Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Металдардағы токтың табиғаты





Металдардағы электр тогы дегеніміз – еркін электрондардың реттелген қозғалысы, яғни кристалл торындағы иондармен байланыспаған электрондардың қозғалысы.

Металдағы ток тасымалдаушылар – электрондар. Классикалық жуықтауларда бұл электрондарды электрондық газ деп қарастырады. 1 см3 көлемдегі бір валентті металдағы өткізгіштік электрондар саны

,

мұндағы: - Авогадро саны, - металдың атомдық салмағы, - оның тығыздығы. Шамамен болады.

Электрондардың еркін жолының орташа ұзындығы металдың кристалл торының периоды шамасындай болады. Металдағы еркін электрондардың реттелген қозғалысы сыртқы электр өрісінің әсерінен болады. Бұл жағдайда пайда болатын ток тығыздығы

,

мұндағы: - бірлік көлемдегі өткізгіштік электрондар саны, - электрондар заряды, - олардың реттелген қозғалысының орташа жылдамдығы.

Әрбір электронға -ге күш әсет етіп, ол -ге үдеу алады. Сондықтан еркін қозғалысының соңындағы электронның жылдамдығы:

Электрон кристалл торға соқтығысуларының арасында бірқалыпты үдемелі қозғалатын болғандықтан, оның қозғалысының орташа жылдамдығы ең үлкен жылдамдығының жартысына тең болады, яғни:

Электронның бағытталған қозғалысының орташа жылдамдығы электр өрісінің кернеулігіне тура пропорционал болады:

мұндағы: - электрондардың қозғалғыштығы деп аталады, өлшем бірлігі .

Орташа жылдамдықты ток тығыздығы өрнегіне қойсақ, алатынымыз:

Осы өрнекті дифференциал түріндегі Ом заңымен салыстыра отырып, металл өткізгіштің меншікті кедергісінің формуласын аламыз:

Тармақталған тізбек үшін Кирхгоф ережелері

Күрделі тізбектегі токты анықтау үшін жалпыланған заңдар болуы қажет. Бұл заңдылықтар түріне зарядтың және энергияның сақталу заңының салдары ретінде неміс физигі Кирхгоф ашқан заңдар немесе ережелер жатады.

Кирхгофтың 1-ережесі түйіндерге қатысты оған келетін ток пен одан шыққан ток арасындағы байланысты қарастырады. Тармақталған тізбек деп аталатын тізбекте түйіндерден үштен кем емес өткізгіштер тоғысатын кез-келген нүктені айтады. Тұрақты токты қарастырғанда түйінге қанша заряд ағып келсе, сонша заряд ағып кету керек. Түйінге кіретін токтарды оң, түйіннен шығатын токтарды теріс деп есептеледі.

Кирхгофтың 1-ережесі:

Түйінде тоғысатын токтардың алгебралық қосындысы нольге тең.

Кирхгофтың ІІ-ережесі:

Кез-келген тұйық контур үшін электр қозғаушы күштерінің алгебралық қосындысы ток күшінің кедергіге көбейтіндісінің алгебралық қосындысына тең болады.

 

Date: 2016-05-18; view: 2637; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию