Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жағдайсыз отбасылармен әлеуметтік жұмыстың қандай құқықтық аспектілері бар





Ғылыми әдебиеттер "жағдайсыз отбасы" деген түсінікке нақты анықтама бере алмайды, өйткені оның пайда болу мен даму формалары түрліше. Оның мазмұнына түрлі түсініктер енеді және олардың аталуы да түрліше: "сәтсіз", "жағдайы ауыр", "деструктивті", "дисфункционалды" және т.б.

Жағдайы жайсыз отбасыларға мыналар жатады:

1. жанжалды отбасы - кеңірек тарағаны;

2. биморальды отбасы (маскүнемдік, төбелес, былапыт сөз)

3. педагогикалық дәрменсіз отбасылар - жалпы мәдениет деңгейінің төмендігі мен психологиялық - педагогикалық мәдениеттің жоқтығы;

4. асоциалдық отбасы- жағдайы жалпы қабылданған әлеуметтік нормалар мен мінезіне ауытқулар бар, нұқсан келтіреді (ерте бастан ішімдікке, нашақорлыққа үйрену, үйінен қашып, қаңғыбастыққа салыну және басқа да жат қылықтар).

Әлеуметтік тұрғыдан өмірлік стилі және үлкендерінің қимылдарын, ерекшеліктерін есепке ала отырып психотерапевт В.В.Юстицкий отбасының мынадай түрлерін анықтады.

"Сенімсіз отбасы". Мұндай отбасылардың мінездемесі - қоршағандарға, көршілеріне жоғары сенімсіздікпен қарау. Тіпті, отбасы мүшелері барлығын қатал, не тым жұмсақ, ал олардың іс - әрекеті - әдейі жасалған әрекет дап санаған. Қарапайым іс - әрекетте арамдық ойлаған. Ондай отбасы тәртіп бойынша көршілері мен көп араласпайды, ал туыстарымен, әріптестерімен қарым - қатынаста жиі конфликттер, кикілжіңдер туып тұрады.

"Жеңілтек отбасы" болашаққа мұңсыз, еш уайымсыз қарайды. Мұндай отбасы бір минуттік өтпеске құмар, болашаққа деген жоспарлары жоқ. Егер кейбіреулері өмірлік сарынын өзгерткісі келсе де, оған қалай жетуге болатынын, не туралы ойлайтынын да білмейді. Бұл отбасында өмірді жақсы жағына өзгерту үшін не және қалай істеуі керек жайлы талқылауды ұнатпайды, олардың көбінесе барлық жағдайларды шыдап, басынан кешіруді артық деп ойлайды, әрине қиындықтарға төтеп бере алмайды.

Ю.П.Азаров жалпы отбасыларды жағдайы жақсы және жағдайсыз отбасылар деп бөледі. Жағдайы жақсы отбасыларға мыналарды жатқызады:

- балаларды тәрбиелеуге дайын (педагогикалық білімді) отбасы;

- позитивті отбасы, демек ата - анасы өз балаларын дұрыс тәрбиелеп, оларды толыққанды азамат етуге тырысқан отбасы;

Жағдайсыз отбасыларға мыналарды жатқызады:

- конфликті отбасы. Бұл отбасында ата -аналар арасында, ата - аналар мен балаларының арасында жиі дау - дамайлар туындап тұрады;

- педагогикалық дайын емес отбасы. Бұл отбасындағы ата - аналардың балаларды тәрбиелеуге педагогикалық дайындықтары жеткіліксіз;

- аморальды отбасы. Мұндай отбасылар аморальдық бағытта өмір сүріп, 15б.балаларын да соған итермелейді және педагогикалық - психологиялық ықпал етуде "шектен шығуға" жол берілді.

Мұндай отбасыларды тек тәрбиелеу ғана қажет емес, сонымен қатар әкімшілік, заңдық шектеулерді қолдануға мәжбүр етеді. Мұндай шараларды педагог-психолог, әлеуметтік жұмысшы, мектеп, жоғарғы оқу орны, инспекция қолдануы мүмкін.

Жағдайсыз отбасы әлеуметтік тұрғыдан қызығушылығы жағынан әртүрлі, бірақ ол отбасылардың өмір сүру стилі, үлкендердің іс - әрекеті, көңіл - күйі, баланың мінез - құлықтық жағынан дамуында кемшіліктердің пайда болуына әкеліп соғады.

Аз қамтылған азаматтар құрамында балалардың үлесі басым екендігін ескерсек, аналар мен балаларды қолдау шаралары ерекше маңызға ие болады. Бұл үшін 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап бала туғанда отбасының табысына қарамастан республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 15 АӘК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төлеу енгізілді. Қосымша балалар жәрдемақыларын енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленуде.

ҚР-ның «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес 2010 жылы жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыста белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасыларына) 1194 аз қамтылған отбасындағы 6016 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, оларға мемлекеттік бюджеттен 104,7 млн. теңге көмек төленді. Аз қамтылған отбасыларының жағдайын жақсарту мақсатында оларға бірінші кезекте жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау шаралары алынып отыр. Алынып жатқан шаралардың нәтижесінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны да жылдан-жылға төмендеп келеді.

Балалары бар отбасыларға қандай көмектер көрсетілуде?

— ҚР-ның «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларындағы 18 жасқа дейінгі балаларға әр балаға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы төленеді. 2010 жылы 26,5 мың балаға 333,6 млн.теңге жәрдемақы төленді. Жылма-жыл балалар жәрдемақысына мемлекеттен қомақты қаражат жұмсалып келеді.

Date: 2016-05-23; view: 4467; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию