Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстандағы Ресей империясы саясатының жер мәселесіндегі отаршылдық сипаты





XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды. 1867 ж. 11 шілде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» бекітілді. 1868 ж. 21 қазан – «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» бекітілді. Бүкіл қазақ жері 3 генерал-губернаторлыққа біріктірілді. 1872 жылы бұрынғы Бөкей хандығының жері Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау приставтығы 1870 жылдан Кавказ әскери округінің басқаруына, кейіннен Закаспий облысына енгізілді. Генерал-губернаторлық → уезд → болыс → ауыл → шаңырақтар (100-200) Генерал-губернатор, уезд бастықтары, болыс бастықтары, ауыл старшындары басқарды. Сырдария басқару билігі генерал-губернатор бекіткен 3 жылға сайланатын ақсақалдарға берілді. Реформа арқылы әскери сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Сырдария облысында қазылар соты болса да әскери сотқа бағынды. Негізгі сот істеріндегі өзгеріс патриархаттық-феодалдық салттарға шек қойылды. Әрбір облыста билер сайланды. Билер және қазылар соты – ең төменгі сот буыны болды. Реформа нәтижесі. Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. 2) Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады. 3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы). 4) Отарлық басқару күшейді. 5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды. 6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды. 1886 – 1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті. 1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді. Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды. Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді.Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын. Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды.

Қазақстанның көп ұлтты құрамы өлкені үнемі әрі жүйелі түрде отарлау саясаты нәтижесінде қалыптасты. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің келіп қоныстануы патшалық билік тұсында басталып, кейіннен кеңестік жүйе тұсында жалғасын тапты. Қоныстану түрлі жағдайларға байланысты мемлекет тарапынан қолдау арқылы ұйымдасқан түрде немесе шашыранды, өз күштерімен жүйесіз түрде, қоныс аударушылардың өз еркімен немесе оларды зорлап жер аудару арқылы жүргізді. Қазақстанның көп ұлтты құрамы жер аударылған кулактармен, сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған және тарихи мекенінен қуылған халықтармен, тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендермен, одақтық ведомствоаралық биліктің ұйғаруымен және басқа келушілермен толығып отырды.

Қазақстан жеріне басқа этникалық топтардың алғаш келіп қоныстануы XVI ғасырдан бастау алды. Бұған дейін де Алтын Орда мен Орыс мемлекетінің арасында болып тұрған екі жақты барыс-келістердің болғаны белгілі. Ал орыс-казактық отарлау Украинадан, Ресейдегі басыбайлылық қанаудан қашқан шаруалардың казак еркін жұртына қосылып, Жайық пен Ертіс өңіріне келуінен басталады. Бұл басыбайлылық құлдықтан қашқан «еркін адамдар» (казактар мен татарлар) жаңа жерлерді игеру мақсатында келіп, біртіндеп дербес қауым ретінде қалыптаса бастайды.

Славяндық және түркілік тегі аралас казактар I Петр тұсында XVIII ғасырдан бастап орыс мемлекетіне түпкілікті бағынды. Осы кезден бастап казактар Ресейдің геосаяси стратегиясын жүзеге асыруға белсене қатысады.

Жергілікті халықтардан тартып алынған ұлан-байтақ жер иеліктерін, балық аулайтын сулы-нулы өңірді, тұз және басқа кәсіпшілікті уысында ұстай отырып, әр түрлі артықшылықтарға ие болған казактар империя шебіндегі патшалық тәртіптің сенімді тірегі болды. Тарихтың қатал шындығы казактардың қаналған халықтың ұлт-азаттық қозғалыстарын аяусыз басып-жаншитын патшалықтың екпінді күшіне айналғандығын айғақтайды.

Қазақстан аумағында құрылған Орал, Орынбор, Сібір және Жетісу шептерінің казактарына Оралдың, Солтүстік Қазақстанның, Ертістің және Жетісудың ең құнарлы, шұрайлы жерлері бөлініп берілді. Қазақтар осы аймақтағы қыстауларынан, жайылымдық, шабындық алқаптарынан айырылды.

Ермақтың Сібір хандығын жаулап алуы қазақ жеріне шаруа, саудагер, кәсіпкерлердің ағылуына жол ашты. Қазақстанға жалпы саны 200 мыңдай казактар келіп қоныстанды.

Казактық отарлаудан кейінгі әскери-әкімшілік отарлау кезінде тірек пункттері есебінде әскери қоныстар бой көтерді. Бұл қоныстар әскери шептерге ұласты. Бастапқы кезде әскери қоныстар Орал, Ертіс сияқты өзен арналарын қамтыды. Осындай қозғалыстың үдере жүргізілгендіғін қала бекіністерінің тез өскендігі дәлелдейді. Мәселен, бекініс есебінде 1640 жылы Гурьев қалашығы, 1613 жылы Орал бекінісінің, 1716 жылы Омбы қаласының, 1718 жылы Семей, 1720 жылы Өскемен, 1752 жылы Петропавл қалаларының, 1735 жылы Орынбордың негізі салынды. Осылайша XVIII ғасырдың орта тұсына қарай әскери бекіністердің ұзын дәлізі қалыптасты. Содан кейін де өлкенің ішкі аудандарында тұрақты әскери бекініс құрылыстары жүргізілді. Орта және Ұлы жүз аумағындағы XIX ғасырдың бірінші жартысында ашылған округтік приказдардың орталығы есебіндегі бекіністерге әскери адамдармен қатар қоныс аударушы казактар мен шаруалардың келуі үздіксіз жүріп жатты. XIX ғасырдың ортасына дейін әскери әкімшілік отарлау кезінде 100 мыңдай адам қоныс аударып келді.

Сібір әскерінің қолбасшысы, генерал Шпрингер 1763 жылы казактардың тұз шығару, отын тасу, пошта жүргізу, баржаларға жүк тиеп-түсіру, мал бағу, жер жырту, қол диірмен тарту, қамалдар құрылысын жүргізу және оны жөндеу сияқты барлық жұмыстарды атқаратындығын айта келіп, Сібір казактарының санын және төлемақысын көбейтуді ұсынады. Олар кейбір жағдайда орыс шаруаларынан, яғни қолдан жасалған казактармен толықтырылып отырды («Выписные казаки»). Казактар мен шаруалардың көші-қон саясаты алғашында басып алынған мол аумақта берік табан тіреу мақсатын көздеді. Ал бұл міндетті тек казак қоныстары арқылы ғана толық орындау мүмкін емес еді. Сондықтан Ресей империясының әкімшілік билігін нығайту мақсатында шаруалардың қоныс аударуына кең жол ашылды.

 

 

ХІХ ғ. екінші жартысындағы Ресей мен Қытайдың халықаралық қатынастары. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қытайдан Жетісуға қоныс аударуы.

XIX ғ. екінші жар­ты­сын­да Ре­сейдің ка­пита­листік өнеркәсібі мен Қазақстан­дағы ауыл­ша­ру­ашы­лық өндірісі ара­сын­дағы қаты­нас күшейді. Са­уда және өсімқор­лық ка­пита­лы Ре­сейдің ор­та­лық гу­бер­ни­яла­ры мен Қазақстан ара­сын­дағы ғана емес, со­нымен бірге өлкенің өз ішінде де та­уар ай­на­лысы­ның өсуін шап­шаңдат­ты. Қазақ ша­ру­ашы­лығының ры­нок­пен бай­ла­нысы­ның ұлғаюына пат­ша өкіметінің са­лық са­яса­ты үлкен ықпал жа­сады. Қазақтарға ақша­лай көпте­ген са­лықтар­дың са­лынуы, олар­дың өнімдерінің бір бөлігін ры­нок­тар арқылы са­удаға са­луға мәжбүр етті. Мал мен ас­тық барған сайын та­уарға ай­нал­ды.

70–80 жыл­дарда Ре­сей­де фаб­ри­калық тоқыма өндірісінің шап­шаң өсуімен бай­ла­ныс­ты Қазақстан ба­зар­ла­рына Ре­сей­ден ма­та көп ке­летін бол­ды. Со­нымен бірге күнделікті тұрмыс­та қол­да­ныла­тын бұйым­дар (са­ма­уыр, қазан, шалғы, орақ, кет­пен, ошақ, бал­та, пы­шақ, т. б.) көтеріңкі бағамен са­тыл­ды. Қазақстан бұл та­уар­ларға айыр­басқа мал мен мал ша­ру­ашы­лығын­да өндірілетін шикізат берді. Қазақ халқы айыр­бас шар­ты­ның қан­дайына бол­са да келісу­ге мәжбүр бол­ды, өй­ткені ол өзіне қажетті та­уар­ларды еш жер­ден са­тып ала ал­май­тын еді және ша­ру­ашы­лығының ар­тық өнімдерін тиімді өткізе ал­ма­ды.

Ре­сей са­уда­гер­лері Қазақстан­да са­уда­ның жаңа түрін – жәрмеңкелік са­уда­ны енгізді. Қазақстан­дағы тұңғыш жәрмеңке 1832 жы­лы Бөкей ор­да­сын­да Хан ор­да­сы жа­нынан ашыл­ды. Кейіннен Ақмо­ла об­лы­сы Тайын­шакөл, (Пет­ро­павл маңын­да), Конс­тан­ти­новск (Ақмо­ла), Пет­ровск (Ат­ба­сар­да) және 50 ден ас­там ұсақ және ор­та­ша жәрмеңке­лер жұмыс істеді. 1848 жы­лы Қарқара­лы уезіндегі Қоян­ды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Се­мей об­лы­сы), Қарқара (Жетісу), Әули­еата (Сыр­да­рия об­лы­сы), Ойыл, Темір (Орал об­лы­сы) жәрмеңке­лері жұмыс істеді.

Қазақстан­да са­уда ка­пита­лының пәрменді түрде енуімен өлке­де са­уда­ның тұрақты фор­ма­лары: дүкен­дер, көтер­ме са­уда қой­ма­лары көбейді.

XIX ғасыр­дың 80–90 жыл­да­рын­да Қазақстан­да өсімқор­лық са­уда жап­пай та­раған кез еді. Өлке­де та­уар ай­на­лымы өскен сайын өсімқор­лықпен қатар, банк­тер мен басқа да кре­дит ме­кеме­лері бе­ретін қарыз­дардың ка­пита­листік фор­ма­лары орын ала бас­та­ды.

Қазақстан­да ка­пита­листік түрдегі са­уда-сат­тықтың күшеюі жергілікті са­уда бур­жу­азиясы­ның қалып­та­су­ына үлкен әсерін тигізді. Осы кез­де, Қазақстан­да 30дан ас­там қала­лар мен 400 ка­зак-орыс по­сел­ка­лары пай­да бол­ды. Қала­лар­да әске­ри адам­дар, құрметті аза­мат­тар мен са­уда­гер­лер, қазақ ұлықта­ры тұрды. Қала халқының көпшілігі ке­дей­лен­ген ша­ру­алар мен май­да кәсіпо­рын­да­рының жұмыс­шы­лары бо­латын.

XIX ғасыр­дың аяғын­да Ре­сей ка­пита­лис­тері Қазақстан­да өнеркәсіп өндірісін ұйым­дасты­рып, мұнда өздерінің қар­жы­ларын әке­ле бас­та­ды. Жер мен шикізат ар­зан еді, жұмыс­шы­лар­дың жа­лақысы төмен бол­ды. Мұның өзі банк ме­кеме­лерінің ашы­лып, олар­дағы ақша ай­на­лым қаты­нас­та­рын күшей­тті. 1871 жы­лы Қазақстан­да алғашқы ашылған банк­тердің бірі – Пет­ро­павл­дағы негізгі ка­пита­лы 40 мың сом бо­латын қала­лық қоғам­дық банк еді. 1875 жы­лы Таш­кент­те Мем­ле­кеттік банк бөлімшесі құрыл­ды.

Та­биғи қаз­ба бай­лықтарға өте бай Қазақстан­да кен өндіру өнеркәсібі өлкенің өнеркәсіп өндірісінің маңыз­ды са­ласы бо­ла бас­та­ды. 1896 жы­лы бір ғана Қарқара­лы уезінде 70-ке жуық шағын мыс, 170 күміс-қорғасын, 3 темір т. б. руд­никтері жұмыс істеді. XIX ғасыр­дың аяғын­да Жайық өзені мен Кас­пий теңізі жағала­уын­да ба­лық аулау кәсіпшіліктері ка­пита­листік кәсіпо­рын­дарға ай­нал­ды. Шым­кент пен Түркістан­да негізінен мақта та­залай­тын бірне­ше за­уыт істеп тұрды. Арал теңізінде, Пав­ло­дар уезіндегі Қара­бас көлінде, Орал об­лы­сы Басқұншақ кәсіпшілігінде тұз кен орын­да­ры ашыл­ды.

XIX ғ. 70-ші жыл­да­ры ішкі Ре­сей­ден Қазақстанға темір жол тар­ты­ла бас­та­ды. 1874–1876 жыл­да­ры Орын­бор темір жо­лы са­лынып, ол Торғай об­лы­сы мен Орын­борды Ор­та­лық Ре­сей­мен жалғас­тырды.

Со­нымен, ка­пита­листік қаты­нас­тардың қазақ да­ласы­на енуі өлке­де негізінен мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лысқан көшпелі және жар­ты­лай көшпелі ха­лықтың пат­ри­ар­халдық-фе­одал­дық қаты­нас­та­рының ыды­рау про­цесін же­дел­детті. Ел­де өнеркәсіптің жаңа са­лала­рын ту­ын­да­тып, қоғам­дық еңбек бөлінісіне және жұмыс­шы та­бы кадр­ла­рының шығуына се­бебін тигізді.

Date: 2016-05-23; view: 1643; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию