Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жж. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар





1917-1920 жылдар аралығында болған саяси-әлеуметтік оқиғалар. 1917 жылы ақпанда Петроградта жұмысшылар мен солдаттардың көтерілісінен кеін монархия құлап, республика орнады да, қоғамдық-саяси жағдай түбірімен өзгерді (қ. Ақпан рефолюциясы). Уақытша үкмет қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушыларға кешірім жариялады, олардың жазалау тоқталды. Сондай-ақ, көтерілісті жазалаушыларға да кешірім жасалды. Қоғамда азаттық келісім орнатуға жағдай туғызылып, кең көлемде саяси бостандықтар берілді (сөз, баспасөз бостандығы, саяси партиялар құру, т.б.). Ә.Бөкейхан жетекшілік еткен интеллигенция өкілдері Уақытша үкімет құрамында жауапты қызметтер атқарып, ұлттық-демократиясы Алаш партиясын құруға кірісті. Көп кешікпей Уақытша үкіметтің жер-жердегі органдарымен қатар жұмысшы, солдат және шаруа кеңестері құрылды. Петроградта және Ресейдің орталығындағы аудандарында қосөкімет орнады, ал Қазақстан көпөкіметтілік жағдайында қалды. Өйткені 1917 жылдың наурыз-маусым айларында Қазақстанда билікке Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, кеңестер, жергілікті Алаш партиясын құрушылар, Жетісу, Орал, Орынбор, Сібір қазақ әскерлерінң билеуші органдары, т.б. таласты. Саяси күштер топтала бастады. Атап айтқанда оңшылдарға негізгі мүшелері кадет партиясынан құралған Уақытша үкітеттің жергілікті к-ттері, казачество билеушілері жатты. Аралық (центристік) лагерьді қолдаушылар эсерлердің ықпалындағы жергілікті кеңестер жатты. Оларға майданның қара жұмысынан қайтқан қазақ жігіттері мен майдангерлер қосылды. Жер-жерлерде жұмысшылар мен оқушы жастардың қоғмдық-саяси ұйымдары құылып, саяси мәселелерге араласа бастады. Мысалы, Верныйда Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы, Омбыда Бірлік, Петропавлда Талап, Семейде Жанар, Меркеде Қазақ жастарының революциялық одағы, т.б. құрылды. 1917 жылдың 4–5 шілдеде Петропавлда Уақытша үкімет большивиктер ұйымдастырған ереуілді қарудың күшімен басты. В.И.Ленин мен оның серіктерін тұтқындауға бұйрық берілді.1917 жылдың 11 шілдеде қосөкіметтілік жойылып, ресми билік түгелдей Уақытша үкіметке көшті. Алаш басшылары саяси жағдайлары күрт өзгеруіне байланысты 21–26 шілдеде Орынборда бірінші жалпықазақ съезін шақырды. Съезде Алаш партиясы дербес саяси ұйым ретінде қайта құрылды. 1917 жылғы тамыз-қыркүйек айларында Орталық Ресейде Корнилов бүлігінің талқандалуы монархияшыл күштерді әлсіретті. Уақытша үкімет пәрменді әрекет жасай алмай беделінен айырылып қалды. Бүлікті басуда белсенділік көрсеткен большевиктер еңбекшілердің қолдауына сүйенді. Осы кезде өзін Қазақ Социалистік партиясы деп атаған Үш жүз партиясы құрылды. Оның көсемі К.Тоғысов, белсенділері Ш.Әлжанов, Ә.Досов, М.Әйпенов, т.б. болды. Көп ұзамай олар Алаш партиясының басты сынаушыларына айналып, большевиктер жағына шықты.

20 ж.ж Қ-нның қоғамдық саяси өмірінде шаруалардың бұқаралық ұйымдары: қосшылар одағы, шарком және жұмжерорман одақтары маңызды орын алды. Бұл одақтар бір жағынан Кеңес өкіметі мен Коммунистік партияның, екінші жағынан миллиондаған шаруалар бұқарасының арасындағы байланыстырушы буын болып табылды. 20 ж.ж Қ-нның қоғамдық саяси өмірін айтқанда қайғылы ерекшелігі мынада болды: Осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халық зердесін жоюға, бұл зерденің иелері ұлттық интелегенцияның көрнекті өкілдерін қыруға бағытталған кең көлемді шаралар жүргізе бастады. 20 ж.ж екінші жартысында Қ-нның қоғамдық саяси өмірі күрт өзгерді. 1925 ж. Желтоқсанда өткен өлкелік партия өкіметінің V конференциясының Ауылды кеңестендіру туралы шешімі тап күресінің шұғыл шиеленісінуіне түрткі болды. Республикада Кіші Қазан төңкерісін өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, бұл күшпен ұжымдастыру және 1937-38 жж. жаппай жазалау дәуірінде қазақ халқын құлақ есітпеген қайғы қасіретке ұшыратты. 1937-38 жж. Қ-нның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С.Қожанов, О. Жандосов, А. Асылбеков, Ж. Сәдуақасов З. Төреғожин және басқа да көптеген адамдар өтірік жаламен жазаланды. Ә. Бөкейханов, А Байтұрсынов, І. Жансүгіров, Ж. Шанин т.б. жазықсыз жазалаудың құрбаны болды. Сөйтіп 20 – жж. мен 30-жж. қоғамдық саяси өмірдің барлық саласында бекіді.Өлкедегі әлеуметтік экономикалық өзгерістер, Қазақстанға Одақтас республика дәрежесін беру, мәдени құрылыстағы, халық ағарту ісіндегі және ғылымдағы табыстар тоталитарлық жүйенің қатаң идеологиялық қыспағында өтті. міне, осының бәрі Қазақстанның КСРО құрамында болашақ даму жолын айқындап берді

20ғ. бас. Қаз\ғы саяси партиялар мен қозғалыстар. Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. Олар туған жерлеріне түрлі саяси партиялардың мүшесі болып оралды. Мыс: Верныйда- «Қара жұмысшылар одағы» (жетекшісі Жүсіп Бабаев) Сергиөпілде (Аягөз)- «Солдаттардың орыс мұсылман ұйымы» Петропавлда –«Жас арбакештер ұйымы» Жастар ұйымдары құрылып, белсенді жұмыс жүргізді: Әулиеата мен Меркеде –«Қазақ жастарының революцияшыл одағы», Ақмолада- «Жас қазақ» ұйымы, Петропавлда- «Талап» ұйымы Спасск зауытында –«Жас жүрек» ұйымы, Қазақ зиялылары құрған қозғалыстар 1905 жылы- «Алаш» қозғалысы, 1917жылы – «Алаш» партиясы. Әлеуметтік негізі капиталистік даму жолына бағыт алған зиялылар. Мақсаты қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, Автономиялық ұлттық мем-т құру. Бағыты – реформистік капитализм жолы. Жетекшісі - Әлихан Бөкейханов. Мүшелері: А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев, М. Тынышпаев, Ғ. Қарашев, С. Торайғыров, Х. Ғаббасов, Ә. Ермеков, ағайынды Досмұхамбетовтар. «Алаш» партиясы жетекшілері Қазан төңкерісін, Қазақ мемлекеттігін кеңестік негізде құру идеясын қабыламады. 1917 жылғы күз –«Үш жүз» партиясы құрылды. Жетекшісі – Көлбай Тоғысов. Мақсаты большевиктік бағыт ұстау. 1917 жыл- Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде Кадеттер ұйымы құрылды. Мақсаты: бөлінбес, біртұтас Ресей конс. Монархиясын құру, қоныстандыру саясатын құру. 1917жылғы көктем - өлкеде эсерлер ұйымы құрылды. Мақсаты: Жерді шаруаларға беру, жер бүкіл халықтың меншігі ұранын көтеру. Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптау. Ақпан төңкерісінен кейін Қазақ өлкесінде көппартиялы жүйе құрылды. Билік жолында күрескен партиялар мен ағымдар дағдарыстан шығудың алуан бағдарамаларын ұсынды.

 

 

Date: 2016-05-23; view: 2544; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию