Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Низам-ад дин Шами оның «Зафарнамесіндегі» Тоқтамыстың, Темірдің жорықтары





Низам ад-Дин Абд-алв-аси Шами Тебриз қаласының маңындағы Шабзи Газанда туған. Бұл қала маңында Газанның Хулагуилықтар ильханының мазары болған. Сол қала маңының атына байланысты ол өзіне лақап ат алды. Низам ад-Дин Шамидің өмірі және еңбегі туралы мәліметтер өте аз. 1392 жылы Низам ад-Дин Шамидің Бағдат қаласын қоршау кезінде ол Темірге қызметке келеді. 1401 жылы Темір Низам ад-Дин Шамиге өз билігінің тарихын шамадан тыс мәнерлемей және стилистикалық жақтан аса көркемдемей қарапайым, анық, түсінікті тілде жазуын әдейі тапсырады. Бұл шығармада арнайы құжаттар, түрлі жазбалар Гийас ад-Дин күнделіктері сияқты, Темірдің жеке жорықтарын баяндайтын күнделіктер, сол сияқты Темірдің жорығына қатысушылар мен оның серіктерінің ауызша әңгімелері және Темірдің өзінің айтқан әңгімелері арқау болды. Низам ад-Дин Шами 1404 жылы жазған тарихын аяқтап, оқиғаны 1404 жылдың наурызына дейін жеткізеді де Темірге табыс етеді. Темір шығарманы құптап, оған Зафар-наме – «Жеңіс кітабы» деген ат береді [14, 258 б]. Замандастарының айтуына қарағанда, Низам ад-Дин Шами сол заманның ең мықты шығармашысы болған. Мауренахр билеушісі Темір өмірден өтер алдында Низам ад-Дин Шамиге туған жеріне оралуға рұхсат етеді, ол қалған өмірін сонда өткізеді. Зафар-наме – Темір билігі туралы жазылған алғашқы арнайы толық тарих. Темір тарихнамасына байланысты шығарма жазған соңғы авторларға осы туындының әсері мол болды. Олардың бәрі дерлік шығарманың жоспары мен құрылымын ешбір бұлтарыссыз қабылдап кейде оның мазмұнын құрастырып жазды. Шами туындысы «Темірдің ресми тарихының бетін ашып» берді, оны кейін Хафиз-и Абру және Шараф ад-Дин Али Йезди жалғастырды. Хафиз-и Абру бұл шығарманы өзінің Маджуа деп аталатын толық тарихи жинағына енгізді. Шараф ад-Дин шығарманы ресми дерек көзі ретінде пайдаланып, оны кезінде Шамиге белгісіз болған ұйғыр жылнамасы, Гийас ад-Дин әли күнделіктері және неліктен екені белгісіз Шамидің ой елегінен тыс қалған көптеген ресми деректермен толықтырды. Осыған байланысты оның кейбір оқиғалары егжей-тегжейлі баяндалған. Осыдан болар, Йезди жазған Зафар-наме шығармасы кең танылып, Низам ад-Дин Шамидің аттас еңбегін ығыстырды. Шамидің Зафар-намесі – 1358 жылдың 1404 жылдың наурызына дейінгі 46 жылды қамтитын, Темірге арналған өте қызықтыда құнды деректеме. «Жеңіс кітабы» атының өзі Темір билігінің саяси тарихы және оның жорықтары мен жаулап алу жылнамасының мазмұнын дәлме дәл береді. Төменде ұсылынып отырған үзінді Шығыстың орта ғасырдағы парсы және түрк әдебиетінде кең тараған сарай жылнамалық тарихи шығармалардың үлгісін береді. Низам ад-Дин еңбегі – орта ғасырдағы көрнекті қайраткерлердің біреуі туралы көлемді тарихи ақпаратты жинақтап қорытындылайтын бізге дейін жеткен алғашқы еңбек болып табылады [15, 120-124]. Зафар-наме еңбегі 3 бөлімнен тұрады. Бұл еңбекте Әмір Темірдің Хорезмге үшінші рет жорығы, Тоқтамыс ханның Әмір Сахыбқыранға келуі, Темірдің Орыс ханға қарсы әскери жорығы, Темірдің Әмір Велиге қарсы екінші реткі жорығы, Темірдің кіші Лураның бүлікшілеріне қарсы жорығы туралы, Ингатур әскерінің келуі және онымен Омар шейх бахадур мырза және әмірлердің Жөлекте болған шайқасы, Темірдің Тоқтамыс ханға қарсы жорығы, Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы, Темірдің Кавказдағы жорықтары туралы баяндалады [16, 45 б]. Зафар-наме-Темір билігі туралы жазылған алғашқы толық тарих. Зафар-наме Шами-Темірге арналған, 46 жыл аралығы, 1358-1404 ж дейінгі өте қызықты және бағалы дереккөз. «Жеңіс кітабы» атауы, Темірдің патшалығын, оның жорықтары мен басып алған жерлерін, шығарманың мазмұнында дәл көрсеткен, саяси тарихын білдіретін кітаптардың бірі болды. Низам ад-дин Шами, «қырғыздар» көне атауы мен «Қырғызстан» атауларын қолданбады. Ол моғол мен Моғолыстан жайлы айтады. XIV және XV ғасырдағы авторлар, моғол атымен тек монғолдарды ғана емес, Моғолыстан төңірегінде (Жетісу, шығыс Түркістан) тұрған басқа да халықтарды біріктірген, олардың арасында сөзсіз, кейіннен қырғыз халқының құрамына кірген қырғыздар мен олардың ата – бабалары да болды. Қазіргі Қырғызстанның шекарасы, толығымен сол кездегі Моголистанның құрамында болғаны белгілі. Шами Темірдің Моголистанға жорығын, Қырғыз арқылы жүрген жолдарын егжей – тегжейлі және толық сипаттаған, Ол таулы жол Қырғыздан Шығыс Түркістанға апаратын қысқа жол болатын. Және қазіргі кезге дейін өзгеріссіз айтылатын көптеген жерлер, теңіздер, өткелдер, жазық далалардың аттары айтылады [17, 3-5 б]. Низам ад-дин Шами келтірген ақпараттар, Қырғыздың тарихи географиясын, сондай – ақ, сол аймақта болып жатқан әскери – саяси жағдайларды анықтау үшін нақты маңызға ие. Темірдің Хорезмге үшінші рет жасағаған жорығы туралы әңгіме. Адилшах және Сары-Бұға Темірге қарсы тұра алмайтындығын түсінгендіктен, өзбектер еліне барып, Орыс ханды паналады. Орыс ханның жайлауға шығып кеткенін пайдаланып, олар тағы да екі жүзділік пен опасыздық жасады, әскер алып Орыс ханды талқандайды. Олар осындай опасыздық жасағаннан кейін, Камар ад-Динге барып, оны бүлікшілікке итермеледі. Тоқтамыс хан әмір сахыбқыранға келуі. Камар ад-дин осындай күйге ұшырағаннан соң, Темір оны түбегейлі құрту үшін оған қамқорлық жасауды мүлдем тоқтатады, осы кезде Тоқтамыс оғлан адамдардың өзіне жауыздық жасау ниетінен қорыққандықтан, Темірдің сарайына бет бұрады. Бұл хабар расталғаннан кейін, Темір оны қарсы алуға әйгілі әмірлерінің бірі-Туман-Темірді жібереді де, ал өзі Уйнардан кері қайтады. Жолай өзенге тоқтап, одан аттанып, Самарқанға келеді. Тоқтамыс оғлан келгесін әмірлер мен ағайындық жасап, оны Темірге таныстырады. Ұлы мәртебелі оған ханзадаларға ең жоғары дәрежеде көрсетілетін тағлым салты бойынша үлкен құрметпен қабылдайды. Темір оны қасына ертіп Самарқан қаласына келіп, хан салтанаты дәрежесінде той жасап, оған және оның жора-жолдастарына қаншама алтын және әшекей заттар, мал және кездемелер, жылқы мен қашар, шатыр мен лашықтар, тіпті адам пенденің ойына да кіріп шықпайтындай, байрақты жасағымен әскерлерді сыйға тартады. Темір оған Отырар мен Сауранды сыйға беріп, оны сонда аттандырады. Бірер уақыт өткеннен кейін Орыс ханның ұлы Құтлық-Бұқа қару бастап келіп Тоқтамыс-оғланмен шайқасады. Соғыс кезінде Құтлық-Бұқаға оқ тиіп, содан қаза табады; ашу ызасы қайнаған оның әскерлері Тоқтамысты қуып шығып, оның ел жұртын тонайды. Тоқтамыс екінші рет Темірге қашып келгенде, Темір оны алғашқысынан да жоғары деңгейде қабылдап, үлкен сый құрмет көрсетіп, барлық қажетті жабдықтап қайта қайтарады. Орыс ханның ұлы Тоқтақия Әли-бекпен, хандармен және әйгілі әмірлермен бірлесіп Тоқтамыс ханға қарсы шығады. Шайқас нәтижесінде Тоқтамыс қайта қашуға мәжбүр болады. Оның алдында өзен бар еді. Ол етігін шешіп өзенге секіредіде, құтылып кетеді. Соңынан қуып келген Каранчи-бахадур өзен жағасына жетіп, оны атып қолынан жаралайды. Ол жалғыз өзі қамыстың ішіне кіріп, жасырынады: Темір Тоқтамыстың жауларына қарсы тойтарыс беру, қайсар ақыл болуға ақыл қосу үшін өзінің інісі Едіге-барласты жібереді. Едіге әмір қамыстың ішін аралап жүрсе, құлағына жылаған адамның даусы есітіледі. Іздеп жүріп, Тоқтамыстың осындай күйге ұшырағанын көреді. Едіге оған ізеттілік көрсетіп, қамқорлық жасай отырып Бұхардағы Темірге алып келеді. Ол бұл жолы да оған қамқорлық жасап, қажетті заттарын жабдықтап береді. Бұл уақытта Темір Бұхарда еді, бұл жолы оған қашып келген Едіге Орыс хан әскерін жинап, Тоқтамыстың соңынан келе жатқанын хабарлайды. Осы хабардан соң, Орыс ханның елшілері – Кепек-маңғұт пен Туладжан келіп, ханның сөзін жеткізеді: «Тоқтамыс менің ұлымды өлтіріп, сіздің қолыңызда отыр. Не жауымды өз қолыма қайтарып беріңіз, егер жоқ десеңіз, онда тұратын жерін айтыңыз». Темір оған: «Қандай да бір державадан бассауға іздеп келген адамның жауының қолына бергені жайлы ерлік пен әдет-ғұрып заңынан көргеніміз бар ма. Егер осы бір жағдайдан жәбірлеушілік басталса, бұл-орындалмайтын талап, онда соғысқа әзірленуден өзге не қалды» [18, 256]. Темірдің Орыс ханға қарсы әскери жорығы жөнінде деректе былай баяндалады. Ол елшілерді жіберіп, әскер жинап, тәртіпті ретке келтіреді де дереу атқа қонып, әскерлері мен Отырарға келіп тоқтайды, ал Орыс ханның әскерлері Сығанаққа жетіп, сол жерге тоқтады. Сол түні аспанды бұлт басып, қар араласқан жаңбыр себелеп, күн қатты суытады, аяз тұрғандықтан мұз қатады. Екі жақтың әскерлеріде тұрған орындарынан қозғалмайды. Олар бір-бірімен тіресіп үш ай отырғаннан кейін Темір Ярық-Темір мырзаны, Мұхаммед-Сұлтаншахты және Хитай-бахадурды жау әскеріне түнгі шабуыл жасауға жібереді. Олар нұсқау бойынша 500 атты әскермен аттанған екен, ал қарсы жақтан оларға қарсы 3000 адам атқа қонды. Түнде олар ұрысты бастайды, Темірдің әскерлері жауды шегінуге мәжбүр етті. Бұл соғыста тағдырдың жазуымен Ярық-Темір мен Хитай бахадур қаза табады. Ильич-Бұға Темір-Мелик-оғланның аяғына көздеп оқ атады, бірақ ол аяқты жанап өтіп, оның атына тиеді. Темір Мұхаммед-Сұлтаншах пен Мубаш-шираны жан-жағына барлауға жібереді, олардың әрқайсысы бір бір тұтқын алып келген еді. Тұтқындар бір ауыздан екеуінің де есімі сатқын және ержүрек екендерін және бұлардың жеріне жүздеген адаммен барлауға келгендерін айтады. Әмір Алладат және Ақ Темір бахадүр Отырардан әскерлерге арнап, азық түлік алады. Екі топ Отырар маңында бір бірімен ұшырасып қалады, олардың жалпы саны бар жоғы он бес адам еді. Бір Аллаға сыйынып олар жауға қарсы тап береді, қарсыласын әйгілі адамдарының екеуін аударып түсіреді, ал аман қалғандары орға секіріп құтылып кетеді. Ақ Темір бахадүр және Кепекче Юртчи кіші сатқынды өлтіріп, ал үлкен сатқынды Хиндушах Темірге алып келеді. Бұл оқиғаға тап болған жаулар сасқалақтап, өз орындарын тастап кетеді де, орнына тек Қаракесекті қалдырады. Темір өзі бастап шабуылға шығады. Олар тағы да қашады. Темір кейін қайтып өзінің ордасында және мекенінде жеті күн болады да, Кеш қаласынан қайтадан жүріп кетеді. Тоқтамыс-Оғланды жол бастаушы етіп, ол өзі Жирен-Қамысқа жетеді. Жаудың бұл жердегі ел-жұрты еш хабарсыз бейқам еді. Жеңімпаз әскерлер елді тонап, сансыз көп байлыққа ие болады. Бақыт құсы қонар сәт алыс емес еді, бірақ Орыс хан о дүниеге мәңгілікке аттанып кетіпті. Оның үлкен ұлы Тоқтақия әкесінің орнына отырады; көп уақыт өтпей ақ ол да қайтыс болады. Темір Тоқтамысқа хан атағын беріп, оның қажетін жабдықтап, сол мемлекетте қалдырады. Темір оған желден де жүйрік аузымен құс тістеген желаяқ Хынк-оғлан атты сәйгүлікті сыйға тартады. Темір оған: «бұл сәйгүлікті көзіңнің қарашығындай сақта, күндердің күнінде ол саған керек болады»,-деп тапсырады. Содан кейін абырой мен жеңіске бөленіп, Самарқанд жаққа ат басын бұрады. Темір-Мәлік оғлан бұл кезде ана елдердің ханы сайланған еді. Ол өте көп әскерімен Тоқтамысқа қарсы аттанады. Тоқтамыс хан бірнеше шайқастан кейін өзінің адамдарынан және әскерлерінен бөлініп, артқа шегінеді. Ол бір басына бақыт қонған, көреген Темір сыйлаған Арғымақпен жалғыз өзі қашып құтылып, Темірге келеді. Тоқтамыс хан бірінші рет Орыс ханнан Темірге қашып келгенде онымен бірге келіп, Темірдің мейірім шапағатына ие болған Ұрық Темір де болған еді. Орыс хан оның билігіндегі жұртты Дайгеға елшілікке берген болатын. Тоқтамыс тағы да қашқан кезде Ұрық-Темір аттан жығылып, соғыс даласында қалып қояды. Оны ұстап алып, Орыс ханға алып келеді. Орыс хан оған кешірім жасайды, Ұрық-Темір бұл жерде біраз уақыт жүдеу тұрмыс кешіп жүреді де, ақыр соңында Темірге қашып келіп, зор ілтипатқа ие болады. Темір одан Темір Мәліктің хал-жағдайын сұрайды. Ұрық Темір ол жағынан хабардар екен. Күндіз-түні шарап ішумен, көңіл көтерумен уақытын өткізіп, түске дейін ұйықтайтынын, мыңдаған маңызды істер күтіп тұрса да, оны оятуға ешкімнің батылы жетпейтінін айтады. Осы себептен халық одан әбден түңіліп, мемлекет пен ұлыстары Тоқтамыстың келуін күтіп отыр деп хабарлайды, әрине мемлекетті қорғаудың тәртіп ережесін бұзып, бар уақытын көңіл көтеріп, шарап ішумен өткізген әр бір ханның іргесі ыдырап, шаңырағы шайқалатынын Темір жақсы түсінеді. Әмір Темірден әскер жарақтап алып Тоқтамыс тағыда жорыққа шығады. Жау жақтан Орысханның ұлы Тоқтақия болса Әлібек пен әйгілі шахзада әмірлермен бірігіп, Тоқтамысқа қарсы жолға шығып, онымен соғысып, оны тағыда қашырады [19, 103 б]. Осылайша Тоқтамыс Сауран түбінде бір емес бірнеше рет Орыс ханның балаларынан жеңіліп қалады. Бірақ Әмір Темірді Тоқтамысты қайта-қайта қаруландырып, әскерлерімен аттандырып отырды. Сонымен, Темір 780 жылы (хижри жыл санауы бойынша) Тоқтамысты хандыққа лайық деп танып, онымен бірге Әмір Тұман Темірді жанына қосып, түрлі сый сияпат көрсетіп, оны хан көтеру үшін өмір Урунг Темір, Бияс ад Дин Тархан, Бахты хожа және өмір Банганы ертіп, орасан көп әскермен Сығанаққа аттандырады. Олар мында келгенін бұйрық бойынша күннің сәтін таңдап, Тоқтамысты сұлтан тағына отырғызады. Бұл уақытта Темір Мәлік Қараталды қыстап отырған еді. Олардың арасында соғыс басталды. Ақыры Темір Мәлік жеңіліп, Тоқтамыс жеңіске жетеді. Ол осы хабарды Темірге жеткізу үшін Орыс қожаны аттандырады. Ұлы мәртебелі бұл хабарды есітіп, қатты қуанып, бірнеше күн бойы тойлайды, ал лайықты құрмет көрсетіп, шапан жауып, белдік сыйлап кейін қайтарады. Тоқтамыс хан Сығанақты қыстап, көктем шыға әскерлерін тәртіпке келтіріп, Мамақтың мемлекеті мен ел жұртын жаулап алады. Темірдің көмегімен оның хандығы күш ала бастайды. Урунг-Темур мен Ақ-Бұғаның көзі тірісінде Әлібек олармен ым жымын біріктіріп Тоқтамысқа әрқашан да былай дейтін еді: «Темір саған көп құрмет көрсетіп, асқан жақсылық, үлкен қамқорлық жасады. Сен осыны әрқашан да ескеріп, жадыңнан шығармай, жақсы қарым-қатынасқа дақ түсірмеуің керек. Сенің мемлекетің күн сайын өсіп келеді, оны әлем халқы мойындап отыр, бұл сен жақтан мақтауға тұрарлық. Егер құдай сақтасын, бір күні мемлекеттің шаңырағы шайқала қалса, оның көмегімен мемлекетке тағыда қолдай көрсетіледі, оның державасының қалқасында жаманшылық көрмейсің». Күндердің күнінде олардың екеуіде қайтыс болып, ал Тоқтамыспен ауыз жаласқан жантықтардың әрекеттері салдарынан Әлібектің қолынан ештеңге келмейтін болды және оның сөзі өтімсіз болып қалды. Маңғыт талба тобы оған жүрегінен жол тапты да, Оны Темірге қарсы айдап салып, екеуінің арасындағы шынайы достыққа сызат түсіреді, олардың достығы ендігі әрі бітіспес қайшылыққа айналады. Оның Темірмен жауластығы туралы кейінірек баяндалады. ҚРҒА тарих және этнология институтының ізденуші ғалымы М.Н. Ибрагимованың айтуына қарағанда Орыс-хан өлтірткен (Сарайды жаулап алғанға қатысқаны ұшін) Маңғыстаудың үлесті билеушісі Жошы әулеті Туй-Қожа-оғланның баласы Тоқтамыстың Темірге қашып келуі Ақ Ордамен соғысуға себеп болды. Мәуеренахр билеушісі өзінің бұрыннан ойында жүрген Алтын Орданы немесе Жошы ұлысын қалайда болмасын әлсірету ісінің іске асыру мезгілінің туғандығын ескеріп, Тоқтамысты пайдаланып қалуды қолға алған еді. «Темір Алтын Орданы өз мемлекетіне қосып алмақшы емес еді, тек өз мемлекеті үшін өте қәуіпті күш болған хандықты жойып, оның жарты бөлігін өз қол астындағы хандарға тапсырып, Сарай Берке арқылы өтетін керуен жолын да Мәуеренахр арқылы өту үшін күреседі», [20, 13-14 б] - дейді өзбек тарихшысы А.Р. Мұхаммеджанов. 1876 жылы Темір Самарқандқа келгенде, Жошы тұқымынан шыққан шыңғыстық Тоқтамыс Орыс ханға қарсы күрес үшін көмек сұрап келгені белгілі. Тоқтамыс ханның Темірге бас сауғалап келуін Темір және оның ұрпақтарына арналған шығармаларда әр түрлі баяндалады. Мысалы: Шами «Тоқтамыс оған қатысты зұлымдық ойластырған бір топ адамдардан қорқып» Темірге қашып келетіндігін айтады. Йазди бойынша, «Тоқтамыс оғлан Орыс ханнан күманданып Темір сарайынан бейбіт қорғаныс іздеп келеді». Фасих Ахмед бойынша, «Тоқтамыс хан Орыс ханнан теріс айналып Әмір Сахыбқыранға келеді» [21, 136 б]. «Темір ережелерінің» орысша, өзбекше аудармаларының өзінде екі түрлі беріледі: «Тоқтамыс Орыс ханнан жеңіліп, менен қамқорлық іздеп келгенде, мен оған әскерімді сенсемба екен, немесе мін бермесем ба екен деп көп ойландым» [22, 108]. «Дешті Қыпшақ ханы Тоқтамыс хандыққа таласып, Орыс ханнан жеңіліп, менен пана іздеп келген еді» [23, 55]. Дегенмен, барлығы да Тоқтамыстың Орыс ханнан қашып келгендігін көрсетеді. Бұл хабарды естіген Темір оның алдынан күтіп алу үшін Әмір Тұман-Темірге жібереді. Ал Самарқанди бойынша, «Бек-Полат Тоқтамыспен соғысып, Тоқтамыс Темірден пана іздеп, жақып маңда екендігі» белгілі болды. «Темір оның алдынан күтіп алу үшін сый-сыяпатпен Темір ноянды жібереді» [24, 191]. Алайда, Самаркандиде бұл уақыт 1378-79 жж. болған деп көрсетілуі қисынсыз. Шыңғыстық ханзаданың өзіне көмек сұрап келіп отырғанына ырза болған Темір өзінің жоспарларын жүзеге асыру барысында оған Ақ орда шекарасындағы Сырдарияның орта ағысының солтүстік жағалауына орналасқан Отырар, Чабран және Сығанақ қалаларын береді [25, 184]. Шами мен Фасих «Темір Тоқтамысқа Отырар және Сауран аудандарын береді», дейді. Али Йазди бойынша оған «бүкіл Сабран және Сығанақ аудандары беріледі» Натанзи шығармасында Сауран, Отырар,Сығанақ қалаларын бергендігі баяндалады. Алайда, ол жерлердің барлығын Тоқтамыс жаулап алғаннан кейін ғана, оның иелігіне айналатын еді. Осылайша, Темір Тоқтамысты өзінің сыртқы саясатында шебер пайдалана білді. Әмір Темірдің Тоқтамысқа әр түрлі сыйлықтар бергендігі жайлы Низам ад-дин Шами былай дейді: «Тоқтамыс оғлан келгенде, әмірлер оны Темір қабылдауына келеді. Хазірет оны жеткілікті құрметпен қарсы алады. Оны Самарқандқа бастап барып, құрметіне той жасады. Тоқтамыс пен оның жолдастарына лайық сый сәлемдер үлестірілді, күміс мал мен маталар, шатырлар, әскерлер берді. Отырар мен Сауранға әкім етіп сайлады». Бұл жерден Темір ұрпақтары тарихшыларының қамқоршыларын мадақтауы анық байқалады. Оның жанашырлығын көрсеткісі келеді. Муин ад-дин Натанзи Тоқтамысқа Сырдарияның бүкіл өңірі берілген деп түсіндіріледі: «Темір оның (Тоқтамыстың) атымен Түркістанды басқару жөніндегі грамота жазылсын деген бұйрық берді» [26, 106]. Тоқтамысты жорыққа шығарып, Темір өз жеріне Түркістанды қосып алуға ұмтылды, бұл оған Ақ Орда мен Алтын ордаға жол ашар еді. Бірақ Тоқтамыстың 1374-1375 жж. алғашқы жорығы сәтсіз болды. Сауран түбіндегі шайқаста Ұрысханның балаларының бірі Құтлығ Бұға талқандалып, өлтірілгенімен, Тоқтамыстың Самарқандқа өзінің қамқоршысына қашуына тура келді. Бұл жайлы деректер былай дейді: «Сахыбқыран Сабран мен Сығанақты Тоқтамыс оғланға берді. Тоқтамыс сонда барып отырды. Құтлық Бұға ол ұрыста оқ тиіп өлді; Тоқтамыс тұралмай қашты, ондағы елді тонады. Тоқтамыс қашып сахыбқыран қасына келді. Хазірет оны алдын келгенінен де жақсырақ іззет тұтып, қайта жарақтап аттандырды»,-[27, 82] деп тағыда Темір ұрпақтарына тарихщылары өз қорғаушысының іззеттігін көрсетуге тырысады. Алайда деректің астарынан Темірдің құйтырқа саясатын байқауға болады. Ол Тоқтамыстың өз жоспарын іске асыруда пайдаланғандығын жоғарыда атап айттық. Темірдің Әмір Велиге қарсы жасаған екінші жорығы туралы былай баяндалады. Бұл уақытта Тоқтамыс хан жөнсіз әрекеттерге жол беріп, жартысынан көбі – опасыз зинақорлардан құралған 9 ға жуық қолын Тебризге аттандырады. Олар қыста Тебризге келіп, Тебриз төңірегіне орналасады. Қалада соғысқа басшылық ететін ешбір билеуші болмағандықтан, барлық қала халқы өздерінің әйелдері мен отбасыларын қорғау үшін қаланың маңын қоршап, шайқасқа әзірленеді. Олар ешқандай қимылсыз осындай бір аптаға жуық жатады. Ақырында айламен, алдаумен және әскери қимылдары арқалы жау жеңіске жетіп, қаланы талан-таражға салып қиратуға жол береді. Олар мешіт пен медресені қиратып, кәрі-құртаң адамдар мен жас балаларды бұғаулап алып кетеді. Он күннің ішінде қалада жылдар бойы жиналған құнды дүниелер мен қазыналардын ізі де қалмайды. Олар қыс шыға құлдар мен тонап алған мүліктер мен қазыналарын жинап алып, кейін қайтады. Тебриз Темірдің қарамағына жататын, қорғансыз жандар оған арқа сүйеп медеу тұтатын, ешбір себепсіз мұсылман қауымына қасірет әкеліп өшпенділік тудырған бұл оқиға Темірдің құлағына жетіп, оған өте ауыр әсер етті. Темір олардың зұлымдығы үшін сазайын қалай тартқызғаны және өздерінің басып жаншушылық әрекеті әділетсіз болып, олардың өз мемлекеті әлсіреп, ес жия алмай қалғаны жайлы кейінірек баяндалатын болады [28, 56]. Егер Темірдің заңдыда адал көмегі арқасында қорғансыз қайта түленіп, адалдық пен заңға бағынушылық орнамағанда Тебризде қираған мұсылман күмбездерінің ізі де қалмаған болар еді. Осы кезде Тоқтамыс ашық айқасқа шығып, Дербент жағынан Самур өзеніне дейін әскер жібергені жайында хабар келеді. Темір Шейх Әли бахадур, Ику Темір және Осман-и-Аббасқа біршама аз әскермен Кура өзенінен өтіп, жауға қарсы аттануға бұйрық береді. Ол: «Тоқтамыс ханмен біздің арамызда келісім шартымыз бар, біз бұл келісім шартты бұзбаймыз, егер сіздер бұл оның әскері екеніне көз жеткізсеңіздер, онда ұрыстан бас тартып кері қайтыңдар», - дейді. Олардың соңынан ұлы мырза Мираншахты жібереді. Олар қара құрым қолды көріп: Бұл кімнің әскері деп сұрайды. Олар: Тоқтамыс ханның қолы, ол бізді әмір әскері туралы мәлімет әкелуге жібердің деп жауап береді. Әмірлер Темірдің бұйрығын орындап, ұрысты бастамай кері бұрылады. Жау жағы олардың шегінуін әлсіздік деп танып, шабуылға шығып, жеңімпаз әскерлерге оқты жаңбырша боратады. Әмірлер мен бахадурлер жағдайды түсініп, кері бұрылып, шайқасқа кірісіп кетеді. 40–қа жуық адам қаза табады. Осы кезде Мираншах мырза жетіп келеді, бір шабуылмен–ақ жауды шегіндіріп, олардың көпшілігін тұтқындап ұлы мәртебеліге жібереді. Темір оларға тиіспейді. Оларға кешірімділікпен қарап, әдеттегідей Тоқтамыстың жай күйін сұрайды, оларға мейірімділікпен қарап: «Біз екеуміз әке мен баладай едік. Бірнеше ақымақтарға бола не үшін соншама адам өлуі керек. Біз бұдан былайда келісім мен шартты сақтап, бүлікшіліктің отын қайта тұтатпауымыз керек. Егер кімде кім осыған қарсы келсе немесе бізді осыған қарай итермелесе, онда басқаларға үлгі болу үшін екі жақ бірлесе отырып ондайларды жазалап, сыбағасын тартқызып, басын алуымыз керек дейді. Содан соң ол тұтқындардың бәріне ақша, киім–кешек және шапап беріп, сақшы қосып беріп, оларды әскерлерден оқшаулап, өз еліне қайтаруды бұйырады. Мубашшираның інісі Шурида алған жарасынан қайтыс болады. Ингатур әскерінің келуі және онымен Омар шейх бахадур мырза және әмірлердің Джулетке болған шайқасы. Осы жылдың күзінде Тоқтамыс ханның әскері бұл аймаққа келіп, мұндағы ұлыстар мен иеліктерге шабуыл жасайды. Омар–Шейх бахадур мырза әскер жасақтап, Ходжент өзенімен өтеді. Сулеймен шах бахадур, Аббас бахадур және басқада әмірлер бірлесіп, әскерлерімен Джулек деген жерде жауды қуып жетеді. Екі жақ сап түзеп, оң және сол қанатқа бөлініп, бір–бірін тарпа бас салады, қатты арпалысқан шайқа–стан қан судай ағады. Омар Шейх бахадур жауының ізіне түсіп өз әскерінен бөлініп қалады, сарбаздар оны іздегенімен таппайды. Абыржып, сасқалақтағаннан олар амалсыздан тарасады, ал ханзада сәтін тауып құтылып, аман–есен Андугандағы әскерлерге келіп, бытырап кеткен әскерлерін қайтадан жинап алады. Осы сәтте Моғолстандағы Ингатур келісім бойынша алған уәдесінен тайып елімізге келіп ойран салып жатқандығы туралы хабар жетеді [29, 78]. Бір кездері Тоқтамыстың хан ұлы мәртебелінің жасаған жақсылықтары алдындағы борышын ұмытып, жаугершілік ниетпен үлкен қол бастап мемлекетке басып кірді. Темір әскер жинап Сақаржоға тоқтайды. Сол жылы қар қалың жауып, қатты суық болды және жаңбыр тоқтаусыз себелеп тұрды. Тоқтамыс хан Ходжент өзенінен өтіп, оның алдыңғы шебі Зернукке келіп жетеді. Темір соғысуға ниет еткенімен, нояндар мен әмірлер оның алдына тізе бүгіп, жан жақтан әскер жинағанша күте тұрайық деп өтінді. Әлем жаулап алушысына бұл дұрыс шешім деп қабылданбады, ол ашуланып, оларға: «Ақылды адам бүгінгі істі ертеңге қалдырмайды, ертеңгі күннің өз ісі бар», – дейді. Осы кезде қалың қар түсіп жаңбыр жауады. Темір қарды күреп жол салуға рұхсат береді және көп әскерімен түнделетіп жүріп жауына таяу келеді. Омар–Шейх бахадур өз әскерін ретке келтіріп, Ходжент өзенінің жағасына келіп жасыл кілемін құшырлана сүйеді. Темір көп әскермен Кунч–оғлан, Темір Құтлық оғлан және Шейх Али бахадурды алға қарай жібереді. Келесі күні түс әлетінде жауға лап қояды, бірақ қарсыласы шайқасуға шамасы жоқ еді, олар қаша жөнеледі, олардың көпшілігі өліп, ал құтылып шыққандары жолда шөлдеп қырылады. Алдын ала жіберген тәтті алдыңғы шептегі әскерлер жаудың арт жағынан келіп, екі бүйірінен қоршап, оқ боратып қылыш айқастырып жауды қиратып салады. Осы кезде Айды–Бердибахшияны қолға түсіріп, оны ұлы мәртебеліге алып келеді. Ол оның хәлін байқап, оған құрмет көрсетіп, шапан жабады. Темір ол жерден аттанып, Ақарға келеді және мұнда біраз уақыт көңіл көтеріп, той жасайды. Осы уақытта ол ел жұртынан әскер жинап Омар–Шейх Мырза, Хаджи–Сейф–ад–дин және Ика–Темірге әскерді өткізу үшін Ходжент өзеніне көпір тұрғыссын деген бұйрық береді. Олар бұйрықты орындап, әскерді өткізіп алып, ұлы мәртебеліге хабарлайды. Темір еш жерге аялдамастан жүріп отырып, өзеннің жағасына дейін жетеді де бірден алдыңғы шепті тағайындады. Темір–Құтлық оғлан, Сумджек бахадур және Осман бахадурды сақшылар отряды етіп белгілейді. Олар алыстан жау әскерінің қарасын көріп жасырынып жаудың жолын тосады. Жаудың қарауыл отряды топтаса салысымен, жеңімпаз әскерлер бірден атқа қонып, оларға түңгі шабуылды бастайды, олардың жартысынан көбін қырып салады, ал қалған–дары Арыс өзені арқылы қашып құтылады. Олар өздерінің тобына келгеніне әскерлер жау келіп қалды деп сасқалақтап қалады. Осы үрейден олардың барлық әскерлері мен елі бет бетімен бытырай қашады. Сол кезде Темір Хаджи–Сейф–ад–динді албалы керуенге оғруг қалдырып, ал Ходжа –Шейх, Дублак, Қарахан, Аманшах және Девлетшахты қырыққа тарта сайлауыт адамдарымен барлауға жібереді. Олар бұйрықты орындап, Сарық өзенге қарай аттанады, жауды сонда қуып жетіп, қарауыл әскерлерімен шайқасады, олардың көбін өлтіріп, ат басын кері бұрады. Осы уақытта шөл даладан шамамен жүзге жуық отбасымен Қыбда тарханды кездестіреді. Үлкен ұрыс жүріп, оларыдң басшысы болып жүрген Қыбда тарханды қолға түсіріп қолына кісен салып, Шамкул деген адамға оны ұлы мәртебелеіге алып бар деп тапсырады. Оның адамдарымен табындарын Ақ –Сум жеріне әкеледі. Темір осы аймақтан Ұрум –Чағыл арқылы шығып, Биланға келеді, оған Сарық өзен мен Курчон арқылы Ал –кушуеға келіп тоқтайды. Осы кезде Мулюк пен Хаджибек бас көтеріп Хорасанда бас қосып жатыр деген хабар жетеді. Темір ойланып –толғанып Мираншах бахадур мырзаны әскерімен Хорасанға аттандырып өзі өзбек жеріне қарай беттейді. Нояндар мен әмірлер жиналып, біз алдымен Ингатурга барып, оның қастандығын жойып, содан кейін барып өзбектер жаққа аттанғанымыз дұрыс болар еді деп ұсыныс айтады. Темір олардың сөзімен келісіп, Бури –баши арқылы Ингатурга қарсы жорыққа аттанады [30, 34-40]. Темірдің Дешті Қыпшаққа Шамидің еңбегінде былай баяндалады: 793 (1390-1391) жылы Темір әскер жинап, Дешті Қыпшаққа жорық жасау үшін Самарқаннан шығады. Ходжент өзенін өтіп, ол Ташкент жерінде қыстап шығады, әскерлердің жабдықтарына назар аударып, оларды ретке келтіріп, әмірлерге илтипат көрсетіп, сый тарту жасайды, барлық жауынгерлерге жүйрік ат, алтынмен өрнектелген киімдер, дирхем мен динарлар сыйға береді. Әйелдері мен ханшалар рұхсат алып, кері қайтады. Әмірлер арасында жол бастаушыларды бәліп, Темір сафар айының 15 де жолға шығарады, өзімен бірге Шолпан Мелик ханша аканы ала жүреді. Қара Саман жерінде барлық әмірлер мен әскерлер жиналады. Осы уақытта Тоқтамыс ханнан елші келіп, оған құрмет көрсетіледі. Бұл жерде бірнеше күн аялдап, Темір жедел жүріп келеді. Себебі мұнда қатты суық болып, қалың қар мен жаңбыр жауадыда, одан әрі қала беру мүмкін болмайды. Бірнеше күннен кейін ұлы мәртебеліге Тоқтамыс ханның елшісі келіп, ол жерге маңдайын тигізіп, салтын орындағаннан кейін ізеттілік жылқы мен сұңқарды сыйға тартып және нояндар арқылы ханның мына сөзін жеткізеді [31, 63]. «Темір маған әке орнына әке болды, менің өтінішім, ол тағдырдың тәлкегімен және жаман адамдардың арандатуымен батылым барып жасаған жаза басқан қадамдарыммен күнамды кешіруіңді сұраймын». Сонда Темір оған деген өзінің мейірімін білдіріп: «Ол алған жауларынан қашып, жаралы күйінде мағае келгенде, менің оған жасаған қамқорлығым мен жақсылығымның қандай болғанын дүйім жұрт біледі. Соның ішінде мен оған ара түсіп Орыс ханмен соғыстым, оған көп ақша және қаражат беріп, онымен бірге әскер жібердім. Ақыр аяғында ол менің жасаған барлық жақсылығымды ұмытып, мен жоқта біздің мемлекеттің шетін ойрандады. Мен бұған көңіл бөлмедім, оның кешірім сұрауын күттім, осының бәрін бұзақылардың арандатуы деп есептедім. Ол тіптен ұяттан безіп, қайтадан өзі бастап жорыққа шықты. Біз қарсы аттанғанда біздің қаптаған қалың әскерімізден с»ескеніп қашып кетті. Енді, міне, біз исламның хандық жарлығымен әскер жинап шықтық. Біз оның сөзіне де, ісіне де сенбейміз; егер ол мұны шынымен айтып отырса, онда біздің қарсы алдымыздан Әли бекті жіберсін, біз әмірлермен жиын құрып, не істеу керек екенін шешетін боламыз» [32, 263 б]. Содан кейін ол той жасап, елшіні бұрынғысынан да әсіре құрметтейді, оған белдік пен шапан береді. 2 немесе 3 күннен кейін ол әмірлерді жинап, құрылтай өткізедіде елшінің өзін алып алға қарай жылжиды. ОсылайшаКарачукты басып тағыда он бес күн жүрді. Су болмағандықтан, көп ат өледі. Джуманидің бір күні олар сарық өзен жеріне келіп, суға қарық болып қалады. Мұнда бірнеше күн болғаннан кейін, олар өткел іздейді және өзен арқылы өтеді. Сол айдың 21 де әскерлер Кичик дағқа жетеді, осы жерден шығып, екі түн жүріп, жұмада Ұлығдаққа келеді. Темір таудың басына шығып, айналасына көз жібереді, мидай дала мен даладағы шөлдім көреді. Ол сол күні сонда тоқтап, барлық әскерлерге тас әкеліп биік белгі орнатуға бұйырады. Тас қашаушыларға бұл жорықтан ескерткіш ретінде қалатындай етіп осы күннің белгісін және даңқты есімді жазып қалдыруын бұйырады. Бұл жерден шығып және аң аулай отырып, олар Иланчук жеріне жетедіде, сол жерде ат басын тежейді. Иланчук өзені арқылы өтіп, 8 күннен кейін Анаркаркуюн жеріне келеді. Сенбі күні тағыда аңға шығып, аңдарды қаумалап бір жерге жинайды; олардың көптігі соншалық, әскерлер тек семіздерін алып, ал арықтарын қалдырып кетеді. Аңдардың ішінен үлкендері енекелерден асып түсетін орасан үлкен қарақұйрықтарды кездестіреді. Ол жерден қайтадан жорыққа шыққан Темір әскерлерін Анаркаркуюн жерінің маңына аттандырады және бір екі күн сонда аялдайды, барлық әскерді мақтап, награда мен мадақ көрсетеді. Темір алдыңғы шепті белгілеу туралы ойланады. Осы уақытта Мұхаммед сұлтан бахадур тізе бүгіп, алдыңғы шепте болуға рұхсат сұрайды. Темірге бұл қатты ұнайды, ол мұны ерлік пен батырлық деп санап, оған үлкен сыйлық тарту етіп, оны алдыңғы шепке қойып, оған әйгілі әмірлерді қосып береді. Олар екі күн жүреді, жолда жанып жатқан отты көргенмен, ешкімді кездестірмейді. Олар тағыда бірнеше күн жол жүреді, Тобыл өзенінен өткенде, жанып жатқан отты көреді; алайда қаншама іздегенімен ешкімді таппайды. Бұл туралы «Біз бұл от өзіміздің қарауыл тобымыз дікі ме, жоқ әлде жаудыкі ме, байыбына бара алмай тұрмыз» деп қлы міртебеліге хабарлайды. Темір жол көрсетуші алып, Тобыл өзенінен, өтіп барлық отты мұқият тексеріп, айналасынан аттың ізін шалыңдар деп бұйырады. «Осы кезде қарауыл тобынана шапқыншы келіп, біз от ошағының 500 орнын көрдік. Бірақ қанша іздесек те ешкімді таппадық және ешбір белгіні, жылқы мен адам ізін көрмедік», деп хабарлайды. Темір көзінен жалын шашып, Тобыл өзенін қалайда өту керек деп шешеді. Ол жердің адамдары және әскерлер өткел арқылы өтіп, өздерінен кейін өткелді бұзып кетеді, олардың аттары арық болғандықтан, өту кезінде көбі өліп қалады. Темір әскерлер отын мен салынды жинасын деген бұйрық шығарады. Олар отын мен бұтақты жинап өзенге лақтырып, өткел жасайды да, сол арқылы судан өтеді. Темірдің өзі алдыңғы шепте жүреді, дала мен шөл дала шұбырған әскерге толып кетеді. Алайда қанша іздеседе жау туралы қандай да бір хабар айтатын бір адамды кездестірмейді. Ақыр соңында Темір Шейх Дауытты шақырып, оны бірнеше ер жүрек жігіттермен барлауға жібереді. Ол көптеген қиындықты бастан кешкен, көп қатерден өткен, білімі мен ақылы арасында қандайда болмасын қауіптен шығып кете алатын батыр адам еді. Олар екі күн, екі түн жортып ақыры бір күркені көреді де бір төбешікке бой тасалайды. Таң бозарып атып келе жатқанда күркеден бір адам шығып, атқа мінедіде, бір жұмыспен аттанады, ол бұларға жақындап қалады. Шейх Давуд оны ұстап алып ұлы мәртебеліге әкеледі, ұлы мәртебелі Шейх Давудқа көп сыйлық тарту етіп, құрметтейді. Содан кейін тұтқыннан Тоқтамыс хал жайын сұрайды. Ол: «Бір ай болды бізде ол жайында хабар жоқ; елден шығып, біз осында тоқтадық. Бірнеше күн өткен соң мықты қаруланған он адам барлауға келген; жақын жерде орман бар, олар сонда», деп хабарлайды. Темір Эйд ходжаны 30 нөкерімен әлгі күркедегі адамдарды осында көшіріп алып келуді, ал Хумари ясауылға 20 адаммен жаңағы он адамды ұстап әкелуді бұйырады. Хамари оларға келгенде, олар ұрыс бастайды, бірнешеуі өліп, қалған бірнешеуін тұтқындап алып келеді. Темір олардан мәлімет алып, сәрсенбіде 24 айда Жайық өзеніне жетеді. Жол бастаушы: «Бұл өзенде үш өткел бар: оның біреуі Айғыр ялы, екіншісі Буркичид, үшіншісі Чампа кичид деп аталады»,-дейді. Темір: «Бұл үш өткелденде өтуге болмайды және оларға сенуге болмайды, себебі жаулар бір бұрышта жасырынып жатуы мүмкін. Ең дұрыс шешім, бір аллаға сиынып біз өзенді өрлеп судан жүзіп өтеміз»,- дейді. Әмірлер бұған көніп, өзенді өрлеп барып, Жайық өзенін кешіп өтеді. Олар тағыда алты күн жол жүріп, Самар өзеніне жетеді. Қарауыл отряды алға кетеді, олар жаудың бір-бірімен қауқылдасқан даусын естиді де, ұлы мәртебеліге хабар береді. Осы кезде Мұхаммед Сұлтан жаудың бір адамын қалға түсіріп, оны ұлы мәртебеліге жібереді. Одан жаудың жағдайын, тұрған жерін сұрайды. Өзен арқылы өткел тапқан Темір ол түнді сонда өткізеді, ал таңертең бірінші раджаба Жайық өзенін өтіп, жауға аттанады. Темір әскерлер түгел өтіп болғанша күтіп тұрады. Бұл кезде жаудың үш адамын тұтқындап алып келеді. Өздерінің тұтқынға түскендерін білгеннен кейін, олардың шындыққа айтудан басқа амалдары қалмайды. Олар: «Бұл таптан екі адам Едігіден қашып, осында келіп, Темірдің келе жатқаны туралы және оның әскері сансыз көп екендігін хабарлаған екен. Бұл хабарды естігін Тоқтамыс ханның қаны басына шабады, ол оң және сол қанаттағы әскерлерін жинап, қазір. Қырық-көлде отыр, жан-жақты елші жіберіп, әскер жинап жатыр»,- дейді [33, 180 б]. Темір әскерлерін сапқа тұрғызып, олардың сауыты мен қару-жарақтарын тексереді және оларға өте көп сый-сияпат таратады. Ол ор қазылып, тосқауылдар қойылып қалқандар әзірлеуді бұйырады, жерді жіппен бөледі. Сол күні қарауыл отрядынан жаудың үш қосы көрінгенін, олардың ізіне түскенде тағы да өзге күштердің бой көрсете бастағаны туралы хабар келеді. Темір атқа отырып алға бастайды, ал әскерлерге оң және сол қанат түзеп, өзінің соңынан еруін бұйырады. Осы кезде қарауыл отряды жаудың және бір адамын қолға түсіріп, Темірге әкеледі. Одан жаудың жағдайын сұрап білген соң, оны өлтіріп тастайды. Сунжек бахадур мен Аркуншах бахадурды жаудың әскері туралы хабар әкелуге жібереді. Олар ұзақ жүрсе де, еш нәрсе біле алмайды. Темір бұл іске енді Мубашшираны жұмсап, оған тіл әкелмей қайтып келме деп бұйырады. Мубашшира бірнеше ержүрек адамдарын алып аттанып біршама жүргеннен кейін орманға келеді; іздеп жүріп олар шаң мен будақтанған түтінді көреді және дауыс естиді. Назар салып қарағанда, олар жаудың қалын қолын байқайды. Алға ұмтылып, олар жаудың 40 адамын қолға түсіріп ұлы мәртебеліге әкеледі. Темір Мубашшираға тиісті құрметін көрсетіп, ал тұтқындардан сұрақ алады. Олар: «Тоқтамыс хан әскерлеріне Қырық-көлде жиналуды бұйырған. Біз өз тобымыз бен осы межелеген жерге келдік, бірақ Тоқтамыс ханды таппадық және оған не болғанын білмейміз. Біз оны айналып іздеп жүргенде, қоршауды қалып, тұтқынға түстік»,-дейді. Олар осыны айтып жатқанда, Мамақтың жаралы, қолға түскен ұлын Ұлы мәртебеліге алып келеді. Иәліп тізе бүккен ол: «Мен сарайдан шығып ханға баруға келе жатырмын, бірақ белгілеген жерден оны таппадым. Бұдан басқа ешнәрсе білмеймін»,-дейді. Темір Әмір Хамиддің ұлын шақырып алып, оған таңдаулы адамдарды қосып береді. Мули мен Саин Темірді бірнеше батыр адамдарымен бірге қарауыл отряды етіп белгілеп, оларға: «Қарауыл отряды боласыңдар. Жаудың қалың әскері көрінгенде, сендер, егер олар көп болса, алыстан қараларынды көрсетіп, оларды алдап, бізге жасаушы жіберіңдер», - дейді. Олар бұйрық бойынша саз, балшық және өзен кешіп жүріп, жаудың 15 адамын көреді. Саин Темір оларға жақын барып әңгімелеседі, қайтып келіп Мулиді Темірге хабар айтуға жібереді. Темір Ику-Темірді бірнеше адам қосып беріп, жаудың нақты хабарын біліп келуге жібереді. Ол да көптеген өзен мен батпақтан өтіп барып, жаудың қаптаған қолын көредіде оларға таяп береді. Олар таудың басына шығып, жан-жағын бақылап тұр еді. Ол бірнеше әйгілі жауынгерлер мен іскер адамдарды оларға жібереді. Жаулар бұларды көріп қалып, төмен түседі, ал олар жаудың орнын иеленіп, таудың басына шығады. Олар сауыт киіп, сап құрап жылғаға бойын асырып жатқан жаудың 30 қосын көреді де, бұл хабарды Темірге жеткізеді. Ику-Темір: «Біздің іс қиындап тұр. Ақырын кейін қайтып, өзен арқылы өту керек»,-дейді. Сондықтан ол өз адамдарын қайтарып, ал өзі 7-8 адаммен сол жерде қалады. Оларды көріп, жаулар шабуылға шығады. Ику-Темір ерлік көрсетіп, олармен атысып, бірнеше қостың жолын кеседі. Ол асқан ер-жүректік көрсетіп, жаудың жолын бөгеп тұруының арқасында, оның адамдары өзеннен өтіп үлгереді. Бұл кезде тағдырдың жазуымен Ику Темірге және оның атына оқ тиіп, ол атымен бірге құлайды. Нөкері оны атына мінгізеді, бірақ ол атқа да оқ тиіп, өледі. Жаулар оны қоршап алса да, ол батырлық көрсетіп, жауға берілмейді, ақтық демі түгесілгенше айқасады. Жаулар оны танымайды, әйтпесе өлтіруге асықпас еді. Осы кезде Темір мен Әмір Сейф ад динкеледі, олар бұл жағдайға қайғырып, абыржып зығырданы қайнайды. Олар өщеннен қтіп үлгерген әскерлер жауға оқ жаудырып, қылышын үйіре лап қояды. Бұл күні Желал бахадур атының мойнына дабыл байлап, жаумен қатты шайқасып, жауды қашуға мәжбүр етеді. Темір оны әсірелеп, әдеуір аймақты сыйға тартады. Тұтқынға түскен жаудың 3 адамын алып келеді. Бұл соғыста Мұхамеддің дәм тұзы бітеді. Темір сол күнгі соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен әр бір адамды мадақтап, сыйлық береді және оларға тархандық құқық беруге жарлық шығарады. Темір олар үшін мәртебеліге кіруге кедергі жасалмасын, қия басқан тоғыз қадамына дейін олар және балаларынан қылмыстық іс талап етілмесін, олардың аттары уртен міндетінен азат етілсін, олар барлық салық түрлерінен босатылсын деп бұйрық шығарады. Шахмеликтің лауазымын көтеріп, оған таңба мөр сыйлайды. Оның туыс-тумаларын да құрметтеп, Темір оны ерекше құрметке бөлеп, уәзірлік шен шекпен кигізеді. Ол жерден шығып далаға жеткесін, қолын түгендеп, Темір әскерден шапқыншы жіберуді ойлайды, сол кезде сақшылар отрядынан жаушы келіп, екі жақтың сақшылар тобы ұшырасып қалғанын хабарлайды. Сол күні олар оң және сол қанат құрып жауға қарай беттейді. Әр күн сайын сақшы отрядтары көрініп қалып, қайтып кетіп отырды. 5 күн бойы олар осылай жүрді, ал бұл күндері қар аралас жаңбыр жауып, суық түсті. 6 шы күні күн райы айықты. Темір әскерлерін тәртіпке келтіріп, 7 корпус белгілейді. Ұлы мәртебелі ханның 1 корпусын Сулейменшах Мырзаның басқаруына береді. Өзінің екінші корпусын Мұхаммед Сұлтан бахадур Мырзаның басқаруына берді. Өзінің бірнеше кошунын ол Мұхаммед-Сұлтан мырзаның кошунына қосып берді. Оң қанатқа ол Мираншах мырзаны тағайындап, оны басқару үшін Мұхаммед Хорасаниды қосып берді. Оң қанаттың алдыңғы шебін Әмір Қажы Сейф ад дин, сол қанатты Омар Шейх бахадур, орталық қолдың маңдай алды тобын Бердібек және Худадатқа тапсырды. Оң және сол қанат әмірлердің әрқайсысында түмендер, мыңдықтар мен жүздіктерге ол өз орындарын белгілеп берді. Кенет жаудың қарауыл отряды көрінді, ал олардың соңынан тұтас әскер келе жатты. Әскердің көптігінен көз сүрінетіндей еді, ал аттың тұяғынан көтерілген шаң күннің көзін жауып кетті. Темір ер жүрек, батырлардың алға жүруін бұйырды, ал өзіне шатыр тігіп, оған кілем төсеуге жарлық берді. Қарсыласының сабырлығы мен ержүрек қайсарлығы жауының мысын басып, жүрегін түршіктірді. Темір Алладан рахым, құдіретті күшті құдайдан пәрмен тілеп ұрысқа шығады. Сейф ад дин жауға жалаң қылышпен шауып, өзіне қарсы келгендерге шегінуге мәжбүр етті. Осы кезде Темір әскерінің тылына өтіп, Қара өзеннің жағасына бекіну үшін жау әскері оң қанаттың маңдай отряды орналасқан жермен өте бастайды. Джеханшах бахадур мырза әскерін сапқа тұрғызып, олардың жолын кеседі. Содан кейін Кулунчук бахадур шабуылға шығып жаудың бір кошунын шегіндіреді. Мираншах бахадурде шабуылын бастап, өзіне қарсы келген жау әскерін шегіндіреді. Осман бахадур өзінің жеке кошунын бастап шайқасады. Кенет оның аты сүрініп кетіп, ол құлап түседі, бірақ жалма жан қайта атқа мінеді. Осы кезде Темірдің өзі шабуылға шығып, жаудың әскерін тым тырақай қуады. Мұхаммед Сұлтан әскерін ретке келтіріп, жауға қарсы ұмтылады. Оған қарсы тұрған жау жағы қаша бастайды. Омар Шейх бахадурде сол күні асқан ерлік көрсетеді. Әмірлер және әскербасының әрқайсысы алға ұмтылып қарсыластарын қуа бастайды. Соғыс өрті өрши түсті. Семсердің өткір жүзі мен садақ жебелері жаудың келген сауытына мен кеудесіндегі қалқанын тіліп түсіп жатты. Темірдің жеңімпаз қолы бірі бірін қолдап, жебеп еш шегінбей жау жолында алынбайтын қамал болып тұрды. Тоқтамыс хан әлсіздік танытып, Темірдің әскерлеріне қарсы тұра алмай Темір жағынан шегініп мырза Омар Шейх бахадур жаққа бет бұрады. Ол Омар Шейхты тапты, оның кошуны әскери сапы бұзылмаған күйінде болып шықты, ол одан әрі тебіндеп, сулдуз мыңдығы кошунына бұрылды. Солдуздықтар оқты жаңбырша жаудырғанымен төтеп бере алмайды, жау әскері көптеген солдуздықтарды өлтіріп, олардың арасынан бұзып өтіп кетеді. Темір даланы керней мен литаврдың даусымен жаңғыртуға бұйрық береді; әскерлер айқайлап шабуылға шығады, жау жақ оған төтеп бере алмай, қашуға мәжбүр болады. Осы кезде Чеке тавачи келіп, жау біздің әскердің тылына өтіп кеткенін хабарлайды. Омар Шейх бахадурдан келген жаушыда Тоқтамыс хан өзінің әскерін сапқа тұрғызып, ту сыртынан өзінің әскерінің орталық тобы мен қанатының қатарын бұзбай келе жатқанын хабарлайды. Темір әскерін сапқа тұрғызып, құдайға сыйынып, артқа бұрылады. Жау әскері оның алған бағыты және күш қуаты мен оның армиясының сансыз көптігін көргенде, жүректері шайлығып, соғысуға батылдары бармай, кейін шегініп, шөл далаға шығып кетеді. Жеңіске жететініне көзі жеткен Темірдің бақ жұлдызы жанып, көңілі шат, өз қосынына келіп «Жауын қолына келгенінше жазалап, тонау» үшін іріктеліп алынған әскери тобын олардың соңына түсіреді. Әскер жарлықты орындау үшін аттанып кетеді. Тоқтамыс ханның ежелгі жаулары Кугче оғлан, Темір құтлық және Едігелер бас сауғалап Темірге келген еді. Темір оларды құрпетпен қарсы алып, жылы сөздер айтып, қымбат тастар, алтын, бөрік пен белдікті сыйға тартады. Олар иіліп тағзым етіп: «Егер жарлық болса, біз өз жұртымызға барып, оларды осында қоныс аударуға әзірлеп, ұлы мәртебеліге қайтып ораламыз» дейді. Темір олардың өтінішін қабыл алып, олардың ел жұртына ешкім тимесін деген бұйрық, жарлық шығаруды бұйырады. Ол тек аталғандар отбасы, туыс тумаларымен тез арада оралып, бұдан да үлкен рақымшылыққа бөлінуі тиіс деген шарт қояды. Осы шартпен келісіп, олар қайтып кетеді. Бірақ олар өз ел жұртына берген уәделерін ұмытпай, сөзінде тұрды. Темір Құтлық оғлан хан тағына отырады. Кунче оғлан жолда да, үйінде де Темірдің алғысына бөленіп, Темірдің қасында біраз уақыт болып, ол екеуі бір-бірімен етене жақындасып, нарда мен шахмат ойнап күндерді өткізеді. Ол өз елі мен халқын тархандыққа алады, оларды тәртіпке келтіріп, өзінің бірер адамдарын ертіп келеді, ал кейбіреуін сол жердегі өзінің бұйымдары мен шаруашылығына қалдырып кетеді. Келгеннен кейін бірнеше күннен соң, ол Темір-құтлықтың таққа отырғаны туралы хабар естиді. Бұл хабар оның жүрегін қақ айырады, ол түнде ебін тауып қашып шығады, өзінің еліне келеді. Темір бұның алдында барлық әмірлер мен сарбаздарын жан-жаққа жіберген болатын, ал енді олардың барлығын қайтадан жинайды. Олардың олжалаған малының санының көптігі соншалық – жаяу әскерлердің өзі әр қайсысы 10-20 бас жылқы, ал жалғыз аттылары 100 жылқылы болып оралады, Темірдің өзіде тәмам малға ие болды, ал тіпкен қой және уақ мал саны жеткісіз еді. Темірдің өмірі мен қызметі, жазба және дәлелді дереккөздерімен жабдықталған. Жазба деректер, бір жағынан, ерекшелігі жағынан мінезін баяндап айтатын, Темірд

Date: 2016-05-23; view: 823; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию