Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақ философиясының ерекшеліктері. Ақындар шығармашылығына беретін сіздің сараптамаңыз





азақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы ақын – жыраулардың жарыққа шығарған өлең–жырлары болып саналады. Бұлар қазақ мәдениеті мен әдебиетінің аса маңызды мұралары.15–18 ғасырлардағы қазақ әдебиетінде он екі–он үш ақын–жырау аса көрнекті орын ұстады. Олардың өлең-жырларынан халықтың өмір-тіршілігі, көңіл–күйі, салт–санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез–құлық өлшемі мен дүниеге көзқарасы, сол дәуірдің рухы бейнеленді.

Бұл ақын–жырауларды қазақ халқы ақылгөй атадай ардақтап, олардың ақыл–нақыл тұжырымдарын ынталы ықыласпен тыңдап қадір тұтады, бұл өлең-жырларда Отанды, халықты сүю, елдің береке–бірлігін сақтау, әділетті жақтау, жамандық–пасықтыққа қарсы тұру сияқты адамгершілік дәріптеліп отырды. Бұл ақын–жыраулар халықтың мұңын мұңдап, жырын жырлады.

Ақын–жыраулар халық басына келген қайғыға да, ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды.

15–18 ғасырда өмір сүрген қазақтың әйгілі ақын–жыраулары: Асанқайғы (15ғасыр), Қазтуған жырау (15ғасыр), Доспамбет жырау (1490-1523), Шалкиіз жырау (1465-1560), Тәтіқара ақын (18 — ғасыр), Үмбетей жырау (1706-1778), Бұқар жырау (1693-1778), Көтеш ақын (1745-1818), Шал ақын (1748-1819).

Бұлар өз өмірінде ұшан-теңіз өлең–жыр шығарады. Бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жеткен жоқ, бұлардың “Балдан қалған сарқыттай” біздің заманымызға жеткен ұзынды-қысқалы өлең-жырлары үш жүзге тартады.19 ғасырда қазақ әдебиеті белсене көтерілді. Бұл дәуірдегі Махамбет Өтемісұлы (1804-1846), Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жаршысы және ту көтерушісі болды, жалынды жырларымен халықты күреске үндеді. Сүйінбай Аронұлы (1827-1896), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы(1843-1906) қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар болды.

 

 

37.Қазақ философиясының ерекшеліктері. Асан Қайғы көзқарастары. Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы– мемлекет қайраткері,ақын,жырау,би,философ.Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мәселелері Асан Қайғы философиясының басты бағыттары.Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи сатыларында Асан Қайғы есімін үстемдікке, озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік символына айналдырды. Қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы",осындай ойшыл,ел қамын жеп,қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен.Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған,он сегіз мың ғаламның,құстың,жан-жануардың тілін білетін,өзі көріпкел әулие,атақты саятшы болса керек.Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді.Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқынын қамын, оның келешекте ірі де,іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да хан,сұлтан,би,бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосысады,ой-пікір жарыстырып,тайталасып ержетеді. Бозбала кезінен-ақ ол ақындық-жыраулық,шешендік,тапқырлық өнерді жете меңгереді.Ел дауын,жер дауын,әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы,алғырлығы,кесімді,шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді.Әз Жәнібек (туған жылы 1342) Бүкіл Алаш жұртын билеген,Алтын Орда ханы Асан жырау сол Әз Жәнібекпен бірге талай-талай мәселелерді басқаруға,шешуге араласады.Әз Жәнібек өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта оралады.Алайда ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі.Асанқайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. "Әз Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының, Алтын Орда болашағын жете ойламайсың деп сөгеді". Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, оның аты - "Жерұйық". Бұл елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел ал асы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген, Асанкайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады". Сөйтіп, Асан туралы аңыз "шұрайлы қоныс, нұрлы өлке - Жерұйықты таба алмапты" дейді. Ол туған жерін аттап кетпейді. Жиделібайсынды бөтен елден іздемейді, қазақ топырағынан іздейді.

 

 

38.Қазақ философиясының ерекшеліктері. Әл-Фарабидің әлеуметттік-этикалық ілімдерінің ерекшклігін көрсетіңіз Әбу Насыр Әл-Фараби ( Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби)Қазақстан жерінде,Отырар қаласында (870 - 950 ж. ж.) дүниеге келген.Жас кезінде білім іздеп,Таяу Шығыста Бағдад пен Алеппо қаласында білім алып,араб тілі мен грек тілін меңгеріп,антикалық философияны зерттейді. "Әлеуметтік-этикалық трактаттар" - ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің (870— 950) әлеуметтік-этикалық мәселелерге арналған шығармаларының жинағы. Оларда әл-Фараби қайырымдылық, ізгілік, ар-ождан,даналық, кішіпейілділік секілді қасиеттерге философиялық тұрғыдан өз көзқарасын білдіреді. Бақыт және оған жету жолдары туралы айтады. "Адам өмірінің мақсаты бақытқа жету болғандықтан, ең алдымен оның не екенін ұғынуы және сол бақытқа жету үшін не істеуге тиіе екенін білуі қажет" дейді автор. Адамзат қоғамының дұрыс бағытта дамуы әлеуметтік тәртіпке, әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тікелей байланысты екенін көрсетеді. Трактаттар орыс және қазақ тілдерінде алғаш рет 1975 жылы жарық көрді. Бұл жинакка әл-Фарабидің этика тақырыбына жазған "Ӏзгі қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат", "Бақытқа жету туралы", "Бақытқа жол сілтеу", "Азаматтық саясат", т.б. еңбектері енген.[1]

 

39.Қазақ философиясының ерекшеліктері. Әл-Фарабидің философиялық мұрасына талдау жасаңыз. Әбу Насыр Әл-Фараби ( Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби)Қазақстан жерінде,Отырар қаласында (870 - 950 ж. ж.) дүниеге келген.Жас кезінде білім іздеп,Таяу Шығыста Бағдад пен Алеппо қаласында білім алып,араб тілі мен грек тілін меңгеріп,антикалық философияны зерттейді.Әл-Фарабиді араб философы деп толығынан бағалауға болады,өйткені ол,араб рухынан нәр алып,өз еңбектерін сол тілде жазған. Ол Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" атанған. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған. "Ғылым жігі жөніндегі сөз" атты трактатында Фараби халыққа білім беруді армандады. Адамзат бойында ағарту мен дамуды біріктіргісі келді. Ұлы баба ұстанған мұраттың бір парасы мынадай: ғылымның қайнар көзіне ұмтылған адам өнегелі де жақсы тәрбиеленген болуы керек. Ең алдымен Құран, заң ғылымдарын оқуы керек. Адал, шыншыл болу керек. Бұзақылық, өтірік, алдау, арбаудан аулақ болу керек. Заңды тағайындарға жақындай отырып, заңдық негіздердің тірегін, сүнне мен шариғат ережелерін бұзбай, қажетті мүдделер арқылы еркін ойлы болуы керек.Саяси этика мен философияның арқасында шынайы бақытқа жетуге болатынын тапқан Фараби ізгілікті қала мен надан қаланы салыстырады. Әл-Фараби "Қайырлы қала тұрғындарының кітабы", "Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы", "Музыканың үлкен кітабы", "Өлең сөз және шешендік туралы", "Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат", "Логика", т. б. еңбектері - ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер. Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді

40.Қазақ философиясының ерекшеліктері. Ертетүркі жазбалары. Тоныкөк жазба ескерткіші – Екінші Шығыс Түрік қағандығының (6 ғасыр) саяси,қоғамдық және әлеуметтік өмірін ежелгі түркі поэзиясы стилінде зор шеберлікпен бейнелеп көрсеткен, идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесі биік әдеби жәдігерлік. Бұл жырдың мәтіні көне түркі жазуымен бедерлеп жазылған. Құлпытасты 19 ғасырда Солтүстік Моңғолиядағы Селенга өзені бойынан Д.А.Клеменц тапқан.Тоныкөк құрметіне қойылған бұл ескерткіш мәтінін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және оны ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне В.Томсен, В.В.Бартольд, С.Е.Малов, т.б. Түркітанушы ғалымдар үлес қосты. Тоныкөк жазба ескерткішін қазақ әдебиеті тұрғысынан тұңғыш рет зерттеген М.Жолдасбеков болды. Тоныкөк жазба ескерткіші 313 өлең жолынан тұрады. Жырдағы жалпы оқиғалар желісін зерттеушілер оны он төрт циклға,яғни он төрт хикаяға бөліп қарастырады. Бұл жырда түркі елінің сан қырлы өмірінде Тоныкөктің тарихи рөл атқарғаны ерекше айтылады. Тоныкөк жазба ескерткішіне дидактикалықсарын беріп тұрған қанатты сөздер, афоризмдер, мақал-мәтелдер бертін келе қазақ ақын-жыраулары поэзиясында өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапты. «Күлтегін» жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және адам баласының жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында адам баласы жаралған). Бұдан кейін бүкіл адамзат баласына Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. «Күлтегін» жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен»). Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», – дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.

41.Қазақ философиясының ерекшеліктері. Ж.Баласағұн: адамгершілік және әділеттік проблемалары. «Құтты білік» ұзақ уақыт тезінен өткен және өзінің жетістігімен авторының есімін аспан көгіндегі жұлдыздай етіп, әлем әдебиетінің тарихына жазып қалдырған классикалық түркі әдебиеті мен мәдениетінің айрықша ұлы ескерткіштерінің бірі. Түркі тілінде жазылып әлемге әйгілі болған «Құтты білік» дастанының авторы Жүсіп Баласағұн Хас Хажыб түркі әлемінің ХI ғасырдағы аса көрнекті ақыны, данышпан ойшылы, энциклопедист-ғалымы, қоғам қайраткері болған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанын хижра есебі бойынша 462- ші жылы, яғни жаңаша жыл санау есебі бойынша 1069- 1070- ші жылдары жазып бітірген. Өз заманының өзіндік адамгершілік кодексі «Құтағду білік» басқару даналығын, тұрмыстық және адамдармен қарым-қатынасты үйрететін жол, көрсетіп, бағыт сілтейтін этикалық дидактикалық тұрғыда жазылған шығарма. Белгілі философ М.С. Орынбеков «Бұл шығармада сол кездегі қоғамның әлеуметтік шындығы көрініс тапқан Сондықтан да нақты философиясы көзге ұрып тұр» [1, 32б.] деп жазады.
Әлеуметтiк философияның маңызды бiр мәселесiне қоғамдық әлеуметтiк жiктелу талдау жатады. «Құтты біліктің» әлеуметтік-саяси философиясының мәні неде деген сұрақ қойсақ, онда оны адамдық ізгілікті, ынтымақтастықты дәріптеу деп жариялауға әбден болады. Ынтымақтастыққа негізделген қоғамда мемлекет көркейіп, гүлденеді. Мұндай мемлекетте адам құқығы аяқ асты болмайды: елі бай, қазынасы толы, халқы бейбітшілік пен береке-бірлікте өмір сүреді.

 

42.Қазақ философиясының ерекшеліктері. Жүсіп Баласғұн көзқарастары. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Құтты білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге күт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік

43.Қазақ философиясының ерекшеліктері. Жыраулар шығармашылығына сараптама. Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы – мемлекет қайраткері,ақын,жырау,би,философ.Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мәселелері Асан Қайғы философиясының басты бағыттары.Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи сатыларында Асан Қайғы есімін үстемдікке, озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік символына айналдырды. Қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы",осындай ойшыл,ел қамын жеп,қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен.Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған,он сегіз мың ғаламның,құстың,жан-жануардың тілін білетін,өзі көріпкел әулие,атақты саятшы болса керек.Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді.Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқынын қамын, оның келешекте ірі де,іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да хан,сұлтан,би,бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосысады,ой-пікір жарыстырып,тайталасып ержетеді. Бозбала кезінен-ақ ол ақындық-жыраулық,шешендік,тапқырлық өнерді жете меңгереді.Ел дауын,жер дауын,әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы,алғырлығы,кесімді,шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді.Әз Жәнібек (туған жылы 1342) Бүкіл Алаш жұртын билеген,Алтын Орда ханы Асан жырау сол Әз Жәнібекпен бірге талай-талай мәселелерді басқаруға,шешуге араласады.Әз Жәнібек өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта оралады.Алайда ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі.Асанқайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. "Әз Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының, Алтын Орда болашағын жете ойламайсың деп сөгеді". Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, оның аты - "Жерұйық Бұқар жырау Қалқаманұлы -қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ.Жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан.Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген.Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Бұқар Жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері-Жақсылық пен Жамандық,Елдік пен Ерлік,Ізгілік пен Зұлымдық,Әділдік пен Әдептілік,Жастық пен Кәрілік,Татулық пен Араздық,Достық пен Дұшпандық,Адалдық пен Арамдық,Тектілік пен Азғындық,Тұтастық пен Бірлік.“Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар.

44.Қазақ философиясының ерекшеліктері. Исламға дейінгі наным-сенімдерді талдаңыз. «Тәңірлік» – әр түрлі наным-сенімдердің, көбіне табиғатқа, оның стихиялық күштеріне табынудың және оларды бұрмалап бейнелеудің біртіндеп дамуынан туған құбылыс. Тәңірліктің дүниетанымдық негізі дүниедегі заттар мен құбылыстар жанданған деп қарастырады, ол түптеп келгенде табиғатты құдай деп қарастыратын ұғымның негізін құрайды”, –деп жазады С.Н. Ақатаев.Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі – ол өзіне дейінгі діни наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіруші рөл атқарады. Плано Карпини түркілердің бір құдайға иланатындығын айта келіп, “… оның үстіне олар күнге, айға және отқа, сонымен бірге таңертеңгілік тамақ жеудің немесе су ішердің алдында сол ас-дәмдерінен ауыз тидіретін сыбаға арнап, су мен жерге де құдай деп табынады”, – дейді. В.В. Бартольд: “Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге (жер-суға) сыйыну болды”, – деп жазады. Тәңірді түркілер барлықты жаратушы “объективті идея” ретінде қарастырса, жер-су – тіршіліктің тірегі.Бұлардан басқа көне түркілердің наным-сенімдерінде әйел-құдай – Ұмай ерекше құрметтелген. Әйел тәңірі Ұмай – отбасы мен бала-шағаның жебеушісі болған. Тоныкөк құрметіне орнатылған ескерткіште: “Көк, Ұмай құдай, қасиетті жер-су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!”, – делінеді. Қазақ халқының арасында шаман атауына қарағанда бақсы атауы кең таралды. Біздің пайымдауымызша, бақсылық шамандықтың инварианттылығы, яғни халық тұрмысына икемделген нұсқасы болып табылады. Бақсылар ислам діні таралғанға дейін ру-тайпалардың саяси-әлеуметтік өмірінде өте маңызды рөл атқарған. Олардың негізгі қызметі адам мен әлеумет өміріне қауіпті құбылыстарды залалсыздандыру, алдын алу болса керек. Бақсылар өз ойыны арқылы ұжымда қордаланып қалған жағымсыз психикалық қуатты бейтараптандырып, әлеумет өмірін үйлестіріп отырған. Орталық Азия мен Қазақстанда ислам діні таралу барысында шамандық көне наным- сенім ретінде шеттетіле бастайды. Енді олар жын-шайтандармен байланысқа түсе алатын адамдар ретінде қабылданады. Қоғамда шамандарға қатысты екі ұшты ұстаным қалыптасады. Бір жағынан, олардан қорқады, өйткені олар адамға кесір келтіруі мүмкін. Сондықтан бақсылар ауылдың шетіне оңаша қоныстанады. Күнделікті тұрмыста мұқтаждықсыз оларға бара бермейді. Екінші жағынан, сыры беймәлім сырқатты тек бақсы ғана емдей алады деп саналады. Сондықтан бақсысыз аурудың алдын алу мүмкін емес. Ислам үстемдік еткен дәуірде шамандар қоғам өмірін үйлестіруші, реттеуші қызметінен айырылып, тек бақсы-балгерлік қызметін ғана сақтап қалады.Қазақ философиясының және дүниетанымының қалыптасуына түріктердің мифологиялық ертегілері, хайуанаттар жайындағы ертегілер; реалистік (тұрмыс салт) ертегілерінің де үлкен әсері болды. Бұл ертегілер өте ерте заманда адамның табиғат сырын әлі толық түсініп болмаған кездерде туған. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап, соған адам әрекеттін қарсы қоятын қиял-ғажайып аңыз-ертегілері осы ізде туған. Көшпенділердің аңыздарының бір ерекшелігі оның жалпы халықтық мазмұндылығында ақиқат болғандығы. Қазақ аңыздарында көшпелі елдің төл ерекшелігі, белгілері бірден байқалады. Себебі олар тұрмыс-салтымыздың, болмысымыздың негізінде туған аңыздар. Осындай дала аңыздары ішінде халық арасында Қорқыт, Асан қайғы туралы толып жатқан аңыздар бар. Бұл тараған аңыздар Қорқыт асқан күйші, қобызшы болғандығын айта келіп, табиғаттың дүлей күшіне қарсы күрескен, өліммен алысқан алып жанды танытады. Қорқыт халық ұғымынша, болашақты көре білетін, өлімді өнермен жеңуге ұмтылған алып философ, қобызшы. Жалпы айтар болсақ, көне шығыс пен түркі мәдениетінен нәр алған қазақ аңыз ертегілерінің көшпелілер рухани болмысымен біте қайнасқан ауыз әдебиеті, фольклор, эпостық жырлар, сал серілер, ақын жыраулар шығармашылығы, халық даналығының қазақ философиясының қайнар көз, алғы бастауы болды деп айта аламыз.

 

45.Қазақ философиясының ерекшеліктері. Қ.А.Иассауи көзқарастарын философиялық талдау. Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер.Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ,Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері.Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар,сөз қадірін білетін білікті адам болған.Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып келетін Арыстанбаб болды.Ол өмірден қайтқаннан кейін Ахмет 17 жасында Йасы қаласына келеді.Дәл осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастайды.Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды.Кейін Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқыды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы-тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да,Арыстанбаб қалап кеткен дәстүрді жалғастырды.Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналды.Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізді.Бұны Ахмет «Пайғамбар жасына жеттім.Маған одан артықтың қажеті жоқ», - деп түсіндіреді. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. «Диуани Хикметтен» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Яссауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырды. Бұл жайында жергілікті халықта мынадай аңыз бар: «Қожа Ахмет Ясауи мазарын тұрғыза бастағанда қара дауыл қабырғаларын ұшырып әкетеді. Осыдан кейін Ақсақ Темірдің түсіне Қызыр еніп, ең алдымен Ахметтің ұстазы Арыстанбабқа мазар тұрғызу жөнінде аян беріпті. Темір Қызырдың айтқанын екі етпей орындап, содан кейін барып қана өзі ойлаған жұмысына кіріскен екен».Қожа Ахмет Ясауиге тәу етушілер алдымен Арыстанбабтың басына барып түнейді. 1978 жылы қыркүйекте Қожа Ахмет Яссауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы тамыздың 28-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы» ұйымдастырылды.Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 жылы аяқталды. 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-ші сессиясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді.Мазарда отызға жуық мешіт, кітапхана, залдар бар.

46.Қазақ философиясының ерекшеліктері. Қазақтардың көшпелі тұрмысының халықтың ауыз әдебиетінде, дәстүрі мен әде-ғұрып тарихындағы бейнеленуіне мысалдар келтіріңіз - Аталмыш кезеңде қазақтар шағын елді мекендерде — ауылдарда тұрды. Қыруар көп малды бағу үшін олар шағынауыл болып тұруға мәжбүр еді. Әр ауылдағы шаруашылық 5-20 отбасынан аспады. Әдетте ауыл ең жақын туыстардан құралды. Әр отбасындағы жан саны орта есеппен 5-7 адамнан келді. Ауылды ең жасы үлкен кісі, би немесе құрметті ақсақал басқарды. Әр ауыл көбінесе белгілі бір рубасының атымен аталды. Ауыл орманның шетінде, өзеннің не көлдің жағасында, ал таулы жерлерде шатқалдың ішінде орналасты. Орман мен тау қысқы суықтар мен борандар кезінде малды аман сақтаудың табиғи қорғанысы саналды. Ол жерлерден отын мен құрылысматериалдарын жинап алуға да мүмкіндік мол еді. Қоныс таңдаған кезде қазақтар су көздерінің - өзендер мен көлдердің, мол сулы бұлақтардың болуын мұқият ескерді. Олардан ауыз су алды, мал суарды. Ондай су көздері болмаған жағдайда құдық қазып алуға тырысатын. Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес. [1]Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар.

 

4 7.Қазақ философиясының ерекшеліктері. М.Қашғари көзқарастары н философиялық талдау. Махмұд Қашқари (1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы.Түркі ғалымы Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік картасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.

 

48.Қазақ философиясының ерекшеліктері. Мұсылмандықтың әсеріне беретін бағаңыз. Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары ерте грек ғылымы мен философиясымен қатар алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып, философиялық дәстүрлерді онан ары жалғастырған. Егер ортағасырлық Батыс Европада христиандық дінді идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және негіздеу процесі жүріп өтсе, ал мұсылман аймағында, әсіресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Арнайы білім салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, Омар Хайям және т.б. ойшылдар өздерінің үлкен үлестерін қосты. Мысалы, әл- Бируни Жердің өз осінен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бірі болды, сондай-ақ көптеген өзге әлемдердің өмір сүруі туралы идеялар мен бірнеше қызықты математикалық идеяларды ойлап тапты. Омар Хайям алгебрадағы үшінші дәрежеге дейінгі теңдеулердің шешімін жүйелеп, оны тұңғыш рет геометриямен байланыстырды.Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық үлкен ықпалын тигізді. Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антикалық мәдени мұрамен, сонымен бірге Шығыс мәдениетінің прогрессивті жетістіктерімен танысты. Бұл ғылыми, теориялық жетістіктер мен философиялық жаңашылдықтарды, прогрессивті рационалистік философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде жазғанымен, олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан араб емес, түркі және парсылар болды.

 

 

49.Қазақ философиясының ерекшеліктері. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойлардың дамуына сараптама жасаңыз. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (186 6—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ.басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Ә.Бөкейханов ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің көркемдік ерекшеліктері т.с.с. 20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар менТүркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Ә.Бөкейханұлының әдебиеттану тұрғысынан жазылған еңбектері ғалым Д.Қамзабекұлы тарапынан жан-жақты қарастырылады. Бұл зерттеуде Ә.Бөкейханұлының алғашқы еңбектерінің бірі ретінде «Женщина в киргизкой былине Кобланды» атты мақаласы сарапталған. «Туркестанские ведомости» газетінің бірнеше санында жарияланған. Ә.Бөкейхановтың әйгілі «Қобыланды» жырындағы әйел бейнесі» деп аталған мақаласы белгілі ғалым С.Қасқабасов тарапынан жан-жақты талданып, сол кездегі қазақ фольклористикасы үшін аса маңызды бірнеше мәселе көтерілгенін жеріне жеткізе айтылып: «Бұлар эпостың тарихилығы, «Қобыланды» жырының шығу мезгілі, қазақ фольклорының түрлері, жыршы және оның шеберлігі, қоғамдық ой-санасының жырда көрініс табуы, «Қобыланды» жырындағы әйелдер бейнесі, олардың атқарып отырған идеялық қызметі. Осындай ғылыми мәнді проблемаларды автор сол кездегі әлеуметтік, моральдық мәселелермен ұштастыра қарастырған»,- делінген. Байтұрсынұлы Ахмет (1872-1937)-қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым,түркітанушы, публицист,педагог,аудармашы,қоғам қайраткері.Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі,мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты.И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек»,А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады.Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.

 

50.Қазақ философиясының ерекшеліктері. Шәкәрім философиясының ерекшеліктерін талдаңыз. Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын,жазушы,философ,тарихшы,композитор.Абаймен замандас әрі інісі,әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары.Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде,қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде,туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды.«Өмір»,«Сәнқойлар»,«Ызақорлар»,«Құмарлық»,«Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады.Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп («Анық асық әулие», «Шын сырым»), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»),1905 жылы Шәкерім қажылық сапар шекті.Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды.Стамбұл,Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды.Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911).Бұл тұста ақынның діншілдігі танылады.Ол дін бұзушыларды қатты сынға алады.Шәкерім өз шығармасында Аллаһ Тағаланың кітабы Құран сөздерін жәнеПайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін адал сөзіне қатысты қолданысқа мол алған. Құдайбердіұлы,- поэма жанрында да жемісті еңбек еткен қаламгер. Ол 19 ғасырдың 2-жартысында Абайдан бастау алатын реалистік үлгідегі оқиғалы дастан дәстүрінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның қаламынан қазақтың ертеректегі өмірінен алынып жазылған «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» атты поэмалар туындады. Құдайбердіұлының лирикалық қаҺарманыда Абай кейіпкерлеріне ұқсас. Оның басынан қуаныш пен күйініш те, үміт пен күдік те өтеді. Кей сәттерде мұңға беріледі. Бірақ, бұл қүрғақ пессимизм емес. Абай өлеңдеріндегі сияқты Шәкәрімде де «жүрек», «тіл», «сөз» ұғымдары мол ұшырасады. Лирикалық қаһарманының көңіл-күйін, ахуалын бейнелеу мақсатында ақын«жаралы жүрек», «улы жүрек», «жылы жүрек», «ет жүрек», «долы тіл», «ащы тіл», «тәтті тіл», «улы сөз» деген сияқты ұғымдарды образдылықпен пайдаланады. Көп ретте ақынның лирикалық қаһарманы «таза жүрек» іздеу жолында «ет жүрегін» қолына алып, «сүм жүректермен»айқасады. Заман деңгейінен аса алмай пұшайман болған көздерінде «дертті жүрекке» айналады. Шығармашылық жолы- ның өне бойында адамгершілік мәселесін, ардың тазалығын, имандылықты бірінші орынға қойып отырады. «Арың сатпа, терің сат, адалды ізде», -дейді ақын. Бұл мәселелерге ол өз елінің перзенті тұрғысынан қарады. Ойғабатты, толғанды. Абайға жүгініп отырады. Өзінің алғашқы шығармаларының бірі - «Жастарға» атты өлеңіңде ақын өзіне де, өзгеге де Абайды бағыт сілтеуші, жолбасшы ретінде ұсынды.

51.Қазақ философиясының ерекшеліктері. Шоқан Уәлиханов көзқарастары.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835-1865)-қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы.Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысыСарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып ақ сурет сала білетін», дейді. Ол, әсіресе, жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңыз-әңгімелерді жинауға қызықты. Мысалы, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі болды. Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді.Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары.Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді.Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты.Одан 150-дей сурет қалған.Ш.Уәлихановтың пікірінше, халықтық психологиясын көрсететін белгілердің бірі-сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнері халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. "Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы, -деп жазды ол,-бәрінен де артық көрініс табады.

52.Қазақ философиясының ерекшеліктері.Зар-заман ақындарының қоғамдық-саяси ойларына сараптама. Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры.Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері:Дулат Бабатайұлы,Шортанбай Қанайұлы,Мұрат Мөңкеұл,т.б.Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды.Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы,отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған.Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды.Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға,ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі.Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді.

Date: 2016-05-18; view: 1303; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию