Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Фитотерапияның жалпы принциптері





Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Рманғалиева Б.С.

Асқорыту жолдары ауруларын емдеуге пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

301302- мамандығы бойынша – «Биология»

Орал 2016

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті   «Қорғауға жіберілді» _________ Кафедра меңгерушісі м.а._____ Г.А.Бимагамбетова     ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: «Асқорыту жолдары ауруларын емдеуге пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер». 301302- мамандығы бойынша – «Биология» Орындаған Б.С. Құрманғалиева Ғылыми жетекшісі а.ш.ғ.к., доцент Г.Н. Кадисова Орал 2016  

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................

1. Фитотерапияның жалпы принциптері...........................................................

1.1. Фитотерапия туралы жалпы түсінік................................................................

1.2. Фитотерапияның негіздері................................................................................

1.3. Фитотерапияның қағидалары...........................................................................

1.4. Фитотерапияның ережелері..............................................................................

1.5. Дәрілік өсімдіктерді жинау, өңдеу және тарату ережесі...............................

1.6.Гастроэнтерологиялық аурулар және қолданылатын дәрілік өсімдіктер..................................................................................................................

2. Зерттеу ауданының табиғи-климаттық жағдайы.......................................

2.1.Батыс Қазақстан облысы климаттық жағдайы................................................

2.2. Гидрографиялық жағдайы................................................................................

2.3. Өсімдік жамылғысы..........................................................................................

2.4. Топырақ жамылғысы.........................................................................................

3. Зерттеулерді жүргізудегі әдістері.....................................................................

3.1. Зерттеу әдістері мен материалдар....................................................................

3.2. Тәжірибедегі агротехника.................................................................................

4.Зерттеулердің нәтижелері...................................................................................

4.1.Батыс Қазақстан облысында өсірілетін дәрілік шөптер..................................

4.2.Асқорыту жолдарының ауруларына пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер...................................................................................................................

Қорытынды..............................................................................................................

Ұсыныс......................................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................

 

Кіріспе

 

Жұмыстың өзектілігі. Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап- ақ білген.. Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен ықпалдары зор болды. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктерді зерттеудің маңыздылығын айтпаса да түсінікті.

Қазіргі уақытта ресмей түрде танылып отырған 262 дәрілік өсімдіктердің Қазақстанда жабайы өсетін 124 түрі және 50 қолдан өсірілетін фармакологиялық түрлері бар. 57 жабайы өсетін дәрілік өсімдіктер үшін шикізат қорлары туралы мәліметтер бар, кейбіреуі үшін жыл сайынғы дайындалатын көлем мөлшері де анықталған.Оның ішінде 20-ға жуық түрі сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан емдік түрлеріне жатқызылған.

Қазақстанның өсімдік әлемі әртүрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40%-нан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Өсімдіктерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді. Қазіргі кезде дамыған елдердің медицина саласындағы басым ғылыми жұмыстары жаңа, жоғарғы технологиямен дәрілік өсімдіктерден препараттар алуға бағытталған. Оның себебі, дүние жүзінің халықтарының 70–80% дәстүрлі медицина әдістерін пайдаланады. Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты. Кейбір дәрілік өсімдіктердің дәрілік қасиеттері әртүрлі болғандықтан, әр аймақтың халқы дәрілік өсімдіктерді өздерінше пайдалануы мүмкін. Өйткені халық медицинасында қолданылатын көптеген дәрілік өсімдіктер ғылыми медицинада әлі күнге дейін белгісіз болып келеді. Өнеркәсіптің дәрілік шикізаттарға сұранысының артуына байланысты, олардың республика көлемінде өсетін жерлерін зерттеу және қорларын анықтау аса маңызды міндет болып табылады.

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер- медицинада емдеу және аурудың алдын- алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.

Дәрілік өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық диагностикалық белгілерін анықтау- шикізатты фармакологияда пайдалануға іріктеп алу сапасын жоғарылатады. Дәрілік өсімдіктерді зерттеп, емдік қасиетін анықтап, таныстыру ісінде республикада бірқатар жұмыстар атқарылуда. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін тереңірек білу үшін олардың жеке даму циклдарындағы морфологиялық және анатомиялық құрылысының ерекшеліктерін білу ол өсімдіктерден алынатын шипалы затты фармакологияда пайдалануға, сапасын арттыруға, экологиялық сипатын, жүйелілік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Дәрілік өсімдіктер қолдану кезінде фармакологиялық сараптаудан өткізілуі керек. Қазіргі кезде медицина саласындағы ғалымдар дәрілік өсімдіктерге барынша ден қойып, әр бірінің организмге қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде. Сондықтан қазіргі таңда фитотерапияға деген сұраныс артуда.

Қазақстан табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып, білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.

Дәрілік өсімдіктерді зерттейтін ғылым фармакогнозия деп аталады. Фармакогнозия –күрделі ғылым. Онымен айналысу үшін толығымен химия мен ботаника ғылымдарын және медицинаның кейбір бөлімдерін білу керек. Фармакогнозия ғылымы- дәрілік өсімдіктердің таралуын картаға салады, олардың ресурстарын, биологиялық негіздерін, дәрілік қасиеттерін, сыртқы пішіні мен микроскопиялық құрылысын зерттейді.

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Батыс Қазақстан облысы өңірінде кездесетін асқорыту жолдары ауруларын емдеуге пайдаланылатын дәрілік өсімдіктердің ерекшеліктері және түрлері зерттелді.

Жұмыстың практикалық маңызы. Дәрілік өсімдіктерді танып- зерттеуде олардың емдік қасиетін анықтап таныстыру.

Жұмыстың мақсаты: Батыс Қазақстан облысы өңірінде кездесетін асқорыту жолдары ауруларын емдеуге пайдаланылатын дәрілік өсімдіктердің интродукциялау мүмкінділігін анықтап, өсіру технологиясын жасау.

Жұмыстың міндеттері:

1.Батыс Қазақстан облысы өңірінде кездесетін дәрілік өсімдіктердің түрлерімен танысу;

2.Дәрілік өсімдіктердің пайдасына тоқталу;

3.Дәрілік өсімдіктердің дұрыс жинауын, кептіруін, қолдануын қарастыру;

4.Дәрілік өсімдіктерді гастроэнтерологиялық ауруларын емдеуге пайдалану.

Жұмыстың зерттеу объектісі. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Батыс Қазақстан облысы өңірінде кездесетін асқорыту жолдары ауруларын емдеуге пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер.

 

Фитотерапияның жалпы принциптері

Date: 2016-05-23; view: 1491; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию