адамдардың біреуінің әлеуметтік азғынға (яғни, маскүнемдікке салыну, қылмыстық істерге ұрынуы, заңсыз, некесіз бала таптыру, т.б.) ұшырауы. Мұның бәрі отбасы бұзуға, берекесін кетіруге, кесел әкелуге себеп болады, бұл жағымсыз факторлардың ақыры ерле-зайыптылардың өз балаларына деген ата-аналық борыш, міндеттерін орындамауға әкеледі.

Харчев өзінің «КСРО-дағы неке және отбасы» еңбегінде отбасының қосбірлікті мәртебесі алғашқы социологиялық концепциясын қалыптастырды: отбасы әлеуметтік институт және әлеуметтік топ ретінде және отбасы мен некені синоним ретінде түсінбеуіміз керек деп жазды. Осы көзқараспен келісесіз бе. Жауабыңызды түсіндіріңіз.

Отбасы адамзаттың бірегей әлеуметтік жаратылысы екені жалпыға белгілі. Шын мәнінде отбасы адамдар арасындағы қарым-қатынастың бірінші түрі болып табылады. Сонымен қатар отбасында әлеуметтік жүйе ретінде әлеуметтік институттың да, шағын әлеуметтік топтың да белгілері де бар.

Әлеуметтік институт ретінде отбасының басты ерекшеліктері: ерлі-зайыптылар арасындағы, ата-аналардың, балалардың және басқа да туыстар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейтін әлеуметтік нормалардан, санкциялардан және жүріс-тұрыс үлгілерінен тұрады. Шағын топ ретінде отбасы некеге немесе туыстыққа негізделген және отбасының барлық мүшелерінің тұрмыстық бірлігімен өзара моральдық жауакершілікпен өзара көмек арқылы сипатталады.

Харчев өзінің «КСРО-дағы неке және отбасы» еңбегінде отбасының қосбірлікті мәртебесі алғашқы социологиялық концепциясын қалыптастырды: отбасы әлеуметтік институт және әлеуметтік топ ретінде және отбасы мен некені синоним ретінде түсінбеуіміз керек.

Date: 2016-05-23; view: 4553; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию