Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Философияның негізгі функциялары





( functio-латын сөзі,орындалу жасалу,істейтін қызметі)

Жоғарыда көрсетілгендей, философия - ғылым мен өнер салаларына ұқсас, сонымен қатар адамзаттың мәдениетінде ерекше орын алатын пән. Ол өзінің әртүрлі кырларымен қоғам мен адам өміріне жан-жақты әсерін тигізеді, бүгінгі рухани дағдарыстағы адамзатқа оның жаңа өмір бағытын іздеудегі талпыныстарьнда философияның орнын асыра бағалау қиын.

Философия Дүниеге деген адамның көзқарасынқалыптастырады. Бұл - осы пәннің ең негізгі функцияларыныңбірі.

Әрине, қайсыбір адамның да Дүниеге деген көзқарасы бар. Ол тұрпайы, фантастикалық, діни, мифологиялық т.с.с. болуы мүмкін. Ертедегі гректердің айтқанындай, адам өзінің толық кемеліне, әсіресе рухани жағынан алғанда, пісіп-жетілуі сатысына 40 жасқа келгенде келеді екен. Оны олар «акме» деп атаған. Яғни адам өмірде сол жасқа шейін шыңдалып, талай рет маңдайы тасқа соғылып, күнделікті өмірден тәжірибе қорытып, осы қоршаған Дүние, қоғам өмірі, адамдардың бір-бірімен катынасы жөнінде белгілі бір көзқарасқа келеді. Әрі қарай жүре келе, ол тіпті белгілі бір даналық сатысына көтеріліп, қартайған шағында философиядағы ашылған өмірге деген көп қағидаларды сол пәнді оқымай-ақ өз-өзіне тағы да ашуы мүмкін.

Алайда, бүгінгі таңда, қазақ мемлекеті жаңа ғана қалыптасып, өзінің күшіне кіріп жатқан уақытта, бүкіл дүние жүзіндегі халықтар мен мемлекеттерге есігімізді кең ашып жаткан шағьмызда, өз келбетімізді сақтап қалуымыз үшін (оны ғылымда идентификациядейді, біз дүниежүзілік философияны зерттеп, қазақ халқының дүниетанымы онда қандай орын алатынын анықтауымыз керек. Сонымен қатар бүгінгі адамзаттың рухани дағдарысы неде, қаншалықты биік дәрежеге ғыльм мен техника көтерілгенмен, қазіргі миллиондаған адамдар өздерін неге бақытсыз сезінеді, біз өзіміздің реформаларымызда қандай елдердің тәжірибелерін үлгі ретінде алуымыз керек және оларды өзіміздің ерекшеліктерге сай етіп пішуіміз керек деген т.с.с. сұрақтарға жауап беруіміз керек. Бұл сұрақтарға жауап жеке адам, я болмаса бүкіл қоғамның болашақ тағдырына әсерін тигізбей қоймайды. Ал олардың бәріне де терең жауап беру философия арқылы болмақ, өйткені олардың бәрі де - Дүниеге деген көзқараспен байланысты мәселелер.

Бүгінгі таңдағы еліміздегі көп қиындықтар, тіпті қателіктер, біздің өмірді жаңарту жолындағы үстірт еліктеу, қайсыбір ақиқаттың нақтылығын ұмыту, жалпы алғанда, біздің жаңа қалыптасып жатқан саяси және экономикалық элитамыздың философиялық дайындық дәрежесінің тайыздығымен, интеллектуалдық элитаға мән бермеумен көп жағдайда байланысты болып отыр. Әрине, сонымен қатар көп мәселелердің түп-тамыры біздің соңғы ғасырлардағы бодандығымызға кетеді. Бірақ оған қаншалықты сілтей береміз?

Дүниеге деген терең философиялық көзқарас әсіресе біздің жастарға керек. Өйткені жастар - елдің болашағы. Философияны терең оқып-білген адамның ғана Дүниеге көздері ашық, қазіргі адамзат өміріндегі болып жатқан шым-шытырық тартыс, қайшылықтардың мәнінаша алады. Олай болса, өз өмірінің мән-мағынасын жете түсініп, осы өмірде өзінің шынайы орнын ала алатын болады.

Философияның келесі функциясы оның әдістемелік қызметінде. Әр ғылымның саласында өзінің пәнін зерттеуде белгілі бір іс-әрекеттер, әдістемелер қолданылады. Әртүрлі әдістер жеке, жалпы, ең жалпылық (философиялық) болып бөлінеді. Әдістер жөніндегі жалпы ілімді біз методология дейміз.

Бірде-бір таным, әсіресе философиялық, қайсыбір саналы адамның іс-әрекеті белгілі бір әдістерсіз, олар арқылы соған сәйкес методологиялық түсініктерсіз болуы мүмкін емес. Жаңа Дәуірдегі философия негізін қалаушылардың бірі Ф.Бэкон адамның дүниетанудағы колданатын әдістерін қараңғыда жол көрсететін шамшырақпен салыстырған болатын. Орыстың ұлы ғалымы И.П.Павлов: «Ғылымда қолданатын әдістермен көбінесе зерттеудің нәтижелігі тығыз байланысты. Жақсы әдістер аркылы өте талантты емес ғалым да көп нәрсені ашуы мүмкін. Ал қолданылатын әдістер нашар болса, онда данышпан ғалымның өзі бостан-босқа өзінің күш-қуатын жұмсайды», - деген болатын. Француз ғалымы И.Лаплас ұлы ғылыми жаңалыққа жеткізген жолды сол жаңалықтың өзінен кем емес екендігі туралы пікір айтқан.

Философия болмыс пен ойлаудың ең жалпы формаларын зерттегеннен кейін, олардың әдістемелік қызметі объективтік шындықтың универсалды модельдерін жасау арқылы, сол тұрғыдан жеке ғылымдардың орнын, зерттеуге керек таным кұралдарын категориялар, заңдар, принциптер, ұғымдарды анықтау арқылы жүреді. Әсіресе гуманитарлық пәндерді зерттеуде философияның құндылық, өмірдегі мән-мағыналық бағытты анықтаудағы қызметін асыра бағалау өте қиын. XX ғасырдағы ғылым мен техниканың өте тез дамуына байланысты философияның әдістемелік кызметінің де мәні өсуде.

Бір жағынан, жаңа ғылым салалары пайда болып жатса, екінші жағынан, әртүрлі ғылым салаларын жақындататын «шекаралық» пәндер дүниеге келіп жатыр. Қазір адамзаттың алдында неше түрлі экологиялық, демографиялық, урбанизациялық, ғарыштық т.с.с. мәселелер тұр. Оларды шешу үшін әртүрлі жеке ғылымдардың басын біріктіріп, үлкен күрделі ғылыми бағдарламаларды жасау керек. Ал мұның өзі белгілі философиялық көзқарастың, әдістемелік принциптердің негізінде ғана іске аспақ.

Енді философия жөнінде алғашқы түсініктерді алғаннан кейін, келесі тарауда біз осы пәннің тарихи жолын зерттейміз, яғни ол - философия тарихы.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Дүниеге көзқарас дегеніміз не?

Мифологияның дүниеге деген көзқарас ретіндегі айырмашылығы неде?

Діни көзқарастың ерекшеліктері неде?

Дүниеге деген философиялық көзқарастың миф пен діннен айырмашылығы неде?

Философия мен ғылымның арақатынасы қандай?

Философияның өнерлік жағын неден көресіз?

Философия кандай рухани құндылықтарды зерттейді?

Философия мен тілдің байланысы қандай?

Философияның негізгі мәселесінің үш жағын көрсетіңіз. Философияның қандай функциялары бар?

Рефераттар тақырыптары:

Философия және миф.

Философия және дін.

Философия және өнер.

Философияның негізгі бағыттары: материализм, идеализм, реализм.

Философия - дүниеге деген ерекше көзқарас.

Философия құндылықтары және бүгінгі өтпелі қоғам.

Философияның жоғары білім саласындағы алатын орны.

Философия мен жеке ғылымдардың байланысы.

Философияның танымдағы әдістемелік қызметі.

XX ғасырдың аяғындағы адамзат тудырған жалпы мәселелерді шешудегі философияның рөлі.

Ойланыңыз:

Неміс ағартушысы Г.Лессинг: «Егер Құдай мені өзіне шақырып: «Бір қолымда Дүние жөніндегі толық ақиқат, екіншісінде ақиқатқа деген іңкәр бар. Қайсысын таңдап аласың?» - десе, мен: «О, Жаратқан, бүкіл ақиқаттың иесі сенсің, маған тек сол ақиқатқа іңкәрлікті берсеңіз болғаны», - дер едім» - дейді. Осы көркем сөзбен берілген ойды сіз қалай түсінесіз?

«Ешкім де философияны жастық шағында ысырып тастап, қартайғанда одан шаршамасын. ... философия жасқа да, кәріге де керек, біріншіге жастық жігерді болашақ алдындағы пісіп-жетілген батылдықпен ұштастыруға, екіншіге өмірдің соңында рухани жаңарып, өткенге қуану үшін» деген пікірді грек философы Эпикур айтқан екен. Бұл ойдың маңызы неде?

Француз ағартушысы Д.Дидро айтқандай, «Ең тамаша ойшылдар философиямен ғасырлар бойы айналысты. Бірақ соған Қарамастан, онда бірде-бір дау туғызбайтын пікір жоқ». Неге олай?

«Өткен және болашақ замандардағы қасіреттерге философия жоғарыдан қарағанмен, қазіргі қасіреттер философияға жоғарыдан Қарайды» деген ойды француз жазушысы Франсуа де Ларошфуко айтқан екен. Бұл ой-пікір біздің қазіргі өтпелі заманьшызды бағалағанда, қандай тебіреністерді тудырады?

«Жалғыздықтың шеңберінде өмір сүру үшін я жануар болмаса Құдай болу керек» - дейді Аристотель. Бірақ үшінші бар, ол-философ», дейді Ф.Ницше.Бұл пікірді қалай түсінуге болады?

.

Қайғы таныммен бірге басталады», - дейді француз ойшысы Ф.Камю . Сіз бұл пікірді қалай түсінесіз?

«Философия қоғамға тәуелді болмауы керек, керісінше, қоғам философияға тәуелді болуы керек»,-деген екен орыс философы Н.Бердяев.Бұл тұжырым қазіргі өтпелі қоғамдақандай ойларды туғызуы мүмкін?

 

«Егер өлім болмаса, адамдар философиямен айналысар ма еді?»-дейді неміс философы А.Шопенгауер. Оған қалай қарайсыз.

 

 








Date: 2016-05-18; view: 349; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.012 sec.) - Пожаловаться на публикацию