Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жж. Қазақстанда халық шаруашылығының дамуы. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экстенсивті сипаты





КОКП ОК-нің 1964 жылғы қазан пле­нумын­да пар­тия мен ел бас­шы­лығы ауыс­ты­рыл­ды. КОКП ОК пле­нумы Н. С. Хру­щевті ОК-тің бірінші хат­шы­сы, КСРО Ми­нист­рлер Кеңесінің төрағасы және Төралқа мүшесі қыз­меттерінен бо­сат­ты. КОКП ОК-нің бірінші хат­шы­лығына Л. И. Бреж­нев сай­лан­ды. Осы­дан көп ұза­май Жоғарғы Кеңес А. Н. Ко­сыгинді Кеңес үкіметінің бас­шы­сы етіп тағайын­да­ды.

60-жыл­дардың ор­та шеніндегі бетбұрыс­тың бас­ты мазмұны мен негізгі бағытын ша­ру­ашы­лық ре­фор­ма­сы айқын­да­ды.

КОКП ОК-нің 1965 жылғы қыркүйек пле­нумы өнеркәсіпті са­лалық прин­цип бойын­ша басқару және өнеркәсіп са­лала­ры бойын­ша одақтық-рес­публи­калық ми­нистрліктер құру дұрыс деп тап­ты.

70-жыл­дардың ба­сын­да кейінгі ке­зеңдер­дегідей ауыр сезіле қойған жоқ. 170тен ас­там өнеркәсіп кәсіпор­ны мен цех, оның ішінде Ли­саков кен-байыту ком­би­наты, Ше­рубай-Нұра шах­та­сы, Тал­дықорған ак­ку­муля­тор за­уыты, бірқатар жеңіл және та­мақ өнеркәсібі кәсіпо­рын­да­ры бой көтерді. Пав­ло­дар об­лы­сын­да Екібастұз отын-энер­ге­тика ке­шенінің, Ертісте Шүлбі ГЭС-інің құры­лысы бас­талды. 1975 жылға қарай рес­публи­каның бар­лық кәсіпо­рын­да­ры дерлік энер­ги­ямен қам­та­масыз етілді. Ми­нерал тыңайтқыш­тар өндіру 1,8 есе, са­ры фос­фор — 2,5 есе өсті, рес­публи­каның фос­фор өнеркәсібі КСРО бойын­ша ал­дыңғы қатарға шыға бас­та­ды.

Қазақстан­ның ха­лық ша­ру­ашы­лығын­дағы өндірістік және ғылы­ми-өндірістік бірлестіктер са­ны 1971–1985 жыл­дар ішінде 28 ден 162 ге, осы прин­циптер­мен жұмыс істейтін кәсіпо­рын­дар 97 ден 610 ға дейін жетті. Бар­лық шығарылған өнім көлемінің 46,7%-ы және өнеркәсіп пен өндірісте жұмыс істе­ушілердің 46,8 %-ы ғылы­ми-өндірістік бірлестіктер үлесіне тиді.

Пав­ло­дар-Екібастұз, Маңғыс­тау, Қара­тау-Жам­был, Шым­кент-Кен­тау тәрізді ірі ай­мақтық-өндірістік ке­шен­дер дәл осы ке­зеңде, яғни 70-жыл­дардың ба­сын­да тұрғызыл­ды. 1981–1985 жыл­дар ішінде әр түрлі ми­нистрліктер мен ве­домс­тво­лар­дың жос­парла­ры 300 рет­тен ас­там түзетілді.

Би­ле­уші пар­ти­ялық-мем­ле­кеттік ап­па­рат­тың біліксіздігі мен им­пе­ри­ялық пайым­ның безбүй­ректігі сал­да­рынан есе­лене түскен ди­рек­ти­валық жос­парлау рес­публи­ка эко­номи­касы­на ора­сан зор нұқсан келтірді. Арал теңізі аты­рабы­на өндіргіш күштерді ор­на­лас­ты­руда жіберілген стра­теги­ялық қателіктер, жер және су қорын есепсіз пай­да­лану, мақта мен күріш дақыл­да­рын өсіру­ге да­ра үстемдік бе­ру сал­да­рынан теңіз түбі 27 мың шар­шы шақырымға дейінгі аумақта құрғап, жа­лаңаш қал­ды. Арал өзінің ба­лық өнеркәсібінен ай­рыл­ды. Оның үстіне құрғап қалған теңіз түбінен тұз бен шаңның көтерілуі күшейе түсіп, арал ай­мағының кли­маты күрт на­шар­лап кетті.

70-жыл­дардың соңы мен 80-жыл­дардың ба­сын­да сыртқы са­ясат­та кеңес халқына қым­батқа түскен жаңсақ әре­кет­терге жол берілді. Әске­ри күш-қуат­ты арт­ты­руға жұмса­латын қара­жат көлемі ұлғая түсті.

Ауғанс­тан­ның сол кез­дегі бас­шы­лары үсті-үстіне өтініш жол­дап тұрғаны­мен, кеңес әскерінің 1979 жыл­дың жел­тоқса­нын­да Ауғанс­тан жеріне енгізілуі қисын­сыз әрі кеңес халқының мүдде­леріне ке­реғар шешім бол­ды. Бұл маңыз­ды шешім Л. И. Бреж­нев бас­таған кеңес бас­шы­лығының тар аясын­да ғана қабыл­данды.

1971–1980 жыл­дар ішінде рес­публи­каның ауыл ша­ру­ашы­лығына 18 мил­ли­ард сом­нан ас­там күрделі қар­жы жұмсал­ды. Ауыл­ша­ру­ашы­лық өнімдерін өндіру ұдайы төмен­де­умен бол­ды:

ол IX бес­жылдықта 13%-ға;

XI бес­жылдықта – 0,4%-ға дейін құлды­рады.

Ауыл ша­ру­ашы­лығы тиімділігі төмендігінің бас­ты се­бебі ша­ру­алар­дың өз еңбегінің жемісін өздері көре ал­май­тын­дығынан еді.

Азық-түлік бағдар­ла­масын қабыл­даған КОКП ОК-нің 1982 жылғы ма­мыр пле­нумы ауыл ша­ру­ашы­лығының, бүкіл аг­роөнеркәсіптік ке­шеннің тиімділігінің жеткіліксіз дәре­жеде екендігін мойын­дауға мәжбүр бол­ды. Ха­лықты азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізат­пен қам­та­масыз етуді түпкі мақсат ретінде көздей оты­рып, Азық-түлік бағдар­ла­масы ауыл ша­ру­ашы­лығының да, оған қыз­мет ететін са­лалар­дың, көлік пен са­уда­ның да жұмы­сын біріктіру­ге тиіс бол­ды. Алай­да Азық-түлік бағдар­ла­масы мен ауыл­ша­ру­ашы­лық өндірістің құлды­ра­уын тоқта­туға бағыт­талған өзге де әре­кет­тер нәти­же бер­меді, өй­ткені бағдар­ла­ма басқару­дың ескірген жүйесі аясын­да жа­сал­ды. 80-жыл­дардың ор­та шенінде іс жүзінде бар­лық жер­де та­мақ өнімдерімен шек­те­улі қам­та­масыз ету жүйесі енгізілді.

1975 жы­лы Ал­ма­тыда Ол­жас Сүлей­ме­нов­тың «АзиЯ» («Ізгі ни­етті оқыр­манның кіта­бы») ат­ты еңбегі жа­рық көрді. Оның көпте­ген өзге зерт­те­улер­ден айыр­ма­шылығы сол – ақын бұл кіта­бын­да көне орыс әде­би­етінің ұлы ес­керткіші бо­лып та­была­тын «Игорь жа­сағы ту­ралы жыр» (XII ғасыр) «сла­вян­дық және түркілік эт­ни­калық әлем ше­кара­сын­да дүни­еге кел­ген және шығар­ма­да екі көрші мәде­ни­еттің шын­дықта­ры айқын көрініс тапқан» де­ген түйін жа­сай­ды. Шо­винизм айқын­да­мала­рын айырыл­мастай нық ұстаған иде­олог­тар үшін О. Сүлей­ме­нов­тың тұжы­рым­да­ры ас­тамшы­лық бо­лып көрінді. «АЗиЯ» кіта­бы та­уар ай­на­лымы­нан, кітап­ха­налар­дан алы­нып тас­талды, оның жаңа ба­сылым­да­рына тыйым са­лын­ды.

Ха­лықтың әл-ауқатын жақсар­ту эко­номи­калық са­ясат­тың бас­ты міндеті деп есеп­телді. КОКП-ның әрбір съезі бұл мәсе­лені са­налық тұрғыдан жаңа са­тыға көтеріп отыр­ды. Ха­лықтың жан ба­сына шаққан­дағы нақты та­бысы­ның 2,6 есе өсуі, ме­дици­на, ғылым, мәде­ни­ет қыз­метінің, көпте­ген от­ба­сының тұрғын үй жағдайының жақса­руы осыған айғақ. 1970–1985 жыл­дар ара­лығын­да 887,7 мың пәтер тұрғызы­лып, оларға 3 ми­ли­он­нан ас­там адам қоныс­танды­рыл­ды. Алай­да ха­лық тұрмы­сы 30 – 40-жыл­дармен са­лыс­тырған­да ғана едәуір жақсар­ды.

Адам­дардың ақша­лай та­быс­та­ры мен төлеу қабілетіне негіздел­ген сұра­нымы та­уар­лар мен қыз­мет түрлері көлемінің ұлғаюымен са­лыс­тырған­да озыңқы өсіп отыр­ды.

Сөйтіп, эко­номи­калық қай­шы­лықтар әле­уметтік қай­шы­лықтар­ды ту­ын­датса, олар өз ке­зегінде күрделі адам­гершілік проб­ле­малар­ды дүни­еге әкелді

 

 

Date: 2016-05-23; view: 1827; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию