Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің зерттелуі





Құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеу қазақ тіл білімінде кенже дамыған салалардың бірі. Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдер туралы алғаш сөз қозғағандардың бірі А. Байтұрсынов болды. Ғалым А.Байтұрсынов жай сөйлемдердің құрмаласуы әдетте екі түрлі болатынын талдап көрсетті. Олардың біріншісін сыйыса құрмаласу деп, ал екіншісін қиыса құрмаласу деп атады. Егер сөйлем сыйыса құрмаласатын болса, сыйысулы құрмалас деп аталады, ал қиыса құрмаласса, қиысулы құрмалас деп аталады. Ғалым сыйысулы құрмалас сөйлемдердің қатарына бірнеше сөйлемдердің сыйыса құрмаласуын жатқызып, оны мына мысал арқылы талдап көрсетеді: Қарабай мен Сарыбай аңға шықты. Оның пікірінше, осы сөйлемде Қарабай аңға шықты. Сарыбай аңға шықты деген сөйлемдер екі қайтара айтылмас үшін бір сөйлемнің ішіне сыйыстырылып, бір сөйлем болып берілген. Сондай-ақ ғалымның сыйысулы құрмалас сөйлемдердің екі түрін көрсетеді: шұбалаң (Мен бүгін ерте тұрдым, жуындым, киіндім, шай іштім, сабаққа бардым) және ықшам түрі (Мен бүгін ерте тұрып, киініп, шай ішіп, сабаққа бардым) [2, 301].

Ал қиысулы құрмалас сөйлемдер біріне-бірі тең болып та, кем болып та құрмаласады. Қиысулы құрмалас сөйлемдер тең болса, олар салалас құрмалас, ал егер тең болмай, бірінен-бірі кем болып қиысса, онда ол қиысулы құрмалас сабақтас құрмалас деп танылған [2, 302].

Тілші мамандар Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, А.Ысқақов, Ғ.Басымовтардың құрмалас сөйлем жөніндегі көзқарастары алғаш отызыншы жылдардан бастап көріне бастады. Құрмалас сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктері мен қолданылуы жөнінде бірінші болып сөз қозғағандардың бірі Қ.Жұбанов болды.

Қ.Жұбановтың құрмалас сөйлем туралы көзқарастары ғалымның 1936 жылы құрастырған оқу бағдарламасы мен «Жанғазы» деп аталатын хатында көрініс тапқан. Проф. Қ. Жұбанов құрмалас сөйлемдерді екі топқа бөліп қарастырған. «Құрмалас сөйлем екі түрлі: а) сөйлемнің бір мүшесі жалаң сөзден жасалмай, ішін жарып ақтарғанда, өзі бір сөйлем болса, осындай күрделі мүшесі бар сөйлемді күрделі сөйлемнің (құрмаластың) бір түрі – сабақтасы болады. Мақтаулы жырау – осы. Жырау – бастауыш, осы – баяндауыш, мақтаулы – бастауыштық анықтауышы. Мұндағы мүшелердің бәрі де жалаң. Сондықтан бұл жай сөйлем. Ал жұрт мақтайтын жырауосы десек күрделі сөйлем болады, күрделінің сабақтасы болады, неге десең мұнда анықтауыш емес, өзі бір сөйлем: жұрт мақтайтын – солайымен тұрып бір-ақ анықтауыш, бірақ ішін жарып қарасақ, өзара бір сөйлем: жұрт бастауыш, мақтайтын – баяндауыш, екеуі қосылып барып жыраудың анықтауыш болады.

ә) Жалғасқан сөйлемдердің жиынтығы – күрделінің салаласы болады. Жанғазы – жуас та, Ақжарқын асау. Бұл – салалас.

Екеуінің айырмасы: сабақтаста күрделі сөйлем бас сөйлемнің бір мүшесіне ғана байланысты болады да, біріне – бірі мүше емес» [3, 33-34].

Қ.Жұбановтың сабақтас құрмалас сөйлем туралы бұл көзқарастары кейін С.Жиенбаев пен Н.Сауранбаевтың еңбектерінен өз жалғасын тапты.

Құрмалас сөйлемдерге қатысты мағыналық-құрылымдық жағынан анықтама берген ғалымдар С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтар болды. Бұл ғалымдар: «Күрделі ой жеке, дара жай сөйлемнің шеңберіне сыймайды. Ал адамның ойы көбінесе күрделі түрде айтылуды керек қылады» [4, 53] деп, ондай құрылымдардың аралас, сабақтас, салалас болып келетіндігін көрсетеді.

Н. Сауранбаев: «Жай сөйлемдердің бірде тең дәрежеде салалас болып, бірде бір-біріне бағынып сабақтасып құрмаласуының ең негізгі себебі – адамның айналадағы табиғи, қоғамдық өмірдегі оқиғалардың, құбылыстардың арасындағы байланысты аңдауы (восприятие)» [5, 43] – деп көрсетеді. Мұнда ғалым құрмаластық құрылымдардың пайда болуының ең басты себебін негізінен дұрыс аңдағанын көруге болады. Бұл пікірінде Н. Сауранбаев құрмалас сөйлемдердің тілдегі негізгі қызметін нақты көрсетіп отыр. Мұнымен қатар ғалым құрмалас сөйлемдер жайлы «Салаласып құрмаласқан жай сөйлемдердің арасындағы ішкі байланыс – құбылыстардың, оқиғалардың арасындағы байланысты айқын, дәл ажырату емес, ассоциация, аналогия, апперцепция принциптерімен жинақталып, ұласуға негізделген. Құбылыстардың арасындағы байланысты дәл, айқын ажыратып айтсақ, олар сабақтаса құрмаласар еді» деген ойын әрі қарай «сөйлемдердің сабақтасып құрмаласуының психологиялық негізі – талдау (анализ), ал сөйлемнің салаласып құрмаласуының психологиялық негізі – жинақтау (синтез)» [5, 44] – деп қорытады. Сонымен қатар, ғалым құрмалас сөйлемдердің ішіндегі іргелес салалас құрмалас сөйлемдер жайында «Іргелестер бірнеше жай сөйлемдердің дағдылы тобы. Дағдылы дейтін себебіміз іргелестер ауыз әдебиетіне, сол сияқты ауыз әдебиетіне еліктеп жазылған көркем әдебиетке тән нәрсе....Жай сөйлемдердің іргелесу арқылы құрмаласуы әсіресе мақал-мәтелдер, сол сияқты шешен билердің сөзінде тиянақты орын тепкен тәсіл» - деген пікір айтады.

Тіліміздегі құрмалас сөйлемдерді әр жақты зерттеу жұмыстарымен айналысқан ғалымдардың бірі - С. Жиенбаев. Ғалым құрмалас сөйлемдерді бұрын айтылып жүргендей, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдер деп екі түрге бөліп, Қ.Жұбанов сияқты мағыналық жағынан бірі екіншісіне меңгерілмей, теңдік қатынаста тұратын көсемше баяндауышты құрмаластарды салалас сөйлемге жатқызады.

С.Жиенбаев сабақтас құрмалас сөйлемдердің интонациялық ерекшеліктеріне қарай сабақтастарды бағыныңқы сөйлемді сабақтас және үйірлі мүшелі сабақтас деп екіге бөледі. Бағыныңқылы сабақтас шартты рай және –да,-де шылаулы түрі мен көмектес септігінде тұрған өткен шақтық есімше арқылы жасалады. Бұлар ғалымның пікірінше, «нақтылы бағыныңқылар». Ал есімше көмектес септіктен басқа септіктердің бірінде тұрып, шылаулармен тіркесіп келсе немесе көсемше арқылы жасалған сөйлемдерді бағыныңқы сабақтас емес, үйірлі мүшелі сабақтас деп таниды. «Біздің үйірлі мүшеміз – бәз-баяғы бағыныңқы сөйлем» [6, 17].

Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдердің зерттелуін Қ.Есенов үш кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезеңдегі еңбектерге 1920-1940 жылдар аралығында жазылған А. Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Х. Басымов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, М. Балақаевтардың еңбектерін, екінші кезеңге 1940-1950 жылдары шыққан С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев, М. Балақаев, А. Ысқақов, Ғ. Бегалиевтердің еңбектерін, ал үшінші кезеңге 1950 жылдан кейінгі Т.Қордабаев, О.Төлегенов, А.Әбілқаев, Қ. Есенов, Х. Арғыновтардың зерттеулерін жатқызады.

1 – кесте. Ғалым Қ.Есеновтің құрмалас сөйлемді кезеңге бөліп қарастыруы

 

1920-1940ж. А. Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Х. Басымов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, М. Балақаевтардың еңбектерін;
1940-1950ж. С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев, М. Балақаев, А. Ысқақов, Ғ. Бегалиевтердің еңбектерін
1950ж кейінгі Қордабаев, О.Төлегенов, А.Әбілқаев, Қ. Есенов, Х. Арғыновтардың зерттеулерін жатқызады.  

 

Құрмалас сөйлемдерді бұлайша топтау тек шартты нәрсе. Айталық, Қ.Есеновтың бұл кезеңдік топтастыруы өзге ғалымдар тарапынан да сынға ұшырап отырған. Оның басты себебі, құрмалас сөйлемдерге қатысты проблемалардың әлі де толық шешіле қоймағанын ескерсек, олардың тіпті кезеңдік зерттелуіне де біржақты қарауға болмайды. Т. Қордабаев Қ.Есеновтың осы топтастыруы туралы былай дейді: «Автор (Қ.Есенов) қазақ тілі синтаксисінің кеңес дәуірінде зерттелу тарихын Қ.Жұбановтың 1936 жылы жарық көрген бағдарламасынан бастауды жөн көріпті. Ақиқатына келсек, синтаксиске қатысты терминдер де, сөйлем мүшелерінің, сөйлемдердің күні бүгінге дейін қолданылып жүрген классификациялық жіктелуінің негізгі түрлері де 20-жылдардағы оқулықтардан басталады... С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев тәрізді ғалымдардың 50-жылдарға дейін қолданған сабақтас сөйлем компоненттерін сөйлем мүшелерінің атымен атаулары да осы 20-жылдардағы оқулықтардан басталған, - [7, 60].

Құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеуде ғалым С. Аманжоловтың да үлесі зор. Оған Н.Оралбайқызының: Профессор С.Аманжоловтың синтаксистен ең елеулі жаңалықтары салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің топтастырылуымен тығыз байланысты. Құрмаластың бұл түрлерінің қайсысының да ең толық топтастырылуы тек С.Аманжолов еңбегінде ғана деп айтуға әбден болады. Салаластың, сабақтастың түрлері, жасалу жолдары ғалым еңбегінде соншалықты сараланған, ондай топтастырылу, саралану, жіктелу қазіргі кезде де жоқ деуге болады. Олардың бірсыпырасы әлі зерттелмей келеді» [8] деген пікірі дәлел бола алады. Н.Оралбайқызы сонымен қатар: «Ғалым құрмалас сөйлем түрлерін анықтауда ғылымға жаңалық қосты. Ол құрмалас сөйлемнің аралас құрмалас сөйлем түрін ғылымға енгізді» – дейді [8]. Әрине, бұл пікір аталған ғалымға дейін құрмалас сөйлемдер қаралмады дегенді білдірмейді.

С. Аманжолов салалас құрмалас сөйлемдер туралы «Салаласқа енген сөйлемдер форма жағынан бөлек болғанмен, мағына жағынан бірімен-бірі байланысып жату керек» [9, 176] десе, сабақтастар туралы «Сабақтас сөйлемді жіктегенде, басыңқы мен бағыныңқы екі ара қарым-қатынасынан туған мағынаға қараймыз (олар істің мақсатын, шартын, мезгілін т.б. білдірмек). Бұл – мағыналық классификация» [9, 200] деген тұжырымдар жасады. Сондай-ақ ғалым құрмаластың үшінші түрі аралас құрмалас сөйлемдер жөнінде «Қазақ тілінде салалас, сабақтастан құрылысы басқа, аталатын орындары да басқа, жайы келсе, тұлғалық жағы да басқа құрмалас сөйлемдер бар. Ол – аралас құрмалас сөйлем» [9, 213] – деп, қорытынды жасады.

Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелуінде елеулі еңбек еткен ғалымдардың тағы бірі – Т. Қордабаев. Ол құрмалас сөйлемдердің күрделі ойды білдіретіндігін ескере отырып, құрмалас сөйлемге мынадай анықтама берді: «Құрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бір-біріне байланысты екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді айтамыз» [10, 194]. Ғалым сондай-ақ, «Ой дамып жетілмеген, күрделенбеген замандарда күрделі ойдың көрсеткіші болып табылатын сөйлемдердің, яғни құрмалас сөйлемдердің болуы да мүмкін емес. Құрмалас сөйлем адамның ой-өрісінің, дүние тануының кеңейіп, күрделі ойлардың туып дамуымен байланысты, сол ойдың көрсеткіші ретінде қалыптасып дамыған» [7, 196] деген де пікір айтты.

Қазақ тіл білімінде синтаксис саласына қалам тартқан ғалымдардың ішінде М. Томанов есімін де атап өткен орынды. Ғалым құрмалас сөйлем туралы біршама құнды пікірлер мен ой-тұжырымдар қалдырды. М. Томановтың «Құрмалас сөйлем туралы бірер сөз» атты мақаласында құрмалас сөйлемге, оның түрлері мен құрылыстық жүйесіне қатысты мәселелер сөз болады. М.Томанов салалас құрмалас сөйлемдерді салалас деп тану жөнінде «Егер салалас құрмалас сөйлем деп өзара тең байланысқан, бірақ интонация арқылы ұласып айтылатын сөйлемдер тобын айтатын болсақ, бұларға тек баяндауыштары грамматикалық та, мағыналық та дербестігін сақтаған жай сөйлемдер тобын жатқызуымыз қажет» [11] деген пікір айтады. М.Томанов құрмалас сөйлемнің құрылыс материалы ретінде жай сөйлемдер тобын таниды.

М.Томанов түсіндіруінде «Баяндауыштары көсемшенің -ып, (-іп, -п) формасынан жасалған жай сөйлемдердің тобы салалас құрмалас деп талдануға тиіс. Өйткені бұларда мағыналық та, грамматикалық та дербестілік жоқ. Мұндай синтаксистік топтардағы алдыңғы сөйлемдер соңғы сөйлемге қатысты болып, соның жәрдем-демесіні арқылы ғана белгілі бір ойды білдіреді». Мысалдық деректермен келтірсек, олар мынадай жай сөйлемдер тобы болып келеді. Шай қойылып, ет асылып жатыр (С.Торайғыров). Тіл білімінің соңғы жылдардағы дамуы бұл пікірдің дұрыстығын дәлелдеп берді. Себебі мұндай мысалдық көрініс «Ыңғайлас бағыныңқылы сабақтас» деп емес, «үлестес сабақтас» ретінде тарихи шындыққа жақындатылды [12, 103].

Грамматикада, оның ішінде морфология саласына еңбек сіңірген ғалым А. Ысқақов та құрмалас сөйлемдер жайлы да тұжырым жасады. Ол: «Тіл-тілдегі құрмалас сөйлемдердің болуы – өрісі кеңейген сол ойды жарыққа шығарудың нәтижесі, өйткені, сөйлем дегеніміз ойдың көрінісі» [13, 57] – деген пікір айтты. Сондай-ақ, ғалым «Күрделі ой дара тұрған жай сөйлемнің шеңберіне сыймайды. Ал бірнеше жай сөйлемдердің бірімен-бірі әртүрлі жолмен құрмаласып келіп, күрделі бір ойды білдірген түрін құрмалас сөйлем дейміз», – дейді [14].

А.Ысқақов қозғаған проблемалардың бірі – бағыныңқы сыңардың орналасу тәртібі.«Бағыныңқы сөйлем тұтасымен тұрып басыңқы сөйлемнен бұрын да айтылады, сонымен қатар бағыныңқы сөйлем тұтасымен тұрып басыңқы сөйлемнің негізгі мүшелерінің арасына түсіп те кетеді» – дейді ғалым [13, 58].

Сонымен қатар А.Ысқақов 1940 жылы басылған «Құрмалас сөйлем мәселелері» атты мақаласында: «Сабақтасты, салаласты ажыратудағы негізгі критерий – бағыныңқының баяндауышы. Егер бағыныңқының баяндауышы сөйлемді аяқтай алатындай тиянақты болса, онда құрмаласқан жай сөйлемдер салалас тобына жатады да, керісінше баяндауыш тиянақсыз болса, сабақтас тобына жатқызылады» – дейді [13, 58]. Сондай-ақ, ғалым «Сабақтастарда бағындырушы біреу-ақ, бағынушы біреу я әлденеше бола береді. Бағыныңқы жағы құрмаластан ажыратса, өз алдына тиянақты жай сөйлем бола алмайды» [13, 58] – деген де пікір айтады.

Құрмалас сөйлемдер жайында құнды пікір қалдырған ғалымдардың бірі – М. Балақаев. Ол сабақтас құрмаластың құрамына енген жай сөйлемдер өзінің жай сөйлемдік қасиетін жоймайтындығын айтып, бағыныңқы сөйлемнің өзіндік белгілерін саралап берген. Ол бағыныңқы сөйлемге ғылыми тұрғыдан анықтама берді, бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштарының қандай формаларда келетінін мысалдар арқылы дәлелдеді. Ғалымның «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулығында құрмалас сөйлем жайында мағлұмат береді. Бұл оқулықта автор құрмалас сөйлемнің әрбір жеке компоненттерінің арнаулы бастауышы болатындығын, кейде олардың ортақтасып келе беретіндігін де айтқан. М. Балақаев бағыныңқы сөйлемдердің жасалу жолдары мен шартты рай тұлғалы сөздердің мағыналық ерекшеліктеріне көбірек көңіл бөлген. Мұнымен қатар, көсемше арқылы жасалған сабақтас сөйлемдердің де мағыналық сырына үңіледі. Ол туралы автор: «Сабақтас сөйлемдердің синтаксисін айқындауда бағыныңқы сөйлемнің қызметі ерекше. Сондықтан сабақтас сөйлем синтаксисінің басты объектісі бағыныңқы сөйлем болады» [10, 297], - дейді.

Ал қазақ тіліндегі дәстүрлі және жұмсалымды грамматиканың зерттеу объектілерін қарастырған ғалым Б. Шалабай құрмалас сөйлемдерді байланысу сипатына қарай салалас және сабақтас деп бөліп, үш немесе одан да көп предикативтік орталықтан құралған құрмаластарды көп компонентті құрмаластар деп атайды. Сонымен қатар, оны өз ішінде көп компонентті (сыңарлы) салаластар, көп бағыныңқылы сабақтастар және аралас құрмаластар деп жіктейді. Ғалым салалас құрмаластарды компоненттерінің байланысу тәсіліне қарай жалғаулықты, жалғаулықсыз деп жіктейді де, жалғаулықты салаластарды мағыналық қатынастарына қарай ыңғайлас (мезгілдес), себептес, қарсылықты, талғаулы, кезектес деп саралайды [15, 3]. Сонымен қатар ғалым құрмалас сөйлемдерді топтастырға қатысты 1982 жылы «Қазақстан мектебі» журналында (№8) мынадай пікір айтады: «Құрмалас сөйлемнің құрылымдық типтерін анықтау жеңіл болу үшін алдымен, құрмаластарды компоненттердің санына қарай: жай құрмалас сөйлем, күрделі құрмалас сөйлем деп бөлген тиімді болады. Екі компоненттен құралған құрмаластарды жай құрмалас десек, үш не одан да артық компоненттерден құралғандарын күрделі құрмалас сөйлем қатарына жатқызамыз», - деп, одан әрі жай құрмалас сөйлемдерді салалас, сабақтас, ал күрделі құрмаластарды (үш немесе одан да көп предикативтік орталықтан құралған құрмаластарды) көп компонентті құрмаластар деп, оны өз ішінде көп компонентті (сыңарлы) салаластар, көп бағыныңқылы сабақтастар және аралас құрмаластар деп жіктейді.

Құрмалас сөйлемдерді жаңа қырынан зерттеушілердің бірі проф. Р.С. Әмір құрмаластық құрылымдардың пайда болуындағы коммуникативтік мақсаттар мен сөйлеушінің тілдік талғамына байланысты мәселелерге басты назар аударады. Ғалым Р.Әмірдің пікірінше: «Сабақтас құрмалас сөйлемдер тізбектілік талабын атқарады. Салалас құрмалас сөйлемдер сегменттік талабын өтейді. Қазақша сөзде, лебізде тізбекті етіп құрау қалаулы. Осы себептен сабақтас құрмалас сөйлемдер басым жұмсалады. Ол, сондай-ақ, тізбектілік құрылымның (сабақтастың) таңдаулы болуы адамның о бастағы табиғат құбылыстарын, табиғаттағы заттарды көру, тану, айту дәстүріне байланысты, соны үлгі ету дәстүріне байланысты орныққанын айтады. Адам бұл айтылғандардың орналасу ретін, бірінен соң бірінің ілесіп келу ретін қуып көрген, айтқан, таныған. Осы дәстүр, тәртіп синтаксистегі тізбектіліктің орнығуына, қалаулы болуына негіз болды» [16, 24-29], - дейді.

Р. Әмір мұнда сабақтастық құрылымның алғашқыда пайда болуына негіз болған басты факторды атап көрсетеді. Сонымен қатар ғалым құрмалас сөйлем компоненттерін актуализациялау туралы да сөз қозғайды [17, 3-12]. Олар - әр түрлі орын тәртібі, ажарландыру, әрлендіру тәсілдері. Мысалы, автор бірінші компонент ретінде болымсыз тұлғалы шартты рай етістікті (- маса) баяндауыш етіп қарастырып, екінші компонент ретінде риторикалық сұрақты білдіретін құрылым қатыстырылып, экспрессивті құрмалас сөйлем құралады дей келіп, мынадай мысалдар келтіреді: Осындайда қол ұшын бермесе, қашан көреміз туыстығын (Ә. Ақпамбет). Оспан айтпаса, кім айтады бұл сөзді (Ә. Ақпамбет). Бұл құрмаластық құрылымның жасалуында сөйлем құрамындағы синтагмалық бөліктердің стильдік мақсатта орын ауыстыруы, яғни автор тілімен айтқанда, сөйлемнің актуализациялануы жағдай жасайды. Қалыпты құрылымда бұл: Бұл сөзді Оспан айтпаса кім айтады? – түріндегі жай сөйлем болар еді.

Осы жерге жинақтаған кестесін көрсету кеерк сияқты

 

 

Сонымен, құрмалас сөйлемдер синтаксисін түрлі ғалымдар әр қырынан зерттеді. Бірақ құрмалас сөйлемдерге қатысты кейбір мәселелер әлі де толық зерттеуді қажет етеді.

 

 

Date: 2016-05-23; view: 6540; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию