Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







XX ғасырдың басындағы ағартушы-демократтардың философиялық ой-пікірлері





XX ғасырдың басындағы аласапыран заманда Ресей империясы терең күйзеліске ұшырап, оның құрамындағы халықтардың ұлтгық сана-сезімі өсіп, олар өзіндік мемлекет құру, төл мәдениеті мен тілін, әдет-ғұрпын сақтап қалу мәселелерін күн тәртібіне қоя бастады. Бұл көштен қазақ зиялылары да қалысқан жоқ. Қазақ халқы XX ғ. басында өз ішінен талай-талай дарынды, өз халқының бостандығын армандаған, сол үшін жан-тәнін берген азаматтарды тудырды. Солардың ішінен ерекше түлғалар ретінде Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмұхаме-дов, М.Жұмабаевтыатап өтуге болар еді. Аталған тұлғалардың көбі өз талпынысының арқасында жан-жақгы білім алып, орыс және басқа тілдерді меңгеріп, шын шығармашылық деңгейге көтеріле білді, ал кейбіреулері Ресей жоғары оқу орындарын бітірді (Ә.Бөкейханов, Х.Досмүхамедов т.с.с.).

Кең түрде алғанда, аталған ұлы түлғаларды қазақ халқының бостандығын арман еткен ұлттық демократиялық қозғалыстынбелсенді де абыройлы жетекшілері деп бағалауға болады. Осы жолда олар «Алаш» партиясынұйымдастырып, халықтың улттық сана-сезімін оятып, өз заманының дәрежесіне көтергілері келді. Олардың бәрі дерлік 1917 ж. болған екі революцияны да қабыддап, олар қазақ еліне шын бостандық, теңдік, бақытты өмір әкеледі деп ойлады. Бірақ олардың көбі қоғамды шынайы түрде демократиялық реформаларарқылы өзгертуді қалады, 20-шы жылдардан басталған сұрапыл қантөгіс оларды қатты қынжылтты. Ұлы Мағжанға сөз берсек:

«Қыран кұстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай, алтын ана есте жоқ,

Батыр хандар, асқақ жандар үмытылды.

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ ардың,

 

Жауыз тағдыр жойды барды, не бардың...». Ақынның бұл шумақтарынан-өткенді романтизациялаумен қатар, сол кездегі халықтың аянышты жағдайын ашық та батыл көрсеткенін байқаймыз.

Оны біз А.Байтұрсынұлының мына шумақтарынан да керуімізге болады:

«Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,

Сахара көлге қонып салқындаған.

Бір өртке қаудан шыққан душар болып,

Не қалды тәнімізде шарпылмаған».

Бірақ өз өмірлерінің алдына төнген қауіпке қарамастан, халықты ағарту,оның өзіндік сана-сезіміндамыту ісін олар тоқтатқан жоқ.Өйткені олар халықтың болашағын көздеді,ертелі-кеш халық өз егемендігіне жететіне сендіжәне сол үшін қажымай-талмай, қолынан келгенінің бәрін жасады.Олар халыққа білім беру жолында мектептерде жұмыс істеп, неше түрлі оқұлық-тар мен газет-журналдарды, романдар мен өлеңдерді, пьесапарды шығарды, халықтан қалған тарихи мұраларды зерттеп, жарқын болашақты жақындату үшін, барлық қолдан келгенді жан аямай жасады. Оны біз Ахаңның мына жолдарынан байқаймыз:

«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса, ұқпасын - жабықпаймын:

Ел бүгіншіл, менікі - ертеңгі үшін»(қараңыз: Қазақ тілі мен әдебиеті, 1993, № 4, 3 б.).

Ақырында, бәрі де халық азаттығы жолында сол қандыбалақ надан «мырқымбайлардың» оғына шалынып, құрбан болды.

Енді олардың философиялық көзқарастарына келер болсақ, негізінен, әңгіме саясижәне құқтық философиятөңірегінде өрбімек.

XX ғ. ғұлама ойшыл, саясаткер А.Байтұрсынұлы (1873-1937 жж.)кейпі бүкіл сол кездегі үлттық-демократиялық ағымда-ғы тұлғалардың бәрін бейнелегендей. Оқұлықтың көлеміне бай-ланысты, осы ғұламаның еңбектерін көрсету арқылы оқырманнын сол кездегі ой-пікір жөніндегі түсініктері қалыптасар деген ойдамыз.

Халықтың Жаңа дәуір келген кездегі аянышты да мұңды ахуалын терең ойға салып, оның бостандығынан айырылған себептерін ойшыл халықтың негізгі бөлігінің су қараңғылығы мен надандығынан, ұйқылы-ояу салғырттығынан, жоғарғылардың сатқындығы мен іріп-шіруі, патша өкіметіне ой-қамсыз беріліп қызмет етуінен т.с.с. себептерден көрді. Олай болса, көп уақыт «ұйқыда жатқан» халықты ояту керек,ол ушін басқа амал болмаса, оны «маса» сиякты шағу керек, ал М.Дулатовқа келсек, ол тіпті «Оян қазақ» деген ашық ұран тастаған болатын.

Мұндай жағдайда халықтың бостандыққа жетуі—алыста жатқан, стратегиялық мақсат-мұрат, ал сол кездегі нақтылы-тарихи жағдайға байланысты Ресей мемлекетінің шеңберінде Қазақстанның автономиялықдәрежесіне, өзін-өзі басқарумумкіндігіне жетіп, халықты ағарту,мәдениеггі жанартуарқылы көптен бері созылған халықтың ауруы қараңғылық пен еріншектік, енжарлықтан құтқарумақсатын қойды.

А.Байтурсынұлының ойынша, ондай жаңару жолына жетудің негізгі жолы - демократиялық үрдістідамыту, адам құқтарынсақтау, «Мемлекеттің Думаның» мүмкіншіліктері қандай шолақ болса да, бәрін заңды жетілдіруарқылы жету деп есептеді. «Тағы да халық соты жөнінде» деген «Қазақ» газетінде 1911 ж. жарық көрген еңбегінде ол «Сайлау» деген ұғымның мән-мағынасын егжей-тегжейлі талдайды: ол рулардың,я болмаса қалталылардыңарасындағы тартыс емес. Өкінішке қарай, қарапайым халық дәл солай деп ойлайды. Соның нәтижесінде билікке тайыз, арсыз адамдар өтіп кетеді де, ойларына не келсе соны істеп, пара алып, жемқорлық жолына тұседі. «Сондықтан халық сотына сайлағанда білімді, таза, әділетті, халыққа адал қызмет ететін адамдарды таңдай білу керек», - деп қорытады ұлы ойшыл. бұл ойдың біздің қазіргі өмірімізге де тікелей қатынасы барын оқырман айтпай да тұсінетін болар.

Қазақ жерін қазынаға өткізіп, одан жері жоқ орыс шаруаларына жер беруге байланысты, соның нәтижесінде әлеуметтік-саяси ахуал шиеленісе түсті. Ол ахуалды ұлы жыршы Мағжан:

«Бар жерді күннен-күнге алып жатыр,

Біреулер алып қала салып жатыр.

Қырылысып өзді-өзіне қазақ сорлы,

Жерінен аузын ашып қалып жатыр», - деп ашына толғаған болатын. А.Байтурсынұлы жерді тартып алу, халық бостандығының жойылу себептеріне тоқтала келіп, көп жағдайда халықтың зардап шегуі оның надандығы мен заңдағы белгіленген өз құқтарын қорғай алмауындадеген тұжырымға келеді. Сондықтан ол «Қазақ жерлерін алу тәртібі» заңын егжей-тегжейлі талдап, халыққа өз құқтары қандай екенін, жерлерін заңды жолмен қалай сақтап қалуға болатыны жөнінде айтады. «Жерді жалға алу жөнінде» деген мақаласында ойшыл қазақтардың құқтық надандығымен келтелігінің нәтижесінде өз жерлерінен айырылыпжатқаны жөнінде қамыға, қиналып жазады. Әрине, мұндай ағарту жұмыстары халықтың оянуына, саяси-құқтықсанасының өсуінеөзінің пайдасын

тигізді.

Қазақ жерін отарлау барысында, мал жайылымы тарылса да, бұрынғыдай көшіп-қонып, мал бағып өмір сүргісі келген адамдарға ол жаңа ахуал өмірге келгенін, сондықтан жана шаруашылықтүрлерін игеру керек екенін айтады. Қазақтар өмір-бақи мал баққаннан кейін, кейбіреулер біз оны жақсы білеміз, басқалар ол жөнінде бізге не айтады деп лепіреді, - дейді ойшыл. «Шынына келгенде, мал шаруашылығы өте төмен деңгейде, ол тек қана үлкен жайылым бар жерлерге икемделген. Жер көлемі қысқарған сайын, оның мүмкіндігі сарқыла түсуде», - деп қорытады ойшыл (қараңыз: Ақ жол. Алматы, Жалын,1991, 237-238-6.6.). А.Байтүрсынұлының бұл ойы осы уақытқа шейін өз маңызын жойған жоқ. Бүгінгі XXI ғ. басындағы қазақтың қойларының салмағы жақын арада қоянмен теңелетін болар, өсудің орнына құрып бара жатыр емес пе? Қазіргі тілмен айтқанда, әкстенсивтік шаруашылық формаларын интен-сивтікке аудармай, қазақ қоғамы басқа халықтармен терезесі тең қоғамға айналуы екіталай, - деп қорытады ұлы ойшыл. Бүгінгі таңдағы тоқтап түрған көп өндіріс орындары осы ойды дәлелдейді. Егер біз тіпті жанкешті талпыныспен соларды іске қосып, қаншама энергия, шикізат, адам еңбегін жүмсағанның өзінде, ондағы ескі технологиялардың негізінде жасалған тауарларды кім алар екен? Сондықтан бүгін де, ғасырдың басындағы сияқты, жаңа технологияларды тезірек игеру мәселесі күн тәртібіндегі ең өзекті нәрсе емес пе?!

Қазақ өмір салтының күрт өзгеру барысында халықты аман сақтап қалу, оның саны мен күш-қуатын өсіру мәселесін талдаған да осы ағартушылар болды. М.Жүмабасв, М.Дулатов сияқты зиялылар оның тетігін қазақ әйелдерінің эмансипациясымен (теңдігімен) тығыз байланыстырады. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романдарында, М.Жумабаевтың көптеген өлеңдерінде қазақ әйелінің аяныіпты жағдайы шынайы да нанымды суреттелген. Әрине, бүгінгі таңда қазақ әйелі - шынайы тең құқты қоғамның мүшесі. Сонымен қатар «ұлттық дәстүрді» сақтап, «мұсылмандық жолына» тұсіп, еркектерге көп әйел алуға заңды жол ашу керек деп лепірген надандар да біздің қоғамда жоқ емес.

А.Байтүрсынұлы халықты сақтап қалу мен оның санын өсірудің негізгі жолдарының бірі - сайын далада кең етек жайған жұқпалы аурулармен күрес деп біледі. «Ол үшін ғылыми білімі бар кәсіби дәрігерлердің көмегі қажет, неше түрлі халықты алдайтын бақсы балгерлерден бас тарту керек. Қоғам өмірінде кең тараған аурулар жөнінде қызықты да қысқа көлемді кітапшалар жазылып, халық арасында таратылуы қажет», - дейді ұлы ойшыл. Бүгінгі өтпелі қоғамдағы халықтын ауыр жағдайына байланысты туберкулез бруцеллез т.с.с. жұкпалы аурулар тағы да бас көтерген жағдайда, демократиялық үрдісті пайдаланып, медицина жөнінде куңгірт «білімі» бар мыңдаған жаңа бақсы-балгерлер пайда болды емес пе? Ол алға жылжу ма, әлде кері кетушілік пе, оны оқырман өзі-ақ шешер.

Ұлттық демократия бағытын ұстаған ойшылдар қоғам жаңаруы, түлеуінің қайнар көзін ұлттық интеллигенциядан (зиялылардан)көрді. Сондықтан А.Байтурсынұлы зиялыларды бірлікке, олардың білімі мен жалпы мәдениет деңгейін көтеруге шақырады. Қазақтардың ұғымында адамның екі тілсіз жауы бар, ол - от пенен су, - дейді ойшыл. Үшінші жау, оның ойынша, зиялылардың арасында кең тараған-«менмендік», «көреалмаушылық», «алыс-тартыс», «бірліктің жоқтығы», «сатқындық» т.с.с. Шенді қуып, патша қызметшісінің жарқыраған түйме мен жапсырмасына ие болуға тырысу, өз халқына тәкаппарлықпен қарау, пара алу сияқты жоғарыдағылардың теріс қылықтарын ақын қатты сынға алады (Ақ жол., 213-6.). Ол зиялыларды халық мүддесінежан аямай, ізгі ниетпен адал қызмететуге шақырады. Зиялылар дүниежүзілік цивилизацияның қол жеткізген ғылым мен техника жетістіктерін игеріп және оларды мыңдаған жылдар бойы жиналған халықтың рухани байлығымен үйлесімді ұштастыруы керек. Бұл үндеу бүгінгі күнде де өз мән-мағынасын жойған жоқ сияқты.

Патша үкіметінің отарлау мен орыстандыру саясаты кеңес заманында да өз жалғасын тапты. Көреген ойшыл ол халықтың өз-өздігін (идентифиқация) жоғалтуқаупін тудыруын байқап, оғақ барлық жан-тәнімен қарсы тұрды, халықтың ана тілі мен руханиятын дамытуға барынша атсалысты.

Сонымен қатар ол екінші қауіптіда көре білді. Ол қауіп қоғам жүйелі түрде түбегейлі өзгерістерге түскен кезде, Жаңа дәуірдіңқойған талаптарынанжасқанған ұлттық сана-сезім өзін сақтап қалуды автаркиалық (өзіне-өзі жеткілікті)бағыттан көруге тырысуы, сол себепті өне бойы өткен «батырлық заманды» көксеуі, оны асыра бағалауы.








Date: 2016-05-18; view: 391; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.012 sec.) - Пожаловаться на публикацию