Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Балалар приюты немесе отбасына қайтарғанға дейін балалар қанша уақыт кризистік орталықтарда болу керек





Елімізде әрбір азаматтың толық қанды өмір сүруге құқығы бар және бала мемлекеттің ең басты қазынасы екендігі түрлі мемлекеттік заңнамаларда көрсетілген. Осындай қағидаларға сүйене отырып, мемлекет әрбір баланы әлеуметтік саясаты бойынша қорғауға, қолдауға қатысты жобалар мен бағдарламаларды іске асыруда. Қазақстан республикасының «Бала құқығы туралы» заңнамалық құжатында барлық балалардың теңдігі, олардың тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие екендігі ерекше аталып өткен. Балалар приюты - ата-ананың өз балаларын әлеуметтік жағдайына байланысты балалар үйіне уақытша өткізуге мәжбүр болатын балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік сауықтыру орталығы (приют). Бастысы, ата-ана өз баласынан бас тартпауы тиіс. Ол үшін жергілікті білім бөлімдеріндегі қорғаншылық және қамқорлық органдарына өтініш беруі керек. Арнайы комиссия отырысы айына 2 рет өткізіледі. Комиссияның шешімімен әлеуметтік сауықтыру орталығына баланы орналастыруға болады.

Десе де, уақытша дегеніңіздің өзі 2 — 6 айға ғана. Орталыққа өткізген балалардардың ата-анасы белгіленген мерзімде қайта оралмаса, не хабарын бермесе, қорғаншылық және қамқоршылық органдары ата-анасына іздеу салып, әрмен қарай балалар үйіне өткізу мәселесін қарастырады.

Қорғаншы және қамқоршы органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды, осындай балалардың есебiн алуды жүргiзедi және ата-анасының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негiзге ала отырып, балаларды орналастырудың нысандарын таңдайды, сондай-ақ оларды асырау тәрбиелеу және бiлiм беру жағдайларына одан әрi бақылау жасауды жүзеге асырады.

Қорғаншы және қамқоршы органдардан басқа, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру жөнiндегi заңды және жеке тұлғалардың қызметiне жол берiлмейдi.

«Неке және отбасы» Заңының 100-бабының 1-тармағында аталған балалар туралы мәлiметтер бар мекемелердiң (мектепке дейiнгi ұйымдар, орта бiлiм беретiн ұйымдар, емдеу және басқа да мекемелердiң) лауазымды адамдары және өзге де азаматтар олар туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға балалардың нақты тұрған жерiн хабарлауға мiндеттi. Қорғаншы және қамқоршы орган осындай мәлiметтер алған күннен бастап үш күн iшiнде баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жүргiзуге және ата-аналарының немесе оның туыстарының қамқорлығы жоқ екендiгi фактiсi анықталған кезде баланы орналастыру туралы мәселе шешiлгенге дейiн оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, емдеу және басқа да мекемелердiң басшылары, баланы отбасы тәрбиесiне беру мүмкiн екендiгi белгiлi болған күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде бұл туралы осы мекеменiң тұрған жерi бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға мiндеттi.

Date: 2016-05-23; view: 1409; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию