Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Диплом жұмысының орындалу барысын бақылау





6.1.7.1 8 (10) семестрдің 1-6 апталарында жұмыстың бір бөлігін орындайды, соның негізінде бірінші жинақ ведомосы толтырылады. Келесі 7-12 апталарда екінші жинақ ведомосы толтырылады. Бұл алдын-ала қорғау болып саналады. Егер балл уақытында қойылмаса, кейін есептелмейді.

6.1.7.2 Жинақ ведомосындағы балл «50 де 50» болу керек. 50 балл 2 жинақ ведомасында қойылады: жартысын жетекшісі қойса, екінші жартысын сараптау комиссиясы қояды. Қалған 50 балл қорғау кезінде қойылады.

 

Диплом жұмысының орындалу барысын бағалау нормасы

Жинақ ведомосы №1

 

р/с Компонент атауы Мерзімі Балл саны
1. Ғылыми еңбектерді сараптау библиографиялық тізім жасау, рефераттық (бірінші) бөлімін жазу 1-4 апта 10-ға дейін
2. Тақырып бойынша материалдар жинау және талдау жұмысын жүргізу 5-6 апта 10-ға дейін
Барлығы:   20-ға дейін

 

Жинақ ведомосы № 2

р/с Компонент атауы Мерзімі Балл саны
1. Диплом жұмысының негізгі практикалық (зерттеу) бөлімінің орындалуы 7-10 апта 15-ке дейін
2. Кіріспенің жазылуы, қорытынды, резюме, алдын ала қорғау 11-12 апта 15-ке дейін
Барлығы:   30-ға дейін

6.1.7.3 Диплом жұмысының орындалуын бақылаудеканның ұсынысы негізінде ОӘБ бастығы бекіткен факультеттің сараптау комиссиясы арқылы іске асырылады. Сараптау комиссиясы құрамында 3 адам (оның біреуі шешім қабылдау құқығы жоқ жетекшісі және нормоконтролер болады)

6.1.7.6 Диплом жұмысы алдын-ала қорғаудан өту үшін шығарушы кафедраға тапсырылады. Диплом жұмысын алдын-ала қорғау кафедраның ашық отырысында студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшінің міндетті түрде қатысуымен және қажет болған жағдайда, ғылыми консультанттардың қатысуымен өткізіледі. Алдын-ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді.

6.1.7.7 Алдын-ала қорғаудан ойдағыдай өткен, қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген, аяқталған дипломдық жұмыс ғылыми консультант пен студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады.

6.1.7.8 Ғылыми жетекші диплом жұмысына жазбаша сын-пікір жазады. Диплом жұмысы қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып, қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады. Жетекші пікірі деканат мөрімен бекітіледі. Диплом жұмысы қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды бірақ жазбаша сын-пікір жазады, диплом жұмысының қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі өзінің жазбаша сын-пікірін жазады

6.1.7.9 Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі диплом жұмысына нақты соңғы тұжырымын шығарады да, оны титул бетіне жазады.

Сын-пікір жазу

6.2.8.1 Шығарушы кафедраның қорғауға ұсынған диплом жұмысы пікір жазу үшін факультет деканына жіберіледі.

6.2.8.2 Шығарушы кафедра меңгерушісі ұсынған пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. Пікір жазушылар ретінде ғылыми ұйымдар қызметкерлері мен басқа жоғары оқу орындарының профессор, доцент, оқытушылар тартылады. Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс және қорғалатын диплом жұмысының профиліне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі болуы тиіс. Сын-пікірде жұмыстың әр тарауына толық талдау беріліп, жетістігі мен кемшілігі көрсетілуге тиіс.

6.1.8.3 Сын-пікірде диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі, жаңалығы, практикалық мәні көрсетілуі тиіс. Соңынан 10 балға дейінгі дәрежеде бағалауы тиіс.

6.1.8.4 Сын-пікір компьютерге терілген 1-2 бет көлемінде болу керек. Пікір жазушының қызметі көрсетіліп, қолы мекемесінің мөрімен бекітіледі.

 

Date: 2016-05-23; view: 781; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.004 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию