Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






З. Байжанова Жалпы педогогика 117 - 118бетАлматы 2008ж





 

1.2. Ақпараттық технология туралы түсінік

Білім беру үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім және тәрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіліерге шығу делінген.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру – қоғамның маңызды бағыттарының бірі. Ал бұл өз кезегінде бәілім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдістің құралдарымен әдістерін, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір – бірімен тығыз байланыста өсіруге және олардың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға пайдалану.

XXI ғасыр – ақпараттық қоғам дәуірі. Ақпарттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпарттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымын ың құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық - коммуникациялық технология электронды еептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпаратық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педогогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы зор. Қазіргі заманғы білім беру технологияларын іске асырудағы механизімнің бірі – интерактивті тақтамен сабақ өткізу. Интерактивті тақтамен өткізген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалдық шығарашылық белсенділігін, дарындылығын дамыту факторларының бірі болса, мұғалім үшін шеберлік пен сауаттылығын арттырыатын, уақыт үнемдейтін, эстеттикалық талғамға сай безендірілген көрнекілік құралы болып табылады. Жаңа ақпараттық технологиялар педогогтің мүмкіндіктерін күшейтетін құрал,бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютерлік мүмкіндіктер психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педогогикалық талаптарға сай қолданылу керек. Соның негізінде оқытудың тиімді әдәс – тәсілдерін мұғалімнің өзі анықтап алу қажет.

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандару ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадаммен басып келеді. Ел өмірінің барлық салалары компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақты ақпараттық технологияның көмегімен тиімді білім беріп және жаңа технологияның даму заманыныда компьютердің қыр – сырын терең меңгертуіміз керек.

Ақпараттық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерліктехника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Ақпараттық технологияны қолданудың мақсаты оқыту процесінде барлық білім алушыларға меңгерілетін білімнің қол жетерлігін қамтамасыз ету, әдістер мен дидактикалық құралдар студенттердің кәсіби дайындығы. Оқытудың ақпараттық технологиясын И.И. маркель былайша анықтайды: «Оқытудың ақпараттық технологиясы дегеніміз – студенттің өз бетінше таным қызметін, оқытудың оқу процесін басқаруды жеңілдетуге бағытталған әдістемелік, психологиялық педагогикалық бағдарлама, технологиялық және ұйымдастыру құралдарының кешені». Зерттеушілердің еңбектеріне сүйенетін болсақ, ақпараттық технологияға төмендегідей түсінік беріледі:

Техникалық құралдармен әдістер жиынтығы, белгілі бір ақпаратты ұйымдастыру, өңдеу сақтау, жеткізу, әлеуметтік және техникалық процесс негізінде адамдардың білім кеңейтіп, дамыту (В.Ф. Шолохович);

Бағдарламалық ақпараттық құралдар, есептеуіш техникалар, ақпарат алмасудың қазіргі құралдары, ақпаратты өңдеу, сақтау, жеткізу (Роберт И.В.). Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енгізілуне орай жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда олардың компьютерге деген оң көз қарасын қалыптастыру мен қатар, оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға негізгі мақсаттарға мыналар кіреді:

− Ақпаратпен жұмыс іскерлігін, қалыптастыру, комуникативтік қабілетін дамыту;

− Ақпараттық қоғамның тұлғасын дайындау;

− Берілетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;

− Бастауыш мектептерде оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану арқылы;

− Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту арқылы.

Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін ұйымдастыру арқылы жүргізуге болатына көз жеткізуде. Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір – бірімен ұштастырылса жас жеткіншектердің кампьютерлік сауаты, әр кампьютерлік мәдениетті болып өсіуіне жол ашады.

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.

Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына қте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.

Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады.

Ақпараттық қоғам қалыптасуының басым бағыттарының бірі оқыту жүйесін ақпараттандыру болып табылады. Ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін бамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сұретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр.» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педогогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Қазақстан Республикасы Призедитентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6345 үкімімен бекітілген «Орта білім беру жұйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы» мектептегі білім беруді ақпараттандыру процесіне негіз қалады.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: «...экономиканың барлық салалары үшін жоғарғы білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру...» және «...кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды тиімді жүйесі құрылатын болады» деп атап көрсеткен.

Мемлекеттік бағдарламада оқу үрдісіне педогогикалық және ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағдарының бірі делінген.

Бүгінгі күні ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне Республика мектептерін көтерудің тиімді жолы білім саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім түралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықтылынып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделіннің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.

Индустриядан ақпаратты өркениеттке көшудің кезеңінде қоғам дамуының негізгі факторы мемлекеттің қызметін құрайтын саяси-экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпараттық-коммуникациялық сала болып табылады және экономиканы ғаламдандыру мен қоғамдық қатынастар процестерін айқындайды.

Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдаң отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электронды почтаны қолдана алу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:

1) Компьютерлік техниканы,

2) Интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекомуникациялық құралдарды;

3) Электрондық оқулықтарды оқу ұрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Еліміздегі саяси, әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. Осы сала төңірегінде «білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар», «Информатика пәнін оқытудағы инновацилық технологиялар», «Qbasic, Pascal программалау тілдері», «12 жылдық білім беру барысында информатика пәнін оқыту әдістемесі», «Білім беру саласындағы ақпараттық мәдениет негіздері» тағы басқа да тақырыптар бойынша білім жетілдіру курстары ұйымдастырылады.

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал, бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал, теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз.

Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудің ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педогогикалық – психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмеген.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашылады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық игеру кәзіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды.

Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдаң талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғарғы тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне - оның іргелі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып саналады.

Ақпараттандару және бұқаралық телекоммуникацияларды ғаламдастыру кезеңінде қазіргі қоғам ақпараты нақты тұтынушылардың ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағынын қалыптастыруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізеді, сондай-ақ кез-келген қашықтықтағы ақпарат назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпараттық орта жағдайында ақпараттық қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл өскелең ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қарым – қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әрдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру денгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық почта, теле – конференция, видео - конференция, телекоммуникайиялық жүйелер арқылы іске асырылады.

Қазір бүкіл дүние жүзі біртұтас денеге айналып – ғаламдасу құбылысы жұріп жатқанда, әр түрлі байланыс жүйелер сол дененің нерв, қан тамырларының рөліне айналған мына заманда интернеттікжүйені меңгермегшен ел ерте ме, кеш пе дүние жүзінен келетін байланыс нәрін жоғалта бастады. Түрлі елдерде болып датқан жаңалықтармен танысуда, ақпараттық ағымынан қалыстауда интернет, электронды пошта құралдарын пайдалануға болатыны белгілі. Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі оқушылардың интернет жүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау.

Интернет жүйесінде жүмыс істеу оқушыларлымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігін хабарлар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Интернет пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рүхани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қызығы да – мектеп.

Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшылықтарының, педогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.

Жоғарыда айтылған ой – пікірлерді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететіне сенім мол.

Ақпараттық технология – өзінің мәнділігі жөнінен өте әділ де шындыққа негізделген үрдіс. Демек, ХХІ ғасыр әрбір адамның өз мүмкіндігінше білімін пайдалануға кең өріс ашқан технология құралдармен жұмыс істеуге мол мүмкіндік туғызған ғасыр болып отыр.

Ақпараттық технологияларды педогогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу оқушының жадына, эмоциясына, ынтасына, әсер ете отырып, оның интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге көмектесіп, оқушының танымдық және жұмысының өнімділік әрекеттерін қайта құру шарттарын қалыптастырады. Қазіргі кездегі мұғалімнің ақпараттық іс-әрекеті де ақпараттық қоғам құрудағы негіздемелердің бірі болып табылады. Мұғалімнің өз жұмысында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалана білу оның кәсіби біліктілігінің маңызды бөлігіне айналып, педагогтың ақпараттық мәдениетін анықтайтын факторға айналды.

Қазіргі кезде ақпараттық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Соңғы жылдары ақпараттық технологиялар саласында ауқымды ілгерлеу байқалып отыр. Барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар, мультимедиялық призентация жасалынуда, интернет және интерактивті тақта қолданылуда. Енді осы мүмкіндіктерді тиімді қолданып әдс тәсілдерін мұқият меңгерген дұрыс.

Ақпараттық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, білімдік сапасын арттыруда бұл технологияның үлесі мол.

1.3.Ақпарттық - коммуникациялық технологияны қолдану арқылы тұлғаны қалыптастыру

Ақпарттық – коммуникациялық технологияны қолдану арқылы тұлғаны қалыптастыру. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педгогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видео құралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).

Оқытудың ақпаратттық технологшиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педогогикалық іс- әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу – тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан – жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізеді. Жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдану адамзаттың әртүрлі сферасында, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі. Білім беруді ақпараттандыру:

· Әр бір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;

· Білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге;

· Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс – әрекетін тиімді ұйымдастыру;

· Электрондық білім беру пайдалану арқылы даралап оқытуға

Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар артықшылықтар басым болады.

1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдану: музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне клиптер, слайд шоу.

2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық ұсынылы, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алады.

3. Жүйенің білімді бақылаумен тез арада нәтиже алуы, орындалған жаттығулардың бағалануы.

Бұл технология негізінде білім сапасын арттыру жұмыстарының мысалы ретінде тек білім беру саласында басқаруды автоматтандыру болды.

Бұдан қол жеткізетін жетістіктер:

1. Коссворд, кестелерді құру үшін дербес компьютерді қолдану арқылы гром/қ және лексикалық оқу маралдарын өңдеу.

2. Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді үйретеді.

3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және жұмыс жасауды игеру мен білім алуды кеңейту.

4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы оқушылар хат – хабарлама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу.

Ақпараттық – коммуникативтік технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан –жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мо, еркін дамуына жол ашатын педогогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы мол.

Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпаратттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналады. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қаымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық – коммуникативтік технологиялар маңызды рөл атқарады.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «XXI ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалақ прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпаратттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі.

Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультемедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:

- Оқушының пәнге деген қызығушылығын оятады;

- Танымдық қабілетін қалыптастырады;

- Этнопедогогикалық тәрбие береді;

- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

- Оқытушының уақытын үнемдейді;

- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді.

Ақпараттық технологияның негізгімақсаты – қолданушы керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету.Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез – келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгеруде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.

Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Бүгінде қоғамның және тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үзіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педогогикалық технологшиялар мен инновациялық әдіс – тәсәілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет.

Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс. Оқушыларды кәсіптік білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасқан, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу керек.

 

1.4. Ақпараттық технологиясының тиімділігі және оның мүмкіндігі

 

Ақпараттық технологияны қолданудың ең тиімді жолы сөзсіз жаһандық ақпаратқа қол жеткізу болып келеді. Оқушылар сыныптан шықпайақ ғылым аймағындағы жаңа құрылымдармен танысуға, тіпті қарама-қайшы болуы мүмкін бір сұрақты әр түрлі көзқараста қарастыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық технолгияның мүмкіндіктері оқушыларға мектеп зертханасында практика жүзінде байқау мүмкін емес үрдістерді моделдеуге рұқсат береді. Бұл оқушыларға үрдістің толық болмысын тұсінуге жол ашады және жаңа мәліметтерді қабылдауға септігін тигізеді.

ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: әрбір жоғары оқу орындарының білім беру үрдісіне педагогикалық технологиялар мен қатар компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі,электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Ақпараттық технологияны қолдануда оқушылардың шығармашылық дарындылығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегідей іс-шараны ұстанған жөн:

Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.

Оқытудың жаңа әдістері мен ормаларын (проблемалық, ұйымдастырушылдық іс-әрекетін копьютерлік ойындар т.б.) сабақта жиі қолдану.

Проблемалық зерттеу, аналитикалық және моделдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру. Жаңа ақпараттық технологиялардың құралдарын (жаңа типтегі компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта және мультимедия-технология) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық- техникалық базасын нығайту.

Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдысын жетілдіру үшін әрбір оқу орындары төмендегідей бағыттарды негізге алу керек:

-Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми -әдістемелік жолын анықтау.

-Оқушылардың тәжірбиелік іс әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау.

-Мұғалымдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру.

-Мектептің материалдық – техникалық базасын нығайту.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан» атты жолдауында: «біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарт деңгейінде сапалы білім беру қызыметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, 18- бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай-ақ 17- бағытының тармақшасында «Он-лайын тәсілінде оқыту тәжірбиесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияларға негізделіп жаңа ақпараттық технологиялардың құралдарды кеңінен қолануды қажет етеді. Сондықтан егемен еліміздің тірегі – білімді ұрпақ болғандықтан әрі осы ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу үшін шынайы ақпараттанған біліммен қаруландыру бүгінгі жас маман ұстаздардың қолында.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық технология» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б, тіркестермен тығыз байланысты.

Білім беруді ақпараттандандыру процесі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заман міндеті.

Оқу үрдісінде ғылыми-зерттеу және басқару қызыметінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, дамыту және жүргізудің кешені іс-шараларын жасақтау, әлемдік білім кеңестігіне толығымен ену, білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруде білім беру үрдісінде ақпараттық технологиялардың жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны кең көлемде енгізу педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарлатып, әдістемелік тәсілдерді қолданудың артуына алып келеді. Сондықтан оқушының танымдық іс-әрекеттерін күшейтіп, өздік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктерін арттыру мақсатында дыбыстық, графикалық, видео, мультимедиа,электрондық оқулық, интернет, гипермәтіндік элементерімен қашықтықтан оқытудың мүмкіндігі жоғары. Ақпараттық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық технологиялардың келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық технологиялар маңызды рөл атқарады. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, теле-конференция телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуы керек.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабына келсек оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; Оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.

Ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:

- үйренушінің шығармашылық әуетігін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық –зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту;

- оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;

- қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.

Көптеген мамандар ойынша, қазіргі уақытта ақпараттық – коммуникациялық технология базасында қолданылатын әдістемелік-оқулық құрылымдар, сонымен қатар көптеген электронды оқулық ресурстары олардың жоғарғы білім потенциалына қарамастан жүйесіз, кейде ғана білімді бақылау мақсатында қолданылады. Ақпараттық технология мүмкіндіктері білім және салыстыру дағдыларын дамыту мақсатында, оқытылатын мәліметтер заңдылықтарында, танымдық тапсырмаларды шешу кезеңдерін жоспарлау және жолдарын табу кезінде толық түрде іске аспайды.

Ақпараттық технология қолдануда оқушы өз іс-әрекетін, міндеттерін шешудің әдіс тәсілдерін қайта жаңғыртып игереді. Бұл әрекет пәндік те, ақыл-ой шеңберінде де орыдалады. Кейбір танымдық іс әрекеттер кез-келген оқу материалдарьн игеру, жұмыс істеу, кейбірін қайта жаңарту тән. Оқушылардық танымдық іс-әрекетін дамытуда кез-келген пән бойынша ақпараттық технологияның орны ерекше.

Бұл жағдайда оқушыларда ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын қолдануда тіркеу, жинау, іздеу, бағалау, таңдау, ұйымдастыру, сақтау, ақпаратты жіберу, бұған қоса шыққан нәтижені ұсынуға бағытталған танымдық және шығармашылық тапсырмаларды орындай білуін және дағдыларын қалыптастыру қажет.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Осы тақырыпты қорытындылай келе ұсынысымды айта кеткенді жөн көрдім:

Қазір техниканың дамыған заманы, интерактивті тақтаны пайдалану мектепте әр жоғары оқу орындарында жүзеге асырылған, соның негізінде мұғалімдерге әдістемелік көмек, пән бойынша өтетін білім жетілдіру курстарыда оқытылып жатыр.

Заман ағымына сай күнделікті сабақта видео, аудио қондырғыларымен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Ақпараттық қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауымен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыру оқу ісін байытады, иформатиканы ғана емес, басқа да көптеген пәндерді оқытудың жаңаша түрлері мен тәілдерін жетілдіруге, жаңартуға мүмкіндік беретіні дәлелденіп отыр.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияның көмегімен оқытушы мен оқушының жедел қатынас жасауы қашықтан оқытудың ажырамайтын бөлігі болып табылады. Осындай қатынас жасау барысында оқушы оқытушыдан кеңес алуына, жобаларды, есептерді талқылауына болады. Бұл сонымен қатар, оқытушыға оқушының материалды меңгеру барысында бақылауға және оқытуды жекешелеп оқыту түрі негізінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

1.5. Ақпараттық технологияны қолданудағы қиындықтар және оны шешу жолдары.

 

ХХІ ғасырдың басында, белгілі бір деңгейде, ақпараттық технологиялармен танысу, оларды нақты оқу процесі жағдайында игеру, жалпы оқу орындарында қазіргі заманға сәйкес ақпараттық инфрақұрылымдар және жаңа типтегі мультимедиалық оқыту өнімдірін жасау кезеңі аяқталып келеді деп айтуға болады. Осыдан барып, «алынған тәжірибені қалай бағалай аламыз және ары қарай не істейміз?» деген сияқты табиға сұрақтар туындайды.

Ақпараттық технологияны қолданудағы қиындықтар. Ақпараттық технологияны білім үрдісінде қолдану барысында жиі мынандай қиындықтар кездеседі, сыныптағы жұмыстың көптігі.

Бұл қиындықтың пайда болу мәселелері:

- Сыныптта өзінің негізгі жұмысымен қоса лаборанттықты біріктіре алып жұретін бір адам ғана қызмет етеді.

- Мектептегі информатика пәнінің сағаттарының аздығы.

- Ақпараттық технологияларды игеруде қосымша білім пайдаланылмайды.

- Көптеген басқа пән ұстаздары дербес компьютер мүмкіндіктерін қолдана білмейді.

Қиындықтарды шешу жолдары:

Мектеп басшыларының алдында информатика пәні бойынша көп сағаты мақсаты негізінде балалар үшін информатика және ақпараттық технологияның танымалдылығы және үлкен қажеттілігі алынуы қажет.

Оқушылар бос уақытының көбін информатика сыныбында яғни факультативтер, үйірмелер жеке өзіндік жұмыстармен өткізуге ыңғайлы.

Білім беруді тез қарқынмен жетілдіру мына факторлармен түсіндіріледі.

1) Оқушыны қазіргі қоғам сұранымына сай өзінің өмірлік іс - әрекеттерінде дербес компьютерлердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан – жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу;

2) Жаппай компьютерлік сауаттылық мәселерін шешу, яғни оқушыға информатика мен коммуникациялық техниканың құрадарын пайдалану дағдысын қалыптастыру;

3) Оқушының шығармашылық қабілетін эксперименталды іскерлігін дамыту;

4) Оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігін мен сапасын жоғарлату мақсатында компьютерді жекеленген пәндерге оқыту құралы ретінде пайдалану.

Әрине, көп жағдайда сынып жұмысының көптігі және ақпараттық технолгоияның кеңінен қолдануы мектеп басшыларының саясатына сай мектеп әкімшілігінің бұл мәселені түсіне және ұғына білуіне, информатика сыныбына жауапты оқытушылардың ғылыми ұйымына байланысты.

Бүгінгі таңда республика мектептері түгелдей компьютерлендірілді. Бұл ұлт болашағы үшін маңызы зор. Сондықтан информатика пәні мұғалімдеріне көп іздену, өз білімдерін жетілдіру, маман ретінде қалыптасу талаптары қойылады. Жалпы информатика пәні балалардың қоршаған әлем туралы білімін логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерін ашады. Оқушылар кез-келген уақытта интернет мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қалаған мағлұматтарын алуға, ғылыми жаңалықтармен танысуға мүмкіндіктері туып отыр. Осы мүмкіндіктерді мектеп оқушылары әр ай сайын 40 сағат интернетке тегін шығып пайдаланып отыр. Соны, дұрыс өз дәрежесінде мектептер пайдаланса нұр үстіне нұр болар еді.

Жеке тұлғаның бүкіл өмірінің барлық кезеңдерінде жан-жақты дамуы туралы идея үздіксіз білім беру жүйесінің барлық буындары, атап айтқанда, оның жүзеге асырылуына үлес қосатын педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру жүйесі үшін де жетекші мақсат болуы тиіс.

Адамның білімділік-тәрбиелік қалыптасуындағы мұғалімнің ақпараттық технологияны пайдалану қызметі «компьютерлік хабардарлық», «компьютерлік сауаттылық», «компьютерлік білімділік», «компьютерлік мәдениет» сияқты маңызды санаттардың бірлігі мен сабақтастығына байланысты, ал одан кейінгі «компьютерлік идеология» екендігі баса айтқан жөн. Оларды жаппай компьютерлік сауаттылыққа баулу, өндірісті электрондандыру және кешенді автоматтандыру, адам қызметінің барлық салаларына жаппай компьютерлік техниканы енгізу жағдайларындағы оқу-тәрбие үрдісіндегі жалпы стратегияны сезіну деп түсінеміз. Бұл процес кәсіби денгейге дейінгі және мектеп, кәсіби және кәсіби деңгейден кейінгі сияқты кезеңдерден тұратын жүйеде іске асырыла алады.

«Компьютерлік сауаттылық» ұғымы 80-жылдардың ортасында пайда болды, оның пайда болу жеке компьютерлердің жаппай таралуына және милиондаған адамдардың оны пайдалана бастауына байланысты.

Кең ұғымды алғанда ақпараттық мәдениетке, таза техникалық дағдылардан басқа ЭЕМ қолдана отырып, әдеби, графикалық және көркем нысандарда өз ойлары мен идеяларын білдіре алу дағдысы да кіреді. Оның үстіне, бүл мәдениетке адамдармен қарым-қатынас жасай білу және ынтымақтасып жұмыс жасай білу қабілеті де кіруі тиіс.

Демек, педогогикалық түзетуші әсер ету объектісі есебінде ақпараттық технологияны пайдалана білудің жай-күйін алатын болсақ және біліктілікті арттыру жүйесінде даярлау арқылы жеке тұлғаны сапалық тұрғыдан жаңа деңгейде ақпараттық технологияны падалана білуді талап ететін дидактикалық міндеттерді шешуге кірістірсек, қызмет тәсілі ретінде еп- дағдыларды өзгеруі, сондай-ақ қызметтің неғұрлым жоғары деңгейіне шығу мүмкін болады.

Ақпараттық технологияны оқу үрдісінде тиімді, сапалы қолдану үшін компьютерді қолдану әдістерін және технологиясын меңгерген ұстаздарымыздың көп болуына байланысты. Осы мәселелер шешілгенде ғана бізде барлық мәселелер шешілер еді.

 

2.1 Интерактивті тақта

 

ХХІ ғасыр жастарына сапалы білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылудың сан алуан жаңа әдіс тәсілдерін іздестіру, жаңа ақпараттық технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу.

Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Бұл бағытта ақпараттықтехнологияны оқытуүрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады.

Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Ақпараттық технологияның дамуына байланысты қазіргі таңда ACTIVstudio Professional Edition деп аталатын программалық қамсыздындыру оқытушылар мен оқушылардың қажеттілігіне байланысты құрылады. ACTIVstudio Professional Edition программасын қолдануда келесі маңыздылығын анықтауға болады:

- Оқушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыратын сабақтар дайындауға болады;

- Оқыту стилінің кең диопозонын қолдануға болады;

- Оқушыларға кескіндер көмегімен кілттік түсініктерді үғынуға, нақты өмірдегідей елестетуге көмектеседі;

- Оқушыларға ойындар мен эксперименттер көмегімен білім алуға көмектеседі.

ACTIVstudio Professional Edition программасында сабақтарды дайындауға к

Date: 2016-05-23; view: 913; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию