Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жж. Қазақстандағы индустрияландыру: ерекшеліктері, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық нәтижелері





Индустрияландыруға бағыт алудағы қиыншылықтар.

Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.

Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.

Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы. Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты Индустрияландыруды жүзеге асыру. Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяғы 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспедициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды. Академик Н. С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал–шикізат байлықтарын зерттеп, «ҚАҚСР –і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Академик И. М. Губкин Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны -мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Қазақтың жас инженер–геологы Қ.И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеп берді Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер:
1) Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.
2) Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды.
3) Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.
4) Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.

Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары:

Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді.
1) Шаруаларға үстеме салықтар салынды.
2) Республикалардың барлық жинақталған қорлары мемлекеттік бюджетке қосылды.
3) Одақтық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидеялар мен дотациялар бөлу (1931 – 1934 жж. - 2 млрд. 137 млн. сом).
4) Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру.
5) Жазалау саясатын қолдану сияқты тәсілдер тән болды.

Негізінде елді экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игі мақсатпен басталған бұл жұмыс әкімшіл - әміршіл, бұлтартпайтын әдістерімен жүргізілді. Көптеген жаңа құрылыстар жазықсыз қудаланған адамдардың еңбегімен көтеріліп, ондай қудаланған адамдардың саны үнемі толықтырылып отырды.

Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері:
1) Халық дәстүрі бұзылды.
2) Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады.
3) Лагерьлер жүйесі орнықты.
4) Қазақстан Россияның шикізат көзіне айналды.

Индустрияландыру ерекшеліктері:

1) Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде салынды.
2) Білікті жұмысшы мамандар, инженер – техник қызметкерлер сырттан, негізінен Россия мен Украинадан әкелінді.
3) Жергілікті мамандар жетіспді.
4) Урбандалу (урбанизация) процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1930 жылдың аяғында қала халқы 29,8 %, 1939 жылы қалада тұратын қазақ – 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп).

1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жұмысшылары болды. Республикада көптеген инженер – техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты.

Индусрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді. 1930 жылы республикада 10 мыңнан астам екпінділер болды. Домбастың жаңашыл забойшысы – Алексей Стаханов бастамасы ел көлемінде насихатталды. Қазақстандағы алғашқы Стаханов ізбасары – Қарағанды шахтеры Түсіп Күзембаев. Стахановшылар қозғалысы халық шаруашылығының барлық маңызды салаларын қамтыды.

Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы:
1. Аграрлық республика индусриялы – аграрлық аймаққа айналды.
2. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағы өсті.
3. Ұлттық жұмысшы табы құрылды.
4. Инженер – техникалық кадрлар қалыптаса бастады.
5. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды.
6. Көп ұлтты ұжымдар пайда болды, адамдардың туысқандығы нығайды.
7. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты.
8. «Кімді кім» деген мәселе қалада да, деревняда да социализм пайдасына шешілді.
9. Өндірістің негізгі құрал – жабдықтарына капиталистік меншік жойылды.
10. Жұмыссыздық жойылды.
11. Халықтың материалдық әл – ауқаты біраз жақсарды. Қазақстанда жалақының жалпы қоры 1928 жылы 142,11 млн. сом болды, ал 1932 жылы 732,8 млн. сомға жетті.
12. Өнеркәсіп орындарының көпшілігі 7 сағаттық жұмыс күніне көшірілді.

Сөйтіп, индустрияландыру елді экономикалық артта қалушылықтан шығарды.

 

67. Қазақ АКСР-нің құрылуы. Қазақ АКСР-нің құрамына қазақ жерлерінің бірігуі (1924 ж.)

1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады. Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери – азаматтық басқарма болып саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә. Жангельдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М. Сералин, В. А. Радус – Зенькович, А. Авдеев т. б. Казревком міндеттері: 1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу. 2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мәдени құрылыс орнату. 3. Өлке Кеңестерінің құрылтай съезін әзірлеу. 1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі қабылданды. Казревком мәдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды: - «Ұшқын» газетін шығарды. - Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды.- Қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Сонымен бірге Казревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.

1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды. Орынбор қаласы – астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды. Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы: 1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі. 2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі. 3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.

 

 

Азақстанның соғыс қарсаңындағы қоғамдық-саяси өмірі. Қазақ КСР-нің құрылуы, 1937-1938 жж. жаппай қуғын-сүргін.

1939 жыл – пар­ти­яның XVI­II съезінде КСРО-ның ин­дуст­ри­ялық қуатын кеңей­ту, қорғаныс қабілетін нығай­ту бағыты көрсетілді.

Үшінші бес­жылдықта (1938–1942жж.) рес­публи­ка эко­номи­касын­дағы атқары­луға тиісті міндет­тер:

Түсті ме­тал­дар өндіру жөніндегі ірі ба­за;

Көмір, мұнай өндіретін аудан;

Ауыл ша­ру­ашы­лығы да­мыған ай­мақ бо­лу.

1938–1941 жыл­да­ры іске асы­рыла­тын ша­ралар:

Қар­сақпай мыс балқыту за­уытын қай­та құру мен кеңей­ту;

Жезқазған мыс балқыту за­уытын са­лу;

Ал­тай­да түсті ме­тал­лурги­яны да­мыту;

Ебідегі ге­оло­ги­ялық жұмыс­тар мен бар­лау-бұрғылау ісін же­дел­де­ту.

Осы жыл­да­ры еңбек кітап­ша­лары енгізілді, мем­ле­кеттік сақтан­ды­ру тәжіри­бесі жақсар­тылды, 8 сағат­тық жұмыс күніне, 6 күндік жұмыс ап­та­сына көшірілді.

1940 жыл­дың аяғын­да мем­ле­кеттік еңбек ре­зев­тері жүйесі пай­да бол­ды. Әйел­дер ірі өнеркәсіп жұмыс­шы­лары­ның 26,1% -ын құра­ды (1940 жыл). Жап­пай ер­лер ма­ман­дығын меңге­ру қозғалы­сы бас­талды.

1941 жылғы ма­усым­да – П. Ан­ге­лина­ның (Ба­тыс Қазақстан об­лы­сы, Те­ректі МТС-де істе­ген Ук­ра­ина трак­торшы­сы) «Трак­торды меңгеріңдер» бас­та­масы­мен 26 мыңнан ас­там әйел­дер трак­торшы ма­ман­дығын меңгерді.

Тұрақты ме­хани­затор­лар кадр­ла­ры қалып­та­сып, 116 мың ма­ман да­яр­ланды.

Соғыс қар­саңын­да ха­лық ша­ру­ашы­лығын­да 11 мыңнан ас­там ин­же­нер, тех­никтер еңбек етті. Ста­ханов­шы­лар мен өндіріс жаңашыл­да­рының қозғалы­сы өрістеді.

Рид­дердегі алғашқы ста­ханов­шы-шах­тер Б. Ықыла­сов.

Соғыс ал­дындағы жыл­дарда құры­лыс­тарды са­лу же­дел­деді. 1940 жыл­дың ба­сы – ұзын­дығы 806 шақырым­дық Ақмо­ла – Қар­та­лы жо­лы 9 айға тол­май­тын мерзімде са­лын­ды. Бұл жол құры­лысы­ның маңызы:

Ор­та­лық Қазақстан­ның өнеркәсіпті аудан­да­рын Орал­дың оңтүстігімен бай­ла­ныс­тырды;

Қараған­ды­дан Маг­ни­тогорскіге көмір та­су 500 шақырымға қысқар­ды;

Бұдан басқа Аты­рау-Қан­дыағаш, Қан­дыағаш-Орск, «Шығыс ора­мы» (806 км. Шығыс Қазақстан мен Се­мей об­лы­сы), Ал­ма­ты-Са­рыөзек, Жам­был-Алакөл темір жол­да­ры (2681 км.) са­лын­ды.

1938–1940жж. 1,4 мың шақырым жаңа темір жол төселді.

Үшінші бес­жылдықтың 3,5 жы­лын­дағы өнеркәсіптегі, та­сымал мен бай­ла­ныс­тағы күрделі қар­жы – 3,1 млрд. сом.

Рес­публи­ка өнеркәсібінің жал­пы өнімі – 57,3%-ға арт­ты.

Түсті ме­тал­лургия Қазақстан өнеркәсібінің же­текші са­ласы­на ай­на­лып, түсті ме­тал­лургия бойын­ша Қазақстан екінші орын­да бол­ды. Бұл са­ла кәсіпо­рын­да­ры: Шым­кент қорғасын, Балқаш мыс қоры­ту, Ле­нино­горск, Зы­рянов по­лиме­талл за­уыт­та­ры, мыс балқыту ком­би­наты, Ащы­сай, Қоңырат кеніштері.

Са­лынып жатқан құры­лыс­тар: Ақтөбе фер­роқоры­ту за­уыты, Те­келі по­лиме­тал­лургия, Жезқазған мыс балқыту ком­би­нат­та­ры.

Шым­кент қорғасын за­уыты­ның қорғасы­ны ел­дегі ең таңда­улы деп та­ныл­ды. 1939 жы­лы за­уыт ұжы­мы одақта 1-орын­ды жеңіп алып, Ле­нин ор­денімен ма­рапат­талды. Қазақстан Одақ көлемінде:

Қорғасын өндіру­ден 1-орын, мұнай мен көмір өндіру­ден 6-орынға шықты.

1940 жы­лы 2580 ірі кәсіпо­рын жұмыс істеп, ин­дуст­ри­яның жал­пы өнімі 1940 жы­лы 1913 жыл­мен са­лыс­тырған­да 7,9 есе өсті.

1940 жы­лы Қазақстан одақ бойын­ша:

көмірдің – 4,2%-ын;

мұнай­дың – 2,2%-ын;

қорғасын­ның – 87%-ын;

мыс­тың – 21%-ын өндірді.

Соғыс ал­дындағы жыл­дарда Ор­та­лық Қазақстан­ның өнеркәсіпті шикізат ай­мағы қалып­тасты.

Орал-Қазақстан-Сібір «үшбұры­шы» мы­рыш, қорғасын, мо­либ­ден т. б. өндіру­ден КСРО-да же­текші орын ал­ды. Вол­га-Орал ара­сын­дағы темір жол (ұзын­дығы 581 км.) Одақтың және рес­публи­каның ірі өнеркәсіпті ор­та­лықта­рын жалғас­тырды.

Соғыс ал­дындағы жыл­дарда кол­хоз құры­лысы да­мыды. 1940 жы­лы кол­хоз бен сов­хоздар­да:

41 мыңнан ас­там трак­тор,

11,8 мың ком­байн,

14 мың жүк ав­то­мобилі жұмыс істеді.

Ауыл­ша­ру­ашы­лық тех­ни­касы 330 МТС және 194 сов­хозға шоғыр­ланды­рыл­ды. 116 мың ме­хани­затор, трак­торшы, ком­бай­ншы да­яр­ланды. 1940 жы­лы жоғары және ар­на­улы ор­та білімі бар 4 мың 600 аг­ро­ном, зо­отех­ник, мал дәрігері, ор­маншы болған.

1938–1940 жыл­да­ры 1338 ТОЗ ауыл­ша­ру­ашы­лық ар­тель­дерінің жарғысы­на көшіп, 6 мың 900-ға мыңға көбейді.

Ха­лықтық құры­лыс әдісімен 100 мың кол­хозшы ка­нал­дар мен су­лан­ды­ру жүйелерін са­луға қатыс­ты. 1938–1940 жыл­да­ры 145 мың га-дан ас­там жаңа су­ар­ма­лы жер игерілді. Ба­тыс Қазақстан­да Орал-Көшім ка­налы са­лын­ды.

1940 жы­лы әле­уметтік-мәде­ни ша­раларға мем­ле­кет­тен бөлінген қар­жы – 1 млрд. сомға жақын­да­ды (1932 жыл­мен са­лыс­тырған­да 12,5 есе көп).

1938–1940 жыл­да­ры рес­публи­када тұрмыс­тық қыз­мет көрсе­ту орын­да­ры са­лын­ды:

3100-ден ас­там дүкен,

600-ден ас­там ас­ха­на, рес­то­ран,

200 жаңа ем­ха­на,

120 ауру­хана.

Үшінші бес­жылдықтың жар­ты жы­лын­да тұрғын үй құры­лысы­на жұмсалған қар­жы – 876 млн. сом (екінші бес­жылдықта – 351 млн. сом)

1938–1940 жыл­дардағы шешілме­ген проб­ле­малар:

Мал ша­ру­ашы­лығының да­муы арт­та қал­ды;

Кол­хоз өндірісінде ма­тери­ал­дық ын­та­лан­ды­ру төмен бол­ды;

Ауыл­ша­ру­ашы­лық ма­ман­да­ры тұрақта­мады;

Кол­хоз өмірінде де­мок­ра­тия жеткілікті да­мыма­ды;

Тұрғын үй қоры со­ци­алистік құры­лыс қоры­нан кейін қал­ды.

1937–1938жж. жап­пай са­яси қуғын-сүргін. То­тали­тар­лық жүйенің нығаюы.

1937ж. бас­талған са­яси жа­залау бүкіл елді қам­ты­ды. 1936ж. Жел­тоқсан Пле­нумын­да, мұнан кейін 1937ж. Ақпан-на­урыз пле­нумын­да Ор­та­лық Ко­митетінің, И. В. Ста­лин мен оның ай­на­ласын­дағылар­дың «екіжүзділердің, ха­лық жа­ула­рының бәрінің та­мырын ша­уып, жойып жібе­ру» қажеттігі ту­ралы нұсқауы берілді. 1937–1938жж. жа­заланған «ұлтшыл-фа­шис­тер» деп ата­латын­дардың істерінен көрінген­дей, Н. И. Ежов пен оның сы­бай­лас­та­ры мұндай істерді қол­дан жа­сауға көп қина­лып жат­паған. Бұл «істер­ге» — «ұлтшыл-фа­шис­тер» және басқа «ха­лық жа­ула­ры» де­ген­дердің істеріне кең құлаш­ты си­пат бе­ру үшін НКВД ор­ганда­ры олар­ды троц­кишілдер­мен және оңшыл­дармен одақ жа­сады де­ген қисын­ды ой­дан шығар­ды. Жер-жер­де «ашық» сот мәжілістері өткізіліп, олар­да сот­талған­дардан қажетті «мойын­да­улар» зор­лап алын­ды. «Ха­лық жа­ула­рының» негізгі көпшілігінің тағды­ры КСРО Жоғарғы со­ты әске­ри кол­ле­ги­ясы­ның үштігінің мәжілісінде шешілді.

1937–1938жж. Қазақстан­ның көрнекті мем­ле­кет және қоғам қай­рат­керлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожа­нов, Ұ. Құлым­бе­тов, О. Жан­до­сов, Ә. До­сов, А. Асыл­бе­ков, Ж. Сәдуақасов, Л. Мир­зо­ян, А. Са­фар­ба­ев, Ж. Сұлтан­бе­ков, Т. Жүрге­нов, Н. Сырғабе­ков, З. Төреғожин және басқа да көпте­ген адам­дар өтірік жа­ламен жа­залан­ды. Қазақтың ғылым мен мәде­ни­еті ор­ны тол­мас шығынға ұшы­рады. Ә. Бөкей­ха­нов, А. Байтұрсы­нов, М. Ду­латов, М. Жұма­ба­ев, С. Сей­фул­лин, І. Жансүгіров, Б. Май­лин, С. Ас­фенди­яров, Қ. Жұба­нов, Ж. Ша­нин, Т. Шо­нанов, Қ. Ке­меңге­ров және т. б. кінәсіз жа­зала­удың құрба­ны бол­ды.

Сөйтіп, 20ж. соңы мен 30ж. то­тали­тар­лық жүйе қоғам­дық са­яси өмірдің бар­лық са­ласын­да бекіді. Оның көрінісі әсіре­се Қазақстан­да ерек­ше жиіркенішті түр ал­ды. Олар күшпен ұжым­дасты­ру мен 1937–1938жж. са­яси жа­залау дәуірінің қайғылы оқиғала­рымен ұшта­сып жат­ты. Өлке­дегі әле­уметтік-эко­номи­калық өзгерістер, Қазақстанға Одақтас рес­публи­ка дәре­жесін бе­ру, мәде­ни құры­лыс­тағы, ха­лық ағар­ту ісіндегі және ғылым­дағы та­быс­тар то­тали­тар­лық жүйенің қатаң иде­оло­ги­ялық қыс­пағын­да өтті. Міне осы­ның бәрі Қазақстан­ның КСРО құра­мын­да бо­лашақ да­му жо­лын айқын­дап берді.

Қазақ КСР-інің құры­луы

Алғышарт­та­ры:

РКФСР құра­мын­дағы Қазақ АКСР-і да­мыған ин­дуст­ри­ялы-аг­рарлы рес­публи­каға ай­нал­ды;

Жұмыс та­бының көп ұлтты от­ря­ды же­дел қалып­тасты;

Ша­ру­алар­дың әле­уметтік та­биғаты өзгерді;

Ха­лық зи­ялы­лары­ның еле­улі то­бы құрыл­ды;

Қазақ әйел­дері қоғам­дық және ша­ру­ашы­лық өмірге бел­се­не ара­лас­ты.

Еңбек­ке жа­рам­ды 3,3 млн. адам­ның 1 млн. -ға жуығы жұмыс­шы­лар мен қыз­метшілер бол­ды. Олар­дың 20%-ы – түсті ме­тал­лурги­яда, 120 мыңы – та­сымал жұмы­сын­да, 46 мыңы – құры­лыс­тарда еңбек етті.

Осы­лай­ша, Қазақстан 15 жыл ішінде кеңестік мем­ле­кетті қалып­тасты­ру жо­лымен жүріп өтті.

l 1936 жылғы 5 жел­тоқсан – КСРО Кеңес­терінің төтен­ше VI­II съезінде КСРО Конс­ти­туци­ясы қабыл­данды.

Қазақ АКСР-ы Одақтас рес­публи­ка бо­лып қай­та құры­лып, Қазақ КСР-і атан­ды (бар­лығы 11 одақтас рес­публи­ка)

l 1937 жылғы на­урыз – Қазақстан Кеңес­терінің төтен­ше X съезінде Қазақ КСР-і Конс­ти­туци­ясы қабыл­данды. Он­да:

Рес­публи­каның са­яси негізі – еңбекшілер де­путат­та­рының Кеңес­тері;

Рес­публи­каның эко­номи­калық негізі – со­ци­алистік ша­ру­ашы­лық жүйесі және өндіріс құрал­да­ры мен құрал-жаб­дықта­рына со­ци­алистік меншік деп атап өтілді.

1937 жылғы жел­тоқсан — КСРО Жоғарғы Кеңесінің сай­ла­уы өткізілді. Жоғарғы Кеңес­ке рес­публи­кадан 44 де­путат сай­лан­ды.

1938 жылғы ма­усым – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сай­ла­уы өткізілді. Оған бар­лығы 300 де­путат сай­лан­ды:

112-сі – жұмыс­шы;

116-сы – кол­хозшы;

152-сі – қазақ;

60-сы әйел, оның 27-сі қазақ әйелі.

1938 жылғы 15 шілде – Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сес­си­ясы бо­лып, оны Ж. Жа­ба­ев аш­ты.

1939 жылғы жел­тоқсан – жергілікті Кеңес­тер сай­ла­уы өткізіліп, оған 48762 де­путат сай­лан­ды.

20–30 жыл­дар ке­зеңінің қоры­тын­ды­сы:

Тиімді жағы:

Қазақ халқының са­яси теңдікке, тер­ри­тор­тя­лық ав­то­номия құқығына қолы жетті.

Ин­дуст­ри­ясы же­дел да­мыды.

Мәде­ни­ет, білім бе­ру са­ласын­да та­быс­тарға қол жетті.

Тиімсіз жағы:

Эко­номи­ка мен мәде­ни­ет са­ласын­да қол жеткізген та­быс­тар тым қым­батқа түсті;

То­тали­тар­лық, ка­зар­ма­лық жүйе ор­нықты;

Қоғам­дағы та­быс­тар ста­линдік қатал иде­оло­ги­ялық қыс­пақ қор­ша­уын­да қал­ды.

 

 

Date: 2016-05-23; view: 6318; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию