Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсініктер





Басқа халықтардың философиясы сияқты отандық философия да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздардан бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар, өйткені өне бойы көшіп-қонып жүрген халыктың бір ғана байлығы болды - ол оның тілі, бабалардан келе жаткан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа ғана жарык көріп, философиялық тұрғыдан талдануда.

Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние, Негізінен, жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бак, құт пен зардап, жарық пен караңғы, жылы мен суық т.с.с.

Аспанға көз жіберген ежелгі түрік бабаларымыз оны Тәңір Жаратқан әлеміне жатқызған. Адамдар мен басқа тіршілік өмір сүріп жатқан дүние - ол Жер мен Су әлемі, ал өлгендерің паналайтын орны - ол Жерасты әлемі. Білге қаған мен Күлтегіннің құрметіне тасқа ойылып жазылған ескерткіште Дүние былайша суреттеледі: «Биікте көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасынан адам баласы жаратылған...»

Тәңірге, Жер-Суға табынудың пайда болуы адамда әуелде калыптасқан айнала коршаған ортаға деген, бір жағынан, тәуелділік, табиғаттың стихиялық күштерінен үрейлену, екінші жағынан, ризашылық сезімдермен байланысты болса керек, өйткені олардың түсінігінше, бұл құдайлар қарапайым адамдарға қамқорлықпен караған, ауыр кезеңдерде оларға балық пен жануарларды, жабайы өсімдіктердің жемістерін сыйлаған.

Сонымен қатар көне түріктердің нанымында ерекше орынға ие болған Әйел Құдай - Ұмай болды. Ол үйдің, шаңырақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушісі, содан кейін өнердің қолдаушысы болған. Ұмайға монғолдардың Этуген құдайы сәйкес келеді. Кейбір ғалымдар Ұмайды ежелгі Үнді кұдайы Ұмамен салыстырады, ол да Ұмай сияқты міндеттерді атқарған. Ұмай деген сөздің өзі «бала орны», «ана құрсағы» сияқты ұғымдарға сай келеді. Тұқым тарату Құдайы болып табылатынҰмай балалардың тууында, олардың тағдырында аса маңызды рөл атқарады. Тувадағы Ұйық өзенінің бойынан табылған түрік ескерткішінде былай деп жазылған: «20 жасымда мен еліммен, туыстарыммен, қаруыммен, ерлік даңқыммен қоштастым. О, Ұмай ана! О, менің сүрген өмірім! Мен сендерді тастап кетіп барамын, туыстарым». Жас жігіт майдан даласында өліп бара жатып, өзінің осы өмірдегі соңғы сәтінде Ұмай анаға, шаңырақ қорғаушысына өзі өсіре алмаған кішкене балалар алдындағы кінәсін, туысқандарының артқан үмітін ақтай алмағанын айтады. Мұның өзі туыстық байланыстардың, отбасының, ру мен тайпаның қадір-қасиетінің зор маңыздылығын көрсетеді.

Аңшылар мен малшылар әлемін әрқилы аңдар, жан-жануар, хайуанаттар жайлап, әртүрлі заттар мен өсімдіктерге, жануарлар құдіретіне Тәңірдей сиыну елеулі орын алған. Түріктер өзінің тотемі ретінде әсіресе қасқырды ең жоғары орынға койған. Бұл аңның тотемдік сипаты өз көрінісін түрік қағандарының патшалық рәміздерінен тапты: олардың туларында қасқырдың алтындаған басы бейнеленген. Ал олардың жеке корғаушыларын «бөрілер» деп атаған.

Бұл жануардың көне түріктердің негізгі тотеміне айналу себебі сол көшпенділік өмір салтына байланысты болса керек. Өйткені қасқыр жыртқыш аң ретінде малшылардың бақкан табынынан онша алыстамаған, үйірдегі әлсіреген, ауру жануарларды қырып отырған, ал малшылардан аса сақтықты, кырағылыкты талап еткен. Кім біледі, біздің арғы бабаларымыздың «сақ» деген атының өзі осындай себептермен байланысты болуы мүмкін. Өзінін күнбе-күнгі өмірінде жиі кездесетін аң болғаннан кейін, малшылар оның мінез-кұлқын терең зерттеп, онын батылдығы мен қатар сақтығына, шыдамдылығына, айла-амалына, үйірлік өміріне т.с.с. қасиеттеріне карап қайран қалып, соларды өз бойынан табуға тырысқан. Өзінің «қасқыр мінезділігінің» арқасында қазақ халқы трагедияларға толы тарихында «мың өліп, мың тірілсе» де, көп көшпенділер сияқты жойылып кетпей, міне, бүгінгі таңда өзінін дербестігіне қолы жетіп, жаңа өмірге ұмтылу үстінде. Бүгінгі таңдағы біздің қасқыр бейнесін ысырып тастап, «ортаазиялық барысқа» еліктеуіміз жоғарыда айтылған тұрғыдан карағанда, біздің жаңа өмірге деген ұмтылысымыздың символы болса керек. Бірақ барыс басы бірікпейтін, қысқа қашықтыққа секіргенмен, алысқа шаба алмайтын аң екенін ұмытпағанымыз да жөн болар.

Ежелгі түріктер жер не су, тау не орман болсын, табиғаттың әрбір бөлшегінде киелі күштер бар деп есептеді. Қазақтардың бүгінгі күнге дейін ағашқа, баска да нәрсеге жыртыс байлауы, «киелі, қасиетті жер» деп санауы ислам дінінің ғұрпына жатпайды, бұл — сонау көне заманнан бері келе жатқан архаизмдер.

Ежелгі түріктер үшін кайырымды рухтар - ата-баба рухтары (аруақтар) болды. Оларға сиынып, ақ мүйізді, аша тұяқ сиырды, ақсарыбас қошқарды, ақ қойды және табынындағы алғашқы төл басын құрбандыққа шалды. Егер адам өлсе, оның аруағына арнап, арнайы қырық күн от жағылды, өлікті жерлегенде онымен бірге үй заттарын, тағамды бірге жерледі т.с.с.

Қазақ халқының үғымында аруаққа сену өте жоғары, қысылған кездерінде әр уақыт аруақты шақырып, кұрбандык шалып, сәті түскен іс болса аруақтың көмегі деп білді. Өлген ата-бабаларын түсінде көрсе, «аруақ колдайды» деп жориды. Аруактың басына барып түнейді, оларға арнап мал сойып тілек тілейді. Мысалы, «Шора батыр» поэмасында шешесі Шораның әкесіне: «Түйеден -нар, жылқыдан - айғыр, сиырдан - бұқа, қодан-қошқар алып, бала тілеуге барайық», - дейді. Қобыланды және Алпамыс жырларында Да олардың ата-аналары бала тілеп, «әулие қоймай қыдырып, етегін шеңгел сыдырып» жұрген кезде, Баба-түкті Шашты-эзиз олардың тілегін орындайды.

Көне бабалар «киелі» және оған карсы «кесір» деген ұғым, дарға өте жоғары маңыз берген. Өздерінің жартылай көшпелі тұрмысындағы пайда келтіретін әртүрлі заттарға ерекше күш таңады.

Адамдар әдет-ғұрыптарды сақтап отырса, олардың басына байлық-бақыт орнап «құт» қонады. Ал әдет-ғұрыптар сақталмаса, онда кедейлікке ұшырап, кырсыққа шалдығады, яғни кесірге айналады. Сонымен бірге «қызыр» немесе «қыдыр» деген қасиет үлкен орын алады. «Қыдыр дариды, бақ конады, ақыл барлығына басшылық етеді» деген нақыл сөздерді осы уақытқа шейін естуге болады. Енді көне бабаларымыздың алғашқы философиялық тебіреністеріне тоқталуға уақыт келген сияқты.

Қазақ топырағында калыптасқан философиялык ойлардың кұрамдас бөлігі ретінде, осыдан 2,5 мың жыл шамасында бұрын өмір сүріп, көне грек ой-өрісінде өзінің өшпес ізін қалдырған Анахарсисті (Анарыс) айтуға болады. Тарих атасы Геродот Анарыстың қара теңіздің солтүстік жағалауын жайлаған тайпалардан шыққаны жөнінде айтады. Оның айтуына қарағанда, ол өнер-білімге кұмар, өз Отанының әдет-ғұрпын жетік білген, дүниенің сырын білмекке ұмтылған атакты адам болса керек. Біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырында өмір сүріп, ел басқарған атақты Майқы-би бабамыз Анарыстың өсиеттері деп, ел билеудің жолдарын айтып отырады екен деген аңыз халық жадында сақталған.

Диоген Лаэртий деген көне грек заманындағы атақты философия тарихшысы Анахарсистің Афинадағы Солон патшаға алғаш келіп танысып, дос болғаны жөнінде мынандай аңызды келтіреді. «Қиырдағы скиф қаласынан ілім іздеп, ақыл-зердемді сынатып қайту үшін, Солонға келіп тұрмын. Көңілі қаласа -достыкка жараймын, пейілі түссе - қонағы боламын», - деп Солонның қызметшісінен сәлем айтады. Сонда Солон: «Есі бар ер досты өз елінен іздейді», - депті. Анахарсис мүдірместен: «Солон дәл қазір өз Отанында. Ендеше, өз елінің төрінде отырып, неліктен досыма дос коспасқа», - деп жауап кайтарыпты. Ұтымды айтылған сөздің ойлы астарына риза болған Солон Анахарсисті құшақ жая карсы алып, олар бір-бірімен дос болып кетіпті.

Грек философиясында Анахарсисті өздерінін дана жеті бабаларының біреуі деп санайды. Олар артында үлкен кітаптар қалдырмағанмен, өздерінің накыл сөздері арқылы даналыққа ие болды- Анахарсис: «Жүзім шыбығы бір шоқ ләззат, содан кейін мастық, соңында жеркеніштілік әкеледі», - деген екен. Бұл ғажап нақыл сөздің ішкі сыры әр нәрсенің өлшемін біліп, сақтауда болса керек. Оған арнап гректердің қойған ескерткішінде оның мынандай сөзі жазылған: «Тілің мен кұлқыныңды, нәпсінді ауыздықтай біл!». Бірде Анахарсис «Адамның бойындағы ең жақсы және ең жаман нәрсе не?» деген сұрақка: «Тіл», - деп жауап беріпті. Кезекті бір пікірталас үстінде, істің барысын тыңдап отырып, Анахарсис былай депті: «Элладалықтар қызық осы: мұнда сөзді ақылдылар айтады да, мәселені ақымақтар шешеді». «Элладада жарысқа өнерпаздар қатысады да, өнерсіз адамдар қазылар алқасында жүреді», — деген сөзді де Анахарсис айтқан екен. Оның ойынша, «адам мен адамның айырмашылығы - тілі мен атақ-даңкында емес, - ақылында». «Қызғаныш пен қорқақтық - ең қасиетсіз сезімдер». Грек елінің бір азаматы: «Сен жат елдің тұқымысың», - деп кемсіткенде, ол: «Мен үшін - елім қайғы, ал сен - еліңе кайғысың», - деген екен.

Анахарсис сол кезден бастап қалыптаса бастаған батыс менталитетін, нарықтық қатынастарды сынға алады: «Саудагерлер халықты ашықтан-ашық алдап жатқанда, қалайша өтірікке тыйым салуға болады».

Әсіресе бізді таңғалдыратын мәселе - Анахарсис XX ғ. пайда болған экзистенциализм философиясында койылған кейбір мәселелерді сол кезде-ақ сезініп, тебіренген. «Кімдер көп: өлілер ме, әлде -тірілер ме?» - деген сұраққа, ол: «Теңізде жүзіп келе жатқандарды кімге жатқызуға болады?» - деген қарсы сұрақты койыпты. Ол сұрақтың шын мәні - адам өмірінің нәзіктігі, оның өне бойы өмір мен өлім арасында болуы, ал мұның өзі экзистенциалдық философияның негізгі мәселесіне жатады. Біреулерден кеменің тақтайының қалыңдығы төрт саусактай екенін білген Анахарсис: «Кемешілер өлімнен төрт саусақтай қашыктықта жүзіп келе жатыр», - деген екен. Мұндай ғажап ойлар мен адам күтпейтін салыстырмалар, әрине, Анахарсистің өз заманының ғұламасы болғанын көрсетеді.

Анахарсис грек елінен тәлім-тәрбие алып, өз еліне қайта оралып, сондағы игерген білімін өз еліне қолдануға тырысады. Бірақ оның реформаторлық идеялары қалың бұқараның колдауын таппай, ақырында оны көре алмаған біреудің қанды жебесінен Қазаға ұшырайды. Соңғы демі үзілерде ол: «Эллада жерінде мені ақылым қорғап еді, өз елімде қызғаныштың кұрбаны болдым», -деген екен.

Философиялык ой-пікір бүкіл дүниежүзілік деңгейде б.зд VІІ-V ғғ. пайда бола бастаған кезде, біздің бабаларымыз да аса кемеңгер дана тұлғаны - Анарысты тудырды. Олай болса, біз сол заманнан бері бүкіл дүниежүзілік рухани көштен калмай тарихи халықтардың арасында өз орнымызды алдық. Оны біз әркашанда мақтан етуіміз керек.

Date: 2016-05-18; view: 680; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию