Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Білқайыр хандығы мен Ноғай ордасының пайда болуы және этносаяси тарихы





XIV ғасыр­да Ор­да-Ежен мен Шай­ба­ни ұрпақта­ры иелігіндегі ұлыс­тар мен ру-тай­па­лар Ақ Ор­да мем­ле­кетінің құра­мын­да бол­ды. Мұнда Ор­да-Ежен мен Тоқа Темір әулетінен шыққан хан­дар билік жүргізді. Осыған қара­мас­тан Шай­ба­ни ұрпақта­ры өз иелігіндегі билігін сақтап қал­ды. Ал XV ғасыр­дың 20- жыл­да­рының аяғына қарай Шыңғыс ұрпақта­ры мен көшпелі түрік шон­жарла­рының қиян-кескі күресінің нәти­жесінде билік Ор­да-Ежен мен Тоқа-Темір мұра­гер­лерінен Шай­бан ұрпақта­рына ауыса­ды. Оған Ақ Ор­да­ның әлсіреуі мен құлды­ра­уы, оның соңғы ха­ны Ба­рақтың 1428 жы­лы қаза та­буы се­бепші бол­ды. Бұл кез­де Ақ Ор­да­ның жерінде бір-біріне тәуелсіз екі са­яси бірлестік нығай­ды. Олар­дың біріншісі – Жайықтан және оның ба­тысы­на қарай Еділге дейінгі жер­лерді қам­тыған Ноғай Ор­да­сы. Ал Жайықтың шығыс жағын­да Ырғыз, Елек, Торғай, Са­рысу бойын­да, То­был мен Есілдің жоғарғы ағыс­та­рына Шай­ба­ни ұрпақта­ры иеліктерін жүргізді. Олар: Арал­дан солтүстікке қарай Шай­ба­ни әулеті Жұма­дық хан­ның ұлы­сы, Шай­ба­ни әулетінің екінші бір тұқымы Мұста­фа хан Ат­ба­сар­да, үшінші бір тұқымы Махмұд Қожа То­был­да. Маңғыт Ке­пек би мен Ада­бек Бүркіт Ба­тыс Сібірдегі Ту­ра өңірінде билік ет­кен. Жаз­ба та­рихи де­реке­тер­де бұл фе­одал­дық иеліктер Көшпелі өзбек­тер хан­дығы деп те аталған. Бұл ұлыс­тардың ара­сын­да жер үшін, билік үшін ешбір тоқта­усыз, қиян-кескі ұрыс­тар үнемі бо­лып тұрған. Осы та­лас-тар­тыстың ба­рысын­да Жо­шының Шай­бан ұрпағынан та­раған Дәулет-Шай­хоғылы­ның ба­ласы 17 жа­сар Әбілхайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жы­лы Ба­тыс Сібірде Ту­ра (Тю­мень) қала­сын­да хан бо­лып жа­ри­ялан­ды. Оны Шай­ба­ни ұлы­сына кірген ру­лар мен тай­па­лар­дың 200-ге жуық ірі өкілдері қол­даған.

Халқының құра­мына Ақ Ор­даға кірген түрік және түріктен­ген түрік-моңғол тай­па­лары жат­ты. Олар­дың бас­ты­лары: қып­шақ, най­ман, қият, маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, ұйылын, шын­бай, күрлеуіт және тағы басқала­ры. Бұл тай­па­лар тілі, ша­ру­ашы­лығы, мәде­ни­еті және тұрмы­сы жағынан ту­ыс­тас тай­па­лар. Сон­дықтан олар «өзбек» де­ген ат­пен са­яси жағынан бірге аталған. Оның иелігі Ноғай Ор­да­сының шығыс бетін, ба­тыс­та – Жайыққа, шығыс­та – Балқашқа дейінгі, оңтүстікте – Арал теңізі мен Сыр­да­ри­яның төменгі ағысы­на, солтүстікте – То­был мен Ертістің ор­та ағысы­на дейінгі жер­лерді қам­ты­ды.

Әбілхайыр басқарған 40 жыл­дай уақыт ішінде (1428–1468 жж.) елдің са­яси жағдайын­да тұрақты­лық пен ты­ныш­тық бол­ма­ды. Жо­шы әулеті – оның ішінде Ибак-хан, Бе­реке-сұлтан, Ұрыс хан­ның ұрпақта­ры Жәнібек пен Ке­рей тағы басқала­ры – Әбілхайырға үнемі қар­сы шығып отыр­ды. Әбілхайыр хан өзінің жа­улаушы­лық әре­кетін XV ғасыр­дың 30-шы жыл­да­рынан бас­тай­ды. Ең әуелі ол То­был бойын­да Шай­бан ұрпағы Махмұд Қожа хан­ды талқан­дай­ды. Ол Ал­тын Ор­да­ның әлсіреуін пай­да­ланып, Еділ бойын­дағы көпте­ген жер­лерді ба­сып ала­ды. Өзінің ор­та­лығын Ту­радан Ор­да-Ба­зарға көшіреді. 1430 жы­лы аз уақыт Хо­резмді ба­сып алып, Үргеніш қала­сын то­най­ды. 1446 жы­лы Әбілхайыр өзіне қар­сы бо­лып жүрген күшті шон­жарлар­дың бірі – Мұста­фа хан­ның әскер­лерін талқан­дай­ды. Сол жы­лы Әбілхайыр хан Сыр­да­рия өзені мен Қара­тау ба­урайын­дағы Со­зақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қала­ларын ба­сып алып, Сығанақты өз хан­дығының ас­та­насы­на ай­нал­дырды.

Әбілхайыр­дың Сыр бойын­дағы қала­лар­ды ба­сып алуы ағайын­дас Шай­ба­ни ұлы­сы мен Ақ Ор­да ұлы­сы ру-тай­па­лары­ның ара­сын­дағы қырғи-қабақ қаты­нас­тарды одан әрі ши­еленістіре түсті. XV ғасыр­дың 50-ші жыл­да­ры Әбілхайыр Мәуере­нахр­дағы Темір ұрпақта­рының ішкі тар­ты­сына ара­ласып, Са­марқанд пен Бұха­раға та­лау-то­нау жо­рықта­рын жүргізді. Соғыс­тар ба­рысын­да Әбілхайыр қан­ша жер­лерді қосып алғаны­мен, хан­дық ішінде са­яси берік бірлік бол­ма­ды, әле­уметтік-эко­номи­калық қай­шы­лықтар күшейді. Ірі фе­одал­дық топ­тар, ру ба­сыла­ры, сұлтан­дар оны қол­да­мады, қар­сы шығып отыр­ды. Әбілхайыр мем­ле­кетінің ішкі әлсіздігі, Шыңғыс әулеті ара­сын­дағы тоқта­усыз қырқыс­тар, көшпелі ру­лар мен тай­па­лар сұлтан­да­рының өз ал­ды­на бөліну­ге ұмты­луы 1456–1457 жыл­дардағы Әбілхайыр­дың Үз-Темір-Тай­шы басқарған ой­рат­тармен Сығанақ маңын­дағы шайқас­та күй­ре­те жеңілуіне алып келді. Ол Түркістан­дағы та­лан-та­ражға түскен қала­ларын тас­тап, Дешті-Қып­шақ да­ласы­на ке­туге мәжбүр бол­ды. Тек 60-жыл­дардың ба­сын­да ғана Әбілхайыр Сыр­да­рия бойын­дағы бұрын өзі жа­улап алған қала­лары­на қай­та орал­ды. Осы жер­ден Әбілхайыр 1468 жы­лы Моғолс­танға қар­сы жо­рыққа кетіп ба­ра жатқан­да ке­нет­тен қай­тыс бол­ды.

Ішкі және сыртқы қай­шы­лықтар­дың ши­еленісуі, бітпейтін фе­одал­дық соғыс­тар мем­ле­кеттің шаңырағын шайқал­тып, Әбілхайыр хан­дығының ыды­рап та­ра­уына ұрын­дырды. Сөйтіп Шай­бан әулетінің Шығыс Дешті Қып­шақтағы билігі тоқта­ды. Көшпелі өзбек тай­па­лары­ның бір бөлігі XVI ғасыр­дың бас кезінде Мәуере­нахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалып қойған ру-тай­па­лар қазақ хан­да­рының қол ас­ты­на кірді. Темір ұрпақта­ры өкіметінің әлсіре­генін пай­да­ланып, Шай­ба­нилер Ор­та Ази­ядағы өкімет билігін ба­сып ал­ды.

Ноғай ордасы

Алтын орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттің бірі-Ноғай ордасы. Ол 14- 15 ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты.Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі,әскерінің қолбасшысы,Жошы ханның немересі,(1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамвндағы рулар Касспий маңына қоныс аударып,Ноғай елі атанды. Ноғай ордасының негізін салушы-Әмір Едіге (1395-1419).Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411),ұлы әмір атанған».Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған,Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады.Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып,Ноғай ордасы Алтын Ордадан 15 ғ.ортасында бөлініп,дербес мемлекет болды.Аумағы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы- Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды.Халқы- маңғыт,қыпшақ,қоңырат,арғын,қарлұқ,алшын,тама және т.б сияқты түрік тайпалары.Ноғай ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды,оған енген тайпалар 15ғ.аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады. Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қадыптасып,бір орталыққа бағынған өкімет болды.Орда билеушісі-хан.Ұлыс басында мырзалар тұрған,олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп,ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген.Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп-қонып,алым-салық төлеп отыруға,соғыс жорықтарына қатысға міндетті болған.Орданы Едіге ұрпақтары басқарды.Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік,әскери,елшілік билік, князьдің қолында болды.Ордада жорыққа Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды.Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі,Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты.Ноғайлар тарихы,әсересе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын,Ембі мен Сырдарияның арасында көшіп ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құрдаласып байланысып жатқан.Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай Ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырды.Ноғайлардың солтүстік шығыстағы өріс қоныстары Сібірге дейін созылып жатады,ал оңтүстік шығыста олар кейде Сырдария бойында Арал теңізі жағасында көшіп жүрген.Олардың билеушілері Уақас би маңғыт,Мұса мырза,Жаңбыршы және басқалары Әбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға жәрдемдеседі.Кейін ноғайлар қазақ хандарымен соғысса, енді бірде татуласып одақ құрып отырған Ш.Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атаған.Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы атанған. 16ғ. Ноғай ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық,саяси байланысы дамыды.16ғ.2 жартысында Ноғай Ордасы ыдырап еліге Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) және Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлнді. Осы тұста ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына соның ішінде Кіші жүз құрамына енді.Осылайша Ноғай Ордасы мекендеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды

 

Date: 2016-05-23; view: 1575; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию