Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кесте 1. Негізгі қорлардың түсініктерін анықтау бағыттары





Категориясы Мазмұны
Еңбек құралдары Қоғамдағы өндіргіш күштердің прогрессивтілігін анықтайды Ұзақ кезеңде әрекет ететін машиналар, приборлар, жабдықтар, инструменттер және басқа технологиялық саймандар, бағдарламалық қамтамасыз ету құралдары түрінде еңбек үдерісін жүзеге асрыуға арналған
Негізгі қорлар Елдің ұлттық байлығының негізгі элементі болып табылады Экономиканың өндірістік және өндірістік емс сфераларындағы кәсіпорындарда пайдаланылатын еңбек құралдарының құндық нышаны
Негізгі өндірістік қорлар Технологиялық укладтың материалдық-техникалық базасын және прогрессивтілігін анықтайды Өндіріс үдерісінде көп мәрте қатысатын, өзінің құнын дайын өнімнің құнына амортизациялық жарналар арқылы бөліп көшіретін, өзінің заттай-натуралдық формасын өзгертпейтін (ғимраттар, құрылғылар, беріліс қондырғылары, машиналар мен жабдық және т.б.)
Негізгі құралдар Негізгі өндірістік қорларды бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте бейнелеу үшін пайдаланылады Кәсіпорын балансындағы айналымнан тыс активтердің бөлігі, олар бухгалтерлік есептілікте қалдық құны бойынша кәсіпорын балансының «активтер» бөлімінде бейнеленеді
Негізгі капитал Инвестицияларды бағыттары, қаржыландыру көздері, меншік нышандары, экономикалық қызмет түрлері бойынша анықтау кезінде пайдаланылады Өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге бөліктермен көшіретін және капиталистке капиталдың бірнеше шеңбер айналымы барысында негізгі капиталдың элементтерін тозу шамасы бойынша ақшалай формада қайтатын өнімді капиталдың бөлігі (машиналарға, жабдыққа, ғимараттарға, құрылғыларға шығындар)

Азіргі кезде өнеркәсіпке негізгі өндірістік қорларды экстенсивті пайдалану тән, бұл өнеркәсіптік кәсіпорындарда жаңару үдерістерін жеделдетудің кейінге қалдырылуын көрсетеді.

Негізгі өндірістік қорларды пайдалануға ықпал ететін сыртқы және ішкі орта факторларының арасында негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсу қарқыны, негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландыру көздеріндегі амортизациялық жарналардың үлесі, өнімнің өзіндік құнындағы амортизацияның үлесі, активтер құрылымындағы материалды емес активтердің үлесі, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығындардың үлесі сияқты көрсеткіштермен бейнеленетін инвестициялық-инновациялық факторлар тобы анықтаушы болып табылады.

Атап айтатын болсақ, кәсіпорындардағы амортизациялық аударымдардың үлесінің төмендігі негізгі өндірістік қорлардың тозуының жоғарылауына, өнімнің амортизация сыйымдылығының төмен үлесіне, негізгі өндірістік қорлардың шығу коэффициентінің аз болуына әкеледі.

Зерттеулер көрсетіп отырғандай, еліміз экономикасының өнеркәсіптік өндірісінде ұдайы өндірістің қарапайым типі қалыптасқан. Осыған орай өңдеуші өнеркәсіптегі негізгі қорлардың үлес салмағының төмен болу, негізгі өндірістік қорлардың пассивті бөлігінің үлес салмағының басым болу, жаңа негізгі қорларды сатып алуға бағытталған инвестициялар үлесінің азаю, негізгі қорлардың тозуының өсу, шығу коэффициентінің жаңару коэффициентінен алшақтау деректері байқалып отыр.

Неркәсіптік кәсіпорындардағы жаңару үдерісі амортизацияның өзінің ұдайы өндірістік функциясын орындамауы себебінен қиыншылыққа ұшырап отыр. Амортизацияның әрекет етуші жүйесінің негізіне кәсіпорындардың өндірістік базасын дамытуға арналған бос ақша қаражаттарын құру емес, амортизацияланатын нысанның өзін біртіндеп ауыстыру, оны ұдайы өндіру идеясы қаланған.

Сондықтан негізгі өндірістік қорлар нысандарын әділетті құны бойынша есепке алу, амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдістерін пайдалану арқылы кәсіпорынның өндірістік әлеуетін инновациялық дамытуға бағытталған экономикалық тетікті әзірлеу қажет.

Кәсіпорындағы негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылатудың негізгі бағыттары ретінде инвестицияның үлесін негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігін, материалды емес активтерді, адам капиталын ұлғайтуға бағытталған негізгі өндірістік қорларды жаңарту тұжырымдамасын әзірлеу мен енгізуді; амортизациялық саясатты өзгерту есебінен өнімнің өзіндік құнының құрылымындағы амортизацияның үлесін жоғарылатуды; негізгі өндірістік қорларды экстенсивті пайдаланудан интенсивті пайдалануға көшуді жатқызуға болады. Мұның өзі қор қайтарымы, қормен қарулану және еңбек өнімділігі көрсеткіштері арасындағы арақатынасты жақсартуға мүмкіндік береді.

 

 

Қорытынды

 

Қорытындылай келсек, материалдық – өндірістік қорлар кәсіпорынның айналым активтерінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Мaтeриaлдық қoрлар – бұл өндірістің әр түрлі кезеңдерінде қалыптaсқан жәнe өнімнің өндірістік – техникалық айналымынан өтуге бағытталған, халық тұтынуға aрнaлғaн тауарлар және бaсқа да тaуарлар болып табылады. Қорлардың бар болуы, сондай-ақ олардың жағдайының жақсылығы біріншіден, кәсңпорынның сапалы, өндірістік бағдарламаға сaй жүргізілуіне тікeлeй әсерін тигізеді. Өндірістік немесе басқа коммерциялық қызметті жүзеге асырушы кәсіпорын нақты қаражаттармен, өндірістік негізгі және айналым капиталдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Ең бастысы, мына мәселені анықтауы қажет: кәсіпорын қоры мен оның басқару

Кез-келген кәсіпорындағы қорлар келесідей топтастырылады:

- шикізат пен материалдар;

- аяқталмаған өндіріс;

- дайын өнім.

Корпорацияның экономикалық тиімділігін айналым капиталын және баланстық міндеттемелерін жоғары деңгейде пайдалана отырып арттыруға болады.

EOQ үлгісінің негізгі шарттары: қор көлемі өскен сайын шығынның бір бөлігі көбейеді, ал екінші бөлігі азаяды; жиынтық шығынды барынша азайтатын тапсырыс көлемі оңтайлы болып табылады (қордың орта көлеміне байланысты).

Материалды-өндірістік қорларды басқару барысында олардың мақсатты мөлшерін анықтау қажет ал ол сату көлеміне ағымдағы қорларды қаржыландыруға (оларды сақтау бойынша шығындар), жаңа тауарларды өндіру жылдамдығына жаңа тапсырыстарды алуда мүмкін кідірушіліктерге жəне т.б. тəуелді. Осыған қоса қорлардың тозу жəне бұзығу қажеттілігін ескеру қажет. Қорлар неғұрлым маңызды болса, соғұрлым олар сақтау жəне сақтандыру құны көп болады. Сақтау қоймаларымен персонал саны, сонымен қатар құралдарды иммобилизациялау (жанама шығындар) деңгейі де көбірек болады. Екінші жағынан, қорлардың көбеюі шикізат пен басқа да материалдардың тапшылығынан туындаған, тауарлардың қоймаларда қалмауы мен өндірістің кідіруі мен болатын сатулардың қысқару тəуекелділігін азайтады.

АЕК (Materials Requirements Planing) – жоспарлау қажеттілігін материалдар – жоспарлау жүйесі өндірістік ресурстар.

Date: 2016-05-23; view: 537; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию