Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстан тұрғындарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерлігі





Қазақстан­ның кол­хозшы ша­ру­ала­ры соғыс­тың жеңіспен аяқта­лу­ына қомақты үлес қос­ты. Рес­публи­каның кол­хоз-сов­хозда­рына жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Жау ба­сып алған аудан­дардан көшіп кел­ген ша­ру­алар еңбек­те ерліктің үлгісін көрсетті.

Қазақстан еңбекшілері та­ры өсірудің ше­бері – Шығанақ Бер­си­евті, атақты күрішшілер – Ыбы­рай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан жаңашыл­дар мен ас­тықтан мол өнім алу­дың май­тал­манда­ры Мұни­ра Са­тыбал­ди­наны, Ан­на Дац­ко­ваны, Нүрке Ал­пысба­ева­лар­ды және т. б. орын­ды мақтан етті. Ақтөбе об­лы­сы Ойыл ауда­нының озат та­ры өсірушісі Ш. Бер­си­ев та­рының қуаңшы­лыққа төзімді, жоғары өнімді, жергілікті ауа райына икемді сор­тын өсіріп шығар­ды. Ол 1942 жы­лы әр гек­тардан – 175ц, ал 1943 жы­лы – 202ц. өнім жи­нады. Қызы­лор­да­лық күріш өндіруші Ы. Жақаев 1943 жы­лы әр гек­тардың өнімін 192ц. жеткізді.

Мал ша­ру­ашылғы өнімдерін өндіру мен қоғам­дық мал ба­сының өсу жос­парла­ры ой­дағыдай орын­да­лып отыр­ды. Мал­шы­лар ара­сынан көпте­ген рес­публи­каға та­нымал еңбек озат­та­ры шықты. Мы­салы, Жезқазған ауда­ны Аман­келді атын­дағы кол­хоздың шо­паны Ж. Мұқашев жыл сайын жүз қой­дан 180ге дейін қозы алып, аман өсірді. Аты­рау об­лы­сы «Жаңа та­лап» кол­хо­зының жылқышы­сы Ш. Шұғаипо­ва бір мыңнан ас­там жылқыны ешқан­дай шығын­сыз бақты. Қоғам­дық мал ба­сы Рес­публи­када соғыс жыл­да­рын­да 3млн. басқа жуық өсті. 1944 жы­лы Бүкіло­дақтық еңбек жа­рысын­да мал ша­ру­ашылғын өркен­де­тудегі ора­сан зор та­быс­та­ры үшін Ба­тыс Қазақстан об­лы­сының Жаңақала, Гурьев об­лы­сының Қызылқоға аудан­да­ры КСРО Қорғаныс ко­митетінің ауыс­па­лы Қызыл Ту­ын жеңіп ал­ды. Жал­пы соғыс кезінде Қазақстан­ның ауыл-се­ло еңбек­керлері өздерінің пат­ри­от­тық және еңбек па­рыз­да­рын ай­тар­лықтай өтеді. 1941–1945жж. олар май­дан мен ел­ге 5 829мың тон­на ас­тық, 734мың тон­на ет және басқа да азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.

Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.

1-Украин майданы учаскелерінің бірінде біздің жауынгерлік қатарымызға фашистік танкілер лап қойды. Жаудың біраз танкісі қиратылды, бірақ фашистік танкілер ілгері ұмтылуын тоқтатпады. «Жолбарыс» танкісінің қарсы алдынан сапер Абдолла Усенов қарсы жүріп, кеудесіне танкіге қолданылатын минаны қысып, қаймықпай шынжыр табан астына құлады, сұмдық жарылыс жер сілкіндірді. Әрқайсысы 200-ден астам жауынгерлік ұшу сапарын жасап, бірнеше жүз фашистерді жоқ қылған шабуылшы ұшқыштар: Талғат Бигельдиновке, Леонид Бедаға және Павловқа, соңдай-ақ 37 ұшақты және топтасып жүргізілген ұрыстарда жаудың тағы 6 ұшағын (самолет) атып түсірген Сергей Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар-қазақ қыздары: пулеметші Мәншук Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды. 1945 жылдың қысқы операцияларда кеңес әскерлері жаудың «Солтүстік», «Орталық», «Висла», «Оңтүстік» армиларының ірі топтарын талқандады. Қызыл Армия Польшаны азат етуді аяқтап, Венгрияны және Чехословакияның едәуір бөлігін азат етті, Венаны алып, Шығыс Пруссияға кірді, Одер және Нейсе өзендеріне шығып, Померанияға, Брандербург пен Силезияға тереңдеп енді.

Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор қүрметке ие болды

 

 

Date: 2016-05-23; view: 1258; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию